қарсылық білдірген немесе ол болмаған жағдайда куәландыру қорғаншы және қамқоршы
органның шешімі бойынша жүргізіледі, оған сотқа шағым жасалуы мүмкін.
4. Осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда,
психиатриялық куәландыру жүргізетін дәрігер зерттеп-қаралатын адамға және оның
заңды өкіліне өзін психиатр ретінде таныстыруға міндетті.
5. Зерттеп-қаралатын адам психикасының бұзылуы (ауруы) асқынған деп
жорамалдауға негіз болатын іс-әрекеттер жасаған кезде, оған өзінің келісімінсіз
немесе заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру жүргізілуі мүмкін,
мұның өзі:
1) оның өзіне және айналасындағыларға тікелей қауіп төндіруіне;
2) оның дәрменсіздігіне, яғни тиісті күтім болмаған жағдайда негізгі тіршілік
қажеттерін өз бетінше қанағаттандыруға қабілетсіздігіне;
3) егер адамға психиатриялық көмек көрсетілмей қалдырылатын болса, психикалық
жай-күйінің нашарлауы салдарынан оның денсаулығына елеулі зиян келуіне байланысты
туындайды.
6. Егер зерттеп-қаралатын адам осы Кодекстің 124-бабының 2-тармағында
көзделген тәртіппен динамикалық байқауда тұрса, оған оның заңды өкілінің
келісімінсіз психиатриялық куәландыру жүргізілуі мүмкін.
7. Әртүрлі психиатриялық сараптамалар мен адамды психиатриялық куәландыру
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес
жүргізіледі.
8. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда психиатриялық куәландыру
туралы шешімді психиатр дәрігерлер комиссиясы адамның заңды өкілін хабардар ете
отырып, қабылдайды.
9. Осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамды өзінің
келісімінсіз немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру
туралы шешімді мұндай куәландыру үшін осы баптың 5-тармағында санамаланған
негіздердің бар-жоғы туралы мәліметтер қамтылған өтініш бойынша психиатр-дәрігер
қабылдайды.
10.
Алып тасталды - ҚР 2010.12.29
N 375-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
11.
Алып тасталды - ҚР 2010.12.29
N 375-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
12. Психиатриялық куәландыру туралы өтініш жазбаша түрде болуға, онда мұндай
куәландырудың қажеттігін негіздейтін толық мәліметтер және ол адамның (не оның
заңды өкілінің) психиатр дәрігерге көрінуден бас тартатыны туралы деректер
қамтылуға тиіс. Психиатр дәрігер шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер
сұратуға құқылы. Психиатр дәрігер өтініште осы баптың 5-тармағында көзделген мән-
жайлардың жоқ екенін анықтап, психиатриялық куәландырудан жазбаша түрде дәлелді
себеппен бас тартады.
Ескерту. 123-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29
N 375-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
124-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші
науқастарды динамикалық байқау
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда психикасының бұзылуынан
(ауруынан) зардап шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің келісіміне қарамастан
динамикалық байқау белгіленуі мүмкін және ол психиатр-дәрігердің тұрақты тексеріп-
қарауы арқылы адамның психикалық денсаулығының жай-күйін байқауды және оған қажетті
медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді.
2. Динамикалық байқау психикасының бұзылуы тұрақты немесе созылмалы болып,
ауыр, өзгермейтін сипат алған, асқынған ауру белгілері жиі болатын адамға
белгіленуі мүмкін.
3. Динамикалық байқауды белгілеу қажеттігі және оны тоқтату туралы мәселені
шешуді амбулаториялық психиатриялық көмек көрсететін психиатриялық ұйымның
әкімшілігі тағайындайтын психиатр-дәрігерлер комиссиясы немесе денсаулық сақтау
органы тағайындайтын психиатр-дәрігерлер комиссиясы қабылдайды, комиссияда кемінде
үш дәрігер болады.
4. Психиатр-дәрігерлер комиссиясының дәлелді шешімі медициналық құжаттамаға
жазбамен ресімделеді. Динамикалық байқауды белгілеу немесе оны тоқтату туралы
шешімге осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
5. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адам сауыққан немесе оның
психикалық жай-күйі айтарлықтай әрі тұрақты жақсарған кезде бұрын белгіленген
динамикалық байқау тоқтатылады. Динамикалық байқау тоқтатылғаннан кейін сол адамның
өтініші бойынша немесе келісімімен не оның заңды өкілінің өтініші бойынша немесе
келісімімен психиатриялық көмек консультация және емдеу түрінде көрсетіледі.
Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адам психикалық жай-күйі өзгерген
кезде осы Кодекстің 123-бабында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен өзінің
келісімінсіз немесе заңды өкілінің келісімінсіз куәландырылуы мүмкін. Мұндай
жағдайларда психиатр-дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша психикасы бұзылған
(ауырған) науқастарға динамикалық байқау қайта жалғастырылуы мүмкін.
6. Динамикалық байқауды тоқтату туралы мәселені қарау психикасының бұзылуынан
зардап шегуші адамның өзінің бастамасы бойынша, сондай-ақ оның заңды өкілінің
бастамасы бойынша осы баптың 3-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылуы
мүмкін.
Ескерту. 124-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29
N 375-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
125-бап. Психиатриялық стационарға жатқызу
1. Адамның психикасының бұзылуы (ауруы) және психиатр-дәрігердің оған
зерттеп-қарау жүргізу немесе оны стационар жағдайында емдеу қажеттігі туралы шешімі
оны психиатриялық стационарға жатқызу үшін негіз болып табылады.
1-1. Психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызуға сот шешімінің негізінде
жол беріледі.
Сот шешім шығарғанға дейін адамды психиатриялық стационарға мәжбүрлеп
жатқызуға тек қана осы Кодекстің 94-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4)
тармақшаларында көзделген салдарға жол бермеу мақсатында жол беріледі.
Сот шешімінсіз ауруханаға мәжбүрлеп жатқызудың әрбір жағдайында психиатриялық
ұйымның әкімшілігі адамды психиатриялық стационарға орналастырған кезден бастап
қырық сегіз сағат ішінде прокурорға жазбаша хабарлама жібереді.
Жұбайы-зайыбы, жақын туыстары және (немесе) заңды өкілдері туралы мәліметтер
болған кезде психиатриялық ұйымның әкімшілігі адамды психиатриялық стационарға
орналастырған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде оларды хабардар етеді.
2. Психиатриялық стационарға жатқызу Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сот-психиатриялық сараптама
жүргізу қажеттігімен байланысты болуы мүмкін.
3. Осы Кодекстің 94-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамды
психиатриялық стационарға жатқызу оның өтініші бойынша немесе оның жазбаша
келісімімен ерікті түрде жүзеге асырылады.
4. Кәмелетке толмаған адам психиатриялық стационарға ата-анасының немесе өзге
де заңды өкілінің жазбаша келісімімен жатқызылады.
5.
Алып тасталды - ҚР 2010.12.29
N 375-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
6. Заңды өкілі қарсы болған немесе заңды өкілі болмаған жағдайда кәмелетке
Достарыңызбен бөлісу: |