Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет30/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68

63 
 
тиiс  болғандығы  дәлелденген  жағдайларда  ғана  сот  ерлi-зайыптылардың 
бiреуiнiң  ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлкiне  билiк  ету  жөнiнде  жасасқан 
мәмiленi жарамсыз деп тануы мүмкiн (34-баптың 2- тармағы). 
Сонымен  бірге  осы  баптың  3-тармағына  сәйкес,  ерлi-зайыптылардың 
бiреуi  жылжымайтын  мүлiкке  иелiк  ету  жөнiнде  мәмiле  және  нотариатта 
куәландыруды және (немесе) заңда белгiленген тәртiппен тiркеудi қажет ететiн 
мәмiле  жасасуы  үшiн  екiншi  жұбайдың  нотариатта  куәландырылған  келiсiмiн 
алу қажет. НОтК 5-бабының 1-тармағына және Азаматтық кодекстің 1-бабы 3-
тармағына  сәйкес,  Қазақстан  Республикасының  азаматтық  заңнамасы  неке-
отбасылық  қатынастарға,  егер  бұл  неке-отбасылық  қатынастардың  мәніне 
қайшы  келмесе  және  НОтК  нормаларында  реттелмесе,  қолданылатындықтан, 
орынды  сұрақ  туындайды.  Екінші  ерлі-зайыпты  іскерлік  айналымда  ерлі-
зайыптылардың  бірлескен  кәсіпкерлігі  атынан  бола  тұрып,  жоғарыда 
көрсетілген  мүлікпен  мәміле  жасаған  жағдайда,  ерлі-зайыпты  келісімінің 
нотариатты  нысаны  керек  пе  немесе  дара  кәсіпкерді  тіркеген  кезде  ол  өзі 
растаған келісімі жеткілікті болады ма? 
НОтК 32-бабында: «ерлi-зайыптылардың шаруа немесе фермер қожалығы 
мүшелерiнiң  бiрлескен  ортақ  меншiгi  болып  табылатын  мүлiктi  иелену, 
пайдалану және оған билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық 
кодексiнде айқындалады» деп айтылған. Тиісінше, НОтК-да дара кәсіпкерліктің 
басқа  түрлері  мен  бірлескен  кәсіпкерліктің  басқа  нысандары  жөнінде 
айтылмағандықтан, Жеке кәсіпкерлік туралы заңның ережелері біз қарастырған 
бөлікте  НОтК  нормаларына  қайшы  келетін  деп  қолданылуы  мүмкін  емес  деп 
есептеген  орынды  болар  еді.  Алайда,  біздің  көзқарасымызша,  мұндай  тәсіл 
жүйелі  емес
 
және  дара  кәсіпкердің  мүдделеріне  сай  келмейді.  Бұл  жерде 
мынадай қорытынды шығады: бұл заң шығарушының қатесі және ол жойылуға 
тиіс.  Біздің  пікіріміз  бойынша,  ерлі-зайыптылардың  бірлескен  кәсіпкерлігі 
саласында, егер іскерлік айналымда ерлі-зайыптылардың бірлескен кәсіпкерлігі 
атынан  екінші  ерлі-зайыптының  болуына  бірінші  ерлі-зайыптының  келісімі 
Заңда  белгіленген  тәртіпте  бекітілсе,  олардың  бірлескен  мүлкінің  кез  келген 
түріне қатысты мәміле жасауға ерлі-зайыптының келісімі бар деп саналуға тиіс. 
Жеке  кәсіпкерлік  туралы  заңға  сәйкес,  ерлі-зайыптылардың  бірлескен 
кәсіпкерлігі осы қызметке дара кәсіпкерлер ретінде екі адамның ғана (жұбайы 
мен  зайыбының)  қатысуын  көздейді.  Егер  осы  бірлескен  кәсіпкерлікке  дара 
кәсіпкер  ретінде  үшінші  қатысушы  қатысатын  болса,  онда  бұл  бірлескен 
кәсіпкерліктің басқа нысаны болады. 
Ерлі-зайыптылардың  міндеттемелері  бойынша  жауапкершілігі  де 
ерлі-зайыптылардың  бірлескен  кәсіпкерлігінің  маңызды  ерекшелігі  болып 
табылады. Осы мәселе едәуір уақыт бойы ҚР неке-отбасылық және азаматтық 
заңнамасының  күрделі  олқылықтарының  бірі  болды.  Өз  кезінде  осы  мәселе 
бойынша  И.В.  Амирханова  былай  деп  айтқан:  «Ерлі-зайыптылардың  ортақ 
мүлкін кәсіпкерлік қызметте пайдалану үшін заң шығарушы ешқандай ерекше 
қағидалар  белгілемеген.  Бұл  ретте  кәсіпкердің  контрагенттері  қызмет 
барысында ерлі-зайыптылардың құқықтары бұзылмайтынына және ертеңгі күні 
осындай  мүлікті  пайдалана  отырып  жасалатын  мәмілелер  бойынша 


64 
 
проблемалалар  туындамайтынына  сенімді  бола  алмайды»  [43,  148-155  б.]. 
Бүгінде Жеке кәсіпкерлік туралы заңды және НОтК қабылдаумен болған автор 
сөз  еткен  көптеген  мәселелер  заңды  түрде  шешімін  тапты.  Бұл  бірлескен 
кәсіпкерлік  саласындағы  міндеттемелер  бойынша  ерлі-зайыптылардың 
жауапкершілігіне де қатысты. 
Ерлі-зайыптылардың  құқықтық  режимінің  ерекшеліктерінен  туындайтын 
мүмкіндіктерді  олар  кредиторлар  алдындағы  міндеттемелерден  жалтару  үшін 
пайдалануы  мүмкін.  Сондықтан  ерлі-зайыптылардың  міндеттемелерін  жеке 
кәсіпкерлікті  жүзеге  асырып  жатқан  ерлі-зайыптының  міндеттемелерінің  мән-
мәтінінде қараған дұрыс. 
Неке 
(ерлі-зайыптылық) 
және 
отбасы 
туралы 
кодексте 
ерлi-
зайыптылардың  бiреуiнiң  мiндеттемелерi  бойынша  тек  сол  жұбайының  мүлкi 
ғана өндiрiп алынады. Бұл мүлiк жеткiлiксiз болған кезде кредит берушi өндiрiп 
алу  үшiн  ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлкiн  бөлу  кезiнде  борышкер  жұбайға 
тиесiлi болатын борышкер жұбайдың үлесiн бөлiп берудi талап етуге құқылы. 
Одан  басқа,  егер  сот  барлық  (біздің  жағдайымызда  кәсіпкерлік  жолымен) 
алынған  табыстар  отбасы  мұқтаждығына  пайдаланылғанын  анықтаса,  ерлі-
зайыптылардың  біреуінің  міндеттемелері  бойынша  ерлі-зайыптылардың  ортақ 
мүлкі өндіріп алынуы мүмкін. 
НОтК-да  борышкер  жұбайдың  кредит  берушiсi  (кредит  берушiлерi) 
Қазақстан  Республикасы  Азаматтық  кодексiнiң  нормаларына  сәйкес,  өзгерген 
мән-жайларға байланысты ерлi-зайыптылар арасында жасалған неке шартының 
талаптарын  өзгертудi  немесе  оны  бұзуды  талап  етуге  құқылы  деген  норма 
көзделген,  бұл  мән-жай  кредитордың  мүдделерін  қорғау  кепілдіктерінің  бірі 
болып  табылады.  Алайда,  бұл  норма  абстрактілі  болып  көрінеді.  Бұл  қандай 
өзгерген мән-жайлар және оларды қалай түсінуге болатыны белгісіз. 
Ерлі-зайыптылардың 
ортақ 
міндеттемелеріне 
қатысты, 
ерлі-
зайыптылардың  ортақ  мүлкі  НОтК  сәйкес,  сот  ерлі-зайыптылардың  біреуі 
міндеттемелер 
бойынша 
алғанның 
бәрін 
отбасы 
мұқтаждықтарына 
пайдаланғанын  анықтаған жағдайда өндіріп  алынады.  Біздің  көзқарасымызша, 
бұл  шектеуді  негізделген  деп  айтуға  болмайды.  Заң  шығарушының  отбасы 
мүдделерін  қорғау  ниетін  түсінуге  болады,  бірақ  бұл  кредиторлардың 
мүдделеріне  едәуір  қысымшылық  жасайды.  Оның  үстіне,  бұл  ереже  Жеке 
кәсіпкерлік  туралы  заңның  нормаларына  қайшы  келеді,  оған  сәйкес,  дара 
кәсiпкерлiк  –  жеке  тұлғалардың  кiрiс  алуға  бағытталған,  жеке  тұлғалардың 
өздерiнiң  меншiгiне  негiзделген  және  жеке  тұлғалардың  атынан  олардың 
тәуекелi  үшiн  және  мүлiктiк  жауапкершiлiгiмен  жүзеге  асырылатын 
бастамашылық қызметi. 
Ерлі-зайыптылар кредиторлардың заңды талаптарын қанағаттандыру үшін 
ортақ  мүлкі  жеткіліксіз  болғанда  ерлі-зайыптылардың  ортақ  міндеттемелері 
бойынша олардың әрқайсысының мүлкімен ортақ жауап береді. Алайда, біздің 
көзқарасымыз  бойынша,  құнды  заттар  мен  молшылықтың  басқа  бұйымдарын 
қоспағанда,  дара  пайдалану  заттары  (киім,  аяқ  киім  және  басқалары)  өндіріп 
алу заты болуы мүмкін емес. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау