Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,47 Mb.
Pdf просмотр
бет12/48
Дата26.11.2018
өлшемі3,47 Mb.
#24589
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48

25 
 
Оқулық мазмұнының интерактивті сипаты әр мәтін мазмұнының дидактикалық 
аппаратпен  қамтамасыз  етілуіне  тікелей  байланысты.  Оқулықтың  әдістемелік 
аппараты    тек  мәтін  бойынша  берілетін  сұрақтар  мен  тапсырмалар  арқылы 
шектелмейді.  Бұл  әр  тарау  мен  бөлімдер  бойынша  берілетін  тапсырмалар, 
сұрақтар, тесттер және т.б. арқылы айқындалады 
[97]

Химия оқулығын құруда  ең алдымен оның мазмұнының атқаратын нақты 
дидактикалық  мақсаттары  анықталады.  Екінші,  оқу  материалдарының 
тақырыптық  мазмұны  оның  көлемі  мен  құрылымы  жоспарланады.  Үшінші,  
берілетін  материалдың  мазмұнының  басқа  жаратылыстанулық  пәндермен 
байланысы  қарастырылады.  Төртінші,  жүйелік  және  «идеологиялық» 
мәселелерді  шешуді  қарастырады.  Бесіншіден,  тақырыптардың  мазмұнының 
жаңа  ғылыми  жетістіктермен  және  қоршаған  ортамен  байланысын  жүзеге 
асыру  қарастырылады.  Алтыншы,  әрбір  тақырыптың қосымша  оқу  құралымен 
байланыстыратын тұстары ескеріледі. Жетінші, тақырыптар бойынша берілетін 
әдістемелік    бөлімнің    деңгейлік  мазмұны  сараланады.  Сегізінші,  әрбір 
тақырыптар  бойынша  берілетін  сызбалар,  кестелер,  суреттер  т.б.  материалдар 
қамтылады.  Осындай  мазмұндық,  құрылымдық  жағынан  дидактикалық 
талаптарға  сай  келетін  оқулықтардың  мазмұнын  оқу  құралының  мазмұнымен 
байланыстыру қиынға түспейді. 
Біз  жоғарыда  И.Я.Лернер  мен  М.Н.Скаткиннің    пікірлеріне  тоқталып, 
олардың  оқулықты  тек  білім  беру  құралы  ғана  емес,  ол  мұғалімнің  сабақты 
ұйымдастырудағы    басшылыққа  алатын    құралы  деген  пікірін  келтірген 
болатынбыз. Шын мәнінде де, оқулықтағы  берілген мәтіннің мазмұнына қарай  
мұғалім  оқушыларға  білім  берудің  тиімді  әдістерін  қарастырады.  Осы  тұста 
қазіргі  таңда  тек  оқулықтағы  мәтін  мазмұнымен  шектелу  жеткіліксіз 
болатынын  мектеп  өміріндегі  іс-тәжірибелер  көрсетіп  отыр.  Себебі,  мұғалім 
балаларға химиядан берілетін білімді өмір тәжірибесімен байланыстырып қана 
қоймай,  оның  басқа  пәндермен  байланысын  күшейту  үшін  қосымша  оқу 
құралындағы  материалдармен  тақырыптың  теориялық  тұстарын  толықтыруға 
тиіс.  Осыған  байланысты  оқушылардың  өзіндік  жұмыстарын  түрлендіре 
ұйымдастыруға жағдай туады. 
Профессор  С.М.Исаев  жалпы  оқулықтар  құрастыру  туралы  сөз  еткенде 
оқулық  жазған  авторлардың  үнемі  ойынан  оқулық  мазмұнының    үш  адамға 
арналатындығын  шығармауға  тиістігін  айтады.  Ең  алдымен  дейді,  ғалым 
оқулық  оқушыларға  арналады.  Мұнда   ғылыми  тексерістің  барлық деңгейінен 
өткен,  өмір  шындығымен  шыңдалған,  нақты  ғылыми  деректерге  негізделген, 
сол  оқулықты  пайдаланатын  жастардың  жас  ерекшеліктеріне  лайықты 
деңгейде,  түсінікті  тілде,  жеткілікті    көлеммен  берілген  материалдарды 
оқушыға  арнайды.  Екінші  жағдайда,  осы  материалды  сыни  көзбен  қарап, 
жетіспейтін  ұғымдарын  толықтырып,  берілген  сұрақтар  мен  тапсырмаларды 
орынды  жерінде,  оқушылардың  мүмкіндігіне  қарай  қолдануға  дайындалатын 
мұғалімге  арналады.  Үшінші  жағдайда,  балаларының  түсінбеген  жерлерін 
толықтыру, сұрақтар мен тапсырмаларды шешуге көмекке келу үшін оқулықты 
ата-аналар  да  пайдаланады.  Сондықтан  да,  оқулықтағы  көрнекіліктердің 


26 
 
орынды  берілуі,  әдістемелік  аппараттың  дұрыс  құрылуы  оқулық  үшін  негізгі 
талаптардың  бірі.  Олай  болса,  бейорганикалық  химиядан  берілетін  оқулықтар 
(7-9  сыныптар)  химиялық    теориялық  ұғымдардың    ғылыми  негізде  берілуінің 
бастамасы  деп  есептейміз.  Бірақ,  осыған  дейін  бастауыш  сыныптардағы 
«Дүниетану»  пәнін  оқу  барысында  оқушылар  зат,    дене    және  олардың 
қасиеттері мен құрамдары туралы  ғылыми  ұғым алады.  Сонымен қатар, олар 
заттармен  тәжірибе  жасауды  да  біледі.  Тәжірибелер  арқылы  олар  суда  еритін 
ерімейтін  заттарды  да  анықтауға  жаттыққан.  Бұл  олардың  алғашқы 
элементарлық ұғымдары болғанмен, олардың тәжірибенің және эксперименттің 
не  екенін  білуіне  негіз  салған  ұғымдар  қатарына  жатады.  Бейорганикалық 
химиядан  алғашқы  білім  беруде  оқушылардың  осы  бастауыш  сыныпта 
меңгерген  білімдерінің  маңызы  ескеруілуге  тиіс.  Химия  оқулықтарының 
мазмұны  жылдан-жылға,  сыныптан-сыныпқа  қарай  күрделеніп  отыратыны 
белгілі.  Осы  тұста  психологиялық  тұрғыдан  оқушылардың  білімінің  арасында 
қарама-қайшылықтар  туады.  Ол  қарама-қайшылықтар  бұрын  меңгерген 
ұғыммен жаңа ұғымның арасындағы ескі білімді жаңаның ығыстыруынан, бірақ 
бұл  ескіні  жоққа  шығару  емес,  керісінше  жаңа  білімнің  ескіге  негізделуі. 
Сондықтан да оқулық мәтіндерінен кейінгі берілетін сұрақтар мен тапсырмалар 
құрамында    оқушылардың  бұрын  меңгерген  білімін  естеріне  түсіретіндей 
материалдар болуы өте орынды. 
Оқушылар  10-сыныпқа  дейін  осы  курс  арқылы  химиядан  тұжырымды 
біртұтас ғылыми білім алатын. Қазіргі таңда химия пәні 7- сыныптан басталып 
отыр.  Бұл  оқушылардың  жас  ерекшеліктерінің  өзгергендігін  көрсетеді. 
Химиядан  ұғым  беруде  бұл  ерекше  ескерілетін  жағдайлардың  бірі  деуге 
болады. Сонымен, оқулықтардың педагогикалық психологиялық негізін талдау 
барысында  біріншіден,  оқулық  құрудың  теориясымен  оның  педагогикалық  –
психологиялық  негіздері  тереңнен  келе  жатқан  тарихи үдеріс.  Әр  кезеңнің, әр 
қоғамның  алдына  қойған  талаптарына  орай,  білім  саласына  қойылып  отырған 
талап  та  өзгеріп  отырады.  Осымен  байланысты  білім  беру  бағдарламалары  да 
өзгеріске  ұшырайды.  Қоғамдағы  ғылым  мен  техниканың  дамуы,  мектеп 
қабырғасында  оқытылатын    пәндердің  мазмұнының  тереңдеуіне,  қазіргі 
таңдағы ғылым мен техника жетістіктерінің білім мазмұнына ендірілуіне әкеліп 
соғады.  Осыған  орай,  біздің  ізденісімізде  жаңа  буын  оқулықтарының  мазмұн 
жағынан  біраз  жетістіктерге  жетсе  де,  әлі  де  жетілдіре  түсуді  қажет 
ететіндіктерін  көрсетіп  отыр.  Біз  оны  жоғарыда  тақырыпты  алған  себебімізге 
байланысты  қайшылықтарды  көрсеткенде  айта  кеткенбіз.  Оқушылар  химияны 
не  үшін  оқитынын  жақсы  түсінеді.  Себебі,  жаңа  буын  оқулықтарында  бұл 
мәселені  ашуға  мол  мүмкіндік  жасалған.  Химиядан  нені  оқыту  керек  деген 
мәселе де елеп екшеленген деуге болады. Ал, қазіргі таңда қалай оқыту керек? - 
деген  мәселені  талдауды  жан-жақты  қарауға  тура  келеді.  Сонымен  қатар, 
химияның болашағын аша түсу үшін оның басқа  жаратылыстану  пәндерімен 
байланысын күшейте түсу жағына көңіл бөлінуге тиісті. 
 


жүктеу 3,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау