Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы



жүктеу 0,79 Mb.
Pdf просмотр
бет37/58
Дата07.02.2020
өлшемі0,79 Mb.
#28564
түріКодекс
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58

 
және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдар жатады.
 
      3. Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан шетелдіктер мен 
азаматтығы жоқ адамдар АИТВ-ның болуына зерттеліп-қаралудан жалтарған жағдайда 
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шығарып жіберіледі.
 
      Қазақстан Республикасының аумағында дипломатиялық артықшылықтар мен 
иммунитетті пайдаланатын шет мемлекеттердің дипломатиялық, өкілді және консулдық 
мекемелерінің қызметкерлері мен өзге де адамдары АИТВ-ның болуына зерттеліп-
қаралудан тек өздерінің келісімдерімен ғана өтеді. Оларды зерттеп-қарау қажеттігі 
туралы ұсынысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен 
алдын ала келіседі.
 
      4. Кәмелетке толмаған адамдар мен әрекетке қабілетсіз адамдарды куәландыру 
олардың заңды өкілдерінің келісімімен немесе олардың қалауы бойынша жүргізіледі.
 
      5. Медициналық зерттеп-қарау кезінде АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісін 
анықтаған денсаулық сақтау ұйымдары зерттеліп-қаралатын адамға алынған нәтиже 
туралы жазбаша түрде хабар беріп, өз денсаулығын және айналасындағылардың 
денсаулығын сақтауға бағытталған сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы 
ұғындырады, сондай-ақ емделуден жалтарғаны және басқа адамдарға жұқтырғаны 
үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы туралы ескертеді.
 
      Ескерту. 115-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
   20-тарау. ПСИХИКАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНАН (АУРУЫНАН) ЗАРДАП 
ШЕГУШІ АДАМДАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ 
      116-бап. Психиатриялық көмек алуға жүгінудің еріктілігі
 
      1. Психиатриялық көмек психиканың бұзылуының (ауруының) профилактикасын, 
азаматтардың психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды, психикасының бұзылуының 
диагностикасын, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарды емдеуді, 
оларға күтім жасауды және медициналық-әлеуметтік оңалтуды қамтиды.
 
      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, психиатриялық көмек адам 
ерікті түрде өтініш жасаған кезде оның жазбаша келісімімен көрсетіледі.
 
      3. Кәмелетке толмаған адамға, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған 
адамға психиатриялық көмек осы Кодексте көзделген тәртіппен олардың заңды 
өкілдерінің келісімімен көрсетіледі.
 
      117-бап. Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін атқаруды
 
                шектеу
 
      1. Азамат психикасының бұзылуы (ауруы) салдарынан уақытша, соңынан қайта 
куәландыру құқығымен кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп 
көзіне байланысты жұмысты атқаруға жарамсыз деп танылуы мүмкін.
 
      Жарамсыз деп тану тиісті сараптаманы жүзеге асыруға лицензиясы және (немесе) 
аккредиттеу туралы куәлігі бар мамандандырылған психиатриялық медициналық ұйымда 
құрылатын дәрігерлік комиссияның шешімі бойынша жүргізіледі.
 
      Азамат аталған комиссияның шешіммен келіспеген жағдайда, ол жөнінде сотқа 
шағымдана алады.
 
      2. Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне 
байланысты жұмысты жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы 
айғақтар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және ол бес жылда 
кемінде бір рет жинақталған тәжірибе мен ғылыми жетістіктер ескеріле отырып, қайта 
қаралады.
 
      118-бап. Психиатриялық көмек көрсетілетін азаматтардың
 
                құқықтары мен мүдделерін қорғау
 
      1. Азамат өзіне психиатриялық көмек көрсетілген кезде өзінің құқықтары мен 
заңды мүдделерін қорғау үшін өз таңдауымен өкілді шақыруға құқылы. Өкілдікті 


 
ресімдеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде және Қазақстан 
Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
 
      2. Кәмелетке толмаған адамның немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған 
адамның психиатриялық көмек көрсетілген кездегі заңды мүдделерін қорғауды олардың 
заңды өкілдері жүзеге асырады.
 
      3. Азаматқа психиатриялық көмек көрсетілген кезде оның құқықтары мен заңды 
мүдделерін қорғауды адвокат немесе заңды өкіл жүзеге асырады. Психиатриялық көмек 
көрсететін ұйымның әкімшілігі осы Кодекстің 97-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде 
және 123-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, адвокат шақыру 
мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
 
      119-бап. Психиканың бұзылуының (ауруының) диагностикасы
 
                және оны емдеу
 
      1. Психиатр-дәрігер психиатриялық көмек көрсетеді.
 
      2. Психиканың бұзылуы (ауруы) диагнозын клиникалық көріністерге, зертханалық 
деректерге, объективті мәліметтерге сәйкес психиатр-дәрігер қояды. Мәжбүрлі 
тәртіппен ауруханаға жатқызылған адамға диагнозды психиатр дәрігерлер комиссиясы 
қояды. Диагнозды азаматтың қоғамда қабылданған моральдық, мәдени, саяси және діни 
құндылықтармен келіспеуіне не оның психикалық денсаулық жағдайына тікелей байланысы 
жоқ өзге де себептерге негіздеуге болмайды.
 
      3. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамға диагноз қою және 
оны емдеу үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасымен 
рұқсат етілген медициналық құралдар мен әдістер қолданылады.
 
      4. Медициналық құралдар мен әдістер аурулы ауытқулардың сипатына қарай 
диагностикалық және емдеу мақсаттарында ғана қолданылады және оларды адамды жазалау 
түрінде пайдалануға тыйым салынады.
 
      5. Дәрігер психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамға, егер ол 
жазылған ақпараттың мәнісін дұрыс қабылдай алатын болса, немесе оның заңды өкіліне 
психиканың бұзылуының (ауруының) сипаты, емдеу мақсаттары мен әдістері туралы 
жазбаша ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын емдеудің ұзақтығы, ықтимал ауруды сезіну, 
жанама әсерлер туралы және күтілетін нәтижелер туралы деректерді психиатриялық 
куәландыру жүргізілген кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде береді. Медициналық 
құжаттамада берілген ақпарат туралы жазба жасалады. Қалған жағдайларда бұл ақпарат 
осы Кодекстің 95-бабының 4-тармағына сәйкес ұсынылуы мүмкін.
 
      6. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, психикасының 
бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамды емдеу оның немесе оның заңды өкілдерінің 
келісімі алынғаннан кейін жүргізіледі.
 
      7. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның келісімінсіз 
немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз емдеу Қазақстан Республикасының 
заңнамасында белгіленген негіздер бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын 
қолданған кезде ғана, сондай-ақ осы Кодекстің 94-бабының 1-тармағында көзделген 
негіздер бойынша ауруханаға мәжбүрлеп жатқызған кезде жүргізілуі мүмкін. Ауруханаға 
шұғыл жатқызылған реттерді қоспағанда, мұндай жағдайларда емдеу психиатр-дәрігерлер 
комиссиясының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Адамды оның келісімінсіз ауруханаға 
жатқызу кезінде оны психиатриялық ұйымға орналастырған кезден бастап қырық сегіз 
сағат ішінде психиатр дәрігерлер комиссиясының емдеу тәртібі туралы шешімді 
қабылдау қамтамасыз етілуге тиіс.
 
      8. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, психикасының 
бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің ұсынылып 
отырған емдеуден бас тартуға немесе оны тоқтатуға құқығы бар.
 
      9. Емделуден бас тартқан адамға не оның заңды өкіліне емдеуді тоқтатудың 
ықтимал зардаптары түсіндірілуге тиіс. Емделуден бас тарту оның ықтимал зардаптары 


жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау