Сабақтың мақсаты: - Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері,
- классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, кластары,
- таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте
- отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру.
- - Жеке тұлғаның кәсіптік мамандықтарды таңдаудың негізгі
- типтері мен факторлары туралы түсінік беру
- - Кәсіптік бағдар беру
- - Кәсіптік білім берудің құрылымымен таныстыру
- - Кәсіптік мамандықтарға деген ынта- ықыластарын
- анықтау және т.б.
-
- Сабақтың түрі: жобалау сабағы
- Көрнекілігі: Нақыл сөздер, схемалар.
- Әдіс- тәсілдері: «Ми шабуылы», психологиялық тест , тренингтер.
- Сабақ барысы:
- І.Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу, түгендеу, сыныпты 2-топқа бөлу.
- 2. Кіріспе: Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл
- сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %-і қайтадан өз орнына
- қайтып оралады екен.Осыған қарап мынадай сұрақтар туындайды.
- Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма?
- Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан- жақты дайындалу керек шығар?
- Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады?
- Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгінгі сабақта шешімін аламыз деген сенімдемін.
- «Мамандық» сөзіне анықтама беру.
- Профессия- латын сөзінен шыққан ,
- “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді
- білдіреді.
- Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып
- табылатын және қандай да бір дайындықты,
- жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің
- маңызды бөлігі.
-
- Мамандықтарға сұраныстың тұрақтылық көрсеткіші әр мамандықтардың жұмыс орын санының артуына байланысты. Өз мамандықтарын таңдауда мақсатқа жету әр адамның еркіне, өмірге құштарлығына байланысты.
- Мамандық таңдау кезінде мұқият болған жөн,себебі ол сіздің болашақ өміріңізді анықтайды.
- Сондықтан, мамандықты таңдау кезінде жеке қызығушылығыңыз бенᅠ болашақ жоспарларыңыздың негізінде таңдағаныңыз тиіс және де тек қана бір мамандықты таңдау керек.
- Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
- Сондай-ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады.
- Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады.
-
-
- Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандық -тары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілік- ті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.
-
- Сонымен қатар мамандық таңдау факторларына мыналарды жатқызуға болады:
- «Білгім келеді» - (қызығушылық, бейімділік).
- Қызығушылық- қандай да бір саланы, құбылысты танып білуге ,
- оны зерттеуге деген құмарлық.
- Бейімділік - қандай да бір қызметпен айналысудағы икемділік.
- «Қолымнан келеді» - (қабілет, денсаулық жағдайы).
- Қабілет- адамның қандай да бір қызметті орындаудағы жеке -дара
- қабілеті, шығармашылық мүмкіндігі.
- «Маған керек»- (қажеттілік, сұраныс)
- Қоғамға әр түрлі саланың мамандық иелері қажет. Мамандық таңдауда өзіннің мамандығынның еңбек рыногындағы сұранысын білу мен қатар, болашақта өзіңнің еңбекке араласу мүмкіндігінді білу керек.
- КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
- Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері:
- Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицеилер, кәсіптік мектептер.
- Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.
- Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер,училищелер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік біліммен алуға болады.
- Жоғары кәсіптік білім: ЖОО- ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады.
- Кәсіптік оқу орындары туралы ақпараттарды алуға болады:
- Оқу орындарына түсушілерге арналған анықтамалық
- оқулықтардан;
- INTERNET желісіндегі компьютерлік ақпараттық- ізденіс
- бағдарламаларынан;
- Жарнамалық хабарландырулардан;
- Кітапханалардан;
- Кәсіптік бағдар беру және жоспарлау бөлімдерінен;
- Оқу орындарының ашық есік күндеріне қатысу және жекелей бару
- арқылы;
- Мектеп бітіруші түлектермен кездесу арқылы.
- ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ КӘСІПТІК МАМАНДЫҚТАРДЫ ТАҢДАУ ТИПТЕРІ:
- Реалистік (R),
- Зерттеушілік (I),
- Артистік (А),
- Әлеуметтік (S),
- Кәсіпкерлік (E),
- Дәстүрлі (С).
- 1. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ РЕАЛИСТІК ТИПІ (R)- Адамдармен жұмыс істегеннен гөрі, еңбектің басқа да маңызды обьектілерімен, механизмдерімен жұмыс істегенді ұнатады.
- Негізгі бағыттары:
- Техникалық білім,
- Ауылшаруашылық білімі,
- Орман шаруашылығы,
- Табиғатты қорғау,
- Әскери мамандықтар.
- 2. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ТИПІ (I)- Ғылымға және ғылыми зерттеулерге, ашылуларға, жаңалықтарға және идеяларды іске асыруға бағытталған.
- Негізгі бағыттары:
- математика,
- физика,
- биология,
- биомедициналық инженерия,
- генетика.
- 3. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АРТИСТІК ТИПІ (А)- Өзінің әсемдікке деген сүйіспеншілігін, мүмкіндігін ашуды көркем- өнерде, артистік ортада жұмыс істеуді ұнатады.
- Негізгі бағыттары:
- Өнер,
- Музыка,
- Театр,
- Билер,
- Тілдерді оқу, меңгеру,
- Жобалау және дизайн
- 4. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТИПІ (S)- Адамдармен қарым- қатынасқа бағытталған. Адамдарға көмектескенді және олардың мәселелерін шешкенді ұнатады
- НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
- Өнер,
- Әлеуметтік қызмет,
- Социология,
- Кеңес беру,
- Коммуникация,
- Мектепалды тәрбие және балалардың дамуы.
- 5. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ТИПІ (E)- Адамдарға ықпал етуге, қорғауға, ұйымдастыр уға және олардың негізгі міндеттерін іске асыруға бағытталған.
- Негізгі бағыттары:
- бизнес-білім,
- басқару,
- маркетинг,
- құқық.
- 6. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТИПІ (С)- Мәліметтерді, бақылауларды өңдеумен жұмыс істегенді ұнатады және ақпараттар жүйесін басқарады.
- Негізгі бағыттары:
- Бухгалтерия,
- Статистика,
- Финанс,
- Компьютерлік технология,
- Іс қағазын жүргізу.
| | | | | | - тану
- айыра білу
- анықтау
- ажырату
- бағалау
- тексеру
- жұмыс қабілеті
| - қалыптасыру
- өңдеу
- тізбектеу
- реттеу
- ұйымдастыру
- ықпал ету
| - іздену
- ойлап табу
- жаңалық ашу
- есептеудің жаңа тәсілін табу
| - Классификациялық белгілері
| | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | - (тану, айыру, анықтау, бағалау, тексеру)
| | | - (құрастыру, өндеу, реттеу, ұйымдастыру, әсер ету, )
| | | - (ойлап табу, құрастыру, шешу жолын табу)
| | | | | - МЕХАНИКАЛЫҚ
- (машиналарды, механизмдерді басқару)
| | | | - АВТОМАТТЫ
- (станоктарды, құрылғыларды басқару)
| | | | | - Материалдық жауапкершілік деңгейін арттыру шарттары
| | | | | | | | | - І- топқа:
- Мына мамандықтарды классификациялық белгілері бойынша жікте:
- Археолог , құрылысшы
- Мына мамандықтардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықта:
- Мұғалім,дәрігер
- Мына берілген сөйлемді аяқта,қандай сөйлем екенін анықта:
- Бала кезімнен дәрігер мамандығын ұнатқандықтан, ... .
- Бір мамандыққа байланысты диалог құрастыру.
- ІІ- топқа:
- Мына мамандықтарды классификациялық белгілері бойынша жікте:
- Артист, көлік жүргізуші
- Мына мамандықтардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықта:
- Металлург, аспазшы
- Мына берілген сөйлемді аяқта,қандай сөйлем екенін анықта:
- Мен құрылысшы болғым келеді,себебі ...
- Бір мамандыққа байланысты әңгіме құрастыру.
-
- Психологиялық сәт:
- "Психогеометрия"- өзін- өзі тану:
- Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
- ІҮ. Қорытындылау:
- 1. «Мамандық», «Қабілет», «Білім»
- сөздеріне ой тұжырымдау.
- 2. Мамандықты дұрыс таңдамауда қандай
- қателер жіберілуі мүмкін?
- Ү. Үйге: “Менің болашақ мамандығым”тақырыбына жоба дайындап келу.
- ҮІ.Өз-өздерін бағалату.
- Тренинг “Сиқырлы қарындаш”: Менің қолымдағы сиқырлы қарындаш кімнің қолына түссе, сол қатысушы бүгін қалай жұмыс істеді, жақсы және кемшіліктері туралы айтып өз-өзіне баға қояды.
- Талдау:
- Осы күннен не алдыңыз?
- Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?
- Бүгінгі сабақты мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:
- Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін.
- Масқатыма жеткізер - уақытыма сенемін.
- Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін,
- Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін.
- Арым- таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін,
- Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер үлкендердің айтқан ақыл кеңестерін жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!
Достарыңызбен бөлісу: |