7
Кіріспе
Қазіргі таңда байланыс қызметтер нарығының түрлі сегменттері
арасындағы шекаралар біртіндеп мөлдірлікке өтуде. Ұялы байланыс
операторлары интернет-кызметтері нарығына қарқынды түрде өтсе,
тиянақталған байланыс қызметтерін ұсынатын компаниялар өздерінің даму
жолында телефония мен кабельдік теледидар аясында жаңа бағыттар
қарастырып, меңгеріп жатыр. Өз кезегінде кабельдік теледидар операторлары
телефония мен интернет рұқсат желісін құру тұрығысында ұсынатын
қызметтер спектрін кеңейту мүмкіндіктерін іздестіріп келеді.
Соңғы он жылдықтарда іс жүзінде барлық телекоммуникациялық
шешімдер телефонияны қолдау үстінде болды. Бүгінде телефон ең кең
таралған клиенттік жабдыққа жатады, алайда корпоративті жергілікті
желілердің өткізу қабілетінің өсуі, компьютерлік жүйелерді гигабиттік желілік
адаптерлермен қамсыздандырылуы, сұраныстық видео, ағындық видео,
интерактивті ойындар, видеоконференциялар, ЖҚТФ, HDTV үстемелерінің
дамуы, сондай-ақ, бизнес тапсырмаларын арттыру кеңжолақты рұқсат
желілері қызметтеріне деген сұраныстың көбеюіне алып келді [1].
Сонымен бірге, қазір, электрондық қызметтерді өз құрамына
кеңжолақты рұқсат желілері, компьютерлердің біріккен қолданысы мен
мобильдік коммуникацияларды қосатын сәйкес желілік инфрақұрылымсыз
сәтті іске асыру мүмкін емес екендігі түсінікті. Жеткізушілер алдында
кеңжолақты рұқсат желілері қызметтерін көрсету үшін қолайлы технологияны
таңдау міндеті тұр. Күтілім бойынша, видео деректер және ағымдағы
уақыттың трансляциясы болашақтық желілер құрамының негізгі көлемін
құрайды. Дамыған телекоммуникациялық инфрақұрылымның болуы
кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін анықтайтын негізгі кілттік фактор
болып саналады [1]. Желінің жағымды техникалық жағдайы үшін оның
икемділігі мен үлгішеңділігі, экоомикалығы мен үлкен потенциалдық
мүмкіндіктерін қаматамасыз етеін әлемдік жетекші технологияларды енгіз
қажет.
Тапсырыс берушінің ағымдағы және келешектегі талаптарына, оның
қызметінің түріне, сондай-ақ, оның бизнесі дамуының аймақтық шарттарына
оптималды сай келетін байланыс желісінің тополиясын таңдау мен
функционалдық мүмкіндіктердің керекті жинағын анықтау тез өтелімділік пен
телекоммуникациялық желінің тиімді пайдаланылуының негізгі шарттарының
біріне айналды. Желіні құру немесе қайта құрастыру кезінде әрі қарай
технологиялық даму перспективтері мен желі сыйымдылығының өсу деңгейін
ескере отырып, баға беру керек. Ұлттық электр байланысы инфрақұрылымын
дамытуға абоненттерге көрсетілетін қызметтер спектрін айтарлықтай
кеңейтуге жол ашатын Metro Ethernet желісінің құрылысы маңызды үлесін
қосады.
Metro
Ethernet
желісінің
қызметтерінің
негізгі
жинағы:
«дауыс+деректер+видео» [2].
8
Заманауи телекоммуникациялық желілер уақытқа сай екпінділікке, яғни
жоғары жылдамдылыққа, біріккенділікке, жоғары бекемділікке ие болып,
әлемнің жетекші елдерінің техникалық талаптарына сай келіп, әрі әр түрлі
хаттардың жіберілімін қаматасыз етуі және тұтынушыларға сапалылығы мен
сенімділігі жоғары түрде кең ауқымды қызметтер түрін көрсете білуі шарт
[2]. Көрсетілетін қызметтер саны мен түрлілігі операторларды қызметтер
жарнамасына, маркетингтік саясатқа, икемді тарифтік жоспарға көп мән беру
қажеттілігіне итермелейді. Қазіргі кезде телекоммуникация нарығында
қағидалық өзгерістер орын алды деуге болады: байланыс операторлары
байланыс қызметтеріне қойылған тапшылықтан клиент үшін күреске көшуде.
Әр түрлі қызметтер рұқсат желілеріне биттік жылдамдық, ақпарат
ағынынң тура және кері бағыттағы симметрия/ассиметриясына, мүмкін
кешігулер, рұқсат желілерінің өзара қосылуы және тағы басқалар бойынша
түрлі талаптар қояды. Қазіргі таңда рұқсат желілерін бөліктеп немесе
толығымен талшықты-оптикалық кабельдермен құру шешімдердің ең дұрыс
нұсқасы болып табылады, ол шешім Қазақстандағы күтілімдегі даму бағыты
мен қойылған талаптарға сай келеді. Оптикалық рұқсат желілерін құрудың
заманауи технологиясы ретінде және берілген жобаны іске асыру мақсатында
GPON технологиясы таңдалды. Бұл жобаның жүзеге асуы әрбір абонент үшін
жеке персоналданған, тартымды әрі кез келген уақытта ұсыныла алатын
тұжырымдамалы біріккен қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
9
GPON абоненттік рұқсат желісін талдау
1.1 Кең жолақты рұқсат желісі технологиялары
Қазіргі уақытта іс жүзінде мұраланған – телефондық, Ethernet, үй ішілік
желілері, кабельді теледидар желілерінің барлық түрлерінің операторлары
көрсетілетін
қызмет
түрлерінің
топтамасын
кеңейтуге
талпынуда.
Мультижелілік – кеңжолақты рұқсат желісін анықтауда ең басты кілттік
терминге айналды. ТК құрылғыларды өндірушілердің өнімдерінің тізбегінде
қазіргі таңдағы ең қажетті сұранысқа ие технологияларды табуға болады:
Ethetnet және GEPON технологиялары негізінде оптикалық рұқсат желілерінің
шешімдері, ADSL2+, VDSL2, SHDSL мыс сызықтары бойынша рұқсат
желілерінің шешімдері іске асты.
Рұқсат желілері технологияларының дамуымен жолақ пен байланыс
арнасының басқа да параметрлеріне аса жоғары талаптар қоятын абоненттерге
көптеген қызмет түрлерін көрсетуге мүмкіндік ашылды (1.1 сурет). Бір
жағынан жаңа қызмет түрлерін енгізу – байланысты операторларының жемісті
дамуының, әсіресе олардың бәсекелестік қабілетінің артуы абоненттер
қатарын және абоненттен алынатын орташа табыстың көбеюінің шарты болып
табылады. Бұл операторлардың жаңа рұқсат желілері технологияларын
енгізуге итермелейді. Яғни, рұқсат желілері технологиялары мен қызмет
түрлерінің дамуы бір-біріне өзара әсер ететін үрдістер. Бұл дамудың
қарқынын сандық түрде анықтаған жағдайда Мур заңын еске түсірген жөн:
есептеуіш жүйелерінің қуаты әр 18-24 айларында екі еселенеді [2]. Сонда Мур
заңына сай, қазір Интернеттегі рұқсат желілерінің орташа жылдамдығы 1 ден
3 Мбит/с деңгейінде болуы қажет. Бұл сандар жалпы DSL немесе Ethernet-тік
рұқсат желілерінің қызметі көрсетілетін көптеген қалалардағы жылдамдыққа
сай келеді.
1.1 сурет – Өткізу қабілетінің өсуі