Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет35/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68

73 
 
3) орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін реттейтін нормаларға бөлуге 
болады.  
Заңға  сәйкес,  дара  кәсіпкерлік  ірі  кәсіпкерлік  шеңберінде  әрекет  ете 
алмайды, сондықтан да бұл нормалар дара кәсіпкерлікке ешқандай қатысы жоқ, 
тек  қана  заңды  тұлғалардың  қызметіне  қатысты.  Біздің  пікірімізше,  мұндай 
көзқарас  абсолютті  шындыққа  жатпайды,  себебі  дамыған  мемлекеттердің 
тәжірибесіне  қарағанда,  дара  кәсіпкерлер  өз  бизнестерін  өте  ірі  мөлшерлерде 
жүргізеді  екен,  ол  қазақстандық  заңнамада  ірі  бизнеске  жатады.  Мұндай  ірі 
кәсіпкерлікпен  қазақстандық  дара  кәсіпкерлер  де  шұғылдануы  мүмкіндігін 
жоққа шығаруға болмайды.  
Біз  атап  көрсеткен  «Жеке  кәсіпкерлік  туралы»  Заңның  жалпы  нормалары 
жеке  кәсіпкерліктің  барлық  субъектілеріне  және  кәсіпкерлік  саласында 
қолданылатын  мүліктің  құқықтық  тәртібіне  қойылатын  жалпы  талаптарды 
белгілейді.  Олар  жоғарыда  көрсетілген  ұғымда  айқындалған  жеке 
кәсіпкерліктің белгілерінен көрінеді. 
Осыдан басқа, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның жалпы нормалары жеке 
кәсіпкерліктің  барлық  түрлерінің  жалпы  негіздерін  және  жалпы  шарттарын, 
сонымен қатар өзге де бірыңғай әрекет ету критерийлерін белгілейді. 
Олар  біріншіден,  жеке  кәсіпкерлікті  құқықтық  реттеу  шектерінен  көрініс 
табады.  Бұл  кәсіпкерліктің  түрі  тек  ҚР  заңдарына  сәйкес белгіленген  негіздер 
бойынша  ғана  шектелуі  мүмкін.  Бұл  ретте  ҚР  заңдарына  сәйкес  мемлекеттің 
құзыретіне  жатқызылған  мәселелер  бойынша  ғана  жеке  кәсіпкерлікке  шектеу 
қойылуы  мүмкін.  Бұдан  басқа,  мемлекеттік  органдардың  жеке  кәсіпкерліктің 
жекелеген  субъектілеріне  басым  жағдай  белгілейтін  нормативтік  құқықтық 
актілерді қабылдауына тыйым салынады. Кәсіпкерлік кодексінің 2-бабы да осы 
нормаларды қамтиды. 
Екіншіден,  жеке  кәсіпкерліктің  барлық  түрлерін  мемлекеттік  реттеудің 
негізгі мақсаты және жалпы қағидаттары. Мұндай реттеудің негізгі мақсаттары 
жеке  кәсіпкерліктің  дамуы  үшін  қолайлы  жағдайлар  жасау  және  мемлекет 
мүдделері  мен  тұтынушылар  құқықтарын  қорғау  болып  табылады  (Жеке 
кәсіпкерлік  туралы Заңның  4-бабы).  Жеке кәсіпкерлікті  мемлекеттік реттеудің 
негізгі қағидаттары:  
- жеке 
кәсiпкерлiк 
еркiндiгiнің 
кепiлдiгі, 
яғни, 
Қазақстан 
Республикасының  заңнамасында  тыйым  салынбаған  кез  келген  қызмет 
түрлерін  жүзеге  асыруға  рұқсат  берілген  және  оны  қорғау  мен  қолдауды 
қамтамасыз ету; 
- кәсiпкерлiк  қызметтi  жүзеге  асыруға  барлық  жеке  кәсiпкерлiк 
субъектiлерiнiң теңдiгi; 
- жеке меншiкке, оның ішінде жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне 
қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепiлдiгi; 
- Қазақстан 
Республикасында 
шағын 
кәсiпкерлiктi 
дамытудың 
басымдығы; 
- жеке  кәсiпкерлiктiң  мүдделерiн  қозғайтын  нормативтiк  құқықтық 
актiлердiң  жобаларына  сараптама  жасауға  жеке  кәсiпкерлiк  субъектiлерiнiң 
қатысуы; 


74 
 
- жеке  кәсіпкерлік  субъектілерінің  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық 
кәсіпкерлер палатасына қатысуы болып табылады.  
ҚР  Кәсіпкерлік  кодексінің  жобасында  бұл  қағидаттар  саны  21-ге  дейін 
көбейтіліп  бекітілген,  оның  ішінде  жоғарыдағы  принциптердің  кейбіреулері 
жойылып, сонымен қатар жаңа қағидаттар да енгізілген. Мысалы: 
1) заңдылық; 
2) жеке  кәсіпкерліктің  еркіндігіне  кепілдік  (Қазақстан  Республикасының 
заңнамасында тыйым салынбайтын қызметтің кез келген түрін жүзеге  асыруға 
рұқсат берілген) және оны қорғау (жеке кәсіпкерліктің қағидаты); 
3) барлық  кәсіпкерлік  субъектілерінің  кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге 
асырудағы теңдігі (кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі қағидаты); 
4) кәсіпкерлік  субъектілері  меншігіне  қол  сұғылмаушылықтың  және  оны 
қорғаудың кепілдігі (меншікке қол сұғылмаушылықтың  қағидаты); 
5) жосықсыз бәсекелестікті жүзеге асыруға жол бермеу; 
6) барлық кәсіпкерлік субъектілерінің заң мен сот алдындағы теңдігі; 
7) тұтынушылар, кәсіпкерлер және мемлекет мүдделерінің тепе-теңдігі; 
8) мемлекеттік 
органдар  қызметінің  ашықтығы  және  ақпаратқа 
қолжетімділік (жариялық қағидаты); 
9) кәсіпкерлікті  мемлекеттік  реттеудің  негізділігі,  тиімділігі  және 
нысандары мен құралдарының жеткілікті болуы; 
10) кәсіпкерлік  субъектілерінің  өзінің  заңды  құқықтарын  өз  бетінше 
қорғауға деген қабілетін арттыру; 
11) құқық 
бұзушылықтың  алдын  алудың  жазалаудың  алдындағы 
басымдығы; 
12)  бақылау  және  қадағалау  органдары  лауазымды  адамдарының  өз 
міндеттерін  орындамағаны  не  тиісінше  орындамағаны  және  олардың  өз 
өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жауапкершілік; 
13) кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі; 
14) сыбайлас жемқорлықтан тыс болу; 
15) кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және оларды қорғау мен жан-жақты 
қолдауды қамтамасыз ету; 
16) отандық  тауарлар  шығарушыларды,  жұмыс  орындаушыларын  және 
қызмет көрсетушілерді қолдау; 
17) кәсіпкерлік  субъектілерінің  ісіне  мемлекеттің  заңсыз  араласуына  жол 
бермеу; 
18) кәсіпкерлік субъектілерінің құқық шығармашылығына қатысуы; 
19) кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру; 
20) кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің қатысуын шектеу; 
21)  кәсіпкерлік  саласында  өзін-өзі  реттеушілікті  дамыту  кәсіпкерлік 
субъектілері  мен  мемлекеттің  өзара  іс-қимылының  қағидаттары  болып 
табылады. 
Жеке  кәсiпкерлiктiң  мүдделерiн  қозғайтын  нормативтiк  құқықтық 
актiлердiң  жобаларына  сараптама  жасауға  жеке  кәсiпкерлiк  субъектiлерiнiң 
қатысуы 
қағидаты 
Кәсіпкерлік 
кодексінің 
жобасында 
кәсіпкерлік 
субъектілерінің 
құқық 
шығармашылығына 
қатысуы 
қағидатымен 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау