Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет43/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   68

89 
 
қолжетімді  ақпаратқа  шектеулерді  және  ресурстарды  тиімді  (осы  немесе  өзге 
нысаналы  функцияны  түсіну  тұрғысынан)  бөлуге  қажетті  уақыт  бөлігіне 
шектеулерді  қамтиды  [5,  14  б.].  Бұл  ретте,  ақпараттық  шектелудің  кейбір 
мәліметтерді  алудың  мүмкін  еместігіне  (форс-мажорлық  мән-жайлар,  саяси 
пікірлер, техникалық мүмкіндіктердің шектелуі, қоғамдық қауіпсіздік пікірлері) 
немесе  ақпарат  жинау  үшін  уақыттың  жеткіліксіздігіне  байланысты  болуы 
мүмкін екенін атап өткен жөн.  
Яғни,  кәсіпкерлік  қызметтің  түрі  ретінде  дара  кәсіпкерлік,  кәсіпкерлік 
субъектісі  ретінде  ерекше  құқықтық  мәртебеге  ие  дара  кәсіпкер  белгілі  бір 
артықшылықтармен  ғана  сипатталып  қоймай,  олардың  бірқатар  ресурстық 
шектеулері  де  бар.  Дара  кәсіпкер  –  ол  шағын  және  орта  кәсіпкерлік 
құрылымындағы ерекше субъект деп қорытындылаймыз.  
Сонымен,  Қазақстанның  бүгінгі  даму  сатысында  мемлекеттік  реттеу  дара 
кәсіпкерлік  үшін  анықтаушы  болып  табылады,  ол  ШОК  құрылымдағы  дара 
кәсіпкерліктің  алатын  орнына  және  осыған  байланысты  дара  кәсіпкердің 
құқықтық мәртебесіне тікелей қатысты. Бұл ретте мемлекеттік реттеудің мәнін 
құқықтық  қана  емес,  экономикалық  және  институционалды  сипатқа  ие 
ресурстық сипаттағы шектеулер құрайды.  
Ресурстық  шектеулердің  мынадай  топтарын  бөліп  көрсету  қажет:  а) 
субъекттік  критерий  бойынша  шектеулер;  ә)  кәсіпкердің  мүлкіне  қатысты 
белгіленетін  шектеулер;  б)  кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асыру  процесімен 
байланысты  шектеулер.  Осы  ресурстық  шектеулердің  мазмұнына  байланысты 
дара кәсіпкерді шағын, микрокәсіпкерлік немесе орта кәсіпкерлік субъектісіне 
жатқызуға болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


90 
 
 3  ДАРА  КӘСІПКЕРДІҢ  ҚЫЗМЕТІН  ҚАМТАМАСЫЗ  ЕТУДІҢ 
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕТІКТЕРІ   
 
3.1  Дара  кәсіпкер,  тұтынушы  мен  мемлекет  мүдделерінің  үйлесуін 
құқықтық қамтамасыз ету 
Кез  келген  кәсіпкерлік  қызмет,  оның  ішінде  дара  кәсіпкердің  қызметі 
нарықтық  жағдайларда  экономикалық  қатынастардың  түрлі  субъектілері 
мүдделері  келісіп  үйлескен  жағдайда  ғана  болуы  мүмкін.  Бұл  Азаматтық 
кодекстің  10-бабында  берілген  кәсіпкерлік  ұғымының  анықтамасынан 
туындайды: «Кәсiпкерлiк - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды 
тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру 
арқылы  таза  табыс  табуға  бағытталған,  жеке  меншiк  құқығына  (жеке 
кәсiпкерлiк)  не  мемлекеттiк  кәсiпорынды  шаруашылық  жүргізу  немесе 
оралымды  басқару  құқығына  (мемлекеттiк  кәсiпкерлiк)  негiзделген  ынталы 
қызметi.  Кәсiпкерлiк  қызмет  кәсiпкердiң  атынан,  оның  тәуекел  етуiмен  және 
мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады». 
Көріп отырғанымыздай, осы анықтамадағы кәсіпкердің мүддесі оның таза 
табысты,  яғни  пайданы  табуы  арқылы  байқалады.  Бұл  кәсіпкер  көздейтін 
мақсат,  бұл  мақсатсыз  (мүддесіз)  нарықтық  экономика  мен  демократиялық 
және құқықтық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің болуы мүмкін емес, себебі осы 
экономикалық-құқықтық  формацияда  кәсіпкерлікке  итермелеудің  өзге  тетігі 
жоқ. 
Бұдан әрі, көріп отырғанымыздай, бұл мақсатқа тауарларға (жұмыстарға, 
қызметтерге)  сұранысты  қанағаттандыру  арқылы  (тәсілімен)  қол 
жеткізіледі. Ал бұл, бір жағынан, кәсіпкерліктің қоғамдық-пайдалы функциясы, 
себебі кәсіпкер қоғам (азаматтар) үшін қажетті тауарларды өндіреді, жұмыстар 
атқарып,  қызметтер  көрсетеді.  Екінші  жағынан,  бұл  жеке  тұтынушының 
биологиялық  және  әлеуметтік  (тамаққа,  баспанаға,  киімге,  музыкаға,  ғылымға 
және  т.б.)  мұқтаждықтарын  қанағаттандыра  отырып,  оның  мүдделеріне  сай 
келеді.  Кәсіпкерліктің  қоғамдық-пайдалы  функциясы  азаматтарға  жұмыс 
орындарын ұсынуды, дара кәсіпкерлердің өзін-өзі жұмыспен қамтуларын және 
т.б.  қамтиды.  Кәсіпкерліктің  дәл  қоғамдық-пайдалы  функциясы  арқылы  әрбір 
тұтынушының жеке-жеке және жалпы қоғамның мүдделері қамтамасыз етіледі. 
Мемлекеттің  мүдделеріне  қатысты  –  кәсіпкерлік  көпшілік  билігі  мен 
басқаруды  ұстауға  салық  төлеу  сияқты  функцияны  атқарады,  мемлекеттің 
экономикасы  мен  әлеуметтік  саласының  дамуына,  Қазақстандағы  қоғамдық 
және саяси тұрақтылығын қамтамасыз етеді және т.б. 
Мемлекеттің  мүдделеріне  қатысты  –  кәсіпкерлік  жария  құқық  пен 
басқаруды  ұстауға  салықты  төлеу  секілді  функцияны  атқарады,  мемлекеттің 
экономикасы  мен  әлеуметтік  саласының,  Қазақстандағы  қоғамдық  және  саяси 
тұрақтылықтың дамуына және т.б. қолғабыс етеді. 
Баяндалғанға  байланысты,  азаматтық  құқық  пен  заң  ғылымы  алдында 
маңызды  міндет  тұр  –  кәсіпкердің,  тұтынушының  және  мемлекеттің 
мүдделерінің  жарасымды  үйлесуін  экономикалық  жағынан  тиімді 
құқықтық  реттеуді  қамтамасыз  ету.  Әсіресе,  бұл  дара  кәсіпкер  үшін 


91 
 
маңызды, ол мәлім себептерге байланысты қоғамның әлеуметтік-экономикалық 
дамуы құрылымындағы әлсіз субъектілердің бірі болып табылады. 
Азаматтық  құқықта  «мұқтаждық»  деген  санат  сирек  пайдаланылады, 
субъектілердің  құқықтың  осы  саласындағы  мүдделері  «игіліктер»  және 
«құқықтар»  деген  ұғымдар  арқылы,  ал  бірқатар  жағдайларда  «мүдде»  деген 
аттас санат арқылы білдіріледі. 
Мұқтаждық  бұл  қандай  да  бір  объектінің,  субъектінің,  индивидтің, 
әлеуметтік  топтың,  қоғамның  функционалдық  немесе  психологиялық 
мұқтаждығының  немесе  кемшілігінің  түрі.  Мұқтаждық  белсенділіктің  ішкі 
қоздырғыштары  бола  тұрып,  жағдайға  байланысты  алуан  түрде  байқалады. 
Мұқтаждық  мән-жайлар  бойынша  біресе  себеп  түрінде,  біресе  сипат  түрінде 
болатын  әлдебір  болжамды  ауыспалылық  ретінде  ұғынылуы  мүмкін.  Соңғы 
жағдайда  мұқтаждықтар  тұрақты  болады  және  сипаттың  қасиеттеріне 
айналады. 
Мұқтаждықтың түрлері:  
а)  қызметтің:  еңбектің;  танымның,  қарым-қатынастың;  демалыстың 
салалары бойынша;  
б)  мұқтаждықтың  объектісі  бойынша:  материалдық;  рухани;  этикалық; 
эстетикалық және басқалар
в) маңыздылық бойынша: басым/екінші дәрежелі; орталық/перифериялық; 
уақыт тұрақтылығы бойынша: тұрақты; жағдайға байланысты
г) функционалдық рөл бойынша: табиғи; мәдениетпен шарттасқан; 
д)  мұқтаждықтардың  субъектісі  бойынша:  топтық;  дара;  ұжымдық; 
қоғамдық.  
Өз кезегінде, игіліктер азаматтық құқық субъектілерінің мұқтаждықтарын 
қанағаттандыру құралдары болып табылады. Игілік – адамдардың күн сайынғы 
өмірдегі  мұқтаждықтарын  қанағаттандырады,  оларға  пайда  әкеледі,  рақатқа 
бөлейді.  Экономикалық-әлеуметтік  қатынаста  игі  деп,  құнды  болатын, 
нарықтық  бағасы  болуы  мүмкін  барлық  нәрсе  көзделеді,  тиісінше,  кең 
мағынада барлық мүліктік игіліктер көзделеді. 
Мүдде  –  бұл  саналы  мұқтаждық,  ол  адамдардың  олар  үшін  қоғамдық 
маңызы  бар  болмыстың  заттары  мен  құбылыстарына  қарым-қатынасы, 
тартымдылық.  Мүдде  –  «залалды  өтеуді»  білдірген  бастапқы  орта  ғасырдағы 
коммерциялық  және  құқықтық  термин  (лат.:  interesse).  Осыдан,  біріншіден, 
мүдденің  (XIV  ғасырда  –  адамдардың  құқықтық  ұғымдарына  қатысты 
пайдаланған)  таза  заңгерлік  ұғымы,  және  екіншіден,  мүдденің  қаржылық 
ұғымы  (XVI  ғасырда  алдымен  «несие  үшін  пайыз»,  яғни  қайтармау  тәуекелі 
үшін  сақтандыру  мағынасында)  дамыды.  20-ғасырдың  екінші  жартысынан 
бастап  түрлі  ғылымдардың  өкілдері  (философтар,  психологтар,  экономистер, 
құқықтанушылар) мүддені саналы мұқтаждық ретінде айқындай бастады.  
«Мүдделер»  және  «мұқтаждықтар»  деген  ұғымдар  өте  күрделі 
философиялық санаттар және азаматтық құқықта маңызды пікірталас туғызады, 
әсіресе олардың субъективтік құқықпен арақатынасы туралы сөз етілгенде, оны 
зерттеу  маңыздылығы  В.П.  Грибановтың  пікірі  бойынша  азаматтық 
құқықтарды  жүзеге  асыру  және  қорғау  бір  жағынан  жалпы  қоғамның 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау