Үшкемпір Аида Асхатқызы кя 8 Тақырыбы



Дата19.01.2022
өлшемі19 Kb.
#33526
5лек Үшкемпір А.20ғ.әд


Үшкемпір Аида Асхатқызы

КЯ 18 3
Тақырыбы:

Батыстық – ағартушылық бағыттағы ақын – жазушылар шығармашылығы .Ә.Бөкейханов ,М..Дулатұлы ,А.Байтұрсынұлы ,Ж.Аймауытов ,С.Сәдуақасов.


20 ғасыр басындағы қазақ халқының тәуелсіздігі мен бостандығы жолындағы күрестің көсемі , көшбастаушысы танылған қайраткер Әлихан Бөкейханов 1866 жылы , бұрынғы Семей облысы , Тоқырауын болысында туған.Әлихан орта жүздің ханы болған Бөкейдің ұрпағы.Кішкентайынан зерек өскен Әлиханды әкесі молдаға оқытуға береді.Бірақ ол молданың оқытқанын ғана қанағат тұтпай , бастауыш мектепке ауысып оқиды.

Әлихан Бөкейхановтың көрнекті қайраткер ретінде қалыптасуының екі негізін көрсетер болсам:

біріншісі , еркіндік және теңдікті бағалап өскендігі ; Ол ұлы Абайдан бастап көптеген ақындардың шығармаларын оқып ,қазақ халқы жөнінде ақындардың шығармаларынан ой түйіп өскен.Болашақ қайраткердің отаршылдық езгіге қарсы болуына , тәуелсіз мемлекет болу үшін күресуіне Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісі жайлы ел арасындағы аңыздардың өте көп әсері болғандығын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде қалдырып жүр.

Екіншісі :20 ғасыр басында Европа мәдениеті дәстүрінсіз озық ойлы қайсар Әлихандай ірі қайраткердің қалыптасуы мүмкін емес еді.

Ақынның пікірлерінен өмірінің барлығын халқына , тәуелсіздікке арнап қойғандығын байқаймыз.Өмірін де сондай жолда жүріп, сол жолда қиғандығын жас ұрпақ үлгі етіп алсақ екен деймін.Әлихан Бөкейханов халықты жерінен айырып , өз езгісінде ұстап отырған Ресейдің отарлау саясатын көре білді . Оны өз шығармаларында жазып , айтып халықтың көзін ашты. Шындықты айтып, жерсіз қалған қазақ халқының қамын ойлады.Бөкейханов жер халықтың жанды жері,өмірі екенін түсінді.Өйткені барлық шаруашылық та , күн көріс көз де осы жерменен байланысты.Және оған келе жатқан қауіпті көре алды. «Жауап хат» мақаласында халықтың бойындағы жалқаулықты сынай отырып , өзге халықтың бойындағы еңбекқорлық қасиетін үлгі қылып қойды.Әлихан Бөкейханов мақалаларында тіл мәселесін , халқының рәсімін, мәдениетін де көтерген.

Осы тұста қазақтың негізгі тұлғаларының көбі Батысқа бет бұруының да өзіндік себебі бар.Бұл туралы «Қазақ», «Орда таңбасы « газеттерінде :

«Қазақ « газетінің басында киіз-үйдің суреті бар болатын.ОНы орнатуға негізгі мағыналары:үйдің түндігі ашық, есігі жабық болуындағы мағына , яғни жарықты беретін жол – түндік , түрлі заттар кіретін жол – есік. Жолы ашық , еркін болсын дегендегі мағына еді.Түндіктен-өнер ғылым енгізілген еді. Түндік күнбатыс жағынан ашылуы өнер – білім Еуропа жағынан қазақ ішіне Еуропа ғылым өнері таралсын деген мағына еді. Зиялылар Еуропаның бағытын ұстанса да , төл дәстнрден қол үзген емес.

20 ғасыр басында қазақ халқы көптеген өзгерістермен , рухани жаңғыруларды да бастан өткізді.Ғылым – білім туын көтерген ,алға жетелеуге зиялы топ қауымдарынан зиялы топ қалыптасты.Халықтың санасын оятқан рухани көсем -Ахмет Байтұрсынұлы еді.1913-1918 жылдар аралығында «Қазақ « атты газетке редактор болып қызмет атқарады,алуан мәселелерді көтереді ,халықты өнерге , білімге шақырады.Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ақынның шығармалары жарыққа шыға бастады.1988 жылы « Ақ жол « кітабы жарық көрді .Әсіресе «Қазақ « газетінде жарияланған «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласы Ахметті әдебиетші ретінде танытты.Бұл мақала ұлы Абайдың шыағармашылығына баға беруге арналған алғашқы мақала.Ахмет Байтұрсынұлының өзіндік ерекшелігі – халық аузынан жинай жүріп , жарияланған ауыз әдебиеті үлгілері.Айтар болсам, «Ер Сайын « жыры.Тіл білімі саласында еңбек сіңірген ғалымдардың бірі Ахмет болатын.Ол араб әріптерінің негізімен қазақтың әліпбиін жасады.»Тіл құралы» ,»Оқу құралы « «Әліпби», «Жаңа әліпби» т.б. Еңбектерінде қазақ тілінің әдістемелік мәселелеріне жол ашты.Қазақ ғалымдарының ішіндегі тұңғыш теоритик – Ахмет Байтұрсынұлы.Оның «Әдебиет танытқыш « еңбегі оны теоритик ретінде танытқан болатын.

«Бұ заманның соғысы» ,»Жәрдем комитеті», «Соғысушы патшалар»,» Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек», « Қазаққа ашық хат « , «Партия Һәм кеңес құрылысындағы рушылдық әсері», «Қазақ жерін алу туралы низам» ,»Жер жалдау жайынан « т. Б. Мақалалар Ахмет Байтұрсынұлының көзқарасын, тарихи білігін , журналистік қырын , ойшылдық деңгейінен хаьбар береді.Ал ғалымның оқшауланып ,дара тұрған еңбегі әдебиетші ретінде жазған 1913 жылы жазылған «Қазақтың бас ақыны» еңбегі.

20 ғасыр басындағы әдебиетті Міржақып Дулатұлының шығармашылығынсыз сөз ету , көзге елестету қиын.Міржақып әдебиетте маңызды тұлға.Оның есімі көп жылдар бойы аталмады, себебі алашордалық жау ретінде көрсетілген болатын.1909 жылы қазақ даласын дүр сілкіндіретін кітаптар шықты .Оның бірі М.Дулатовтың «Оян қазақ « деп аталатын публицистикалық шығармасы.»Оян қазақ « еңбегі шыққаннан кейін Міржақып поэзиясының бағыты көрінеді,аңғарылады.Меңіреу ұйқыдан оянып , артта қалғанына көз жіберуге , өнер білім үйренуге шақырады.

Болашаққа деген нық сенімімен Міржақып , өз шығармаларын халықты оятуға , білімге ,оқуға үндеді.Міне , дәл осындай уақытта «Оян қазақ « шығармасы жарыққа шықты. Қазақтар үшін бұл кітап ұлттық қозғалыстық бағдарламалы құжатты іспетті болды.»Оян қазақ « кітабының құдыреттілігіне басымды иемін.Көп жвлдар бойы мәдениетімізді , тарихымызды , дәстүрлерімізді жоғалтып ала жаздаған қазағымыз оянды ма , әлде жоқ па? Деген сұрақ ойға келгенде Міржақып Дулатұлының қазақ халқына ұран етіп қойған «Оян қазақ» еңбегі есіме түседі.

33 жасында ақ қыршыннан қиылған, қысқа ғұмырында халқының қамына ерте араласып, артына мол мұра қалдырған , мемлекетінің нығаюына көп іс тындырған Смағұл Сәдуақасов . Ол 1900 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауылында дүниеге келген.16 жасынан «Бірлік « ұйымының жұмыстарына араласқан, кейіннен Алашорда комитетінде , Жастар одағында ,Жоспарлау комиссиясында жауапты қызметтерді атқарады. 20 жасында жастардың көшбасшысы , 25 жасвнда ағарту министрі қызметін атқарған. Қазақстандағы мемлекеттілік пен жаңа өмірдің бастауына оның қалыптасуына көп үлесін қосқан Смағұл Сәдуақасов.

Көтерген тақырыптары :»Өмір үшін күрес «, «Көтеріл жастар!» ,» Өткен күндер һәм болашақ «, « Қазіргі дәуір іс дәуірі» т.Б. Қазақ қоғамының саяси жағдайын халықты тығырыққа тіреген мәселелер жайында.

Смағұл Сәдуақасұлының мұраларының мұқият сақталмағанына байланысты 1922 жылға дейінгі шығармалары қолымызға тимей отыр.Смағұл жолының мағыналы ,әрі терең , әрі мазмұнды , әрі трагедиялы екендігін оның қалдырған мұраларына қарап біліп отырмыз. Смағұл Сәдуақасов жолы – батылдық пен азаматтық жауапкершіліктің үлгілі жолы деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау