Ііі нұсқа 1-билет


ҚАРЛҰҚТАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ



жүктеу 1,54 Mb.
бет14/67
Дата14.04.2023
өлшемі1,54 Mb.
#42164
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67
Қазақстан тарихынан билет жауаптарымен 3-нұсқа 11 сынып

ҚАРЛҰҚТАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ
Жазба деректерде қарлұқтар біздің заманымыздың V ғасырындағы тирек тайпаларының құрамында кездеседі. Қарлұқтар туралы алғашқы мәліметтер кездесетін қытай деректерінде V ғасырдың орта шенінде қарлұқтар өздерінің басты руының атымен Бұлақ деп кездеседі. Олар Алтай баурайларын мекендеген.
Қарлұқтар Алтай тауларының батысын Зайсан, Алакөл, Урунгу көлдері аралығын, Қара Ертіс бойы мен Тарбағатайды мекендеді. Бұл кезде олар «Үш Қарлық» (Қарлұқтардың үш тайпасы) елі ретінде белгілі болды. Олар бірде Батыс Түрік қағанатына, бірде Шығыс Түрік қағанатына бағынған.
VII ғасырдың соңында қарлұқтар бір-бірімен күрескен үш күштің ортасында қалды. Олар Шығыс Түрік қағанаты, Қытай империясы және Түркештер еді. 714 жылы қарлұқтар Түркештер мен Шығыс Түрікке қарсы Қытаймен одақтасты. Оған бір жағынан, батыста күшейіп келе жатқан Түркештерден гегемондықты, яғни қозғаушы, басқарушы күшті, тартып алу, екінші жағынан, Шығыс Түрік қағанатының басқыншылық, тонаушылық жорықтарынан қорғану себеп болды. Жазба деректер («Үлкен Күлтегін жазуы») Шығыс Түріктің қарлұқтармен шайқасын былайша хабарласа «жиырма жеті жасымда еркіндік пен тәуелсіздікте болған қарлұқ халқы дұшпан болды», Білге қаған жазуы мұны тағы да растайды «Отыз бір жасымда қайғысыз, еркін және тәуелсіз болған қарлұқтар дұшпан болды. Тамағ ыдуғ басында шайқастық. Қарлық елін өлтірдім. Ол жерді қол астыма қараттым.». Тамағ ыдуғ (Тамыр бұлағы) Хангай тауларынан бастау алып Орхон өзеніне құятын өзен саласы. VIII ғасырдың ортасында Орталық Азиядағы шешуші саяси күш - ұйғыр мемлекеті болды. Көне түркілер мұрасы Солтүстік Монғолия үшін ұйғырлармен болған күресте сәтсіздікке ұшыраған, екінші жағынан батыста Түргеш қағанатының әлсіреуімен қарлұқтар батысқа бет бұрды. Қарлұқтардың батысқа жылжуы бұдан ертеректе-ақ басталған болатын. Ұйғырлардың Терхин жазуларында қарлұқтардың ит жылы (746 ж.) «Он оқ еліне» кеткендігі хабарланады. Бірақ, Жетісуда қарлұқтар билігінің орнығуына 740 - 751 жылдар аралығындағы империя әскерінің бұл өңірге жорықтары кедергі жасады. 740 жылы Тараз, 748 жылы Суяб, 749 жылы Шаш қалаларын қытай әскерлері ойрандады. 751 жылғы Талас шайқасында жоғарыда аталған себептерге байланысты империя әскері кейін шегінуге мәжбүр болды. Арабтар да кейін шегініп Жетісуда қарлұқтар билігі нығайды. Жетісуда қарлұқтардың орнығуына жергілікті оғыздар да қарсылық көрсетті. Дегенмен, қарлұқтардың қысымымен оғыздар батысқа, Сырдарияның төменгі ағысына, жылжуға мәжбүр болды. 756 жылы қарлұқтар Тараз және Суябты алып Жетісуда өз биліктерін түпкілікті орнатты.

жүктеу 1,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау