61
алу ортақтығының режимі, оның мәні ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезеңде
сатып алынған мүліктің ғана ортақтығында;
3) кейінге қалдырылған ортақтық режимі. Оның мәні осындай режим
болған кезеңде ерлі-зайыптылардың әрқайсысы ол дербес иеленетін,
пайдаланатын және билік ететін өз мүлкінің меншік иесі болып
танылатынында. Алайда неке немесе режимнің өзі тоқтатылған жағдайда ерлі-
зайыптылардың барлық мүлкі (немесе оның өсімі) біріктіріліп ерлі-
зайыптылардың арасында тең бөлінеді. Осындай құқықтық режим (оның кейбір
вариацияларымен) Германияда және бірқатар скандинавия елдерінде (Дания,
Финляндия, Исландия, Норвегия, Швеция) орнатылған. Кейінге қалдырылған
ортақтық режимі режимдердің жаңа түрі болып табылады, себебі ол ХХ
ғасырда ғана ортақтық пен бөлектік режимдерінің түрленуі ретінде қалыптасты
[42, 69-77 б.].
Осы Кодекстің 33-бабына сәйкес, ерлі-зайыптылар неке (ерлі-зайыптылық)
кезінде жинаған мүлік ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі болып
табылады. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне құқық некеде тұрған (ерлі-
зайыптылық) кезеңде үй шаруашылығын жүргізген, балаларды күтіп баққан
немесе басқа дәлелді себептер бойынша оның өз табысы болмаған жұбайға да
тиесілі. Одан басқа, әрбір ерлі-зайыптының мүлкі, егер некеде тұрған (ерлі-
зайыптылық) кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі немесе екінші ерлі-
зайыптының мүлкі не олардың кез келгенінің еңбегі есебінен осы мүліктің
құнын
едәуір
арттырған
салымдар
жүргізілгені
(күрделі
жөндеу,
реконструкциялау, қайта жабдықтау және басқалар) анықталса, олардың ортақ
бірлескен меншігі болып танылады [21].
Бұл ретте, ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған)
кезінде жинаған мүлкiне ерлi-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметiнен,
кәсiпкерлiк қызметтен және зияткерлiк қызмет нәтижелерiнен түскен табыс
сомалары, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнен және ерлi-зайыптылардың
әрқайсысының бөлек мүлкiнен алынған табыс сомалары, олар алған
зейнетақылар, жәрдемақылар, зейнетақы жинақтары, сондай-ақ арнаулы
нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек
сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек
қабiлетiнен айрылуына байланысты нұқсанды өтеуге төленген сомалар және
басқалары) жатады. Сондай-ақ ерлi-зайыптылардың ортақ табыс сомалары
есебiнен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүлiктер, бағалы
қағаздар, пайлар, салымдар, кредиттік ұйымдарға немесе өзге де ұйымдарға
салынған капиталдағы үлестер және ол отбасында кімнің атына сатып
алынғанына не ақша қаражаттарын ерлi-зайыптылардың қайсысы салғанына
қарамастан, ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңінде
жинаған басқа да кез келген мүлiк ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi болып
табылады (НОтК 33-бабының 2-тармағы).
Көріп отырғанымыздай, НОтК-да ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен
мүлкінің өте кең және толымсыз тізбесі берілген. Мүліктің аталған түрлерінің
әрқайсысын олар бірлескен кәсіпкерлікте пайдалануы мүмкін екені айқын.
Одан басқа, ерлі-зайыптылар олардың әрқайсысының жеке меншігі болып
62
табылатын мүлікті пайдалануға құқылы. Ерлі зайыптылардың әрқайсысының
мынадай меншігі:
1) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) дейiн ерлi-зайыптылардың
әрқайсысына тиесiлi болған мүлiк;
2) ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiнде
мұрагерлiк тәртiбiмен немесе өзге де өтеусіз мәмiлелер бойынша сыйға алған
мүлкi осындай мүлік болып табылады.
НОтК талдауы ерлі-зайыптылар мүлкінің құқықтық режимінің бірнеше
түрлерін бөліп шығаруға мүмкіндік береді. Бұл ерлі-зайыптылардың ортақ
үлестік және ортақ бірлескен меншігінің режимі. Өз кезегінде, ерлі-
зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды және
шарттық режимдері болып бөлінеді. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі
ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары неке шартында бекітілмеген
жағдайларда пайда болады. Ерлi-зайыптылар неке шартымен ерлi-
зайыптылардың барлық мүлкiне, оның жекелеген түрлерiне немесе ерлi-
зайыптылардың әрқайсысының мүлкiне бiрлескен, үлестiк немесе бөлек меншiк
режимiн белгiлеуге құқылы.
Некеге отыратын (ерлi-зайыпты болатын) адамдардың келiсiмi немесе
ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлi-зайыптылықтағы) және (немесе) ол
бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын
келiсiм неке шарты деп танылады (НОтК 39-бабының 1-тармағы).
Неке шарты ерлi-зайыптылардың қолда бар мүлкiне қатысты да,
болашақтағы мүлкiне де қатысты жасалуы мүмкiн. Неке шартында ерлi-
зайыптылар өзара күтiп-бағу жөнiндегi өз құқықтары мен мiндеттерiн, бiр-
бiрiнiң табыстарына қатысу тәсiлдерiн, өздерiнiң әрқайсысының отбасылық
шығыстар шығару тәртiбiн айқындауға; неке (ерлi-зайыптылық) бұзылған
жағдайда ерлi-зайыптылардың әрқайсысына берiлетiн мүлiктi айқындауға,
сондай-ақ неке шартына ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастарына қатысты
өзге де кез келген ережелердi, сондай-ақ осы некеден (ерлi-зайыптылықтан)
туған немесе асырап алынған балалардың мүлiктiк жағдайын енгiзуге құқылы.
Неке шартында көзделген құқықтар мен мiндеттер белгiлi бiр
мерзiмдермен шектелуi не белгiлi бiр жағдайлардың туындауына немесе
туындамауына
қарай
қойылуы
мүмкiн,
ерлi-зайыптылардың
құқық
қабiлеттiлiгiн немесе әрекетке қабiлетiн, олардың өз құқықтарын қорғау үшiн
сотқа жүгiну құқығын шектей алмайды деген мән-жай ерлі-зайыптылардың
бірлескен кәсіпкерлігі үшін маңызды талап болып табылады [21].
Жеке кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес, ерлi-зайыптылардың кәсiпкерлiгiн
жүзеге асырған кезде жұбайлардың бiрi екiншi жұбайдың келiсiмiмен iскерлiк
айналымда ерлi-зайыптылардың атынан әрекет етедi, келiсiм дара кәсiпкердi
тiркеу кезiнде расталуы мүмкiн (7-баптың 5-тармағы). Тиісінше, ерлі-
зайыптылардың бірлескен кәсіпкерлігінде ортақ бірлескен мүлікті
пайдалануға келісім көзделеді. Сондықтан НОтК ережесі толық негізді болып
табылады, оған сәйкес екiншi жұбайдың тек қана оның талап етуi бойынша
оның келiсiмi болмаған себептерi бойынша және егер басқа тарап осы мәмiленi
жасасуға екiншi жұбайдың келiспеуi туралы бiлгендiгi немесе көрiнеу бiлуге
Достарыңызбен бөлісу: |