59
Бірлескен кәсіпкерлікке барлық қатысушылар атынан жеке
кәсіпкерлікпен байланысты барлық мәмілелер жасалып жатыр, ал
құқықтар мен міндеттер алынып, жүзеге асырылып жатыр деген мән-жай
бірлескен дара кәсіпкерлік үшін ортақ шарт болып табылады. Басқа
қатысушылар атынан іскерлік айналымға қатысу құқығы заңнамалық актілерде
айқындалады. Мысалы, Жеке кәсіпкерлік туралы заңның 7-бабы 5-тармағына
сәйкес ерлi-зайыптылардың кәсiпкерлiгiн жүзеге асырған кезде жұбайлардың
бiрi екiншi жұбайдың келiсiмiмен iскерлiк айналымда ерлi-зайыптылардың
атынан әрекет етедi. Егер мұндай келісім болмаса, iскерлiк айналымда әрекет
ететiн жұбай дара кәсiпкерлiктi өзiндiк кәсiпкерлiк түрінде жүзеге
асыратындығы көзделедi. Тиісінше, бұл ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін
оның пайдалануына қойылатын басқа талаптарды туғызады; нақты айтқанда
олардың ортақ мүлкін жеке дара кәсіпкерлікте оның пайдалануына міндетті
түрде екінші жұбайдың келісімнің болуы.
Ерлі-зайыптының біреуінің іскерлік айналымда ерлі-зайыптылар атынан
болуына (өкілдік етуіне) келісімі дара кәсіпкерді тіркеген кезде екінші
жұбайдың жазбаша түрде растауымен ресімделеді. Одан басқа, Жеке
кәсіпкерлік туралы заңда дара кәсiпкердiң қызметi мемлекеттiк тiркеусiз жүзеге
асырылған жағдайларда нотариалдық жолмен куәландырылуы тиіс деп
белгіленген. Біздің көзқарасымыз бойынша, соңғы ереже артық болар, себебі
азаматтық заңнаманы толық талдау көрсеткендей, дара кәсіпкердің құқықтық
мәртебесі азамат сондай болып мемлекеттік тіркеуден өткен кезде ғана
алынатынын көрсетті.
Шаруа немесе фермер қожалығы туралы заңға сәйкес шаруа немесе
фермер қожалығы атынан азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыру, жеке
және заңды тұлғалармен қатынастарда олардың мүдделерін білдіру құқығы
осындай қожалықтың Басшысында бар (1-1-баптың 1-тармағы). Одан басқа,
осы Заңда Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы:
1) жеке және заңды тұлғалармен қатынастарда шаруа немесе фермер
қожалығының мүдделерін
білдіруге;
2) ұзақ уақыт болмаған жағдайда қожалық мүшелерінің біреуіне өзінің
функцияларын орындауға
уәкілеттік беруге;
3) шаруа немесе фермер қожалығы қызметінің негізгі бағыттарын
айқындауға;
4) ішкі қағидаларды, оларды қабылдау рәсімдерін және шаруа немесе
фермер қожалығының ішкі қызметін реттейтін басқа да
құжаттарды бекітуге;
5) шаруа немесе фермер қожалығының заңды тұлғаларды құруға және
олардың қызметіне қатысуы туралы мәселені шаруа немесе фермер қожалығы
мүшелері жалпы жиналысының қарауына
шығаруға;
6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында
көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы деп белгіленген.
Көріп отырғанымыздай, шаруа немесе фермер қожалығы туралы заңда
қожалық басшысының өз өкілеттігін шаруа немесе фермер қожалығының басқа
қатысушыларына беруге мүмкіндігі бар, ал Жеке кәсіпкерлік туралы заңда олай
емес. Сонда да, біздің ойымызша, іскерлік айналымда ерлі-зайыптылардың