Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті.
ЭССЕ
Тақырыбы: Бүкіләлемдік сауда ұйымының сыртқы саудадағы ролі мен міндеттері
Орындаған:Нұрланов Н.Н.
Группа:Ю-417
Тексерген:Сайдуллаев Е.А
Семей 2020ж.
Бүкіләлемдік сауда ұйымы-бұл әрі ұйым, әрі құқықтық документтер кешені, тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы саласындағы үкіметтердің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын көпжақты сауда келісімі.
БСҰ 1995 жылдың 1 қаңтарында 1993 жылы 15 желтоқсанындағы Уругвайлық раундтың көпжақты келіссөздерінің аяқталуынан кейін және 1994 жылы қол қойылғаннан кейін құрылды. БСҰ тарифтер мен сауда бойынша Генералды келісімнің (ГАТТ) қабылдаушысы болып табылады.
БСҰ-ның ГАТТ-тан айырмашылығы оған ГАТТ-қа қарағанда көбірек мемлекеттер қатысады (ГАТТ 146) және оның қызметтерінің масштабтары кеңірек. ГАТТ тек қана тауарлар саудасы саласында қызмет етті; БСҰ тауарлар мен қызметтер саудасын қамтиды, сонымен қатар интеллектуалды меншік құқықтарын қорғайды және келіссөздер процессі мен қайшылықтарды шешу кезінде елдер арасында сауда қатынастары құрылатын форум болып табылады.
ГАТТ және БСҰ екі принципке негізделген; дискриминациядан бас тарту және нарықтық тиімділік немесе нарыққа болжамдалатын, ашық, өзара қауіпсіз жолмен шығу.
Бұл екі принцип өз кезегінде 4 элементтерден тұрады:
- дискриминациясыз сауда, яғни саудада өзара ең қолайлы режим (ЕҚР) туғызу және шетелдік тегі бар тауарлар мен қызметтерге өзара ұлттық режим жасау;
- сауданы көбінесе тарифтік тәсілдермен реттеу, сандық және басқа шектеулерді пайдаланудан бас тарту;
- сауда саясатының транспаренттілігі;
- сауда дауларын консультациялар және келіссөздер арқылы шешу және т.б.
БСҰ-ның ең маңызды функциялары:
- Уругвайлық раундтың документтер пакетінің келісімдері мен шарттарының орындалуын бақылау;
- мүдделі мүше-елдердің арасында көпжақты сауда келісімдері мен консультациялар жүргізу;
- сауда дауларын шешу;
- мүше елдердің ұлттық сауда саясатының мониторингі;
- БСҰ компетенциясына қатысты мәселелер бойынша дамушы мемлекеттергк техникалық жәрдем көрсету.
БСҰ-ға мүше болудан жалпы артықшылқтарды келесі жолмен соммалауға болады:- серіктестерге қысым көрсетілген жағдайда, ұлттық мүдделерді қорғауды қамтамасыз ететін БСҰ-ның дауларды шешу механизмін пайдалану және осылай дискриминацияны жою;
- халықаралық сауданың жаңа ережелерін жасау кезінде әлемдік сауда жүйесіне тиімді қатысу арқылы өздерінің ағымдағы және стратегиялық сауда-экономикалық мүдделерін жүзеге асыру мүмкіндігі.
БСҰ-ның барлық мүше-елдері «Көпжақты сауда келісімдері» (КСК) деген терминмен біріктірілген негізгі келісімдер мен заңдық документтерді орындау бойынша міндеттерді қабылдайды. Осылай, БСҰ жүйесі өзіндік көпжақты келісімді білдіреді (келісімдер пакеті), олардың нормалары мен ережелері тауарлар мен қызметтердің әлемдік саудасының жобамен 97% реттейді.
Уругвайлық раундтың документтер пакетінің 2-ші бөлігі (1-4 қосымшалардан басқа) Марракештегі министрлер кеңесінің нәтижесі (1994) бойынша қабылданған шешімдер мен декларациялардан, сонымен қатар басқа да Келісімдерден құралады. Бұл документтерде БСҰ-ға мүше елдер қабылдайтын қосымша шарттар мен ережелер құрастырылады. Тауарлар мен қызметтерді нарықтарға шығарудың ұлттық міндеттерінің тізімін есептегенде БСҰ документтерінің толық пакеті қазіргі кезде жобамен 30 мың парақтан тұрады.
Уругвайлық раундтың келісімдер пакетінің жиынтығы елуден жоғары тауарлар саудасы бойынша Көпжақты келісімдер мен басқа да құқықтық документтерді біріктіреді, олардың негізгілері БСҰ-ны бекіту туралы Келісім және оған қосымша тауарлар саудасы бойынша Көпжақты Келісімдер:
Қосымша 1А: Тауарлар саудасы бойынша Көпжақты Келісімдер:
Тарифтер мен сауда туралы 1994 жылғы Генералды Келісім (ГАТТ-94)-тауарлар саудасы режимінің негіздерін, осы саладағы БСҰ мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
Тарифтер мен сауда туралы Генералды Келісім 1947- тауарлар саудасы режимінің негіздерін, осы саладағы БСҰ мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
Ауыл шаруашылығы бойынша келісім-ауыл шаруашылық тауарлар саудасын реттеудің ерекшеліктерін және осы сектордағы өндіріс пен сауданы мемлекеттік қолдау шараларын қолдану механизмін анықтайды.
Текстиль бұйымдары мен киім бойынша келісім-текстиль мен киім саудасын реттеудің ерекшеліктерін анықтайды.
Санитарлы және фитосанитарлы нормаларды қолдану бойынша келісім- санитарлы және фитосанитарлы бақылау шараларын қолданудың шарттарын анықтайды.
Саудадағы техникалық барьерлер бойынша келісім-стандарттар, техникалық регламенттер, сертификациялау процедураларын қолдану шарттарын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |