54
жүретін рұқсат желілерінен 10 есе артық. Мәселен, ADSL-технологиясы 1 ден
8 Мбит/с арасындағы нақты жылдамдықты бере алады. Оптикалық
технологиялар тіпті 10 Гбит/с-тық жылдамдықта да тоқтамайды-спектральдік
тығыздау жүйесі бір рет тартылған талшықтықа деген сұраныстың пайда
болуы аясында трафикті жіберу жылдамдығын өсіруге жол ашады.
GPON-бұл құрылған кезінен FTTH технологиясын пайдалануға
бағытталған шешім болғандықтан, тұтынушыға (жер үй немесе коттедж)
толық қызметтер кешені көрсетілуі шарт. Оны Tripple Play, Multi Play немесе
басқаша атасақ та бәрібір. Сондай-ақ, оператордың өз жолында бөлек-бөлек
ұсыныстармен келетін басқа “баламалы” операторлар пайда болмай тұрып,
тұтынушыға барлық қызметтер спектрін жедел түрде ұсынуы маңызды рөл
ойнайды [14].
GPON технологиясы көбінесе өз тиімділігін жаңа құрылыстар кезінде
көрсетеді. Алайда, әлемде тек коттедждік қалалар мен бизнес орталықтар ғана
құрылмайды, сондай-ақ, әсіресе үшінші әлемдік біртұтас елдер де өз
телекоммуникациялық инфрақұрылымын шын мәнінде нөлден бастап өзгертіп
жатқандар сирек емес. Мұндай жағдайда гигабиттік пассивті желілер зор
артықшылыққа ие. Яғни, GPON технологиясын пайдаланудың артықшылығы
GPON желісі арқылы толық жинақталған сервистер мен қызметтердің
жіберілуі, сонымен қатар, байланыс операторының жіберілімдегі ағындардың
қуатын тиімді, жөнді әрі экономикалық негіздеу тәсілімен қайта тарату
мүмкіндігінің болуы. Осылайша, әр абонент қай топқа жататынына
қарамастан, өзіне нақты қажетті сервис түрін ала алады.
GPON технологиясы абоненттік арнасының тұрақты өткізу жолағына ие,
бұл оған бәсекелестер алдында қосымша артықшылық береді. Симметриялық
жылдамдық пен өткізу жолағын статикалық түрде тарату рұқсат желісінің
кепілді жылдамдықта жұмыс істеуін қолдайды. GPON технологиясы
қолданушыға бірнеше HDTV арнасын көруге және бір мезгілде ТД
көрсетілімінің тоқтауынсыз, Интернеттен үлкен файлдарды жүктеуге
мүмкіндік береді. Деректер жіберілімінің жылдамдығы таңдалған тарифтік
жоспарға сай әр абонентке кепілді түрде беріледі
Тұтынушылық артықшылықтар:
1 Гб/с-тағы жоғары жылдамдықты Интернет;
HD форматын қосқанда ең жаңа интерактивті IP-телевизиясы;
әдеттегі немесе IP – телефонын қоса алатын сапалық телефондық
байланыс.
4.4 Қызметтер нарығы сипаттамаларының айқындамасы және
анализі
Байланыс
қызметінің
әлемдік
нарықтағы
заманауи
күйі
телекоммуникациялық құрылғылардың компьютерлендіруімен байланысқан
терең құрылымдық өзгерістермен сипатталады. Әр түрлі байланыс
өнімдерімен қаныққан қызметтер нарығы телекоммуникациядағы операторлар
55
арасында бәсекелестікті арттыра түседі. Нәтижесінде телекоммуникациялық
қызметтердің бағасы түсіп, ассортименті кеңейіп, ал тұтынушылардың таңдау
еркі пайда болады. Көптеген өндірістік дамушы елдер ақпараттың мол
көлемін лезде жіберіп, жоғарғы деңгейде қорғауға мүмкіндік беретін цифрлық
байланыс стандартына қарқынды түрде көшуде. Телекоммуникация
саласының негізгі үрдістері болып жоғары жылдамдықтағы оптикалық және
сымсыз технологияларға негізделетін инфрақұрылымның дамуы, тұрғындар
мен ұйымдарға мультимедиялық қызметтердің көрсетілуі, телерадио хабар
таратудағы цифрлық технологияларды енгізу мен дамыту, сонымен қатар
жергілікті телефондық байланыстың цифрлену деңгейінің артуы [14].
Телекоммуникациялық
қызметтердің
өсуі
кез
келген
елдің
экономикалық дамуының көрсеткіші болып табылады, сонымен қатар
адамзаттың әлеуметтік өмірінің маңызды қырларының бірі ретінде
қабылданады. Телекоммуникациялық компания өнімдері адамдар өмірінің
сапасын жақсартуға, заманауи бизнестің дамуына және мемлекетті тиімді
басқаруға, халықаралық экономикалық байланыстардың нығайтуға өз септігін
тигізеді. Мемлекет азаматтарын ақпараттандыру қоғамдық – саяси саладағы
өзгерістерге алып келеді, себебі қазіргі таңда адамдар білімді қашықтықтан
ала алады, әр түрлі қызметтерді онлайн қалыпты тәртібінде төлей алады,
интерактивті телевизияға рұқсат ала алады, сонымен бірге әлемнің әр
түкпірінен хат алысып, келісім сөздер жасап, конференциялар жүргізе алады.
Телекоммуникациялық нарықта рұқсат желілерінің барлық дерлік
технологиялары енгізіліп үлгерді. Алайда әлемдік тренд айқындалған,
басыңқылығы
ең
жоғары
технология-оптикалық
рұқсат
желілерін
ұйымдастыру технологиясы. Тек осы технология қарқынды өсіп жатқан
абонент сұраныстарын кең көлемде өтеуде алдыңғы қатарда тұр.
Телекоммуникация саласының сәтті дамуы үшін технологияны таңдау
барысында оператор келесідей экономикалық мақсаттарға қол жеткізуі шарт:
- желі экономикалық тиімді болуы қажет, салымның берілген аумағы
рентабельділік және пайдалылық қасиетіне ие болуы тиіс;
- желі активті түрде өзіне тиесілі өтімділігік нарығын құруы қажет, яғни
оператор зерттеу, құру және нарыққа әсер ету бойынша потенциалды
маркетингтік технологияларды қолдануға міндетті;
- желі қызметтері мынадай үш құраушыларына сай қолжетімді болуы
тиіс: жеделділік, жайлылық және ақылық. Алғашқы құраушы ағымдағы
сұраныстарды қанағаттандыратын және жақын арада дамуды көздейтін
абоненттік жабдықтарды оперативті түрде қондыруды меңзейді. Жайлылық
жабдықтар қолданылуының ыңғайлылығы мен қарапайымдылығын білдірсе,
ақылық
құраушы
–
қызметтер
төлемінің
ыңғайлылығы
мен
қарапайымдылығымен анықталады (пластикалық карталар көмегімен алдын
ала төлеу).
Қазақстандықтардың өміріндегі коммуникация рөліне сәйкес бұл
телекоммуникация саласы елімізде динамикалық түрде дамуда. Соңғы