Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет33/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68

69 
 
режимінде  оның  мемлекеттік  тіркелуі  көзделмеген.  Оның  үстіне,  жекелеген 
елдердің  заңнамасында  жариясыз  серіктестікке  жол  беріледі,  оның  мәні 
осындай  бірлестіктің  әрекет  етуін  жарияламауда  (РФ  АК  1054-бабы). 
Қазақстанда  жариясыз  жай  серіктестік  жоқ,  сондықтан,  егер  дара  кәсіпкердің 
құқықтық  мәртебесі  бар  субъектілер  үшінші  тұлғалар  алдында  өздерінің  жай 
серіктестікті  құру  фактісін  жасыруға  ниеттенсе,  онда  олар  осыны  бірлескен 
қызмет туралы шартта бекітуі мүмкін [41, 100-101 б.].    
Одан  басқа,  Азаматтық  кодексте  бір  адамның  бірнеше  серіктестікке  бір 
уақытта  қатысуына  тыйым  салынбаған.  Сондықтан,  дербес  дара  кәсіпкерлер 
белгілі іс-әрекеттерімен және салымдарымен бірнеше серіктестікке бір уақытта 
қатыса  алады  деп  ойлаймыз.  Бұл  жердегі  тыйым  салудың  болмауын  түсінуге 
болады. Толық және коммандиттік серіктестіктерге қарағанда, жай серіктестік 
заңды  тұлға  болып  табылмайды  және  тиісінше  дербес  субъект  болып 
табылмайды.  Сондықтан,  әдебиетте  айтылғандай,  оның  қаржылық  жағдайын 
нығайтудың  қамын  ойлаудың  қажеті  жоқ.  Заңның  адам  қатысатын  және  олар 
бойынша  өзіне  міндеттемені  қабылдайтын  шарттар  санын  шектеуге  құқығы 
жоқ [46, 656 б.].  
Азаматтар бірлескен дара кәсіпкерліктің нысаны ретінде жай серіктестікті 
құрумен  (уәкілетті  органда  тіркеумен)  байланысты  дара  кәсіпкерліктің 
мәртебесін  алғанда  басқа  жағдай.  Бұл  жерде  дара  кәсіпкерлердің  қызметі  мен 
мүлкі  біртұтас,  себебі  барлық  мәмілелер  жасалып,  құқықтар  мен  міндеттер 
бірлескен  кәсіпкерліктің  осындай  нысанына  барлық  қатысушылар  атынан 
алынып жасалады. Сондықтан азаматтардың жай серіктестік нысанындағы дара 
кәсіпкерліктің көрсетілген түрлеріне қатысуы, біздің көзқарасымызша, бір ғана 
дара кәсіпкерлікке қатысумен шектелуге тиіс. 
Оқу әдебиетінде жай серіктестіктің шартына қатысушылардың барлық іс-
әрекеттері,  олардың  құқықтары  мен  міндеттері  ортақ  мақсаттың  призмасы 
арқылы ұғынылады, оған қол жеткізу қажеттілігімен байланысты деп айтылған 
[46, 653 б.]. Бір қарағанда бұл шынында да солай, алайда, егер болашаққа біраз 
көз жүгіртсек, ол ортақ мақсат, біздің пікіріміз бойынша бірқатар жағдайларда 
белгілі  кезең  нәтижесі  ретінде  ғана  болады,  әрбір  қатысушының  өзінің  соңғы 
мақсатына қол жеткізуінің құралы болып табылады. Мысалы, мемлекет атынан 
университет  сол  үшін  өзінің  ғимараттарын,  жабдығын  және  т.б.  ұсынатын 
ұйыммен  білім  беру  қызметін  бірлесіп  жүргізу  туралы  шарт  жасайды. 
Мемлекеттің  және  белгіленген  ұйымның  ортақ  мақсаты  мыналар:  студентке 
тиісті  білім  беру  мен  жоғары  оқу  орнын  аяқтағаннан  кейін  оған  диплом  беру 
болып  табылады.  Осы  серіктестердің  соңғы  мақсаттары  (миссиялары  деуге 
болады)  әртүрлі:  мемлекеттің  мақсаты  –  жұмыс  берушілерді  немесе  бизнесті 
білікті және талап етілетін мамандармен қамтамасыз ету, ал ұйымның мақсаты 
– пайда алу. 
Дара  кәсіпкерлік  –  бұл  кәсіпкерлік  қызмет,  сондықтан  жоғарыда 
айтылғанның  жай  серіктестікке  біріктірілген  дара  кәсіпкерлерге  қатысы  жоқ, 
осы  серіктестердің  әрқайсысының  соңғы  мақсаты  пайданы  (таза  табысты)  алу 
болып табылады. 


70 
 
Осы  мақсатқа  қол  жеткізудің  ресурстық  құралдары  ретінде  тараптардың 
келісімінде  айқындалған  қызмет  (немесе  функция)  түріндегі  қатысушылардың 
әрқайсысының  жеке  еңбегі,  келісімшарт  негізінде  тартылған  жұмыскерлердің 
еңбегі,  сондай-ақ  жай  серіктестікке  қатысушылардың  ортақ  үлестік  меншігін 
құрайтын қатысушылардың біріктірілген салымдары болады. 
Көріп отырғанымыздай, жай серіктестік нысанындағы дара кәсіпкерлердің 
бірлескен  кәсіпкерлігі  мүлкінің  құқықтық  режимі  ерлі-зайыптылардың 
бірлескен кәсіпкерлігі мен шаруа немесе фермер қожалығы мүлкінің құқықтық 
режимінен едәуір ерекшеленеді. 
Біріншіден,  жай  серіктестіктің  нысанын  таңдаған  дара  кәсіпкерлер 
өздерінің барлық мүлкін емес, ал серіктестікке салым ретінде болатын бөлікті 
ғана  біріктіреді.  Қазақстанның  АК  «салым»  термині  пайдаланылмайды.  Оның 
орнына «ақшалай немесе басқа мүлiкпен, не еңбек үлесі арқылы жарна» деген 
сөздер  пайдаланылады  (Азаматтық  кодекстің    230-бабы).  Дара  кәсіпкердің 
(серіктестің)  салымы  деп  ол  ортақ  іске  салатын  барлық  нәрсе,  оның  ішінде 
ақша,  өзге  мүлік,  кәсіби  және  өзге  білімі,  дағды  мен  шеберлігі,  сондай-ақ 
іскерлік  беделі  мен  іскерлік  байланыстары  танылады.  Серіктестердің 
салымдары,  егер  өзгесі  жай  серіктестіктің  шартынан  немесе  нақты  мән-
жайлардан  туындамаса,  құны  бойынша  бірдей  болып  көзделеді.  Серіктестің 
салымын  ақшалай  бағалау  серіктестер  арасындағы  келісім  бойынша 
жүргізіледі. 
Екіншіден,  дара  кәсіпкерлердің  ақшалай  және  өзге  мүліктік  жарналары, 
сондай-ақ  жай  серіктестік  нысанындағы  олардың  бірлескен  қызметі 
нәтижесінде  құрылған  немесе  сатып  алынған  мүлік,  егер  өзгесі  заңда  немесе 
жай серіктестің шартында белгіленбесе, олардың ортақ үлестік меншігі болып 
табылады. Бұл ретте мүліктің белгіленген түрі бірлескен қызметтің нәтижесінде 
шығарылған өнімді  және бірлескен қызметтің  нәтижесінде  алынған  жеміс  пен 
табысты қамтиды. 
Үшіншіден,  дара  кәсіпкерлер  (серіктестер)  енгізген,  өздері  меншік 
құқығынан басқа негіздер бойынша иеленген мүлік олардың ортақ меншігіндегі 
мүлікпен қатар серіктестердің ортақ мүлкін құрайды. 
Төртіншіден,  жай  серіктестіктің  ортақ  мүлкіне  біріктірілген  дара 
кәсіпкерлер  салымдарының  және  заңды  түрде  сатып  алынған  өзге  мүлкінің 
болуы  олардың  баланстық  есебін  көздейді.  Осы  және  бухгалтерлік  есепті 
жүргізу дара кәсіпкерлердің біреуіне (серіктеске) тапсырылады. Тәжірибеде бұл 
осылайша  байқалады:  әрбір  дара  кәсіпкер,  оған  тапсырылған  функцияны  іске 
асыра  отырып,  табыс  және  шығыс  шарттарын  жасайды,  ал  құжаттарды  ортақ 
істі  жүргізу  тапсырылған  дара  кәсіпкерге  ұсынады.  Соңғысы  ұсынылған  және 
өзінің  құжаттары  негізінде  қаржылық  (бухгалтерлік)  есепті  жүргізеді.  Қаржы 
жылы  (салық  кезеңі)  аяқталғаннан  кейін  осы  адам  қаржы  нәтижесін  барлық 
серіктестер арасында олардың салымдарының мөлшеріне сай таратып береді. 
Осы  қаржы  нәтижесінің  негізінде  шартқа  қатысушылардың  ортақ 
шығыстары  мен  залалдары  айқындалады.  Серіктестердің  ортақ  қызметімен 
байланысты  шығыстар  мен  залалдарды  өтеу  тәртібі  олардың  келісімімен 
айқындалады.  Мұндай  келісім  болмаған  жағдайда  ортақ  шығыстар  мен 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау