52
іс жүзінде теңескен. Алайда оптикалық кабельдің өткізу қабілеттілігі сымдыға
қарағанда айтарлықтай жоғары. Ал бұл өз кезегінде, жаңа жобаларды жүзеге
асыруда (green field) өзара бірдей капиталдық шығындар бағасы кезінде
оптикалық жүйелер үшін бірлік ақпараттың бөлшектік бағасы айтарлықтай
төмен болатынын білдіреді.
Яғни, мемлекетте үлкен өткізу жолағын талап ететін жаңа
мультисервисті қызметтер түрін тұтынушылар саны екпінді артып
жатқандықтан, байланыс операторлары рұқсат желілерінде оптикалық
технологияларға көшуге мәжбүр. Пассивті оптикалық желілер шеткі
тұтынушыларға, айта кетсек, қала шетіндегі жеке тұрған үйлерге, қала
сыртындағы ауылды жерлерге, сондай-ақ, көпқабатты құрылыстағы
пәтерлерге мультимедиялық қызметтерді көрсету мәселесін экономикалық
негіздеу тұрғысында құрылды. Сонымен қатар, тұтынушы бір ғана оптикалық
талшық арқылы интернет, телефонды қолданып, телевизияны тамашалай
алады. Бұл технология көптеген операторларды, тіпті интернет-
провайдерларды дәл осы қызметтердің кешенділігімен қызықтырады. Кең өріс
алып келе жатқан байланыс қызметтері қатарына технологиялық,
ұйымдастырушылық,
қаржылық
ақпараттық,
телеконференциялық,
телесеминарлық, қашықтықтағы медициналық қызметтері, интерактивті
цифрлық теледидарлау мен Triple Play-ды жатқызуға болады. Оларды
тұтынушылар болып алдымен түрлі кәсіпорындар, банктік және бизнестік
құрылымдар, кеңселер және т.б келеді. Сондай-ақ, берілген қызметтерге
қолжеткізуге талпынатын желіні жалпылай қолданушы абоненттер қатары да
артып келеді. Санның сапаға өтуі диалектиканың алғашқы заңы ретінде
танымал. Пассивті оптикалық желілердің (PON) артықшылықтары бірнеше
мыңдаған абоненттерді қосудан басталатын орасан зор жобаларды жүзеге
асыру шағында байқала бастайды. Және мұндай шешімдердің тиімділігі үлкен
желілерді құру кезінде айтарлықтай білінеді [13].
Дегенмен құрылған оптикалық рұқсат желілерінің де кепілденген өткізу
жолағы мен қызмет көрсету сапасы тұрғысынан шектеуліктері бар, сол себепті
олскөз жетерлік келешекте болашақтағы қызметтерге қажетті қуатқа
қойылатын талаптардың өсімін қанағаттандыра алмауы мүмкін. Сондықтан,
құрылған PON желілері үшін орнатылған оптоталшықты инфрақұрылымды
өзгертусіз қарапайым және тиімді эволюциялық жолдарын анықтау маңызды.
Берілген көпқызметті рұқсат желісі қызметтерін ұйымдастыру алдын
ала болған және қайта басынан дұрыс ұйымдастырылып тартылған кабельдік
желі арқылы жүреді. Ондағы келешек тұрғындар мен кәсіпкерлер GPON
технологиясы көмегімен Triple Play қызметін алуды жоспарлайды.
Ол құрылған операторлық желісінде рұқсат желісі мен транспорттық
желілері жабдықтарына кететін шығындардың минималды деңгейінде, Triple
Play қызметтерін ұсынатын ең қолжетімді технологиялардың бірі. Сонымен
қатар, бұл технология операторға Triple Play қызметтеріне құйылатын
алғашқы инвестицияларды минимизациялауға мүмкіндік береді де, кейінгі
53
абоненттер қатарының өсуі кезінде шешімді оңай ауқымдауға жол аша
отырып, инвестиция қорғанысын қаматамасыз ете алады. Менің жобамда
мұндай қызметтерді көрсету үшін берілген ауданда абоненттердің шоғырлану
аймағына қарай алыстатып алып шығу жоспарланған. Ол үшін транспорттық
желілерге жылдамдығы жоғарырақ арналармен қосылу талап етіледі. Сол
себепті, оптоталшықты желілер пайдаланылуы қажет. Болжамдарға
қарағанда, жақын арадағы бірнеше жылда оптикалық рұқсат желісі
технологиясы ретінде (PON) пассивті оптикалық желілерінің ішіндегі
басымдылығы жоғары GPON (Gigabit Passive Optical Network) жүйесінің саны
артпақ. GPON технологиясын қабылдау келесі себептердің күшіне сүйенеді
[13]:
-
GPON жіберілімнің ең үлкен жылдамдығын, үстемелер мен
қызметтердің кең аумағын көтереді, әрі, әсіресе, видео мен ТД қызметтеріне
қолайлы деп есептеледі;
- GPON әр түрлі желілік архитектураларда қолданылады: FTTC
(мөлтекауданға дейінгі оптика) архитектурасында VDSL2-мен үйлесе (Very
high speed Digital Subscriber Line 2) немесе абоненттік рұқсат желісі үшін
FTTH (үйге дейінгі оптика) архитектурасында қолданыла алады.
Берілген желіні іске асыруда GPON технологиясын пайдалану
"Казақтелеком" компаниясына Қазақстандағы кеңжолақты Интернет рөлін
кеңейтуге, сондай-ақ, бір абоненттен түсетін орташа табысты арттыратын
жаңа жоғары сапалы "үшеуі біреуінде" (Triple-Play) қызметтерінің
сұрыптамасын кеңінен енгізуге мүмкіндік береді. Жаңа технологияның
артықшылығы оптоталшықты кабельдің өзіне компьютер, телефон және
теледидар жалғанатын ONT оптикалық терминалы атты клиенттік жабдықтар
орналасатын тікелей абонент пәтеріне тартылуында жатыр. Нәтижесінде
абонентке iD брендінің толық дестелік қызметтері ұсынылады [13]:
- iD Net – интернет рұқсат желісіне жоғары жылдамдықпен кіру;
- iD TV – HD форматындағы цифрлық интерактивті теледидар;
- iD Phone – “тәуелсіз нөмірлері” бар цифрлық телефония.
Онымен қоймай, абоненттердің біріншіден қызметтерді “бір оптикалық
розеткадан” цифрлық форматта алуына және басқа да қосымша қызметтерді
қосуына мүмкіндіктері бар. Екіншіден, қызметтер жинағын қосудың
ыңғайлылығы қарастырылған, яғни барлық қызметтер төлеміні бір ғана ортақ
шотпен есептеледі. Сондай-ақ, iD Net - тің төлемі Megaline-ның абоненттік
төлеміне ұқсас, бірақ жыдамдықтық параметрлер әлдеқайда жақсарған. Қазіргі
таңда абоненттерге сәйкес сыртқы ресурстар үшін 20-30 Мбит/сек-тік және
ішкі ресурстар үшін 50-100 Мбит/сек-тік «iD Net Hit» пен «iD Net Turbo»
тарифтік жоспарлары ұсынылуда, сонымен қатар, сыртқы ресурстарға кететін,
абоненттік төлем құнының құрамына кіретін трафиктің шамасы шексіз.
Берілген технология 1 Гбит/с-қа дейінгі өткізу қабілеттілігін қамтамасыз
етеді, ол дегеніміз ADSL технологиясы бойынша жүретін дәстүрлі рұқсат
желілерінің жылдамдығынан 100 есе және FTTB технологиясы бойынша