V БӨЛІМ.
Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
лықтары да әдебиет тарихындағы
қай шылықтарды жан-жақты ашып
көр сету үшін ғана аталынып, шы-
ғармаларындағы идеялық мазмұн
мен бағытты әлі де болса айқындау
қажет деп атап көрсетеді. Бұл атал-
ған ақындардың барлығын да орта
мектепте оқыту қажетсіз деп та-
былды. Ағартушы-демократ ақын-
жа зушылардың мұрасы біршама
зерт телгені ескеріле отырылып, ке-
рітартпа, діншіл бағыттағы ақын-
дардың дүниетанымдық көзқарас-
тарындағы қайшылықтарын ашу
жолындағы зерттеу жұмыстары тез
арада қолға алынсын деген байлам
жасалды.
Ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің
ХХ ғасыр басындағы әдебиеттен
әріге бармауының себептері де бар.
Б. Кенжебаев 1959 жылғы конферен-
циядан соң іле-шала-ақ өз ұсыны-
сын көпшіліктің ой-талқысына салу
мақсатында «Қазақ халқының жаз-
ба әдебиетінің тарихы қайдан, кім-
нен басталады» («Қазақ әдебиеті»,
1960, 22 шілде) деген ғылыми мәні
зор мақаласын жариялаған бола-
тын. Дайындалып жатқан ІІ томның
1-кітабында (1961) айтылады ғой
деген тоқмейілсу көңіл ме, әлде да-
улы мәселеден қашқақтау ма, ға-
лым ұсынысын қолдаған бірді-екілі
мақала болмаса, кең көлемде тал-
қылауға ат салушылар шыға қойма-
ды. Қ. Жұмалиев «Қате пікір қағидаға
айналмасын» («Қазақ әдебиеті»,
1960, 29 шілде) атты қарсы мақала
жазып, өз концепциясын қорғап қана
қойған жоқ, әдіснамалық тұрғыда
негіздеп тастады. Оны кейінде ай-
тылғандай: «Шын ғылым айтыстан
тумақ. Осы тұрғыдан келгенде акаде-
мик Қ. Жұмалиев әдебиеттануды ке рі
кетірген жоқ, қайта әдебиетімізге не-
гіз болған ежелгі жазба жәдігерлік тер-
дің тезінен зерттелуіне белгілі дәре-
жеде қозғау салды», – деп көлгірси
бағалаудың жөні жоқ. Бұны біз кемел-
дене бастады дей отырғанымызбен,
ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің осы
бағытта ізденістер жасауға мүмкін-
дігі бола тұрса да жан сала кіріспе-
ген кемшілігін, әдебиетші-ғалымдар-
дың «жоғарыға» жалтақтаудан аса
алмағанын көрсету мақсатында ай-
тып отырмыз. Міне, сондықтан да
болар қазақ әдебиетінің тарихи кур-
сын жасауға арналған монография-
лар жазу кейіндей берді. Оған 1960
жыл дары Қ. Жұмалиевтің «Қазақ
әде биеті тарихының мәселелері жә-
не Абай поэзиясының тілі» (1960),
Ә. Дербісәлиннің «Қазақтың Ок-
тябрь алдындағы демократияшыл
әдебиеті» (1966) атты еңбектерден
басқа монографиялардың болмауын
айтсақ та жеткілікті.
Бұл айтылғандардан шығатын қо-
рытынды Б. Кенжебаев ұлттық әде-
биеттану ғылымында ғана емес, бүкіл
түркі тілдес халықтар әдебиеттану
ғылымында тарихи мектептің негі-
зін қалаушы ретінде танылуға тиісті.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
456
Достарыңызбен бөлісу: |