85
ресурстық сипаттағы бірқатар шектеулер де белгіленген. Осыған орай
құқықтық қана емес, экономикалық және институционалды сипаты бар осы
шектеулердің мәнін, мазмұны мен нысанын анық түсіну қажет. Осы тұрғыдан
бұл орайда дара кәсіпкерліктің кейбір ресурстық шектеулерін қарастыру жөн
деп санаймыз.
1. Дара кәсіпкерлік бұл азаматтың пайда алуға бағытталған дәйекті
әрекеттерінен (жүріс-тұрысынан) тұратын қызметі. Дара кәсіпкердің тәртібі
әрқашан да оңтайлы, өйткені ол нәтижеге бағытталған. Керісінше, құқықтық
нормалар нәтижеге бағытталмаған, олар басқа субъекттер мен қоғамның
мүдделерін есепке ала отырып, кәсіпкерге белгілі бір тәртіпті белгілейді,
ұсынады немесе оған тыйым салады. Өз сипатына қарамастан кез келген норма
(қағида, Заң нормасы) экономикалық әрекетті жүзеге асыру кезінде таңдаудың
шектеушісі ретінде болады [4, 32-33 б.].
Кәсіпкер үшін үлкен мүмкіндіктер беретін азаматтық құқықтың
диспозитивтік нормалары да көптеген мүмкін болатын баламаларды бере тұра,
алайда оны көпжақты, көп қамтитын етіп жасамай, кең, бірақ шектеулі таңдау
шеңберінде жасайды. Сондықтан экономикалық талдау тұрғысынан норманың
міндеттейтін, тыйым салатын немесе рұқсат беретін сипаты мәні бар белгі
болып табылмайды [5, 20-21 б.], одан құқықтық норманың шектеуші сипаты
өзгермейді. Осы ұстанымға құқық теориясында қалыптасқан тұжырымдама да
сәйкес келеді, оған сәйкес қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүйесі
рұқсат беруден, тыйым салудан және позитивтік міндеттеуден құралатын
триаданы білдіреді. С.С. Алексеев атап көрсеткендей, мұнда қатаң заңды
байланыс бар: «құқықтық реттеудің үш тәсіліне нақты құқықтар мен
міндеттерінің сипаты бойынша айырмашылығы бар тыйым салатын, құқық
беретін, міндеттейтін реттеуші нормалардың үш түрі сәйкес келеді» [53, 46 б.].
Біздің көзқарасымыз бойынша, құқық беретін нормалар да шектеу
қағидатына негізделеді, өйткені, белгілі бір әрекеттер жасауға мүмкіндік бере
тұра, бұл нормалар априори белгілейді, яғни, оларда белгіленбеген басқа
әрекеттер мұндай құқық қатынастарының субъектілері үшін заңсыз болып
табылады.
Біздің ойымызша, «құқық беру» және «тыйым салу» санаттары құқықта бір
медальдың екі жағы сияқты. Белгіленген «құқық берумен» қатар, сондай-ақ
құқықтық норма қандай да бір субъектіге нақты әрекеттер жасауға тыйым сала
отырып, априори белгілейді, яғни, осы нормада белгіленбеген басқа әрекеттер,
керісінше, заңды болып табылады. Егер бірінші жағдайда құқықтық норма
субъект үшін шектеуді құқық беру арқылы белгілесе, екінші жағдайда белгілі
бір әрекетті жасауға тыйым салу арқылы белгілейді. Бұл жартылай сумен
толтырылған стақанға қатысты секілді. Яғни, стақан жартылай толы
(оптимистік көзқарас) деп те, жартылай бос (пессимистік көзқарас) деп те
айтуға болады. Алайда бұдан құбылыстың мәні ешқандай өзгермейді.
2. Дара кәсіпкер үшін оны бұзған кезде санкцияны қамтитын құқықтың
шектеуші сипатының, біздің ойымызша, екі деңгейі бар. Шектеудің бірінші
деңгейі барлық кәсіпкерлер үшін ортақ болып табылады, ал шектеудің екінші
86
деңгейі кәсіпкерге дара кәсіпкердің ерекше құқықтық мәртебесіне ие субъекті
ретінде тән.
Дара кәсіпкерге басқа субектілер алдында бірқатар артықшылықтар беріле
отырып, Заңда бір мезгілде оның құқықтық мәртебесінің мазмұнынан және
нысанынан туындайтын белгілі бір шектеулер белгіленген. Біздің пікірімізше,
мұндай шектеулердің негізінде оны пайдалана отырып азаматтың заңды тұлға
құрмастан кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы болатын ресурстар
(материалдық, адам, уақыт, ақпараттық және т.б.) жатыр.
Азаматтық заңнаманы, оқу және ғылыми әдебиетті талдау ресурстық
шектеулердің мынадай топтарын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: а)
субъекттік критерий бойынша шектеулер; ә) кәсіпкердің мүлкіне қатысты
белгіленетін шектеулер; б) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесімен
байланысты шектеулер.
Субъекттік критерий бойынша құқықтық шектеулер – бұл азаматтың
құқыққа және әрекетке қабілеттілігімен байланысты шектеулер, дара
кәсіпкердің құқықтық мәртебесінің заңдылығы. Соңғысы өзіне мыналарды
қамтиды: біріншіден, азаматтың дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі,
екіншіден, заңнамаға сәйкес кәсіпкерлік қызмет лицензияланатын болып
табылса, дара кәсіпкер оны беруге уәкілетті мемлекеттік органда тиісті
лицензияны (арнайы рұқсатты) алуға міндетті.
3. Дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы үшін мүлік сияқты
маңызды экономикалық ресурсын пайдалану бойынша оның құқықтарының
шектерін анықтау аса күрделі болып табылады. Біздің көзқарасымыз бойынша,
аталған құқықтарды анықтай отырып, Заң дара кәсіпкердің мүмкіндіктері мен
әрекеттері, оның осы ресурстарды пайдаланудың тиімділігі мен заңдылығы
сияқты оның құрамдас бөліктеріне сүйенеді. Өз қызметінің мақсатын (барынша
көп пайда алу), тұтынушы үшін пайдалылық (қажеттілік) функциясын және бар
ресурстық шектеулерді ескере отырып, дара кәсіпкер ресурстарды
пайдаланудың бағыттары арасындағы мейлінше үлкен нәтижеге жетуді
қамтамасыз ететін ресурстардың (мүліктің) бөлінуін таңдайтыны анық [4, 32
б.].
Дара кәсіпкердің пайдаланатын мүлкінің ішінде таңбалық рөлі оның
меншігіне тиесілі, өйткені:
біріншіден, меншік құқығы – меншік иесінің өзіне тиесілі мүлікке қатысты
өз қалауы бойынша кез келген заңды әрекеттерді жүзеге асыру мүмкіндігі
сияқты азаматтық заңнамада айқындалатын толық субъективтік мүліктік құқық
(ҚР АК 188-бабының 3-тармағы). Осы ережені дамыту үшін 2006 жылғы Жеке
кәсіпкерлік туралы Заңда қатысу нысанына (жеке немесе бірлескен) қатысты
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін дара кәсіпкердің оған меншік
құқығында (оның ішінде ортақ бірлескен меншік нысанында) тиесілі мүлкін
пайдалану белгіленген;
екіншіден, Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары
жеке меншігінде заңмен кепіл берілетін кез келген заңды алынған мүлікті
иелене алады (26-бап). Бұл дара кәсіпкерлер меншік құқығында азаматтық
айналымда шектелмеген кез келген мүлікке ие бола алатынын не заңнамада
Достарыңызбен бөлісу: |