Сабақтың тақырыбы: Компьютердің көмегімен хабарларды жеткізу және қабылдау.
Жергілікті желі. Электрондық пошта.
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларды “Электрондық хабар”, “Компьютерлік желі” ұғымдарымен
таныстыру. Электрондық пошта мен хабарлар туралы және электрондық
адрес туралы түсінік беру;
ә) оқушылардың ойлау қабілеттерін, ой-өрісін, пәнге қызығушылықтарын
қалыптастыру;
б) ақпараттық мәдениеттілікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: ұжымдық жұмыс, тірек-сызбалар.
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі, құқық, өмірмен байланыс.
Көрнекілігі: слайд-фильм, тірек-сызба, топшамалар жинағы, ЭО.
Техникалық құрал-жабдықтар: ДК, интерактивті тақта, модем, ЭО.
Жоспар:
Ұйымдастыру (Оқушылардың, сыныптың сабаққа дайындығын шолу, назарларын сабаққа аудару)
“Ой сергіту ” аялдамасы. (Үй тапсырмасы)
“Теория” аялдамасы (Жаңа тақырып)
“Практика” аялдамасы (Беркіту тапсырмалары, тест)
Қорытынды бөлім (Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беру)
Кіріспе. (Слайд арқылы саяхаттың маршруттарын көрсету )
Бүгінгі сабағымызда “Модем” құрылғысы арқылы “Интернет желісіне” саяхатқа шығамыз.
Бізге алдымен байланысқа шыққан “Ой сергіту” аялдамасы.(Телефон дыбысы). Бұл аялдамада байланысты әрі қарай жалғастыру үшін үй тапсырмасын сұрайды. (Слайд №1)
Сіздер “Ой сергіту” аялдамасының шартын орындадыңдар. Олай болса байланысымызды жалғасырамыз.(Телефон дыбысы) Байланысып тұрған “Теория аялдамасы”. Мұнда жаңа сабақ түсіндіріледі.(Слайд №2)
Компьютерлік желі-бұл бір – бірімен әр түрлі ресурстарды ортақ пайдалану үшін біріктірілген компьютерлер тобы. Компьютерлік желінің 3 түрі бар:
Жергілікті желі-бір бөлменің немесе ғимараттың аумағында біріктірілген компьютерлер тобы;
Аймақтық желі- қала, облыс, ел шегінде біріктілрілген компьютерлер тобы;
Интернет желісі- бүкіл дүние жүзімен байланыс орнатуға болатын желі.
Компьюетерлік желілердің көмегімен дүние жүзі деңгейінде хабарды жіберуге және алуға болады.
Желі арқылы хабар алмасу жүйесін электрондық пошта (e-mail) деп атайды. Электрондық пошта Интернеттің ең кең тараған қызметі болып табылады. Соңғы мәліметтерді диаграмма арқылы мысалға келтіру.
Электрондық пошта мен кәдімгі поштаның жұмыс істеу принциптері ұқсас.
-кәдімгі пошта арқылы хат жібергенде не істейсіңдер, өздерің айтып көріңдер?
-Оқушылар жауабы
Алайда электрондық поштаның кәдімгі поштадан елеулі айырмашылықтары бар:
Хабарлар жіберудің жоғары жылдамдығы;
Электрондық хатта тек мәтіндік хабар ғана емес, оған қоса әр түрлі программалар, графикалар,, дыбыстық хабарлар қоса жіберуге болады;
Хатты бірден бірнеше абонентке (адреске) жіберуге болады.
Электрондық поштаны іске қосу жолы: Пуск- Программы-Outlook Express әмірін орындау керек. Сол кезде Outlook Express программасының жұмыс үстелі пайда болады.(Слайд арқылы терезе элементтерін түсіндіру)
Outlook Express программасы стандартты қапшықтармен жұмыс істейді:
Входящее (Келетін хабарла)- мұнда барлық алынған хабарлар туралы мәлімет алуға болады;
Исходящее (шығатын хабарлар) барлық жіберуге дайын хабарлар сақталады.
Отправленные (жөнелтілген хабарлар) қапшығында электрондық пошта арқылы жіберілген хабарлардың көшірмесі сақталады.
Жаңа хабарлар құру үшін: Сообщения (Хабарлама)-Создать сообщение (хабарлама жасау)әмірін орындау.
Ашылған сұқбат терезеден Кому (кімге) өрісіне хабар жіберетін адамның электрондық адресін пернетақтадан енгізу.Электрондық адрес латын әріптерімен жазылады.
Мысалы: ahmetov@soros.krg.kz
Мұндағы: soros- пошта сервері (пошта бөлімшесі)
Krg- қала аты (Қарағанды)-кейде қала аты болмауы да мүмкін.
Kz- ел аты(Қазақстан)
Aumetov- пошта жәшігінің аты
@ (Эт,сабачка) және нүктелер- бөлгіш белгілер.
ahmetov@soros.krg.kz
пайдаланушы домендер
жәшігі
Тема (тақырып)өрісіне мысалы:хат
Астындағы өріске хаттың мазмұны пернетақтадан енгізіледі. Хабар дайын болған соң Файл-Отправить(Жөнелту) командасын орындау немесе Отправить (Жөнелту) батырмасын басу. Жіберілген хабардың көшірмесі Отправленные (Жөнелтілген хабарлар) қапшығында сақталады. Алынған хабарларды оқу үшін входящее (келетін хабар) қапшығы белгісінде тінтуірді 2 рет шерту. Сонда алынған хабар терезесі ашылады.
Электрондық поштамен хабар жазғанда сыпайылық ережелерін сақтауларың керек. Сөйлемдеріңізді грамматикалық жағынан сауатты құрастыруға тырысыңдар. Себебі: сауатсыз жазылған хабарламаларды оқу да, түсіну де мүмкін емес.
Жаңа сабақты түсінсеңдер байланысымызды әрі қарай жалғастырамыз.(Телефон дыбысы) байланысқа “Практика” аялдамасы шықты. Жаңа тақырыпты қаншалықты деңгейде түсінгендеріңді тексеріп беркіту үшін практикалық тапсырма береді.
Практикалық жұмыс.
Жұмыс үстелінен “Практика” қапшығын ашыңдар;
“Электрондық пошта” модуліне шертіңдер;
Тапсырмалар қатарынан №1 және№10 тапсырмаларды орындаңдар;
Тапсырмаларды орындап болған соң “Практика” қапшығынан шығыңдар.
Оқушылар тапсырмаларды орындап болған соң алдын-ала жазылып қойылған дыбыстық файл іске қосылады: “Сіздермен байланысып тұрған Интернет желісі. Бүгінгі саяхат сабақтарыңда өздеріңнің компьютерлік сауаттылықтарыңды көрсеттіңдер. Болашақта Интернетпен жұмыс жасау үшін, сіздер компьютердің қыр- сырын жетік меңгере түсулеріңе тілектеспін.”
Саяхатымыздың мақсаты Интернет желісіне қосылу еді. Олай болса балалар, Интернет желісіне де қосылдық. Енді сендерге Интернет желісі бүгінгі сабақты қалай меңгергендеріңді бағалау мақсатында тест тапсырмасын береді. (MS Excell-де жазылған оқушылардың білімін автоматты түрде бағалайтын тест тапсырмасын компьютерде орындайды.)
Қорытынды:
Оқушылар сонда бүгінгі саяхат сабағымыздың негізгі маршрутына қарап отырып Интернет желісі арқылы хабар алмасу үшін қандай құрылғылар керек екен, кәне барлығымызда ойланып жауап беріп көрейік?!
Үйге тапсырма: 8.1; 8.2 тақырып оқуға және әр оқушы өзіне электрондық адрес (e-mail) жазып келу.
Батыс Қазақстан облысы,
Теректі ауданы
Қызылжар негізгі жалпы білім беретін мектебі
Информатика пәнінің мұғалімі
Кубашев Елдос Аскарович
Достарыңызбен бөлісу: |