21
Химия пәнінің бағдарламалық мазмұнының өзгерген екінші кезеңі-
революциядан кейінгі кезең. Бұл кезеңде химияны оқыту психологиялық,
педагогикалық ғылымдармен байланысын күшейтіп, білім беруді әдістемелік
тұрғыдан қарастыруда көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Әрине, мұндай
ізденістер ол кезеңде орыс авторларының ғана еңбектері арқылы жүзеге асты.
Қазақ мектептерінде химиядан білім беруде 1936-50 жылдар аралығында
орыс авторларының оқулықтарын аударып пайдаланудың маңызы зор болды.
Олардың
қатарында
П.П.Лебедевтің
«Химия
жұмыс
кітабы»,
В.Н.Верховскийдің «Анорганикалық және органикалық химия» оқулықтарын
атауға болады [79,80]. Сондықтан да, ол оқулықтар мен оқу құралдары
қазақшаға аударылып басылды. Орта мектептің оқу жоспарына химиядан
берілген сағаттың көбеюіне байланысты Қазақстанда өз ана тіліндегі химия
оқулықтары мен оқу құралдарын шығару қолға алынды. Әсіресе, жан-жақты
өркендеген химиялық жетістіктерді оқушыларға нақты жеткізу үшін қазақ
тіліндегі химиялық атауларды (терминалогия) қолдануға оның ата тіліндегі
нұсқалары керек болды. Бұл мәселемен республикамыздың белгілі ғалымдары:
Б.Бірімжанов, Х.Молдағалиев, С.Омаров айналысты
[33,81,82]
. Осыдан кейін-
ақ, химияны оқытудың оқу құралдары, лабораториялық жұмыстарды
жүргізудің әдістемелік нұсқаулары, жарық көре бастады. Ал, қазақ тілінде
химиялық терминологияның жасалуы Б.Бірімжанов, Х.Молдағалиев, С.Омаров
сияқты белгілі ғалымдардың атымен байланысты екенін естен шығармауға
тиіспіз.
Осымен қатар, алғаш рет мектеп оқушыларына арналған оқу құралы 1939
жылы жарық көрген Ғ. Қазбековтің «Химияның лабораториялық жұмыстары»
атты кітабы болды.
Химияны оқыту мен оның пәндік мазмұнының әр кезеңде өзгеру сипаты
К.Ш. Арынованың « Орта мектепте химиядан оқу-әдістемелік кешенді
пайдаланудың әдістемелік негіздері » және Ж.Р. Нұрмұхамбетқызының «
Химия пәні сабағында оқушыларды жаңа буын оқу-әдістемелік кешенмен
оқыту әдістемесі» атты еңбектерінде толық көрсетілген
[83,84]
. Қай кезеңде
болса да, оқулық мазмұнының ғылыми тілінің түсінікті, деректерінің нақты
болуы және оқушылардың күнделікті қоршаған ортадан кездестіретін
заттармен байланыстылығы білім алушының сол пәнге деген қызығушылығын
оятуына түрткі болады. Оқулықтың сапалылығы оқушылардың білімділігінің
кепілі екендігі туралы оның аса күрделі мәселелер қатарына жататындығын
ғалымдар мойындайды. Бұл туралы В.П. Беспалько «Оқулық жазу оңай шаруа
емес, нағыз оқулықтар жасайтындай болып кемелдену үшін, педагогика
жөніндегі қазіргі ғылыми монографияларды байыбына жете зерттеп оқыған
жөн» деп сипаттаған [85]. Жоғары мектепке арналған оқулықтарды зерттеумен
айналысқан ғалым П.Г.Буга ЖОО арналған оқулықтарды дайындауда
жіберілетін кемшіліктерді көрсетеді:
- оқу материалын бергенде пәнаралық байланыстың ескерілмеуі;
- әртүрлі пәндер бойынша берілген материалдың әлсіз сабақтастығы;
- оқу кітабындағы анықтамалық аппаратының әлсіз берілуі;
22
- жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясының талаптарының
жеткілікті ескерілмеуі;
- бағдарламалық материалды мазмұндауда болашақ маман иесінің
жеткілікті ескерілмеуі;
- кітап
мазмұнында
дүниетанымдық,
әдіснамалық
сипаттағы
материалдардың жеткіліксіз болуы;
- оқу материалының қайталануы;
- оқу кітаптары құрылымының және оның авторлық-ілеспе аппаратының
әртүрлі берілуі;
- ұғым, түсінік категорияларының әртүрлі түсіндірілуі [86].
Осы көрсетіліп отырған кемшіліктердің көпшілігі орта мектепке арналған
оқулықтарда да орын алатындығы белгілі.
Оқулықтың маңыздылығын сипаттай келе, оның білім саласында
жетістікке жетудегі көмекші құрал ғана емес, ел болашағы үшін жауапты
қызмет атқаратынына көз жеткіземіз. Себебі, оқулық болашақтың иесі
жастардың ғылыми ұғымының негізін қалайтын, олардың іскерлігі мен
ізденушілігінің көзін ашатын, білімге құштарлығын дамытатын ақпарат көзі,
және осы айтылғандардың бәріне бағыттаушы құралы.
Оқулықтар мен оқу құралдары орта мектептегі оқу үдерісінің оқу
ақпаратының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Заманауи оқулықтар мен
оқу құралдарынсыз жаңа білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру және
нәтижеге жету мүмкін еместігі белгілі. Жаңа түрдегі заманауи оқулықтарды
дайындап, шығару авторлардың психологиялық-педагогикалық, арнайы
дайындығы мен ауқымды күш және құралдарды қажет етеді [87]. Оқулықтың
қазіргі таңда бірнеше түрі бар. Олар қағазға басылған түрімен қатар,
электронды тасмылдағыш түрі де болуы мүмкін. Бірақ, бұл оқулықтың мәнін,
білімдік, дамытушылық, тәрбиелік яғни, педагогикалық бағыттылығын
өзгерпейді. Оқулықтар мен оқу құралдары білім трансферінің, стереотиптік
қабілеттің, мәдени және эмоционалды-бағалы қызметтің негізгі құралы болған
және солай болып қала береді. Оқулықтың сапасы білім беру ортасының
құрамдас бөлігі ретінде оқушылардың интетеллектуалды-танымдық даму
қажеттіліктеріне сәйкес сезімдік құндылықты, әлеуметтік жеке және
эстетикалық дамуын қамтамасыз етеді. Химия оқулығының ақпараттық қызметі
мен меңгеруді ұйымдастыру аппаратының үйлесімділігі оқушыға танымдық
және өз бетінше білім алу әрекеттерін құруға мүмкіндік береді. Оқулық арқылы
білім беріп қана қоймай, сонымен бірге меңгерген білімдерінің деңгейін
тексеруге, оқу үдерісін жаңа педагогикалық технологияларды қолдану арқылы
құруға көмектеседі.
Қазіргі таңда академиялық ортада оқу-әдістемелік әдебиеттің сапасына
байланысты мәселелер белсенді түрде талқылануда. Оқу үрдісінің маңызды
бөлігі оқулықтар болып табылатындықтан оның ақпараттық-әдістемелік
қамсыздануын жаңарту қажеттілігі айқындала түседі [88,89].
Бұл
саладағы
теориялық
зерттеулер
педагогикалық
мерзімдік
баспалардағы көптеген басылымдар да көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |