әрекет жасаған адамдарға қатысты медициналық көмек көрсетуге жол беріледі.
2. Кәмелетке толмаған адамдарға және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған
азаматтарға қатысты медициналық көмек көрсетуге келісімді олардың заңды
өкілдері
береді. Заңды өкілдері болмаған кезде медициналық көмек көрсету туралы шешімді
консилиум қабылдайды, ал консилиумды жинау мүмкін болмаған кезде - медициналық
ұйымның лауазымды адамдарын және заңды өкілдерді кейіннен хабардар ете отырып,
шешімді тікелей медицина қызметкері қабылдайды.
3. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету осы баптың 1-
тармағында көзделген негіздер жойылғанға дейін жалғастырылады.
Ескерту. 94-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29
N 375-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
95-бап. Дәрігерлік құпия
1. Медициналық көмекке жүгіну фактісі, азаматтың денсаулығының жай-күйі, оның
ауруының диагнозы туралы ақпарат пен оны зерттеп-қарау және (немесе) емдеу кезінде
алынған өзге де мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайды.
2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген жағдайлардан басқа, оқыту,
кәсіптік, қызметтік және өзге де міндеттерді орындау кезінде дәрігерлік құпияны
құрайтын мәліметтер белгілі болған адамдардың оларды жария етуіне жол берілмейді.
3. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді
пациенттің немесе оның заңды
өкілінің келісімімен пациентті зерттеп-қарау және емдеу мүддесіне орай, ғылыми
зерттеулер жүргізу, осы мәліметтерді оқыту процесінде және өзге де мақсаттарға
пайдалану үшін басқа жеке және (немесе) заңды тұлғаларға беруге жол беріледі.
4. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді азаматтың немесе оның заңды
өкілінің келісімінсіз беруге мынадай жағдайларда:
1) өзінің жай-күйіне байланысты өз еркін білдіруге қабілетсіз азаматты
зерттеп-қарау және емдеу мақсатында;
2) айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралу қатері болған кезде;
3) тергеу немесе сот талқылауын жүргізуге байланысты анықтау және алдын ала
тергеу органдарының, прокурордың, адвокаттың және (немесе)
соттың сұратуы бойынша;
4) кәмелетке толмаған адамға немесе әрекетке қабілетсіз адамға медициналық
көмек көрсету кезінде оның заңды өкілдерін хабардар ету үшін;
5) азаматтың денсаулығына зақым құқыққа қарсы әрекеттер салдарынан келтірілді
деп есептеуге негіздер болған кезде жол беріледі.
5. Жеке тұлғалардың (пациенттердiң) дербес деректерін қамтитын электрондық
ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін жеке тұлғалардың (пациенттердiң) жеке
өмiрiне қатысты дербес деректерді олардың рұқсатынсыз жинауға және өңдеуге жол
берiлмейдi.
Жеке тұлғалардың (пациенттердiң) дербес деректерін қамтитын электрондық
ақпараттық ресурстарды жеке тұлғалардың (пациенттердiң) жеке өмiрiне қатысты дербес
деректерді пайдалану кезiнде оларды басқа деректер базаларымен байланыстыратын
желiлерге өздерінің рұқсатынсыз қосуға жол берiлмейдi.
Ескерту. 95-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2013
№ 95-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
17-тарау. АДАМНЫҢ ҰРПАҚТЫ БОЛУ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ
96-бап. Азаматтардың ұрпақты болу құқықтарын қорғау
саласындағы құқықтары мен міндеттері
1. Азаматтардың:
1) ұрпақты болуды еркін таңдауға;
2) ұрпақты болу денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау жөнінде
көрсетілетін қызметтерді алуға;
3) өзінің ұрпақты болу денсаулығының жай-күйі туралы дәйекті және толық
ақпарат алуға;
4) бедеуліктен емделуге, оның ішінде Қазақстан Республикасында рұқсат
етілген, ұрпақты болудың қазіргі заманғы қосалқы әдістері мен технологияларын
қолдана отырып емделуге;
5) жыныстық жасушалар донорлығына;
6) контрацепция әдістерін пайдалануға және еркін таңдауға;
7) хирургиялық стерилизациялануға;
8) жүктілікті жасанды түрде үзуге;
9) өзінің ұрпақты болу құқықтарын қорғауға;
10) балалардың санына және олардың некеде немесе некесіз тууының уақытына,
туу аралығындағы ана мен баланың денсаулығын сақтау үшін қажетті
аралық жиілікке
қатысты шешімді ерікті түрде қабылдауға;
11) жыныстық жасушаларды сақтауға құқығы бар.
2. Кәмелетке толмаған адамдардың ұрпақты болу денсаулығын сақтауға, сондай-ақ
имандылық-жыныстық тәрбие алуға құқығы бар.
3. Азаматтар өздерінің ұрпақты болу құқықтарын жүзеге асыру кезінде басқа
азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауға міндетті.
97-бап. Әйелдердің жүктілік, босану және босанғаннан
кейінгі кезеңінде денсаулығын сақтау
1. Әйелдің жүктілік кезеңінде, босану кезінде және босанғаннан кейін, оның
ішінде шарананы тірі туудың және өлі туудың халықаралық критерийлерімен
айқындалатын мерзімінен бұрын босанғаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағында
рұқсат етілген
әдістерді қолдана отырып, денсаулығын сақтауға және көмек алуға
құқығы бар.
2. Жүкті, босанатын және босанған әйелдерге денсаулық сақтау жүйесі
ұйымдарында медициналық, консультациялық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемі шегінде ұсынылады.
3. Жүктілік кезеңінде зерттеп-қарау, емдеу және медициналық араласу әйелдің
немесе оның заңды өкілінің келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Зерттеп-қарауды, емдеуді және медициналық араласуды кешеуілдету әйелдің және
баланың (шарананың) өміріне қауіп төндіретін жағдайларда зерттеп-қарауды, емдеуді
және медициналық араласуды жүзеге асыру туралы шешімді дәрігер немесе дәрігерлік
комиссия қабылдайды.
98-бап. Бедеуліктен емделу
1. Адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында, жекеше медициналық практикамен
айналысатын жеке тұлғаларда қауіпсіз және тиімді әдістермен, оның ішінде Қазақстан
Республикасының аумағында қолдануға уәкілетті орган Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес рұқсат еткен, ұрпақты болудың
қосалқы әдістері мен технологияларын пайдалана отырып,
олардың тиімділігі,
қолданудың оңтайлы мерзімдері туралы, ықтимал асқынулар, медициналық және құқықтық
салдарлары туралы толық әрі түбегейлі ақпаратты және олардың
организмге әсер етуіне
қатысты өзге де мәліметтерді міндетті түрде ала отырып, бедеуліктен емделуге құқығы
бар.
2. Тіркелген некеде тұрған адамдардың ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен
технологияларын өзара келісім бойынша ғана пайдалануға құқығы бар.
99-бап. Ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен
технологиялары, клондау
1. Әйелдердің ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларына (жасанды
инсеминацияға, жасанды ұрықтандыруға және эмбрионды имплантациялауға) құқығы бар.
2. Ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын жүргізудің тәртібі
мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.