Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет39/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68

81 
 
табылады.  Осылайша,  Жеке  кәсіпкерлік  туралы  Заңда  жеке  кәсіпкерлікті 
мемлекеттік қолдаудың мынадай негізгі бағыттары айқындалған:  
- жеке кәсіпкерліктің реттелу мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру;  
-  жеке  кәсіпкерлікті  қолдау  орталықтарын,  бизнес-инкубаторларды, 
технологиялық  парктерді,  индустриялық  аймақтарды  және  жеке  кәсіпкерлік 
инфрақұрылымының басқа да объектілерін құру және дамыту;   
-  бюджеттік  қаражат  есебінен  жеке  кәсіпкерлік  субъектілерінің  қызметін 
оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету
- жеке кәсіпкерлікті қаржылық қолдау (18-баптың 1-тармағы). 
Бұл  ретте  Заңда  жеке  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдаудың  тәсілдері  де 
белгіленген. Олар:  
-  мемлекеттiк  органдардың  жанынан  жеке  кәсiпкерлiк  проблемаларын 
зерделеу  және  оны  дамыту  ұсыныстарын  әзiрлеу  жөнiндегi  ғылыми-зерттеу 
институттарын құру; 
- орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы 
сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру; 
- жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың қаржы институттарын құру; 
-  бизнес-инкубаторлардың  және  индустриялық  аймақтардың  қызметiн 
ұйымдастыру; 
-  жер  учаскелерiн,  ғимараттарды,  үй-жайларды  сату  не  тұрғын  үй-
жайларды ҚР заңдарына сәйкес тұрғын емес үй-жайларға ауыстыру (18-баптың 
2-тармағы). 
Осыған қоса, Заңда жеке кәсіпкерлікті қаржылық қолдаудың тәсілдері аса 
бөліп көрсетілген. Олар:  
1)  тауарлардың  (жұмыстардың,  көрсетiлетiн  қызметтердiң)  кепiлдiк 
берiлген көлемiн сатып алу; 
2) екiншi деңгейдегi банктер арқылы кредит берудi ұйымдастыру; 
3)  экономика  салаларында  әлеуметтiк  маңызы  бар  жобаларды 
ұйымдастыру және iске асыру үшiн мемлекеттiк гранттар беру
4) бюджет қаражаты есебiнен қарыздар беру; 
5) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне қаржы институттары беретiн кредиттер, 
лизингтiк мәмiлелер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау
6) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кредиттерiне iшiнара кепiлдiк беру
7) лизинг (18-баптың 2-1-тармағы). 
Көрсетілген  әрбір  жеке  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдаудың  негізгі 
бағыттары  мен  тәсілдері  үшін  іске  асырудың  тиімді  әрі  құрылымдық  тетігі 
қажет екендігі анық.  
Шағын  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдау  жоғарыда  көрсетілген  бағыттар 
бойынша, және оған қоса мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:  
- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қаржылық, материалдық-
техникалық  және  ақпараттық  ресурстарды,  сондай-ақ  ғылыми-техникалық 
әзірлеу мен технологияларды пайдалануы үшін жағдайлар жасау; 
-  шағын  кәсіпкерліктің дамуының  мемлекеттік, салалық  (секторлық) және 
өңірлік бағдарламаларын әзірлеу;  


82 
 
-  шағын  кәсіпкерлік  субъектілерін  мемлекеттік  тіркеудің  және  жоюдың 
оңайлатылған тәртібін белгілеу;  
- салық салудың оңтайлы режимін белгілеу;  
- шағын кәсіпкерлерге несие беру бағдарламаларын қабылдау;   
-  шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  мен  дамыту  үшін  инвестицияларды,  оның 
ішінде шетел инвестицияларын тарту және пайдалану жүйесін жасау;  
- мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына 
сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алудың кепілдік берілген 
көлемін қамтамасыз ету;  
-  әрекет  ететін  және  жаңа  оқу  және  зерттеу  орталықтарын,  консалтингтік 
ұйымдарды  және  шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  мен  дамытудың  ақпараттық 
жүйелерін  дамыту  арқылы  кадрларды  даярлауды,  қайта  даярлауды  және 
олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;   
- ұлттық даму институттарын құру бойынша жүзеге асырылады.  
Жеке  кәсіпкерлік  туралы  Заңға  сәйкес  жеке  кәсіпкерлік  субъектілері 
ретінде  дара  кәсіпкерлер  мен  коммерциялық  ұйымдар  үшін  мынадай 
мемлекеттік қолдаудың қағидаттары мен тәсілдері ортақ болып табылады:  
Негізгі қағидаттар:  
- Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы; 
- шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың кешендiлiгi; 
-  шағын  кәсiпкерлiктi  қолдау  инфрақұрылымының  және  жүзеге 
асырылатын  шаралардың  шағын  кәсiпкерлiктiң  барлық  субъектiлерi  үшiн 
қолжетiмдiлiгi; 
-  шағын  кәсiпкерлiктi  қолдау  мен  дамыту  саласындағы  халықаралық 
ынтымақтастық болып табылады (19-баптың 1-тармағы). 
Тәсілдері: 
1) қаржылық қолдау көрсету
2) шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарының желiсiн ұйымдастыру; 
3) бизнес-инкубаторлардың қызметiн ұйымдастыру; 
4)  бiр  жылдан  астам  пайдаланылмаған  мемлекеттiк  меншiк  объектiлерiн 
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға беру
5) өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын 
дамыту  үшiн  жалға  немесе  сенiмгерлiкпен  басқаруға  берiлген  объектiлердi 
шағын  кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң  меншiгiне  ҚР  Yкiметi белгiлеген  тәртiппен 
көзделген  шарттарды  олар  орындаған  жағдайда  шарт  жасасқан  кезден  бастап 
бiр жыл өткен соң өтеусiз беру (19-баптың 2-тармағы). 
1)-тармақшаны  қоспағанда,  жоғарыда  көрсетілген  шарттар  сауда-
делдалдық  қызметті  жүзеге  асыратын  шағын  кәсіпкерлік  субъектілеріне 
қолданылмайтынын  атап  өткен  жөн.  Осы  орайда  бұл  шектеу  іс  жүзінде 
орындалмайтыны  туралы  да  айта  кету  қажет.  Мысалы,  дара  кәсіпкер  сауда 
орнын  ашып,  ол  үшін  бірнеше  сатушыларды  қызметке  алады,  себебі  сататын 
тауарлары  күнделікті  сұраныста  болғандықтан,  ол  жалғыз  өзі  барлық  сауда 
нүктелерінде  жұмыс  істей  алмайды.  Бірақ  заңнамаларда  көзделген 
жеңілдіктерді  пайдалану  мақсатымен  және  тиісті  салықтарды  төлемеу 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау