резидентураны, магистратураны және докторантураны қамтиды. Резидентура туралы
ережені уәкілетті орган бекітеді.
6. Қосымша білім беру қосымша білімнің білім беру оқу бағдарламаларын іске
асыратын медициналық білім беру және ғылыми ұйымдарда жүзеге асырылады.
Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта
даярлау қосымша білім берудің негізгі нысандары болып табылады. Медицина және
фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау тәртібін
уәкілетті орган айқындайды.
7. Медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды жоспарлауды уәкілетті
орган, сондай-ақ денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары
саланың қажеттіліктерін ескере отырып, өз өкілеттіктері шегінде жүзеге асырады.
176-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін
біліктілік емтихандары
1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік емтихандары орта
(техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық білімі бар
адамдардың кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға дайындығын айқындау
мақсатында өткізіледі.
2. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік емтихандары:
1) медицина қызметкерлерінің клиникалық мамандыққа сәйкестігін айқындау және
оларға тиісті маман сертификатын беріп, клиникалық практикаға (пациенттермен
жұмысқа) жіберу үшін - міндетті біліктілік емтихандары;
2) тиісті біліктілік санаты берілетін мамандардың кәсіптік деңгейін айқындау
үшін - ерікті біліктілік емтихандары болып бөлінеді.
3. Тиісті маман сертификаты болмаған, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі өткен
жағдайда, жеке тұлғаға клиникалық практикамен айналысуға тыйым салынады.
4. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік емтихандарын
өткізудің тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.
5. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде медициналық білім мен
біліктілік санаттарын алған адамдарды денсаулық сақтау саласындағы мамандарға
арналған біліктілік емтихандарына жіберудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті
орган айқындайды.
6. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес
ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Университетінде» немесе оның медициналық
ұйымдарында медициналық қызметпен айналысу құқығын беретін немесе кәсiптік
медициналық қызметтi жүзеге асыруға шақырылған мамандардың шетелде алған бiлiктiлiк
санатын куәландыратын құжат Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын санат
берілмей-ақ маман сертификатына теңестіріледі.
Ескерту. 176-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.19
N 395-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
177-бап. Қазақстан Республикасы дәрігерінің анты
Жоғары білім беру ұйымдарын медициналық мамандықтар бойынша оқып бітірген
түлектер мынадай мазмұндағы Қазақстан Республикасы дәрігерінің антын қабылдайды:
"Дәрігердің құрметті атағын ала отырып, өз ұстаздарым мен әріптестерімнің алдында
өзімді азаматтардың денсаулығын сақтауға бар болмысыммен бағыштап, дәрігерлік ұлы
іске адал әрі қалтқысыз қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін. Өз қызметімде
денсаулығы ең жоғары құндылық болып табылатын өз пациенттерімнің мүдделерін ғана
басшылыққа аламын деп ант етемін. Жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне,
әлеуметтік жағдайы мен азаматтығына қарамастан, мұқтаж болған әрбір адамға бірдей
ынта-жігермен және шыдамдылықпен медициналық көмек көрсетуге ант етемін. Дәрігерлік
құпияны сақтауға, оны ешқашан пайдакүнемдік мақсатта пайдаланбауға ант етемін. Өз
білімім мен дағдыларымды ұдайы жетілдіруге, өзіме де, өз шәкірттеріме де талапшыл
болуға, ешқашан риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және егер оны пациенттің
мүддесі талап етсе, әріптестеріммен кеңесуге ант етемін. Қазақстандық медицинаның
игі дәстүрлерін сақтауға және байытуға, мені дәрігерлік өнерге баулыған адамдарға
алғыс білдіре отырып, оларды құрметтеуге ант етемін.".
30-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ
178-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтің
субъектілері
1. Денсаулық сақтау саласында ғылыми кадрлар даярлауды негізгі ғылыми және
(немесе) ғылыми-техникалық қызмет ретінде жүзеге асыратын заңды тұлға денсаулық
сақтау саласындағы ғылыми ұйым (бұдан әрі - ғылыми ұйым) болып табылады.
2. Ғылыми ұйымдар ғылыми-зерттеу ұйымдары (ғылыми-зерттеу институттары,
ғылыми орталықтар), жоғары медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдары
және ғылыми қызметпен айналысатын өзге де ұйымдар болып бөлінеді.
3. Ғылыми ұйымдар Қазақстан Республикасының білім беру және денсаулық сақтау
саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық, фармацевтикалық және білім беру
қызметімен айналысуы мүмкін.
179-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті
үйлестіру
1. Іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын
қалыптастыруды, денсаулық сақтау саласында ғылыми қолдауды үйлестіруді, медицина
ғылымының тұжырымдамасын әзірлеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Уәкілетті орган ғылыми ұйымдардың құрылтайшысы болады.
3. Уәкілетті орган денсаулық сақтау саласындағы ғылыми бағдарламалардың
ғылыми-медициналық сараптамасын жүзеге асырады.
180-бап. Медициналық-биологиялық эксперименттер, клиникаға
дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық
зерттеулер жүргізу, диагностиканың, емдеудің
және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін
қолдану
1. Медициналық-биологиялық эксперименттер, клиникаға дейінгі (клиникалық
емес) және клиникалық зерттеулер жүргізудің мақсаты олардың қауіпсіздігі мен
тиімділігін бағалау және дәлелдерін ғылыми әдістермен алу болып табылады.
2. Клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жануарларға жүргізіледі.
3. Адамның (пациенттің немесе ерік білдірген адамның) қатысуымен болатын
клиникалық зерттеулер, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулердің оң
нәтижелері алынған жағдайда, оның жазбаша хабардар етілген келісімімен ғана
жүргізілуі мүмкін.
4. Кәмелетке толмаған адамдардың қатысуымен болатын клиникалық зерттеулер
кәмелетке толған адамдарға зерттеулер жүргізумен қатар мынадай:
1) балаларды емдеуге арналған медициналық технологиялар немесе дәрілік
заттар;
2) кәмелетке толмаған адамдарды емдеуге арналған дәрілік заттың ең оңтайлы
мөлшерлемесі туралы деректер алу мақсатында жүргізіледі.
Кәмелетке толмаған адамдардың қатысуымен клиникалық зерттеулер жүргізу
олардың заңды өкілдерінің жазбаша хабардар етілген келісімімен ғана жүргізіледі.
5. Клиникалық зерттеуге қатысуға келісімі алынған жағдайда, кәмелетке
толмаған адамның заңды өкіліне, пациентке немесе ерік білдірген адамға:
1) медициналық технология, фармакологиялық немесе дәрілік зат, клиникалық
зерттеудің мәні мен ұзақтығы туралы;
2) медициналық технологияның, фармакологиялық немесе дәрілік заттың
қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы, сондай-ақ денсаулық үшін қолдану қатерінің
Достарыңызбен бөлісу: |