туралы мәліметтер көрсетіле отырып, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап
шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің және психиатр-дәрігердің қолы қойылып,
медициналық құжаттамаға жазбамен ресімделеді.
Ескерту. 119-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29
N 375-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
120-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші
адамдардың құқықтары
1. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдар Қазақстан
Республикасының Конституциясында көзделген, азаматтардың барлық құқықтары мен
бостандықтарына ие болады.
Психикасының бұзылуына (ауруына) байланысты азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын жүзеге асыруын шектеуге Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.
2. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдардың бәрі өздеріне
психиатриялық көмек көрсетілген кезде:
1) психиатриялық көмекті тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ қажет болған
жағдайда жүрген жері бойынша алуға;
2) емдеудің кез келген сатысында медициналық құралдар мен әдістерді
пайдаланудан, ғылыми зерттеулерден немесе оқу процесінен, суретке түсіруден, бейне
жазудан немесе киноға түсуден бас тартуға;
3) осы Кодекспен реттелетін мәселелер бойынша дәрігерлік комиссияда жұмыс
істеу үшін психиатриялық көмек көрсетуге қатысатын маманды (оның келісімімен)
тартуға;
4) егер пациент он сегіз жасқа толмаған болса, жалпы білім беретін мектептің
немесе интеллектуалдық дамуы бұзылған балаларға арналған арнаулы мектептің
бағдарламасы бойынша білім алуға;
5) хат-хабар алысуға, посылкалар, бандерольдер, ақша, почта аударымдарын
алуға және жіберуге, телефонды пайдалануға, келушілерді қабылдауға, мерзімді баспа
басылымдарына жазылуға;
6) ең қажетті заттарды ұстауға және сатып алуға, өз киімін пайдалануға
құқылы.
3. Жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық
мекемелерде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын, психикасының
бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдардың осы баптың 1 және 2-тармақтарында
көрсетілген құқықтардан басқа:
1) қосымша тамақ сатып алуға;
2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс медициналық
қызметтер алуға;
3) жеңіл керек-жарақтар, киімдер, аяқ киімдер сатып алуға;
4) қалааралық телефон байланысын пайдалануға;
5) қолма-қол ақшаны бақылау шотын пайдалануға құқығы бар.
Аталған құқықтарды іске асыру осы құқықтар берілетін адамның қаражаты
есебінен жүзеге асырылады.
121-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші
адамдарға қатысты медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шаралары
1. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегетін, қоғамға қауіпті
әрекеттер жасаған адамдарға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары сот
шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер бойынша
және тәртіппен қолданылады.
2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары денсаулық сақтау жүйесінің
психиатриялық ұйымдарында:
1) амбулаториялық мәжбүрлі байқау және психиатрдың емдеуі;
2) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
3) мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
4) жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда
мәжбүрлеп емдеу түрінде жүзеге асырылады.
3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін психиатриялық
стационарға орналастырылған адамдар психиатриялық стационарда болған бүкіл
кезеңінде еңбекке жарамсыз деп танылады.
4. Жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақша, оның ішінде зейнетақы төлемдері
мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар жіті байқау жасалатын мамандандырылған
үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің (бұдан әрі - мекеме) қолма-қол ақшасын
бақылау шотына мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың пайдалануы
үшін аударылады.
5. Ақшаны пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
6. Мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотының қаражатын пайдалану жөніндегі
есеп пен есептілік, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылау Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
122-бап. Мемлекет кепілдік берген психиатриялық көмек
көрсету және әлеуметтік қорғау
1. Мемлекет:
1) шұғыл және жоспарлы психиатриялық көмекке;
2) психиатриялық сараптамаға, еңбекке уақытша жарамсыздықты айқындауға;
3) психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарға, оның ішінде
оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес - мүгедектерге әлеуметтік-тұрмыстық көмек
көрсетуге және еңбекке орналасуына жәрдемдесуге кепілдік береді.
2. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарға психиатриялық
көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін және оларды әлеуметтік қорғау мақсатында
мемлекет:
1) психиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастырады;
2) психикасының бұзылуынан зардап шегуші кәмелетке толмағандарға, оның ішінде
оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес - мүгедектерге жалпы білім беретін және
кәсіптік оқытуды ұйымдастырады;
3) өндірістік-емдеу ұйымдарын, сондай-ақ еңбек терапиясына, мүгедектерді қоса
алғанда, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарды осы ұйымдарда
еңбекке орналастыру үшін жаңа мамандықтарға оқытуға арналған еңбек жағдайлары
жеңілдетілген арнайы өндірістер, цехтар немесе учаскелер құрады.
123-бап. Психиатриялық куәландыру
1. Психиатриялық куәландыру зерттеп-қаралатын адамның психикасының бұзылуын
(ауруын) анықтау, психиатриялық көмек көрсету қажеттігін және оның түрлерін
айқындау мақсатында, сондай-ақ қорғаншылық, еңбекке уақытша жарамсыздықты айқындау
туралы мәселені шешу үшін жүргізіледі.
2. Психиатриялық куәландыру, сондай-ақ профилактикалық тексеріп-қарау
зерттеп-қаралатын адамның өтініші бойынша немесе жазбаша келісімімен немесе оның
заңды өкілдерінің куәландыру себептері көрсетілген жазбаша өтініші бойынша;
кәмелетке толмаған адамға немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамға қатысты
- олардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша немесе жазбаша келісімімен жүргізіледі.
Зерттеп-қаралатын адамды психиатриялық куәландырудың деректері мен оның
психикалық денсаулық жағдайы туралы қорытынды медициналық құжаттамада тіркеледі,
онда психиатр-дәрігерге көріну себептері мен медициналық ұсынымдар да көрсетіледі.
3. Тексерілетін адамның немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі
Достарыңызбен бөлісу: |