Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет18/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68

38 
 
жасына  толмаған  жеке  тұлға  дара  кәсіпкер  ретінде  тіркелген  жағдайда, 
салықтық  өтініш  келу  тәртібімен  қағаз  жеткізгіште  ұсынылады  делінген, 
яғни, «өз бетімен тіркелу» тәртібі бекітілген. 
Алайда  азаматтық  заңнама  «өз  бетімен  тіркелу  сипатында  жасалатын» 
терминіне түсінік бермейді. Бірақ АК-нің 19-бабы мен Жеке кәсіпкерлік туралы 
Заңның 27-бабының мазмұнынан мынадай шешім жасауға болады.  «Өз бетімен 
тіркелу  сипатында  жасалатын»  санаты,  біздің  ойымызша,  көрсетілген 
нормаларда  кәсіпкерлік  қызметпен  айналысатын  азаматтың  дара  кәсіпкер 
ретінде  мемлекеттік  тіркеуден  өту  немесе  өтпеу  бойынша  таңдау  құқығы  бар 
екенін  белгілеу  үшін  қолданылады.  Сонымен  қатар  АК-нің  19-бабының  4-
тармағы  заңды  тұлға  құрмастан  кәсіпкерлік  қызметпен  айналысатын  азаматты 
дара  кәсіпкер  ретінде  міндетті  мемлекеттік  тіркеу  жағдайларын  сөзсіз 
айқындайды.  
Осыған  қоса,  Жеке  кәсіпкерлік  туралы  Заңның  27-бабында  дара  кәсіпкер 
ретінде  мемлекеттік  тіркеу  үшін  қажетті  бірқатар  талаптар  белгіленген. 
Сондықтан,  дара  кәсіпкер  ретінде  азаматтарды  мемлекеттік  тіркеу  өз  бетімен 
тіркелу  сипатында  жасалатындығы  туралы  бірмәнді  айтуға  болмайды.  Дара 
кәсіпкер  ретінде  азаматтарды  мемлекеттік  тіркеудің  осы  нысанын  белгілеу 
үшін  «өз  бетімен  тіркелу-рұқсат  алу  сипаты»  санаты  көбірек  сәйкес  келеді. 
Дара  кәсіпкер  лицензиялауға  жататын  қызметті  жүзеге  асыратын  болса,  оның 
осы қызметті жүзеге асыруы үшін лицензиясы міндетті түрде болуға тиіс.  
«Өз бетімен тіркелу сипатында жасалатын» термині сондай-ақ заңды тұлға 
құрмастан  кәсіпкерлік  қызметпен  айналысатын  азаматтың  оны  дара  кәсіпкер 
ретінде мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органда жеке өзі болуы қажеттігін де 
білдіреді. Бұл АК-нің 166-бабынан да туындайды, онда коммерциялық өкіл мен 
осындай  мәртебесі  бар  кәсіпкер  арасындағы  коммерциялық  шарт  туралы  сөз 
қозғалады.  Сондықтан,  біздің  түсінігімізше,  дара  кәсіпкер  ретінде  азаматты 
коммерциялық өкілі арқылы мемлекеттік тіркеуге заңда жол берілмейді.     
Кәсіпкерлік  кодексінің  жобасында  кәсіпкерлерді  мемлекеттік  тіркеу 
саласындағы «өз бетімен тіркелу» сөз тіркесі қалдырылған.  
Сонымен  қоса,  қазіргі  таңда  құқық  субъектілерін,  оның  ішінде  дара 
кәсіпкерлерді,  электронды  нысанда  тіркеу  кең  тарағанын  атап  өту  қажет. 
Электрондық тіркеу «электрондық өкіметтің» e-gov веб-порталына кіру арқылы 
жүзеге асырылады. 
Салықтық  өтінішті  «электрондық  үкіметтің»  веб-порталы  арқылы 
электрондық  түрде  ұсынған  кезде  дара  кәсіпкердің  орналасқан  жерін 
растайтын  құжат  ұсыну  талап  етілмейді.  Және  де  дара  кәсіпкерлерді 
мемлекеттік  тіркегені  үшін  алым  сомасын  бюджетке  төлеу  «электрондық 
үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүргізіледі. 
Жеке кәсіпкерлік туралы заңның 27-бабының 4-тармағында азаматты дара 
кәсіпкер  ретінде  тіркеу  үшін  ұсынылатын  құжаттардың  толық  тізбесі 
белгіленген. Өзге құжаттарды талап етуге тікелей Заңда тыйым салынған. Осы 
норманың  талаптарына  сәйкес,  азамат  мемлекеттік  тіркеу  үшін  келесі 
құжаттарды тапсыруы қажет: 


39 
 
1)  мемлекет  алдында  салық  міндеттемесінің  салықтық  орындалуына 
салықтық  бақылауды  қамтамасыз  ететін  өкілетті  мемлекеттік  органмен 
бекітілген нысан бойынша салық өтініші; 
2)  дара  кәсіпкерлерді  мемлекеттік  тіркеуге  төлеу  сомасын,  бюджетке 
төленгенін растайтын құжат; 
3)  дара  кәсіпкердің  тұрғылықты  жерін  растайтын  құжат.  Осы  ретте 
мекенжай анықтамасы немесе жылжымайтын мүлікке немесе оны пайдалануға 
меншік  құқығын  растайтын  құжат  кәсіпкердің  тұрғылықты  жерін  растайтын 
құжаты болып табылады. 
Мекенжай  анықтамасы  не  жылжымайтын  мүлiкке  меншік  немесе  оны 
пайдалану  құқығын  растайтын  құжат  дара  кәсiпкердiң  орналасқан  жерiн 
растайтын құжат болып табылады. 
Жоғарыда  көрсетілген  құжаттар  келу  тәртібімен  ұсынылған  кезде  жеке 
тұлға жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді. 
Егер өтiнiш берушi кәмелет жасына толмаған жағдайда, жоғарыда аталған 
құжаттарға  –  заңды  өкілдердің  келiсiмi,  ал  мұндай  келiсім  болмаған  кезде  – 
неке  қию  (ерлi-зайыпты  болу)  туралы  куәлiктiң  көшiрмесі  не  қамқоршылық 
және  қорғаншылық  органы  шешімінің  көшірмесі  немесе  кәмелет  жасына 
толмаған  адамды  толығымен  іс-әрекетке  қабiлеттi  деп  жариялау  туралы  сот 
шешiмiнің көшірмесі қоса берiледi. 
Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады. 
Жеке  кәсіпкерлік  туралы  Заңының  4-1  тармағында  белгіленгендей, 
жоғарыда  көрсетілген  құжаттарды  ұсынған  кезден  бастап  тіркеуші  орган  бір 
жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік 
тіркеуді жүргізеді не мұндай тіркеуден бас тартады. 
Жеке  кәсіпкерлік  туралы  Заңның  27-бабы  төртінші  тармағында  «дара 
кәсiпкер мемлекеттiк тiркеу үшiн ... тіркеу органына ұсынады» деп жазылған. 
Біздің  көзқарасымыз  бойынша,  осы  жерде  қағидаттық  сипаттағы  дәлсіздік 
байқалады,  себебі  азамат  оны  мемлекеттік  тіркегеннен  кейін  ғана  дара 
кәсіпкердің  мәртебесіне  ие  болады.  Сол  себепті  осы  ережені  мынадай 
редакцияда:  «азамат  дара  кәсіпкер  ретінде  мемлекеттiк  тiркеу  үшiн...  тіркеу 
органына ұсынады» деп және әрі қарай мәтін бойынша баяндаған дұрыс болар 
еді. 
Бұл олқылық Кәсіпкерлік кодексінің жобасында ескеріліп, түзетілген. 
Дара  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  тіркеуден  бас  тарту  салық  органымен 
келесі жағдайлар анықталғанда бас тартады: 
1) 
егер  өтініш  беруші  әрекетсіз  заңды  тұлғалардың  жалғыз 
құрылтайшысы  (қатысушысы)  және  (немесе)  басшысы  болып  табылған  және 
(немесе)  әрекетке  қабілетсіз  немесе  әрекет  қабілеті  шектеулі  деп  танылған 
және  (немесе)  хабарсыз  кеттi  деп  танылған  және  (немесе)  қайтыс  болды  деп 
жарияланған  және  (немесе)  оның  Қазақстан  Республикасы  2014  ж. 
Қылмыстық кодексінің 215, 238 және 240 баптары бойынша қылмыстары үшін 
жойылмаған немесе алынбаған соттылығы болса; 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау