23
Қазіргі таңда педагогиканың ерекше саласы – оқулықтану ғылымы
қалыптасты. Ол педагогиканың, психология, дидактиканың жетістіктеріне
негіздей отырып, оқулықтарға қойылатын талаптарды жетілдіре түсу жайлы
ғылым. Олардың осы таңдағы көрсеткен бағасы бойынша оқулықтардың
сапасын әлі де жоғары деп санауға келмейтіндігі
[90-93]
.
В.П.Беспальконың ойынша оқулықтар көп мөлшерде басылуда болса да,
олардың көпшілігі монографиялық типтегі оқулықтар [5]. Мұндай
оқулықтардың авторлары білімнің пәндік-білімдік парадигма заңдылығымен
жүрді, қазіргі таңда бұның орнын білімнің тәжірбиелік бағдарланған үлгісі
басуда, ол біліктілікке және интерактивтілік принципке негізделеді.
Білімнің пәндік білімдік парадигмасы дайын білімді ретрансляциялауды,
оқу материалын репродуктивті меңгеруді, пәндік білімнің басымдылық ету
рөлін қолдайды. Осы парадигманың аясындағы білім беру үрдісінің нәтижесі
ретінде білім алушыға көп ақпарат берумен көп жүктеме тапсыру мақсаты
қарастырылады.
Бұл принциптердің оқу үрдісінде дайын білім мен ақпараттық
қамтамасыздандыруға баса көңіл бөлетіндігі түсінікті. Бұдан оқулық оқу пәні
бойынша оқу ақпаратының көзі болумен шектелетіндігі көрінеді. Оқушыға
білімдік ақпаратты механикалық түрде жаттау арқылы меңгеру ұсынылып,
пәнді меңгеру үрдісінің дербестілігі мен белсенділігі оқу-әдістемелік
әдебиеттің басқа түрлерін қолданудың қамтамасыз етілмей қалуына әкеледі.
Білім беру үдерісінің тәжірибелік бағдарлы (біліктілікті) үлгісі
оқушылардың өзіндік жұмысын, оқытудың интерактивтік сипатын, оқытуды
дараландыруды арттыруды көздейді. Сонымен қатар, білім алушының тек
ақпарат алумен шектелу деңгейі екінші орынға түседі. Білім беру үдерісінің
нәтижесі ретінде білім алушыда белгілі бір құзыреттіліктер жүйесін
қалыптастыру қарастырылады.
Оқушыларға формулалар, сызбалар мен теңдеулерді механикалық еске
сақтаудың орнына білім алудың әдісін үйрете отырып, меңгеретін ұғымның
логикалық байланысын түсіндіріп, енді оларды дәлелдеп, нәтижесін шығару
өздеріне тапсыру көзделеді. Орта мектептегі оқу үдерісінің заманауи прин-
циптері басты назарды оқу ақпаратын жаттаудан гөрі оларды белсенді түрде
іздеуге, ынталандыруға, шығармашылықпен жұмыс істеуге және олардың
өзінің оқу әрекетінің нәтижесі үшін жеке жауаптылығын дамытуға көшіру
талабы тұрады.
Білімнің мазмұны және оны білім берушіден білім алушыға жеткізу
технологиясы өзінің құрамын, мақсаттары мен нәтижелілік критериін түбегейлі
өзгертеді. Оқулықтың педагогикалық жүйесінің неғұрлым нақтылануы, білім
беру үрдісінің құрылымы ретінде қарастырылуға тиіс. Ол білім алушылардың
оқу пәнін меңгеруде зерттеу технологиясын қолдануға мүмкіндік береді.
Оқулық құрастыру теориясын дербес ғылыми бағыт ретінде қарастырсақ,
оқулықтар
әзірлеудің
әмбебап
қағидаларына
А.
И.
Маркушевич
қалыптастырған мектеп оқулығының өзегі мен қабықшасы идеясын жатқызуға
болады
[94]
. Оқулықтың оқушының танымдық мүмкіндіктерін дамыту құралы
24
ретінде қарау: С. Г. Шаповаленко және В.Н. Ляхов
еңбектерінде берілген.
Олардың пікірінше оқулық мына мәселелерді ескеруге тиісті:
а) нақты ғылымды;
ә) мектеп типін;
б) оқыту әдісін;
в) оқушының психологиялық жас ерекшеліктерін және т.б.
Оқулықты дайындау технологиясы қазіргі таңда өз алдына жеке ғылым
ретінде дамып келеді. Бұл жағынан авторлық ұжымның, оқулықтар
конструкторларының оқулықты құрастыруда оны педагогика тұрғысынан да,
кітаптану тұрғысынан да қарастыруын талап етеді. Осылайша, оқу кітабының
теориясы – өз мақсаттарына сай және өз құралдарының көмегімен арнайы
компоненттерді бойына қабылдаған педагогикалық ғылым жүйесі ретінде де,
кітаптану ретінде де түйістірілген ғылым болып табылады.
Жинақталған, ықшам түрде қарасақ, оқулықтың жалпы теориясының
құрылымы мынадай көрінуі мүмкін:
- оқулықтың жалпы теориясының міндеті – кез келген оқулық үшін
белгілі бір дәрежеде міндетті болып саналатын педагогика мен кітаптанудың
талаптарына сай, әмбебап принциптер тиімділігінің логикалық негіздемесі және
зерттеу жолы арқылы оқулықтың жалпы үлгісін жасау;
- оқулықтың жеке теориясының міндеті – белгілі бір оқу пәні кітабының
формасының ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы теория принциптерінің
ережелерін және:
а) нақты пәнді (химия, физика, математика және т.б.);
б) қолданылатын оқыту әдісін (мысалы, бағдарламаланған);
в) оқушының жеке басы және оқытудың нақты шарттарын (жасы,
мектептің түрі, оқыту әдісі және т.б.) зерттеу болып табылады [95, 15 б].
Оқулықтың жалпы және жеке теориясын зерттеп, дамыту кезінде
зерттеушілер оқу кітабының типологиясын жасау қажеттелігіне, сонымен қатар
оқу кітаптарын кешенді зерттеуге (оқу кешені) кезігетіні анық, оның жүйесінде
әлдеқайда толық және терең формада білім мазмұны жасалуы тиіс [96].
Химия оқулықтарының мазмұны мен құрылымы психологиялық және
педагогикалық талаптарға сай болған жағдайда әрбір тақырыптан кейін
берілген сұрақтар мен тапсырмалардың деңгейлеп берілуі арқылы оларды
шешуді оқушының мүмкіндігіне сай келетіндей тұрғыдан қарастырылады. Бұл
оқушылардың өзіне деген сенімі мен батылдығының артуына көмектеседі.
Орта мектептің бейорганикалық бөлімге арналған химия оқулықтары
бойынша берілетін білім жаратылыстанулық ғылым мен білімнің
интеграциясы, ақпараттары мен оны практика жүзінде қолдануды
кешендендіру, білім беру үрдісінің тәжірибелік-бағдарлылығын жүзеге асыру,
оқытуда
интерактивті
әдістерді
қолданудың
мүмкіндігі
жағынан
қарастырылады. Бұл принциптерді орындауда тиімді әдістер арқылы оқулық
пен оқу құралдарының мазмұндық сабақтастығын қолдану жүзеге асады. Сол
арқылы химияның осы саладағы ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін
көрсету мүмкіндігі туып, оқу ақпараттары ғылыми біліммен толықтырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |