Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет40/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68

83 
 
мақсатымен  мұндай  дара  кәсіпкерлер  жалдаған  жұмыскерлерін  өз  кезегінен 
дара кәсіпкер ретінде тіркелуді талап етеді.
 
Бұдан  басқа,  Жеке  кәсіпкерлік  туралы  Заңның  19-бабының  3-тармағында 
шағын  кәсіпкерлік  субъектілеріне  де  қаржылық  қолдауға  қатысты  ерекше 
тәсілдер бөлініп көрсетілген. Олар:  
1)  тауарлардың  (жұмыстардың,  көрсетiлетiн  қызметтердiң)  кепiлдiк 
берiлген көлемiн сатып алу; 
2) екiншi деңгейдегi банктер арқылы кредит берудi ұйымдастыру; 
3)  экономика  салаларында  әлеуметтiк  маңызы  бар  жобаларды 
ұйымдастыру және iске асыру үшiн мемлекеттiк гранттар беру
4) бюджет қаражаты есебiнен қарыздар беру; 
5) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне қаржы институттары беретiн кредиттер 
бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау
6) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кредиттерiне iшiнара кепiлдiк беру
7) лизинг.  
Егер  Жеке  кәсіпкерлік  туралы  Заңның  18-бабы  2-1-тармағының  және  19-
бабы 3-тармағының мазмұнын салыстырсақ, онда 6) тармақшасын қоспағанда, 
олар  бір-бірін  қайталайды.  Осы  Заңның  19-бабындағы  шағын  кәсіпкерлікті 
қаржылық  қолдау  тәсілдері  атты  (3-тармағы)  тармағы  жеке  кәсіпкерлікті 
жалпы мемлекеттік қолдаудың тәсілдерімен сәйкес болса, жеке тармақ ретінде 
не үшін бөліп көрсетілді деген сұрақ туындайды. Мұндай кемшілік Кәсіпкерлік 
кодексінің жобасында да сақталып қалды [15]. 
Біздің  көзқарасымыз  бойынша,  Заңның  шағын  кәсіпкерлікті  мемлекеттік 
қолдаудың  ерекшеліктерін  айқындайтын  19-бабы  2-тармағының  мазмұны  да 
абстрактты  болып  табылады.  Осыған  қоса,  қаралып  жатқан  Заңда  орта 
кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдаудың  ерекшеліктеріне  қатысты  мәселелер 
қозғалмаған. Заң шығарушы орта кәсіпкерлікке қатысты оның жеке кәсіпкерлік 
аясында  орта  кәсіпкерлік  ретінде  танылу  критерийлерін  ғана  анықтаумен 
шектелген. Мұнда да орта кәсіпкерлікті осындай кәсіпкерлік ретінде тану үшін 
ғана  бөліп  көрсету  қажет  пе  деген  сұрақ  туындайды.  Осындай  ескертуді 
Кәсіпкерлік кодексінің мазмұны туралы да айтып кетуге болады 
Жеке  кәсіпкерлік  туралы  Заңның  нормалары  орта  кәсіпкерлік 
субъектілерінің  әрекет  етуінің  ерекше  шарттары  айқындалуы  мүмкін  басқа 
заңнамалық актілерге жиі сілтейді. Алайда, жеке кәсіпкерлік үшін базалық заң 
болып Жеке кәсіпкерлік туралы Заң және болашақта Кәсіпкерлік кодекс болып 
табылатындықтан, онда орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдаудың 
негізгі  бағыттары  және  оның  әрекет  етуінің  қағидаттық  шарттары  баяндалуға 
тиіс.  Біздің  көзқарасымыз  бойынша,  бүгінгі  күні  Қазақстандағы  жеке 
кәсіпкерлік  мәселелесі  заң  ғылымы  тұрғысынан  да,  экономикалық  теория  мен 
менеджмент  теориясы  тұрғысынан  да  оның  әзірленуінің  жеткіліксіздігімен 
түсіндіріледі. Бұл мәселенің әлі де өз кешенді зерттелуі алда. 
Жеке  кәсіпкерлік  туралы  Заңға  сәйкес  дара  кәсіпкерлер  шағын  әрі  орта 
кәсіпкерліктің  де  субъектілері  болуы  мүмкін.  Дара  кәсіпкерді  кәсіпкерліктің 
қандай  да  бір  түріне  жатқызудың  критерийі  ретінде  Заңда  еңбек  жалдауы 
бойынша  жұмыскерлердің  орташа  жылдық  саны  айқындалған.  Осылайша, 


84 
 
еңбек жалдауы бойынша жұмыскерлері жоқ немесе адам саны 50-ден аспайтын 
осындай жұмыскерлері бар дара кәсіпкер шағын бизнес субъектілеріне жатады, 
ал  егер  оның  еңбек  жалдауы  бойынша  50-ден  көп  жұмыскері  болса,  онда  ол 
орта бизнес субъектілеріне жатады.   
Заңды тұлғалардан өзгеше, Жеке кәсіпкерлік туралы Заңда дара кәсіпкерді 
шағын  кәсіпкерлік  субъектісіне  жатқызу  критерийлерінің  ішінде  мөлшері 
республикалық  бюджет  туралы  заңда  тиісті  қаржылық  жылға  белгіленетін 
айлық  есептік  көрсеткіштегі  бір  жылғы  орташа  жылдық  активтер  құны 
көрсетілмейді.  Біздің  пікіріміз  бойынша,  Заңда  бұл  мәселе  дара  кәсіпкердің 
жеке  өзіндік  қатысуымен  және  кәсіпорынның  әрекет  етуінің  басқа  да 
шарттарымен  шектелген  (7-бап),  сондай-ақ  оның  шағын  кәсіпкерлік 
субъектілері  үшін  белгіленген  құқықтық  режимді  пайдаланғысы  келсе,  еңбек 
жалдауы  бойынша  50-ден  аспайтын  жұмыскерді  еңбекке  тартумен  шектелген 
мүмкіндіктерінен туындайды.  
Жеке  кәсіпкерлік  туралы  Заңға  сәйкес  мыналарды  жүзеге  асыратын  дара 
кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып таныла 
алмайды: 
- есiрткi  заттарының,  психотроптық  заттардың  және  прекурсорлардың 
айналымымен байланысты қызметтi
- акцизделетiн өнiмдi өндiрудi және (немесе) көтерме сатуды
- астық қабылдау пункттерiнде астық сақтау жөнiндегi қызметтi; 
- лотереялар өткiзудi; 
- ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметтi
- мұнай, мұнай өнiмдерiн, газ, электр және жылу энергиясын өндiру, қайта 
өңдеу және сату жөнiндегi қызметтi
- радиоактивтi материалдардың айналымымен байланысты қызметтi; 
- банк  қызметiн  (не  банк  операцияларының  жекелеген  түрлерiн)  және 
сақтандыру нарығындағы қызметтi (сақтандыру агентiнiң қызметiнен басқа); 
- аудиторлық қызметтi; 
- бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтi; 
- кредиттiк бюролардың қызметiн; 
- күзет қызметiн (6-баптың 4-тармағы). 
Бұл  норманың  мазмұнымен  жалпы  тыйым  салынбаған,  тиісінше,  дара 
кәсіпкер  жалпы  осы  қызмет  түрлерімен  айналыса  алады,  бірақ  оның  мұндай 
қызметі  орта  кәсіпкерліктің  құқықтық  режиміне  жатқызылады.  Кәсіпкерліктің 
бұл  түрлерін  жүзеге  асыру  тиісті  салалық  заңнамалық  актілермен 
регламенттеледі. Азаматтық заңнаманың жалпы және арнайы нормалары бірін 
бірі толықтыра отырып, рұқсат беру мен тыйым салу арқылы дара кәсіпкердің 
аяқ  алысын  оған  тиімді  және  қоғам  мен  мемлекет  үшін  пайдалы  арнаға 
бағыттайды.  
 
2.2.2  Дара кәсіпкерліктің ресурстық шектеулері 
Кәсіпкерлік  еркіндігіне  қатысты  әртүрлі  теориялар  мен  пікірлерге 
қарамастан,  Қазақстанның  бүгінгі  даму  сатысында  дара  кәсіпкерлікті 
мемлекеттік  реттеу  оның  айқындаушысы  болып  табылады,  ол  арқылы 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау