Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет27/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68

57 
 
мен  фермер  қожалығының  құқықтық  мәртебесі  үшін  қандай  да  елеулі 
айырмашылықтар қамтылмаған. 
Заңда бірлескен дара кәсіпкерліктің ресурстық негіздері арасынан бірінші 
кезекте ортақ меншік аталған. Осыған орай Қазақстандағы дара кәсіпкерліктің 
осы  нысанын  дамыту  үшін  бірлескен  дара  кәсіпкерлік  мақсатында 
пайдаланылатын  ортақ  меншік  құқығының  ұғымын,  мазмұнын  және  шектерін 
айқындаудың маңызы зор. 
Азаматтық  кодекстің  209-бабы  4-тармағына  сәйкес,  ортақ  меншiк  екi 
немесе  бiрнеше  адамның  меншiгiне  мүлiк  түскен  кезде  пайда  болады,  оны 
өзiнiң мақсаты өзгертiлмейiнше бөлуге болмайды (бөлiнбейтiн заттар), өйткенi 
ол Заңға байланысты бөлінбейді. Ортақ меншікті кейде көп субъектілі деп, ал 
ортақ меншік тиесілі адамдарды ортақ меншік иелері деп атайды. Ортақ меншік 
санаты  меншік  иелерінің  өкілеттігін  бөлуге  негізделген,  себебі  әрбір  меншік 
иесінің  өкілеттігі  басқа  ортақ  меншік  иелерінің  өкілеттіктерімен  тығыз 
шектеседі [40].  
Азаматтық  кодексте  ортақ  меншік  үлестік  және  бірлескен  (209-баптың  2-
тармағы)  деп  екі  түрге  бөлінген  [18].  Үлестік  меншік  кезінде  мүлiк  меншiк 
иелерiнiң  әрқайсысының  үлестерi  белгiлене  отырып,  ал  бірлескен  меншік 
кезінде – ондай үлестер белгiленбей ортақ меншiкте болуы мүмкiн. Азаматтық 
заңнаманың  талдауы  ортақ  үлестік  және  ортақ  бірлескен  меншік  құқығына 
мүмкін қатысушылар аясы едәуір ерекшеленетінін көрсетті. 
Ортақ  үлестік  меншікке  қатысушылар  ретінде  азаматтық  құқық 
қатынастарының  заңнамада  көзделген  кез  келген  үйлесімдегі  субъектілері 
(азаматтар, заңды тұлғалар) бола алады. Біздің жағдайымызда Жеке кәсіпкерлік 
туралы  заңға  сәйкес  ортақ  үлестік  меншік  негізінде  жай  серіктестік 
нысанындағы дара кәсіпкерлердің бірлескен қызметі жүзеге асырылады. 
Ортақ  үлестік  меншік  құқығына  қарағанда,  ортақ  бірлескен  меншікке 
қатысушылар  ретінде  бір-бірімен  отбасылық  қатынастармен  байланыстағы 
жеке  тұлғалар  ғана  бола  алады.  Бұл  ретте  ортақ  бірлескен  меншік  ол 
заңнамалық  актілерде  тікелей  көзделген  жағдайда  ғана  белгіленуі  мүмкін  [41, 
63-68 б., 38, 73 б.]. Атап айтқанда, ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі 
негізінде  бірлескен  дара  кәсіпкерліктің  нысаны  ретіндегі  ерлі-зайыптылардың 
кәсіпкерлігі  жүзеге  асырылады;  шаруа  және  фермер  қожалығының  ортақ 
бірлескен  меншігі  немесе  заңдастырылған  баспанаға  ортақ  бірлескен  меншігі 
негізінде  отбасылық  кәсіпкерлік  жүзеге  асырылады  (Жеке  кәсіпкерлік  туралы 
заңның 7-бабы).  
Осы  екі  арада,  Шаруа  немесе  фермер  қожалығы  туралы  заңда  осы 
мәселенің  шешіміне  көзқарас  басқаша.  Атап  айтқанда,  осы  Заңның  1-бабы                    
3-тармағының  редакциясында  отбасылық  кәсіпкерлік  шаруа  немесе  фермер 
қожалығының  нысаны  ретінде  көрсетілгені  түсініксіз.  Сонда  шаруа  (фермер) 
қожалығы  отбасылық  кәсіпкерліктің  нысаны  ретінде  немесе,  керісінше, 
отбасылық  кәсіпкерлік  шаруа  (фермер)  қожалығының  нысаны  ретінде  болады 
ма деген орынды сұрақ туады. 
Одан  басқа,  біздің  көзқарасымыз  бойынша,  негізінде  бірлескен  дара 
кәсіпкерлік  құрылатын  меншікті  құрылған  кәсіпорынның меншігінен  ажырату 


58 
 
қажет.  Атап  айтқанда,  Шаруа  немесе  фермер  қожалығы  туралы  заңда  соған 
әрекет  жасалған. Мысалы, осы  Заңның  1-бабы 3-тармағында  шаруа  қожалығы 
туралы  айтылған,  оған  сәйкес  кәсіпкерлік  қызмет  ортақ  бірлескен  меншік 
негізіндегі  отбасылық  кәсіпкерлік  нысанында  жүзеге  асырылады.  Ал  осы 
Заңның  4-бабында  шаруа  қожалығының  мүлкі  туралы  сөз  етілген,  бұл,  егер 
олардың  арасындағы  шартта  өзгесі  белгіленбесе,  оның  мүшелерінің  бірлескен 
меншігін  құрайды.  Шаруа  немесе  фермер  қожалығы  туралы  заңның  осы 
ережесі  Азаматтық  кодексінің  224-бабы  1-тармағының  бірінші  бөлігін 
қайталайды.  
Біздің  көзқарасымызша,  ресурстық  шектеулер  де  Шаруа  немесе  фермер 
қожалығы  туралы  заңдағы  олқылықтардың  бірі  болып  табылады.  Атап 
айтқанда  осы  Заңның  1-бабы  3-тармағынан  туындағандай,  шаруа  немесе 
фермер  қожалығы  өз  қызметін  ортақ  бірлескен  меншік  негізінде  жүзеге 
асырады.  Осы  екі  арада,  азаматтық  заңнаманың  жалпы  бастауларына  сәйкес 
жеке  және  заңды  тұлғалар  меншік  құқығындағы  ғана  емес,  сондай-ақ  өзге 
негіздеулер  бойынша  өздеріндегі  мүлікті  пайдалануға  құқылы.  Бұл  туралы 
Жеке  кәсіпкерлік  туралы  заңның  7-бабы  3-тармағында  тікелей  айтылған: 
«бiрлескен кәсiпкерлiктi жеке тұлғалар (дара кәсiпкерлер) тобы өздерiне ортақ 
меншiк  құқығымен  тиесiлi  мүлiк  негiзiнде,  сондай-ақ  мүлiктi  бiрлесiп 
пайдалануға  және  (немесе)  оған  билiк  етуге  жол  беретiн  өзге  де  құқыққа 
орай жүзеге асырады».  
Г.А.  Алиханова  орынды  айтып  өткендей,  «ортақ  мүлік»  ұғымы  «ортақ 
меншік»  ұғымынан  едәуір  кең.  Ортақ  мүлік  ұғымына  мүліктік  құқықтар 
жатады, ортақ мүлікке құқық ортақ жер пайдалану құқығын да қамтуы мүмкін 
[38,  47  б.].  Одан  басқа,  әрбір  қатысушы  өзінің  меншігіндегі,  сондай-ақ  заңды 
негізде өз қолындағы өзге де мүлкін ұсынуға құқылы (өзге заттық құқықтар). 
Шаруа  немесе  фермер  қожалығы  туралы  заңның  1-бабы  3-тармағы 
редакциялық  тұрғыдан  да  орынсыз  деп  санаймыз.  Мысалы,  «Шаруа  немесе 
фермер  қожалығы  мынадай  нысандарда  болуы  мүмкiн:...»  деп  отырып, 
белгіленген  олқылықтарға  қоса,  сол  тармақтың  бірінші  және  үшінші 
бөлімдерінде 
«нысан» 
деген 
сөз 
қайтадан 
пайдаланылған, 
бұл 
қайталанушылықты 
туғызады. 
Осы 
баптың 
екінші 
бөлігі, 
біздің 
көзқарасымызша,  бірінші  және  үшінші  бөліктерге  қарағанда,  біраз  басқа 
тұрғыда көрсетілген, яғни, егер фермер қожалығы жеке кәсіпкерліктің санатына 
қатысты  болса,  ол  қандай  мүліктің  негізінде  құрылуы  мүмкін  екені 
көрсетілмеген.  Пікіріміз  бойынша,  осы  Заң  жалпы  Жеке  кәсіпкерлік  туралы 
заңның  ережелерін  біраз  қайталайды,  ал  біріншісінің  жекелеген  нормалары 
екіншінің  нормаларына  қайшы  келеді.  Егер  Шаруа  немесе  фермер  қожалығы 
туралы  заңның  1-бабының  3-тармағында  «шаруа  немесе  фермер  қожалығы 
Жеке  кәсіпкерлік  туралы  ҚР  Заңында  айқындалған  нысандарда  болады»  деп 
айтылса, одан әрі түсінікті болар еді. 
ҚР  Кәсіпкерлік  кодексінің  жобасында  дара  кәсіпкерлік  туралы  нормалар 
қалыптастырылған,  ол  жобаның  құрамына  «Жеке  кәсіпкерлік  туралы»  Заң 
нормаларын толығымен енгізілуі көзделген [15]. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау