2019 жылғы 25 қазандағы
Тұрақты комиссияның
қаулысы
Нұр-Сұлтан қаласында аула
клубтарын 2023 жылға дейін дамыту
Тұжырымдамасының жобасы туралы
Қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы "Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері жөніндегі басқармасы" ММ ұсынған 2023 жылға дейінгі Нұр-Сұлтан қаласындағы аула клубтарын дамыту тұжырымдамасының жобасын тыңдап және талқылай келе, қалалық мәслихат депутаттарының бастамасымен әзірленген осы жоба тұрғылықты жері бойынша балалар мен жастардың бос уақытын ұйымдастыру жөніндегі қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында жасалғанын, онда депутаттардың мәслихат сессиясында айтылған ұсыныстары мен ескертпелер ескерілгенін атап өтеді.
Тұжырымдама жобасында аула клубтарын дамытудың ағымдағы жай-күйіне талдау жасалып, 2023 жылға дейін әлеуметтік маңызды қызметке балалар мен жастарды тарту үшін жағдай жасау, елорда аумағында аула клубтары санын ұлғайту жөніндегі міндеттер белгіленді, тегін негізде аула клубтарында сабақ алу түрін таңдау және бару мүмкіндігі бар жастар санатының тізбесі белгіленді.
Сонымен қатар, талқылау барысында мәслихат депутаттары Тұжырымдамада астанада аула клубтарының жұмысын үйлестіруге және дамуына жауап беретін бірыңғай оператор анықталмауына алаңдаушылық білдірді.
Депутаттар аула клубтарының жұмысын ұйымдастыру бойынша өкілеттілікті білім беру мекемесіне беру мәселесі бойынша өз келіспеушіліктерін білдірді, сондықтан аула клубтарындағы сабақтарға балалар мен жастар тұратын жерлері бойынша қамтылуы тиіс.
Сондай-ақ, оқушылар арасында жарақаттанудың өсуі, спорт залдарында сабақтар және оқу үш ауысымен өткізілуі депутаттардың алаңдаушылығын тудырады.
Талқылау нәтижелері бойынша қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. 2023 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласында аула клубтарын дамыту тұжырымдамасының жобасын пысықтауға жіберу.
2. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне ұсынылсын:
- аула клубтарының қызметін үйлестіру үшін аула клубтары бойынша бірыңғай операторды анықтау;
- балаларды жан-жақты дамыту, шығармашылық әлеуетін кеңейту және мәдениет құндылықтарына тарту үшін елордада спорттық, көркем мектептер мен өнер орталығын салу мәселесін пысықтау;
- ата-аналардың балалармен, әсіресе жылдың қыс мезгілінде фитнеспен айналысу үшін тұрғын үйлердің цокольдық қабаттарында фитнес-орталықтар ашу мүмкіндігі туралы мәселені зерделеу;
3. "Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері жөніндегі басқармасы "ММ ұсыну:
- Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму істері министрлігіне Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты депутаттарының аула клубтарын дамыту тұжырымдамасын республикалық деңгейде әзірлеу және қабылдау туралы ұсынысына бастамашылық ету;
- жұмыс істеп тұрған аула клубтарының жұмысы үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі іс-шараларды жалғастыру, күрделі жөндеу жүргізуге және олардың материалдық-техникалық базасын жақсартуға көмек көрсету, балалар мен жасөспірімдердің сұраныстары мен мүдделеріне сәйкес тұрғылықты жері бойынша аула алаңдары мен клубтар қызметінің алуан түрлілігі мен аясын кеңейтуге ықпал ету.
- 2023 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласында аула клубтарын дамыту тұжырымдамасының пысықталған жобасы, заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2020 жылғы қантардағы қайта қарауына шығарылсын.
3. "Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы" ММ-не ұсынылсын:
- қаланың аула клубтарымен тығыз қарым-қатынасты жүзеге асыру және білім беру мекемелері өткізетін қалалық олимпиадаларға, чемпионаттарға және басқа да іс-шараларға аула клубтарына баратын балаларды тарту.
4. "Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы" ММ-не, "Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы" ММ-не ұсынылсын:
- 2023 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласында аула клубтарын дамыту тұжырымдамасының жобасына енгізу үшін әзірлеуші органға нақты ұсыныстар беру.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Қалалық мәслихаттың заңдылық,
құқық тәртібі және қоғаммен
жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссия төрағасының орынбасары Г. Данбаева
Достарыңызбен бөлісу: |