Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы «___» _______ № _____
қаулысымен бекітілген
«Дәрігерді үйге шақыру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Жалпы ережелер
1. «Дәрiгердi үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 11 маусымда № 11304 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген “Дәрiгердi үйге шақыру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей немесе көрсетілетін қызметті алушының телефоны бойынша өтініш берген кезде);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында жазылу және дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру
2) порталға электронды форматта жүгінген кезде – жеке кабинетінде электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама.
Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға белгіленген уақытта үйде медициналық көмек көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс- қимылдарды) бастауға негіздеме стандарттың 9 тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттары (бұдан әрі - құжаттар) болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс- қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды қабылдайды және «Тұрғындарды тіркеу регистрі» порталы бойынша көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіде тіркелуін тексереді – орындау уақыты 5 (бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін шақыруларды тіркеу журналына жазып, дәрігердің келетін уақытын ауызша хабарлайды – орындау уақыты 5 (бес) минут.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс- қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс- қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы;
2) шақыруларды тіркеу журналына жазу.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу бөлімінің жауапты қызметкері.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды қабылдайды және «Тұрғындарды тіркеу регистрі» порталы бойынша көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіде тіркелуін тексереді - орындау уақыты 5 (бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін шақыруларды тіркеу журналына жазып, дәрігердің келетін уақытын ауызша хабарлайды - орындау уақыты 5 (бес) минут.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Портал арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс - қимылдарының) ретін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушының порталда авторизациялануы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдау және сұраныс жіберуі - (10 (он) минут);
2) көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінің дұрыс болмауына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады - (20 (жиырма) секунд);
3) порталда сұраныс өңделіп, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіне жолданады. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуге негіздерін тексеріп, бұзушылықтар анықталса қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастырады - (10 (он) минут);
4) көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама беріледі - (10 (он) минут).
10. Осы регламенттің 1 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасын қоса, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну тәртібі және көрсетілген қызметті беруші мен көрсетілген қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) ретінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі және парольдің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1 процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі мен паролін енгізу (авторизациялау үдерісі);
3) 1 шарт – логин (жеке сәйкестендіру нөмірі) және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;
4) 2 процесс – көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бұзушылықтардын болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаның қалыптасуы;
5) 3 процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету мен сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті алушының оның құрылымы мен нысандық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сондай-ақ сұрау салуды куәландыруы (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куәлігін таңдауы;
6) 2 шарт – порталда электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ (сұрау салуда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі және электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі арасындағы) сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеру;
7) 4 процесс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңба түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұрау салынған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаның қалыптасуы;
8) 5 процесс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңба көмегiмен мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды куәландыруы және көрсетілетін қызметті беруші өңдеу үшін бекітілген халық тіркеліміндегі автоматтандырылған жұмыс орны ақпараттық жүйесіне «электрондық үкімет» шлюзі арқылы электрондық құжатты (сұрау салуды) жіберу;
9) 3 шарт – электрондық құжаттың (сұрау салудың) мемлекеттік қызметті көрсету негiздерiне сәйкестiгiн көрсетілетін қызметті берушiнiң (өңдеуі) тексеруi;
10) 6 процесс – бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған мемлекеттік қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаның қалыптасуы;
11) 7 процесс – көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама беріледі.
Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға белгіленген уақытта үйде медициналық көмек көрсетіледі.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, толық сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Алматы қаласы әкімдігінің http://almaty.gov.kz ресми сайтында және Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының http://almatyzdrav.kz. интернет - ресурсында орналастырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
|
«Дәрiгердi үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентiне
1 қосымша
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «электрондық үкiмет» порталы арқылы көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
Шартты белгілер
|
«Дәрiгердi үйге шақыру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентiне
2 қосымша
|
«Дәрiгердi үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
А. Қызметті берушіге жүгінгенде
Шартты белгілер:
«Дәрiгердi үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы
Б. Электронды үкімет порталы арқылы
Шартты белгілер:
Достарыңызбен бөлісу: |