Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет48/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68

100 
 
талаптарға  байланысты  жүзеге  асыруға  дайындалу  үшін  қажетті  мерзімдер 
негізге алына отырып белгіленуге тиіс. 
Жеке  кәсіпкерлік  субъектілерінің  мүдделерін  қозғайтын  нормативтік 
құқықтық  актілердің  жобалары  тиісті  органда  немесе  сарапшылық  кеңестiң 
отырысында  қаралғанға  дейін,  интернет-ресурстарды  қоса  алғанда,  бұқаралық 
ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) жатады. 
Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  кәсіпкерлер  палатасы  –  Қазақстан 
Республикасының  бизнес  қоғамдастығы  мен  мемлекеттік  билік  органдары 
арасында  кәсіпкерлік  бастаманы  іске  асыру  және  өзара  тиімді  әріптестікті 
дамыту  үшін  қолайлы  құқықтық,  экономикалық  және  әлеуметтік  жағдайлар 
жасауды  қамтамасыз  ету,  сондай-ақ  дара  кәсіпкерлердің  және  (немесе)  заңды 
тұлғалардың  қауымдастық  (одақ)  нысанындағы  бірлестіктерінің  (бұдан  әрі  – 
қауымдастық (одақ) қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған, 
кәсіпкерлік  субъектілері  одағын  білдіретін  коммерциялық  емес,  өзін-өзі 
реттейтін ұйым. 
Жеке  кәсіпкерлердің  өтініштерін  қарау  Ұлттық  палатаның  және  оның 
филиалдарының қызметінде бизнес-қауымдастық пен мемлекеттік органдардың 
арасында өзара тиімді әріптестікті дамыту және кәсіпкерлік бастаманы жүзеге 
асыру  үшін  қолайлы  құқықтық,  экономикалық  және  әлеуметтік  шарттарды 
қамтамасыз ету нысандарының бірі болып табылады. 
Осылай,  Қарағанды  облысының  Кәсіпкерлер  палатасына  жер  учаскесін 
мәжбүрлеп  алып  қою  мәселесі  бойынша  оның  заңды  құқықтары  мен 
мүдделерін  қорғау  туралы  өтінішімен  дара  кәсіпкер  К.  Рақымжанова  жүгінді. 
Өтініштің  мәні  мынадай:  «Қарағанды  облысы  бойынша  Қазақстан 
Республикасы  Өңірлік  даму  министрлігінің  Жер  ресурстарын  басқару 
комитетінің  Аумақтық  жер  инспекциясы»  мемлекеттік  мекемесі  сотқа  К. 
Рақымжановаға қатысты оның мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесін, 
кадастрлық  нөмірі  09-142183-105,  мәжбүрлеп  алып  қою  және  К. 
Рақымжанованың  үш  жылдан  астам  уақыт  бойы  аталған  учаскені  мақсаты 
бойынша  пайдаланбайтындығын  алға  тартып,  жер  учаскені  Қарағанды 
қаласының мамандандырылған жер қорына қосу туралы талаппен жүгінді.  
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы № 2 аудандық сотының 2014 жылғы 
25  ақпандағы  шешімімен  жер  учаскесін  мәжбүрлеп  алып  қою  туралы  талап 
қоюшының  талаптарын  қанағаттандырудан  толығымен  бас  тартылды.  Бірақ 
талап  қоюшы  сот  шешімімен  келіспей,  Апелляциялық  сатыға  шағымды 
жолдады.  
Қарағанды  облыстық  сотының  азаматтық  және  әкімшілік  істер  бойынша 
апелляциялық 
алқасы 
Кәсіпкерлер 
палатасы 
өкілдерінің 
және                                           
К. Рақымжанованың дәлелдеріне назар аудармай, 2014 жылғы 12 маусымдағы 
2А-3099  анықтаманы  шығарды,  оған  сәйкес  мемлекеттік  органның 
апелляциялық  шағымы  қанағаттандырылды  және  Қарағанды  қаласы                      
Қазыбек  би  ауданының  №  2  аудандық  сот  шешімінің  күшін  жойды  және                     
2014  жылдың  13  маусымында:  «Аумақтық  жер  инспекция»  мемлекеттік 
мекемесі К. Рақымжановаға қатысты даулы жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою 
туралы талабы қанағаттандырылсын» жаңа шешім қабылдады.  


101 
 
Жауап ретінде Қарағанды облысының кәсіпкерлік палатасы өкілдері сотқа 
кассациялық  шағымды  жолдады,  сондай-ақ  іс  материалдарын  Қарағанды 
облысының  прокуратурасына  жіберді,  істі  қарау  нәтижелері  бойынша 
прокуратура Кассациялық сот алқасына наразылықты жолдады.  
2014  жылдың  15  тамызында  кассациялық  сот  алқасы  шағымды  және 
прокурор  наразылығын  қарап,  бірінші  сатыдағы  соттың  2014  жылғы                                
25 ақпандағы шешімінің күшін қалдырып, апелляциялық саты шешімінің күшін 
жою  туралы  қаулы  шығарды.  Осылайша,  дара  кәсіпкер  К.  Рақымжанованың 
құқықтары мен заңды мүдделері қорғалды [76]. 
Басқа  факт  бойынша  Қарағанды  облысының  Кәсіпкерлер  палатасына 
Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының 2 заңсыз тексеру фактісі 
бойынша дара кәсіпкер А.К. Зикиров жүгінді. А.К. Зикировтың жүгінуіне себеп 
болған бірінші тексеру 2013 жылдың маусым айында жүргізілді.  
Тексеру  заңдылығын  анықтау  үшін  Қарағанды  облысының  Кәсіпкерлер 
палатасы  Қарағанды  облысының  Прокуратурасына  2013  жылдың  маусым  – 
шілде  айлары  аралығында  дара  кәсіпкер  А.К.  Зикировқа  қатысты  жүргізілген 
тексерудің  тіркелгені  жөнінде  2014  жылғы  4  сәуірдегі  №  1-2/0518  сауал 
жолдады.  Қарағанды  облысының  прокуратурасы  мамандандырылған  табиғат 
прокуратурасының  дара  кәміпкер  А.К.  Зикировтың  қызметіне  тексеру 
жүргізуге қаулыны шығармағаны жөнінде жауап берді, дәл осылайша, кәсіпкер 
А.К. Зикировтың жүргізілген тексерістің заңсыздығы туралы айтқан дәлелдері 
расталды. 
2014  жылдың  19  мамырында  Кәсіпкерлер  палатасына  А.К.  Зикировтың 
тағы  да  бір  өтініші  келіп  түсті,  оған  сәйкес  2014  жылдың  16  маусымында 
Қарағанды  облысының  Мамандандырылған  табиғат  қорғау  прокуратурасының 
қызметшілері,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2014  жылғы  27 
ақпандағы  №  757  Жарлығымен  белгіленген,  шағын  және  орта  кәсіпкерлік 
субъектілеріне  тексеру  жүргізу  бойынша  қолданыстағы  шектеу  кезеңінде, 
тексеру  жүргізуге  құжаттарды  ұсынбай,  оның  объектісіне  қайтадан  тексеру 
жүргізді.  
Мамандандырылған  табиғат  қорғау  прокуратурасы  қызметшілерінің 
заңсыз  әрекеттерінің  жүйелі  сипатты  алуына  байланысты,  Қарағанды 
облысының  Кәсіпкерлік  палатасы  Қарағанды  облысының  Прокуратурасына 
жүгінді.  Қарағанды  облысының  Прокуратурасы  Қарағанды  облысының 
Мамандандырылған  табиғат  қорғау  прокуратурасының  прокурор  көмекшісі 
Б.Н.  Хамитовқа  қатысты  тексеру  жүргізілгеннен  кейін  оны  тәртіптік 
жауапкершілікке тарту туралы мәселе қойылды. Дәл осылайша құқықтары мен 
заңды мүдделерін қорғау туралы кәсіпкердің шағымы қанағаттандырылды [76].  
Шығыс  Қазақстан  облысы  Кәсіпкерлер  палатасына  «Риддер  қаласының 
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ммелекеттік мекемесі тарапынан 
орын  алған  заңсыз  әрекеттер  мәселесі  бойынша  «СемейПластКом»  ЖШС-і 
жүгінді.  Осылай,  «СемейПластКом»  ЖШС-і  Риддер  қаласының  су  құбыры, 
магистралдық,  кәріз  желілері  мен  құрылғыларының  құрылысы  бойынша 
мемлекеттік  сатып  алудың  электрондық  конкурсына  қатысыпты.  Тендер 
нәтижелері  бойынша  конкурстық  комиссия  жеңімпаздарды  анықтап, 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау