Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Ғылым комитетінің төрағасының
бұйрығымен бекітілген
2014 ж. « 31» шілде № 71-нж
2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бойынша өтінімдерді даярлау үшін конкурстық құжаттама
Уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ғылым комитеті
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы конкурстық құжаттама ғылым саласындағы уәкілетті органмен - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 Қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы «Ғылым туралы» Заңы шеңберінде ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бойынша конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді даярлау мақсатында әзірленген.
1.2. Конкурс іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бағыттары бойынша, сонымен қатар үдемелі индустриалды-инновациялық даму басымдықтары бойынша, ұлттық компаниялардың немесе нақты сектордың, немесе өтінім беруші, не қатысу үлесі 25% болтын бизнес-серіктестің қаражатын, сондай-ақ шетел ғалымдарын, сонымен қатар қос жетекші ретінде тарту арқылы өткізіледі.
2. Конкурс нысаны болып табылатын ғылыми зерттеулердің атауы (мамандандырылған ғылыми бағыттар)
Ғылымды дамыту басымдықтары шеңберінде ғылыми зерттеулердің атауы (мамандандырылған бағыттар):
1. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу
Қолданбалы ғылыми зерттеулер:
1.1. су ресурстары және минералды-шикізат базасының орнын толтыру әдістері мен технологиялары;
1.2. пайдалы қазбаларды әзірлеу технологиясы;
1.3. шикізат пен өнімді қайта өңдеудің технологиясы;
1.4. жаңа материалдарды алу технологиясы;
1.5.табиғатты тиімді пайдалану және экология мәселелері;
Іргелі ғылыми зерттеулер:
1.6. көмірсутек шикізатын кешенді өңдеудің және табиғатты тиімді пайдаланудың негізгі теориялары;
1.7. шикізат пен өнімді қайта өңдеу саласындағы іргелі ғылыми зерттеулер;
1.8. табиғатты тиімді пайдаланудың ғылыми негіздері және Қазақстанның қоршаған ортасының тепе-теңдік экологиялық жағдайын қамтамасыз ету:
1.9. іргелі материалтану мәселелері;
1.10. кешенді сипатпен тапсырылған көпқызметті материалдар мен жабындар алудың теориялық негіздері;
2. Машина жасау және энергетика
Қолданбалы ғылыми зерттеулер:
2.1. жаңартылған және баламалы энергия көздері мен өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қолдану;
2.2. жылу мен электр энергетика және энергия тиімділік технологиялары;
2.3. ядролық және сутекті энергетика;
2.4. қоршаған ортаға энергетикалық сектордың қоршаған ортаға әсері;
2.5. энергетикалық және автокөліктік машинажасау;
2.6. ауыл шаруашылық және тағамдық машина жасау;
2.7. мұнай-газдық машина жасау;
2.8. тау-кен және металлургиялық машина жасау;
2.9.машинажасау, автоматтандыру және роботты техника.
Іргелі ғылыми зерттеулер:
2.10.энергетика және машина жасау саласындағы іргелі ғылыми зерттеулер.
3. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар:
Қолданбалы ғылыми зерттеулер:
3.1. ақпараттық технологиялар;
3.2. телекоммуникациялық жүйелер және технологиялар;
3.3. әлеуеттік жүйелер және технологиялар;
3.4. бағдарламалы-техникалық кешендер және жүйелер;
3.5. геоақпараттық жүйелер және технологиялар;
3.6. әлеуеттік роботты техникалық жүйелер;
3.7. ғылыми және білім беру үдерістеріндегі заманауи ақпараттық жүйелер;
Іргелі ғылыми зерттеулер:
3.8. ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласындағы іргелі ғылыми зерттеулер
3.9 технологиялық үдерістерді математикалық модельдеудің теориялық негіздері
4. Өмір туралы ғылым
Қолданбалы ғылыми зерттеулер
4.1. қартаю мәселелерін шешуге және адам өмірін ұзартуға арналған жаңа технологиялар
4.2. тірі жүйенің молекулалық, биохимиялық және жасушалық негіздері;
4.3. өсімдіктер мен жануарлардың өнімділігі және орнықтылығын жоғарлатудың ғылыми негіздері;
4.4. ауыл шаруашылығы мен медицинаға арналған жаңа биопрепараттар;
4.5. биомедицина және гендік инженерияны дамыту.
Іргелі ғылыми зерттеулер:
4.5. химия және биология саласындағы іргелі зерттеулер.
5. Елдің зияткерлік әлеуеті
Әлеуеметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі зерттеулер:
5.1.1. ғылымды қажет ететін бәсекеге қабілетті өндірістің әлеуметті-экономикалық даму шартын зерттеу (экономика);
5.1.2. қазіргі заман жағдайында мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатын жүзеге асыру саласындағы зерттеулер;
5.1.3. әлеуметтік және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері және пәнаралық зерттеулер.
5.2. жаратылыстану -ғылыми саладағы іргелі зерттеулер:
математика, механика, физика саласындағы іргелі зерттеулер.
3. Өтінімді ұсыну тілі
3.1. Гранттық қаржыландыруға арналған өтінім мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.
4. Конкурсқа арналған өтінім формасына талаптар
4.1. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 1-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес әзірленеді.
4.2. Өтінімдер қағаз және электрондық тасымалдаушыда екі данада ұсынылады.
4.3. Гранттық қаржыландыруға арналған өтінімде жобаның немесе бағдарламаның жүзеге асырылу мерзімі туралы, бірақ 3 жылдан аспайтын ақпарат болуы тиіс.
4.4. Өтінім қағаз пломбасымен тігіледі және бекітіледі, онда тігілген және нөмірленген парақтар саны туралы жазба көрсетіледі және өтінім берушінің уәкілетті тұлғасы қолымен, дөңгелек мөрмен (заңды тұлғалар үшін) немесе белгіленген тәртіпте расталған жеке тұлғаның қолымен бекітіледі.
5. Типтік күнтізбелік жоспар
5.1. Жұмыстың типтік күнтізбелік жоспарында жоба кезеңдері, қойылған міндеттер, олардың маңыздылығы негіздемесі, желілік кесте (қойылған міндеттер, мерзімі (айды көрсету арқылы) енгізіледі.
Типтік күнтізбелік жоспардың үлгісі 1-қосымшада көрсетілген.
6. Әлеуетті орындаушыларға қойылатын біліктілік талаптары
1. Конкурсқа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің акредиттелген субъектілері, сонымен қатар білім берудің автономиялы ұйымдары мен оларға бағынышты ұйымдар қатысуға құқығы бар.
2. Жобаны жүзеге асыру үшін сұралатын қаржы сомасы:
– іргелі ғылыми зерттеулер бойынша – жылына 30 млн. теңгеден
– қолданбалы ғылым зерттеулер бойынша - жылына 60 млн. теңгеден
аспауы қажет.
Зерттеудің негізгі нәтижелері бөлінген қаржы көлемімен өлшемдес болуы қажет.
3. Қаржыландыру үшін мақұлданған жобалар Қазақстан Республикасында жүзеге асырылуы қажет.
4. Ұйым жетекшілері екіден аспайтын жобаларда ғылыми жетекші немесе орындаушы болуға құқылы.
5. Жобаның жүзеге асырылуы кезеңінде жеке тұлға екіден аспайтын жобада ғылыми жетекші ретінде және бірден аспайтын жобада орындаушы ретінде болуға құқылы.
6. Гранттық қаржыландыру шеңберінде бөлінген қаражат өтінімде көрсетілген міндеттер мен мақсатқа бағытталуы тиіс.
7. Қаржыландыру көлемі, егер тым артық болмаса, сұралатын қаржыға сәйкес қатаң түрде анықталады.
8. Гранттық қаржыландыруға бөлінген қаражатқа иелік етуге ғылыми жетекші құқылы.
9. Ұйым басшылары мен жоба орындаушыларына үйлестіру және/немесе орындаушымен орындалатын ғылыми зерттеулерді әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында гранттық қаржыландыру қаражатынан ұстап қалуға жол берілмейді.
Егер ұйым базалық қаржыландырудың субъектісіне кіретін басты ұйым болып табылса, онда гранттық қаржыландырудан қаражатты ұстап қалу жобаны қаржыландыру жалпы көлемінің 1%-дан аспауы қажет.
10. Бағдарламалық қамтамасыз және/немесе ету жабдықтарға арналған шығындар жобаны жүзеге асырудың барлық мерзіміндегі гранттық қаржыландырудың мәлімделген сомасының 20 пайызынан аспауы қажет.
Жобаны жүзеге асыру үшін және құны 2500 (екі мың бес жүз) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі- АЕК) асатын жабдықты мемлекеттік емес ұйымдармен сатып алу, оның ұжымдық пайдалану ғылыми зертханаларында болмауы жағдайында, оны сатып алу қажеттілігі негіздемесін ұсынған уақытта, сонымен қатар ұжымдық пайдалану ғылыми зертханаларда аталған жабдықты орналастыру туралы жазбаша міндеттеме болған жағдайда рұқсат етіледі.
Жоба шеңберінде мемлекеттік ұйымдармен алынған жабдық олардың меншігі болып табылады.
11. Өтінімде өтініш берушінің авторлық және/немесе басқа құқықтарына әлеуеттік зиян тигізетін, коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат болмауы тиіс.
12. Ғылыми жоба басылымы кезінде, жобаның жүзеге асырылу және/немесе аяқталғаннан кейін, авторлар оның нөмірін көрсету арқылы ұтып алынған грантқа сілтеме жасауы міндетті.
13. Ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру шеңберінде:
13.1. 30% -дан кем емес орындаушылары 35 жасқа дейінгі жас мамандар, немесе магистранттар, немесе PhD докторлары болуы қажет;
13.2. зерттеу тобының 15% -дан кем емес мүшелері (сонымен қатар жас маман, магистрант, доктор PhD) жүргізіліп жатқан жоба шеңберінде халықаралық конференцияларға қатысуы, жетекші шетел ғылыми орталықтарында және ұйымдарында немесе шетел ғылыми зертханаларында шетел ғылыми тағылымдамасынан өтуі қажет;
13.3.шетел басылымдарында нөлдік импакт-факторымен 2-ден (екі) кем емес ғылыми басылым жариялануы қажет, зерттеудің барлық кезеңінде жоба шеңберінде. Егер жоба шеңберінде халықаралық патент алынса, онда ол 1 шетелдік басылымда жарық көрген жариялымға теңестіріледі.
13.4. зерттеу тобының 15%-дан кем емес мүшелері сонымен қатар ұлттық компаниялардың немесе нақты сектордың, немесе өтінім беруші, не қатысу үлесі 25% болатын бизнес-серіктестің қаражатын тарту арқылы, қолданбалы ғылыми зерттеулердің гранттық қаржыландыру бағыттары бойынша жоба шеңберіндегі өндіріс саласындағы мамандар болуы қажет.
14. Конкурстық өтінімдерді іріктеу кезінде онда ғылыми ұйымдар және жоғары оқу орындары қатысатын, жоғары оқу орынынан кейінгі ғылыми кадрларды (магистранттар мен PhD докторанттар) даярлау бойынша мемлекеттік тапсырысты бірлесіп орындайтын ғылыми-зерттеу жұмыстарының жобалары басымдылыққа ие болады.
15. Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша, сонымен қатар үдемелі индустриалды-инновациялық даму басымдықтары бойынша және шетел ғалымдарын тарта отырып, сонымен қатар жобаның қос жетекшісі ретінде, нәтижелері жаңа ғылыми білім түрінде немесе дайын ғылыми-технической өнім ретінде (жаңа технологиялар, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-құрастырымдық және тәжірибелік-зерттеме, географиялық, геологиялық және басқа карталар, жаңа материалдар, препараттар, құралдар) ұсынылуы қажет
16. Ұлттық компаниялардың немесе нақты сектордың, немесе өтінім беруші, не қатысу үлесі 25% болтын бизнес-серіктестің қаражатын тарту арқылы қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша, нәтижелері бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өнідірісті құру үшін, автоматтандырылған және бағдарламалы-технологиялық кешендер, жүйелер, (тәжірибелік-құрастырымдық және тәжірибелік-өнеркәсіптік зерттемелер, автоматтандырылған және бағдарламалы-технологиялық кешендер, жүйелер, эксперименттік және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс, өндірісті және т.б. құратын техникалық-экономикалық негіздеме және жобалы-сметалық құжат) дайын болуы қажет.
17. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығына (бұдан әрі-орталық) өтінім беушінің және/немесе автор келісімін сұратпай жоба аңдатпасын және ол бойынша ғылыми есепті жариялауға (баспа және/ немесе электрондық түрде) құқылы.
18. Жоба шеңберінде алынған ғылыми зерттеулердің нәтижелері «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ заңмен белгіленген тәртіпте міндетті түрде мемлекеттік есепке алынуы тиіс.
19. Уәкілетті органның шешімімен:
19.1. осы конкурстың талаптарына мазмұны мен рәсімделуі, сонымен қатар егер мақсаты, міндеттері және өтінім мазмұны жарияланған конкурс нысанына сәйкес келмейтін өтінімдер;
19.2. мәліметтердің плагиаты, фальсификациясы, фабрикациясы, бірлескен жалған қос авторлық, материалдық-техникалық база туралы жалған мәліметтер табылған өтінімдер;
19.3. мемлекет бюджеті қаражатынан және/немесе басқа көздерден бұрын қаржыландырылған немеес қаржыландырылатын жобалар;
19.4. өтінім қабылдау мерзімі өткеннен кейін ұсынылған өтінім;
20. Жобаның ғылыми жетекшісі конкурстық құжаттаманың талапатарын немесе келісім-шарт бойынша міндеттерді орындамаған жағдайда, жоба шеңберінде сонымен қатар мәліметтердің плагиаты, фальсификациясы, фабрикациясы, жалған қос авторлық және/немесе жат нәтижелерді иемдену кезінде , уәкілетті органның шешімімен жобаның аталған ғылыми жетекшісі және/немесе орындаушылары 3 жылдан аспайтын мерзімде бұдан арғы гранттық қаржыландыру конкурстарына қатыстырылмайды..
7. Конкурстық іріктеу критерийлері
1. Конкурстың өтінімдер мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың оң қорытындысын конкурстық өтінімдер келесі өлшемдер бойынша сұрыпталады:
1.1. тізімді жоғарыдан төмен қарай саралау қағидаты бойынша сараптама қорытындысының жоғары және орта балл алған өтінімдері;
1.2.ғылыми кадрларды, магистрлер мен PhD докторларды даярлауға бағытталған өтінімдер;
1.3. күтілетін нәтижелердің жүзеге асырылуынан алынған әлеуметтік-экономикалық әсері бар жоғары деңгейдегі өтінімдер;
1.4. негізделіп сұратылған қаржыландыру көлемі бар өтінімдер
8. Қорытынды ережелер
1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға арналған келісім-шарт белгіленген заңнамалық тәртіпте Ұлттық ғылыми кеңестің шешіміне сәйкес ғылым саласындағы уәкілетті органмен (ҚР БҒМ Ғылым комитеті) жасалады.
2. Гранттық қаржыландыру конкурсының шешімі мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануға және ғылым саласындағы уәкілетті органның www.sc.edu.kz интернет-ресурсында орналастырылуы тиіс.
3. МҒТС-ның барлық объектісінің сараланған тізімі және кеңес шешімі негіздемемен ғылым саласындағы уәкілетті органның және орталықтың www.sc.edu.kz және www.ncste.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |