Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет42/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68

87 
 
азаматтық  айналымда  шектелген  санатқа  жатқызылған  шартпен  иелену, 
пайдалану  және  оған  билік  ету  құқығына  тиісті  рұқсаты  болуы  қажеттігін 
білдіреді.  Бұл  ретте  дара  кәсіпкердің  мүлікке  меншік  құқығына  ие  болу 
негізінің қарапайым азаматтардың осындай құқықтарға ие болу негіздерінен еш 
айырмашылығы жоқ.  
Осындай  құқықтық  режим  кәсіпкерлік  қызмет  нәтижесінде  дара  кәсіпкер 
жасаған мүлікке де (тауарға да) қолданылатынын атап өту қажет. Алайда, дара 
кәсіпкер  азаматтық  айналымда  шектеулі  заттарды  шығаратын  болса,  онда  ол 
алдын  ала  қауіпсіздік  қағидаларында  көзделген  осы  азаматтық  айналымда 
шектеулі  затты  (тауарды)  сақтауға  жағдайлар  жасай  отырып,  оны  сақтауға 
уәкілетті  органдардың  тиісті  рұқсатын  алу  қажет.  Дара  кәсіпкердің  азаматтық 
айналымда  шектеулі  мүлікті  сақтаудың  құқықтық  режимі  оның  жүзеге 
асыратын  лицензияланатын  кәсіпкерлік  қызметінің  құқықтық  режимінен 
туындағаны  айқын.  Сондықтан  дара  кәсіпкердің  лицензиялануға  жатпайтын 
қызмет  нәтижесінде  айналымда  шектеулі  заттарды  шығаруы  қиындыққа 
соғады.  
Дара  кәсіпкердің  оған  меншік  құқығында  тиесілі  мүлкінің  құқықтық 
режимінің  ерекшелігі  Заңға  сәйкес  бұл  мүлік  оның  азамат  ретінде  меншігінен 
бөлектенбеген,  мазмұны  мен  көлемі  бойынша  оған  толық  сәйкес  келеді.  Бір 
жағынан,  дара  кәсіпкердің  кәсіпкерлік  қызметін  жеңілдетеді,  басқа  жағынан, 
керісінше, мүліктік жауапкершілік түрінде аса үлкен тәуекелге әкеледі, өйткені, 
Заңға  сәйкес  дара  кәсіпкерлікке  қатысу  нысанына  (жеке  немесе  бірлескен) 
байланысты  оған  меншік  құқығында  тиесілі  мүлкімен  кредиторлар 
(жәбірленушілер) алдында жауап береді. 
4.  Экономикалық  және  құқықтық  санат  ретінде  пайда  болған  кезінен 
бастап  меншіктің  және  меншік  құқығының  (субъективтік  құқық)  белгілі  бір 
шектеулері  бар.  Осы  бойынша  Д.И.  Мейер  былай  дейді:  «Адамның  заттан 
заңды басымдылығы анық: құқық әлем, еркіндіктің шектелуі болып табылады, 
сондықтан  шектеу  туралы  ұғым  құқық  туралы  ұғымға  байланысты,  меншік 
құқығы бұл құқық түрі ғана, тиісінше, одан да шектеуліктің сипаты өз көрінісін 
табады [54, 4 б.]. В.И. Синайскийдің айтуы бойынша, меншік құқығының мәнін 
заңмен  белгіленетін  шектер  арқылы,  яғни,  осы  құқықты  шектеу  арқылы 
түсінуге болады [55, 206 б.].  
Субъективтік құқықтық санат ретінде дара кәсіпкердің меншік құқығының 
шектелуінің  мәні  үшінші  тұлғалардың  және  қоғамның  құқықтары  мен  заңды 
мүдделерін  есепке  алу,  сақтау  және  қорғау  қажеттілігінен  тұрады.  Бұл 
конституциялық  постулат.  Осылайша,  Конституцияның  6-бабы  2-тармағына 
сәйкес «меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгіне 
де қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз 
құқықтарын  жүзеге  асыру  көлемi  мен  шектерi,  оларды  қорғау  кепiлдiктер 
заңмен белгiленедi».  
Осыған ұқсас  нормалар  бірқатар  дамыған  демократиялық мемлекеттердің 
Конституциясында  қамтылғанын  атап  өтейік,  атап  айтқанда,  Германия 
Конституциясының 4-бабы 2-тармағында: «меншік міндеттейді, оны пайдалану 
бір  мезгілде  жалпы  игілікке  қызмет  жасауы  тиіс»  деп,  Жапония 


88 
 
Конституциясының  29-бабында:  «қоғамдық  әл-ауқатқа  қайшы  келмеу  үшін 
меншік  құқығы  заңмен  айқындалады»  деп;  Италия  Конституциясының  42-
бабында:  «Жеке  меншік  заңмен  танылады  және  кепілдік  беріледі,  ол  жеке 
меншікті алу мен пайдаланудың тәсілдерін, сондай-ақ әлеуметтік  функциясын 
және барлығы үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында оның шектерін 
айқындайды» деп көрсетілген [56, 174, 278, 389 б.]. 
Дара  кәсіпкердің  субъективтік  құқықтары  шектелуінің  сақталу 
функциялары оның мүлкіне қатысты мыналардан көрінеді:  
а)  мүліктік  ауыртпалықтардан  көрінеді.  ҚР  АК-нің  189-бабына  сәйкес 
меншік иесі, егер заңнамалық актілерде немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне 
тиесiлi  мүлiктi  күтiп  ұстау  ауыртпалығын  көтередi  және  бiржақты  тәртiппен 
мұндай  ауыртпалықты  үшiншi  жаққа  ауыстыра  алмайды.  Меншік  иесі,  атап 
айтқанда,  мүлікті  тиісінше  күйде  ұстауға,  мүлікке  қатысты  санитарлық, 
ветеринарлық,  эпидемиологиялық,  өртке  қарсы  және  өзге  де  қағидалармен 
белгіленген әрекеттер жасауға, заңды салықтар, алымдар, баждар төлеуге және 
уәкілетті  мемлекеттік  және  жергілікті  басқару  органдарының  басқа  да 
талаптарын орындауға міндетті.  
ә)  мүліктің  кездейсоқ  жойылуы  немесе  кездейсоқ  бүлінуі  үшін  мүліктік 
жауапкершілігінен  көрінеді.  ҚР  АК-нің  190-бабында:  «Иелiктен  айырылған 
заттардың  кездейсоқ  жойылу  немесе  кездейсоқ  бүлiну  қаупi,  егер  заңнамалық 
актілерде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, сатып алушының меншiк құқығы 
пайда болуымен бiр мезгiлде оған көшедi» деп көрсетілген;   
б)  олардың  өздерiне  берiлген  құқықтарын  жүзеге  асырған  кезде  адал, 
парасатты  және  әдiл  әрекет  жасап,  заңдардағы  талаптарды,  қоғамның 
адамгершiлiк  қағидаттарын,  ал  кәсiпкерлер  –  бұған  қоса  iскерлiк  әдептiлiк 
ережелерiн  сақтауға  тиiстігінен  көрінеді.  Бұл  міндеттің  жойылуы  немесе 
шартпен  шектелуі  мүмкін  емес.  Азаматтық  құқық  қатынастарының 
қатысушылары  әрекеттерінің  адалдығы,  парасаттылығы  және  әділдігі 
болжанады (ҚР АК-нің 8-бабы 4-тармағы);  
в)  азаматтық  құқықтарды  жүзеге  асыру  басқа  құқық  субъектiлерiнiң 
құқықтарын  және  заңдармен  қорғалатын  мүдделерiн  бұзбауға,  айналадағы 
ортаға зиян келтiрмеуге тиiстігінен көрінеді (ҚР Азаматтық Кодексінің 8-бабы 
3, 4-тармақтары).  
5.  Дара  кәсіпкердің  ресурстарының  шектелуіне  оның  құқықтық 
мәртебесінің  тек  жоғарыда  қарастырылған  және  өзге  де  дииссертация 
деңгейінде  қарастырылмаған  шектеулері  ғана  емес,  сонымен  қатар 
экономикалық  ресурстардың  шектелуінің  объективті  факторлары  да  септігін 
тигізді.   
Дара  кәсіпкердің  экономикалық  сұраныстары  оның  иелігіндегі  шектеулі 
немесе  сирек ресурстарының  өндірістік  мүмкіндіктерінен басым болған кезде, 
дара  кәсіпкер  экономикалық  агент  ретінде  ақиқатпен  байланысты  [7,  3  б.]. 
Мәселен,  Қазақстанның  дара  кәсіпкерлері  екінші  деңгейдегі  банктерден 
кредиттік ресурстарды алу кезінде елеулі қиындықтарға кездеседі.   
Дара  кәсіпкердің  ресурстық  шектеулері  қолжетімді  материалдық-заттай, 
еңбек,  табиғи  және  т.с.с.  ресурстарына  «стандарттық»  шектеулерді,  сондай-ақ 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау