34
1) дара кәсіпкер ретінде тіркеуге тұру туралы салық өтінішімен қоса –
қайта құрылған;
2) жалпы бекітілген тәртіптен немесе басқа арнаулы салықтық режимінен
ауысу, – патент негізіндегі арнаулы салықтық режимін қолдану айдың 1-не
дейін жүзеге асады;
3) кезекті патентті алу үшін патент негізіндегі арнаулы салықтық режимді
қолдану, - салықтық есеп қисап беруді ұсыну (Салық кодексі 432 бап) алдыңғы
патенттің жарамды мерзімі немесе тоқтату мерзімі аяқталғанға дейін.
Қайта құрылған дара кәсіпкерлер үшін патент негізінде арнаулы салықтық
режимді қолдану уақытының басталуы дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік
тіркеу уақыты болып табылады.
Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн дара
кәсіпкерлер сонымен қатар Салық кодексінің 428-бабының 3 және 4
тармақтарында көрсетілген тұлғаларға жатпайтын дара кәсіпкерлер қолданады,
мынадай шарттарға сай келетін тұлғалар: дара кәсiпкердің өзiн қоса алғанда,
қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec
адам болса; салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы
заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай
бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 1400 еселенген мөлшерін
құраса (Салық кодексінің 433-бабы). Қайта құрылған дара кәсіпкерлерді
есептемегенде, оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн
қолдану үшін салық төлеушілер тұрғылықты жері бойынша салық органына
кодексте белгіленген салық есептеу режимін қолдану туралы хабарландыру хат
жібереді. Салық кодексінің 436 бабына сәйкес салықтарды оңайлатылған
декларация негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектiсiне есептi
салық кезеңiнде 3 процент мөлшерiндегi ставканы қолдану арқылы дербес
жүргiзедi. Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері
бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен
кешіктірілмей табыс етіледі.
Шағын бизнес субъектілері үшін (910.00 нысаны) салық есептеуін құру
ережесі (оңайлатылған декларацияның) және Салық есептеуін құру Ережесі
(есеп) патент құны (911.00 нысаны) 2012 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің № 1518 қаулысымен бекітілген [33].
Шаруа немесе фермерлік қожалықтары Салық кодексінің 439-бабына
сәйкес өздігінше келесі салық салу режимдердің бірін таңдауға құқығы бар:
1) шаруа немесе фермерлік қожалықтары үшін арнаулы салық режимі;
2) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі;
3) жалпы бекітілген тәртіп.
Шаруа немесе фермерлік қожалықтары үшін арнаулы салық режимі
бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен ерекше есептеу тәртібін
қарастырады және акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және сату
бойынша қызметтерді қоспағанда ауылшаруашылық өнімдерін, аквамәдениет
өнімдері (балық өсіру), өзіне меншікті өндірісін өндіру бойынша
ауылшаруашылық өнімдерін, аквамәдениет өнімдері (балық өсіру) қайта өңдеу
35
және оны сату бойынша шаруа немесе фермерлік қожалықтарының
қызметтеріне қолданылады.
Арнаулы салық режимін қолдану құқығы шаруа немесе фермерлік
қожалықтарына жеке меншікте жер телімі және (немесе) жер пайдалануға
құқығы (жер пайдалануға екінші рет құқығын қоса алғанда) болғанда
пайдалануына беріледі.
Салық кодексінің 185 бабының 3 тармағы, арнаулы салық режимін
қолданатын дара кәсіпкерлер, Салық кодексінің 427 бабына сәйкес салық салу
объектісіне қосылған табыс бойынша, патент немесе оңайлатылған декларация
негізінде шағын бизнес субъектілері үшін дара табыс салығы бойынша
декларация берілмейді.
Сонымен, дара кәсіпкердің бухгалтерлік есебі патент немесе
оңайлатылған декларация қолданған жағдайда заңды тұлғаның бухгалтерлік
есебінен едәуір оңай. Осы артықшылық дара кәсіпкерге бухгалтерлік есепті
өздігінше, бухгалтер жалдамай ақ өзі жүргізуіне мүмкіндік береді. Дара
кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз еркі бойынша өзіне
мөр алуға тапсырыс бере алады. Егер де ол өзіне банктен шот ашу ниеті болса,
онда оған банк карточкасындағы қол қою үлгісін нотариалды куәландыруға,
сонымен қатар таңдалған банкте шот ашу ақылы түрде болса (8000 теңгеге
дейін) қызметі үшін төлеуі қажет. Сонымен қатар, патент бойынша жұмыс
істейтін дара кәсіпкер жұмысқа жалдамалы жұмысшы алуға құқығы жоқ.
Дара кәсіпкер өз қызметін жүзеге асыру кезінде іскер құжаттаманың
дербес бланктерін, мөрді, мөртабандарды пайдалануға құқылы.
Осы бөлімшеде белгіленген дара кәсіпкердің құқықтық мәртебесі
элементтері, сонымен қатар қалған бұл бөлімшеде қаралмаған да элементтері
(оның деликт қабілеттілігі, құқықтары мен міндеттері, белгіленген құқық
кепілдіктері, міндеттемелерді орындамағаны үшін оның жауапершілігі) осы
құқықтық мәртебенің ажырамас мазмұнын құрайды.
Олардың маңыздылығы, ең бастысы, құқықтық қатынастардың дамуында,
кәсіпкерлік қызметтің күнделікті әрекеттерінде көрінеді. Сондықтан бұл
барлық элементтер осы жұмыстың келесі бөлімшелерінің зерттеу нысанасы
болады, олар белгілі бір сатылардағы құқықтық қатынастардың және
кәсіпкерлік қызмет құрылымының нақты аспектілеріне арналады.
Сонымен, осы бөлімшені қорытындылай келе, дара кәсіпкер ұғымына
анықтама берейік: «Дара кәсіпкер – 16 жасқа толған, өз атынан, оның тәуекел
етуімен және мүліктік жауапкершілігімен тауарларға, жұмыстар мен
қызметтерге сұранысты қанағаттандыру арқылы жүйелі түрде пайда алуға
бағытталған ынталы қызметпен айналысатын және бұл ретте Қазақстан
Республикасы заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден
өткен Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман».
Дара кәсіпкердің азаматтық-құқықтық мәртебесі ұғымы айрықша салалық
мәртебе ретінде дара кәсіпкердің азаматтық құқық субъектілері арасындағы
орнын сипаттайтын дербес құқықтық категория болып айқындалады. Бұл
мәртебе екіжақты сипаттағы көрініс табады, себебі, бір жағынан, кәдімгі
(кәсіпкер ретінде тіркелмеген) толық әрекет қабілетті азаматтардың азаматтық
Достарыңызбен бөлісу: |