Ііі нұсқа 1-билет



жүктеу 1,54 Mb.
бет3/67
Дата14.04.2023
өлшемі1,54 Mb.
#42164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Қазақстан тарихынан билет жауаптарымен 3-нұсқа 11 сынып

2.Әлихан Бөкейханов – Қарқаралы оязы, Әлтеке-Сырым болысы, Желтау баурайындағы Мырзатай қыстауында дүниеге келген. Қазіргі әкімшілік аймақтық бөлініс бойынша бұл елді-мекен Жезқазған облысы Ақтоғай ауданы, «Қаратал» кеңщарына қарайды. Оның нақты туған жылы туралы да жазба деректерде түрліше пайымдалып жүр. Кеңес үкіметі Әлихан Бөкейхановты «Халық жауы» деген нақақ айыппен тұтқындап, ату жазасына кесілген үкімнің шыққандығын айғақтайтын іс қағаздары арасындағы өмірбаяндық жеке құжатында ол 1866 жылы Семей облысының Қарқаралы оязындағы жетінші ауылында жарық дүниеге келгендігі баяндалған. 1917 жылы Ақпан революциясы жеңіске жетіп, патша өкіметі құлатылғаннан кейін қазақтың зиялы қайраткерлері: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, М. Тынышбайұлы, Ж. Досмұхамедұлы, Х. Досмұхамедұлы 1917 жылы сәуірде облыстық қазақ съездерін ұйымдастырып, өткізеді. Облыстық және уездік қазақ комитеттері құрылды. «Жалпы қазақ съезі» өткізілсін деген қаулы қабылданады. Бірінші жалпы қазақ съезі Орынбор қаласында 1917 жылы 21-26 шілдеде өткізілді. Съезде қаралған 14 мәселенің бірі – қазақтың саяси партиясын құру еді. Партияның аты – «Алаш» аталсын деп ұйғарылады. Партияның бағдарламасын жасау, қазақ автономиясын құру мәселесіне даярлық жоспары белгіленеді. Осы съезде Әлихан Нұрмұхамедұлы көпшілік дауыспен «Алашорданың» басшысы болып сайланады. Бұл 6 миллион алаштың Әлиханды өзінің саяси көсемі ретінде танығандығының айқын дәлелі. 1937 жылы атылды.

3. Қарахан мемлекетінің астаналарын карта бойынша белгілеңіз.


Қарахан мемлекеті ІХ ғасырдың екінші жартысынан ХІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығы арасында өмір сүрген ең ірі ортағасырлық мемлекет. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның Шығыс жартысында Амударияға дейінгі аумақты алып жатқан бұл мемлекеттік құрылым тарихы өте қызықты әрі күрделі.Қарахан мемлекеті ІХ ғасырдың екінші жартысынан ХІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығы арасында өмір сүрген ең ірі ортағасырлық мемлекет. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның Шығыс жартысында Амударияға дейінгі аумақты алып жатқан бұл мемлекеттік құрылым тарихы өте қызықты әрі күрделі.


4-билет
1. Қайта құру саясатының негізгі кезеңдері
2. 1937-1938 жж. жаппай репрессиялау шараларының ауқымы мен салдарын, ГУЛАГ жүйесінің құрылуы.
3. Үгедей ұлысының аумағын карта бойынша белгілеңіз.

1.Қайта құрудың басталуы. 1985 жылы наурызда КОКП ОК Бас хатшысы қызметіне М.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде өткізілген КОКП ОК пленумында М.Горбачев әлеуметтік-экономикалық жүйе мен қоғамдық өмірге реформалар – қайта құрулар жүргізетінін мәлімдеді. Қайта құру саясаты мемлекеттің қоғамдық-саяси институттарының бүкіл жүйесін демократияландыру және халықтың өзін-өзі басқаруын тереңдету деп түсіндірілді. Қайта құру саясатының негізгі бағыттары- қоғам өмірін демократияландыру және жариялықты дамыту, әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету болды. Сонымен бірге 1985 жылы сәуір Пленумында әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету туралы қаулы қабылданды. Жеделдету саясатының мақсаты-өндірісті басқару әдістерін өзгертіп, ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу арқылы халық шаруашылығын дамыту. Іс жүзінде ол өндіріс орындарын шаруашылық есепке көшіру және жекеменшік түрлерін дамыта отырып, нарықтық экономикаға бетбұрыс жасау еді. Бұл саясатты іске асыру бағытында бүкіл елде кооперативтік қозғалыс басталды. Кооперативтік шаруашылықтардың тиімді жақтары бірден байқалды. Бірақта жеделдету бағыты ғылыми тұрғыда негізделмей асығыс енгізілген еді. Мемлекет басшылары экономиканы басқаруда әлі де директивалық әдістерге сүйенді. Бұл жеделдету бағытының басты қайшылығы болатын. Бірақ бұл шаралар экономиканы дағдарыстан шығара алмады. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Күнделікті тұтынатын тауарлар тапшылығы айқын сезіле бастады. Азық-түлік түрлері азайып кетті. Қоғамның саяси жүйесін жаңартпайынша экономиканы басқарудың жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі дәлелденді.


1987 жылы қазанда КОКП ОК Пленумында Мәскеу қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Борис Ельцин қайта құру мен реформалардың жүзеге асырылуының баяулығын қатты сынға алды.

1987 жылы қарашада Қазан төңкерісінің 70 жылдық мерекелік мәжілісі болып өтті. Онда М. Горбачев кеңестік қоғамның дамуының негізгі тарихи кезеңдеріне саяси баға берді. Бас хатшының баяндамасында сталинизм қылмысты құбылыс деп танылып, тарих «ақтаңдақтары» жаңа тұрғыдан қаралуы тиіс деген қортынды жасалды.


1988 жылы маусымда КОКП ХІХ Бүкілодақтық конференциясы өткізілді. Конференцияда қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына жан-жақты талдау жасалды. Онда партия басшылары тарапынан саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жасаумүмкін еместігі мойындалды.2.Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ГУЛАГ жүйесі одан әрі кеңейе түсті. Оның құрамында 56 еңбекпен түзету лагерьлері, 910 лагерь бөлімшелері, 424 еңбекпен түзету колониялары болды.


1953 жылы 1 қаңтарда Қазақстанда 1 млн-ға жуық арнайы қоныс аударылғандардың 13 мыңға жуығы лагерьлерде, колонияларда және түрмелерде тұтқында отырды. Арнайы қоныстанушылардың ішінде 450 мыңы неміс, 245 мыңы шешен, 80 мыңы ингуш, 37 мыңы грек, 35 мыңы поляк болса, 33 мыңы Грузиядан, 6,5 мыңы Қырымнан жер аударылған аз ұлт өкілдері еді.
Қазақстанда қоғамдық құрылыстың тоталитарлық моделін бекіте түсу 20—30-жылдары үзіліссіз жүргізілген саяси қуғын-сүргін шараларына үласты. Еңбекпен түзету лагерьлері мен колониялары Бас басқармасы (ГУЛАГ) сол кездегі мемлекеттік жүйенің ажырағысыз бөлігіне айналды.
1997 жылдан бері Елбасының жарлығымен 31 мамыр–Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып бекітілді. Этностық және діни тегі бөлек мыңдаған адамдар, тоталитарлық жүйенің диірменіне түсіп, өзгеше ойлағаны үшін кінәсіз сотталып, туған жерлерінен аяусыз қуылып, ГУЛАГ түрмелерінде жазықсыз көз жұмды. Біз үшін, азат Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін оларды еске алу және есте сақтау қасиетті парыз. Әділеттіктің салтанат құруы үшін Қазақстанда кең көлемді жұмыс жүргізіліп келді. Тәуелсіздік жылдары 146,5 мың кінәсіз жазғырылған отандастарымыздың аты-жөндері жазылған 14 «Аза кітабы» жарыққа шықты. Заңнамаға сәйкес, 340 мыңнан астам заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар ақталды.
Тоталитаризм құрбандары жерленген жерлерде ондаған ескерткіш-белгілер орнатылған. Бұрынғы ГУЛАГ лагерьлерінің орындарында мемориалдық кешендер жұмыс істейді. Бүгін солардың қатары, аты қайғылы Қарлаг орнынан ашылып отырған Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайымен толықты. Осының бәрі бізге, өткеннің ауыр сабақтарын сараптай отырып, адамзаттың бүгінгі және болашақтағы тарихында осындай зұлматты болдырмауды міндеттейді.

3. Бүгінгі Қазақстанның аумағына кіретін Ертістің жоғарғы ағысы, Еміл, Тарбағатайдан Балқаштың сол жақ жағалауына дейінгі жерлер Үгедей ұлысы болып есептелген. Орталығы қазіргі ҚХР-ның Шыңжаң аймағындағы Еміл қаласы болған.


5-билет
1. Тәуке ханнан кейінгі Қазақ хандығындағы қалыптасқан жағдай.
2. А.Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси өміріне сипаттама беріңіз.
3. Қаңлылардың археологиялық ескерткіштері (Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар) орналасқан аумақты карта бойынша белгілеңіз.

1.Жәңгірдің баласы Тәуке хан (1680-1715 жж.) тұсында қазақ хандығының бірлігі күшейе түсті. Ол қазақ тарихында «Әз Тәуке», яғни «Дана Тәуке» деген құрметті атаққа ие болды. Тәуке бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға күш жұмсады. Тәуке ханның өзіне дейінгілерден ерекшелігі - өз билігін дала аристократтары - билердің қолдауымен күшейтуі болды. Феодал шонжарларының өкілдері мен билерден құралған «хандық кеңестің» және «билер кеңесінің» ролін арттырды. Билер кеңесі Тәуке ханның ордасы Түркістан жанындағы Битөбе мен Сайрам түбіндегі Мартөбеде, Ангрен қаласына жақын жердегі Күлтөбеде өтетін болды. Тәуке хан беделді билерге арқа сүйеп, феодал ақсүйектерді, сұлтандарды әлсіретуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы үлкен даулар билер кеңесінде қаралып шешілді. Билер хандықтың ішкі өмірі мен сыртқы саяси өмірінің аса маңызды мәселелерін шешіп отырды. Тәуке хан өз билігінің бір бөлігін билерге беру арқылы ықпалды билерді мемлекеттік істерді шешуге, елді басқаруға тартты. Олардың қатарында үш жүздің атақты Төле, Қазыбек және Әйтеке билері бар. Үш жүздің басын қосып Қазақ хандығын нығайтуда «Билер кеңесінің» ролі өте зор болды.


Тәуке тұсында қазақ-орыс қарым-қатынасы барынша күшейтілді. Тек 1686-1693жж. аралығында Сібірге бес рет қазақ елшілігі жіберілді.
Оның билігі қазақ халқының тарихындағы ең бір ауыр кезеңмен сәйкес келді. Жоңғарлардың үздіксіз шабуылдары қазақ көштерін үлкен шығынға ұшыратты. Қонтайшы Сыбан-Рабдан тұсында қазақ-ойрат қарым-қатынасы шегіне жетіп шиеленісті. Ш. Уәлиханов осы бір ауыр кезең туралы «XVІІІ ғасырдың алғашқы онжылдықтары қазақ халқының өміріндегі қияметті кезең болды. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық казактары мен башқұрттар жан жақтан килігіп, олардың ұлыстарын талқандады, малдарын айдап, адамдарын тұтас отбасымен тұтқындап алып кетті», - деп жазған еді.
Тәуке хан жоңғарларға қарсы күреске көршілес жатқан қырғыздар мен қарақалпақтарды тартты. 1710 жылы жоңғар шабуылын тойтару мәселесін талқылау үшін Қарақұмда қазақтың үш жүзінің өкілдері бас қосты. Үш жүздің жасағы жоңғар әскерін талқандап, жауды шығысқа қарай ығыстырды. Бірақ ішкі алауыздық жаудың басқыншылық шабуылдарын тоқтата алмады. Жоңғарлардың жойқын шапқыншылықтары 1711-1712 ж., 1714 ж., 1717 ж. қайталанып отырды.
Сыртқы қауіп қазақ қоғамының үш жүзі ішіндегі алауыздық, рулық-тайпалық дау-дамайлар мен сұлтандар арасындағы сепаратизммен ұштасып жатты. Тәукенің басты мақсаты ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды реттеуге күш салды.
Міне, осындай жағдайда Тәукенің тұсында «Жеті Жарғы» деген атаумен әдеттегі құқық өлшемдерінің жинағы өмірге келді. Қазақ қоғамында қолданылып келген құқықтар мен нормалар жинақталды, толықтырылып жүйеленді. Сөйтіп, қазақ халқының тарихында ірі құқықтық өзгерістер енгізілді. «Жеті Жарғы» сол заманға сай құқықтық құжат қана емес, сонымен қатар көшпелі қазақ халқының этникалық, шаруашылықты ұйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса құнды ескерткіш болып табылады. «Жеті Жарғыға» сәйкес қанға-қан, жанға-жан қағидасы заңдастырылды. Адам өлтіруші өлім жазасына кесілді. Кей жағдайда, мәселен, өлген адамның жақындары кешірім жасаған жағдайда айыпталушы құн төлеу арқылы өлім жазасынан құтыла алды. Құнның көлемі екі жақтың әлеуметтік шығу тегіне байланысты болды. Қарапайым шаруаның құны бір мың бас қой тұрса, сұлтанның құны жеті мың бас қойға бағаланды. Осыдан-ақ «Жеті Жарғының» қазақ үстем табының мүддесін қорғаған заң екенін анық көреміз. Заңның негізгі баптарының мазмұнынан үзінділер келтіре кетсек, олар төмендегідей:
- қанға қан алу (біреудің кісісі өлтірілсе) немесе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға – 1000 қой, әйелге – 500);
- Егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі, ал ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса, жазадан босатылады);
- Төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді;
- Ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі;
- өзіне-өзі қол жұмсағандар бөлек жерленеді.
- әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Мұндай қылмыс үшін еріне, немесе қыздың ата-анасына құн төлеуге тиіс, егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе жазадан босатылады;
- әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса арсыздығы үшін айып салынады;
- құдайға тіл тигізген (жеті адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі;
- ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол-аяғы байланып, анасының қолына беріледі;
Тәуке ханның «Жеті Жарғысының» баптары сол заманның талаптарына сай келді. Ол қазақ қоғамы өмірінің барлық жағын түгел қамтыды. Онда әкімшілік, қылмыстық істер, азаматтық құқық өлшемдері, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар, жер дауы, құн дауы туралы ережелер енгізілді. «Жеті Жарғының» жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ қоғамында заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы ролі зор.
Тәуке билігі тұсы қазақ қоғамындағы «Алтын ғасыр», «қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған заман» болды. Орыстың тарихшы ғалымы А. И. Левшиннің Тәукені «Ол қазақ ордаларының айдаһары, Ликургі» деген теңеулері қазақ қоғамының дәуірлеу кезеңін білдірсе керек.
2.Ахмет Байтұрсынов – 1873 жылы дүниеге келген. Туған халқының аса ірі қайраткері, ағартушы-ұстаз, ғұлама ғалым, көрнекті ақын, жалынды публицист, қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы ірі түрколог, этнограф, ғажайып сыншы, композитор-музыкант және шебер орындаушы, ауыз әдебиеті мен мәдениет зерттеушісі, профессор. Жас қазақ үкіметінің мүшесі болған мемлекеттік қайраткер басына 1929 жылы-ақ бұлт үйірілгендей. Бұл Голощекиннің қазақ жерінде білгенін істеп, бүлдіріп жатқан кезі еді. 1929 ж. қамауға алынған қазақ зиялыларының ішінде «рухани көсем» А. Байтұрсынов та бар. Ол 1937 жылы 9 қазанда сталиндік репрессияның қанды пышағына ілінеді
3.Ғалымдар қаңлылар туралы жазғанда археологиялық қазба жұмыстарының қорытындысына сүйенеді. Сондай қазба жұмыстарының бірі – Жетіасар ескерткіштерінің таралу аймағы Жаңадария мен Қуаңдария аңғарларын алып жатыр.
Б.з.б. 46-36 жылдары қаңлылар Қытайға қарсы тұрған ғұндарға көмектескен.
Отырар-Қаратау мәдениеті Сырдарияның орта ағысы тұсындағы Қаратау-Талас аралығын алып жатыр.
Ал Қауыншы мәдениетінің аумағы Ташкент төңірегіндегі аймақ болып табылады.



жүктеу 1,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау