Бүкіл халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған коммуналды радиациялық гигиена



жүктеу 373,88 Kb.
Дата21.01.2018
өлшемі373,88 Kb.
#7860


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АДЕМИЯСЫ

«Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология» кафедрасы

Пән – Радиациялық гигиена

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

Мамандық «Медико- профилактикалық ісі»

Оқу курс мен семестр : ІІІ- курс, VІ - семестр

ШЫМКЕНТ-2012ж

Дәріс жинағы «Гигиена-1, денешынықтыру және валеология» кафедрасы

мәжілісінде талқыланды.

Хаттама № 5 « 11 » 12 20 12 ж.

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент ___________________ Долтаева Б.З.

1



Тақырыбы: Радиациялық гигиена пәні және мазмұны. Ғылымның негізгі даму кезеңдері. Заңды құжаттар.
Мақсаты: Радиациялық гигиенаның өз бетінше ғылым ретінде шығу және даму кезеңдерімен, осы сала бойынша ҚР-ның заңды құжаттарымен студенттерді таныстыру.
Дәріс тезистері:

Радиациялық гигиена- бұл иондаушы сәулелердің адамға әсер ету жағдайын, түрлерін және салдарын зерттейтін және адам денсаулығын қорғауға бағытталған шароаларды зерттеп, дайындайтын ғылым.


Негізгі төрт бағыты бар:

Дозиметрлік, бұл иондаушы сәулелердің көздерін және сәулеленуге ұшырау әсерінің деңгейлерін зерттеумен байланысты.

Радиобиологиялық, бұл эксперименталды және эпидемиологиялық зерттеулер кезінде, ИС-дің адам денсаулығына тигізетін әсерінің эффектілерін және салдарын зерттеу.

Қызметкерлер мен халықтың сәулеленуге ұшырауының рұқсат етілген деңгейлерін гигиеналық регламенттеудің теориясы және методологиясы.

Санитарлық-ұйымдастырушылық, бұл ИС қорғаудың тәжірибелік шараларын дайындаумен байланысты.
Радиациялық гигиенаның негізгі екі бөлімі:

Иондаушы сәулелену көздерімен жүргізілетін жұмыс жағдайын зерттейтін және қызметкердің қауіпсіздігі шараларын дайындайтын еңбек гигиенасы.

Бүкіл халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған коммуналды радиациялық гигиена.
Радиациялық гигиенаның міндеттері:

ИС көздерімен жұмыс істейтін адамдардың жұмыс жағдайы мен денсаулық жағдайын зерттеу.

ИС қолайсыз әсерінен қорғанудың жеке адамдық және жалпы шарапларының кешенін жасау.

Қоршаған ортаның негізгі нысандарының ( ауаның, судың, топырақтың, тағамның) радиологиялық тазалығына бақылау жүргізу.



Қоршаған ортаның белсенді қалдықтармен ластануының алдын-алу жөнінде шаралар дайындау.
1895ж- Вюрцбург университетінің физика ғылымының профессоры Вильгельм Конрад Рентген қатты денелерден өтетін ауада бірнеше метрге таралатын қабілеті бар рентген сәулесін ашты.
1896ж- Анри Беккерель уранның өздігінен көзге көрінбейтін сәулелер шығаратынын тапты. Бұл құбылыс белсенділік деп, ал сәулеленудің өзі иондаушы сәулелену деп аталды.
1899ж- Эрнест Резерфорд белсенді заттардың ыдырауы кезінде шығатын альфа- және бета- сәулеленулерді ашты.
1930ж- Фредерик Жолио-Кюри нейтрондық сәулеленуді ашты.
Радиациялық гигиена XX ғасырдың 40-шы жылдарының басьнда, салыстырмалы түрде беретін ғана, өз бетінше гигиеналық ғылым ретінде дами бастады. Бұл иондаушы сәулелер көздерімен жұмыс істейтін адамдар мен сол елді мекен тұрғындарының денсаулығына иондаушы радиацияның әсерін зерттейтін және еңбек пен тұрмыс жағдайының радиациялық кауіпсіздігін қамтамасыз ететін, ғьлыми негізделген қорғану шаралары кешенін жасайтын ғылым.

Рентген сәулелері мен радиоактивті ыдыраудьң ашылуының алғашқы жылдарында радиобиологиялық сипатты теориялық және экспериментальдық зерттеулер басталды, сондай-ақ бір мезгілде иондаушы сәулелердің зақымдаушы әсерінен адамдарды қорғау мәселелері де қарастырылды.

Ары қарай осы гылымның дамуына жаңадан пайда болған сәулелерді ғылымда және тәжірибеде жедел қолдану, сондай-ақ олардың ағзаға зақымдаушы әсерінің аныкталуы өз себебін тигізді.

Әсіресе медицинада рентген және радий сәулелерінің кеңінен қолданылуы, олардың биологиялык әсері жөніндегі жеткілікті, көп мәліметтер, иондаушы сәулелерден қорғау мәселелерімен айналысатын, көптеген елдердің кұшін біріктіретін фуңдамент болып табылады.

Әскери және бейбітшілік мақсаттағы уран өндіретін өнеркәсіптер мен атомдық энергетиканың дамуы, жасаңды радионуклидтерді алу және оларды халық шаруашылығының барлық салаларында кеңінен қолдану радиациялық гигиенаның дамуына үлесін қосты.

XX ғасырдың 50-ші жылдарында денсаулық сақтау Министрлігі құрамында республикалық, қалалык СЭС-ің базасында радиациялық қауіпсіздік бөлімдері мен радиологиялық топтардың құрылуы тарихтағы маңызды кезең болып табылады.

Қазіргі кездегі ҚР ДМ-ің мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бакылау комитетінің жанындағы республикалық СЭС-те, сондай-ак, 14 облыстағы облыстық және Астана, Алматы, Степногор қалаларының санитариялық эпидемиялық бақылау басқармасы жанында радиациялық гигиена бөлімдері жұмыс істейді, ал санитариялық эпидемиологиялық сараптау орталығының құрамында радиациялық бақылау зертаханасы жұмыс істейді.

Пәннің негізгі бағыттары дозиметрлік, радиобиологиялық бағыттар, рұқсат етілетін сәулеленуге ұшырау деңгейін гигиеналық регламенттеу теориясы мен әдістемесі және радиацияға қарсы корғану шараларын өңдейтін санитарлық ұйымдастыру бағыты болып табылады.

Радиациялық гигиена бойынша негізгі қағидалар Қазақстан Республикасы Конституциясының сәйкес баптарында, ҚР «Тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі жөніндегі», «Тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлы жағдай жөнінде», заңдарында көрсетілген, осылардың негізінде Республиканың барлық тұрғындарының радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «Радиациялық қауіпсіздік нормалары (РҚН-99), СЕ 2.6.1.758- 99» және басқа нормативтік актілер өңделді және бекітілді.

Медициналық-профилактикалық факультетте радиациялық гигиенаны оқыту жекеленген кәсіптік топтар мен тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі жағдайлары бойынша объективті ақпарат алу үшін пәннің теориялық негізін меңгеруге, санитарлық-дозиметрлік зерттеулерді игеруге, сондай-ақ радиологиялық объекгілердегі алдьн-ала және ағымдық санитарлық бақылау жүргізу дағдыларын үйренуге бағытталған.

4. Иллюстрациялы материалдар: слайд

Әдебиет

Бекмагамбетова Ж.Д. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения. Учебное пособие.- Алматы, 2002.- 304с.

Кенесариев Ү.И., Бекмағамбетова Ж.Ж., Жоламанов М.Е., Рузуддинова Г.Т. Радиациялық оқу құралы. Оқу құралы.-Алматы, 2004.-160б.

Гигиена: жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық/ Ү.И. Кенесариев және т.б.-Алматы:2010ж-656б.


Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

Радиациялық гигиена дегеніміз не?

Радиациялық гигиенаның негізгі бағыттары, міндеттері қандай?

Осы ғылымның дамуына үлес қосқан қандай ғалымдарды білеміз?

Радиациялық гигиена саласы бойынша ҚР-да қандай заңды құжаттарды білеміз?

2



Тақырыбы: Радиациялық гигиенада пайдаланылатын негізгі түсініктер және олардың сипаттамасы. Радиациялық гигиенада қолданылатын әдістер.
Мақсаты: Радиациялық гигиенада қолданылатын терминдер мен анықтамаларды жете ұғу, оларға сипаттама бере білу.
Дәріс тезистері:

Иондағыш сәулелену- зарядталған және зарядталмаған бөлшектерден және фотондардан тұратын сәулелену, олар ортасымен әсерлескен кезде белгілері әртүрлі иондар түзеді.

Сәулеленудің келесі түрлері бар:

б-сәулеленуі – оң зарядталған гелий ядроларының ағыны, иондандырғыш қабілеті үлкен, енгіштік қабілеті аз, ауада таралу ұзындығы 3-11см, ағза тіндерінде бірнеше микрон.

в-сәулеленуі – оң зарядталған электрондардың немесе теріс зарядталған позитрондардың ағыны, иондандырғыш қабілеті аз, енгіштік қабілеті басым, ауада таралу ұзындығы 10-15м, ағза тіндерінде бірнеше мм.

г-сәулеленуі- радиоактивтілік айналым кезінде шығатын электромагниттік энергияның кванттар ағыны, енгіштік қабілеті өте үлкен, ауада таралу ұзындығы жүздеген метр, иондағыш қабілеті үлкен емес.

Рентген сәулеленуі- табиғаты жағынан гамма-сәулеленуге ұқсас, бұл заттағы жылдам электрондарды тежеу кезінде жасанды түрде пайда болатын электромагниттік энергияның кванттар ағыны.

Нейтрондық сәулелену- нейтрондар ағыны., ядролық реакторларда уран, плутоний ядроларының бөліну реакциясы кезінде пайда болады. Енгіштік қабілеті үлкен, себебі нейтрондардың заряды жоқ.

Иондағыш сәулелену көзі- иондағыш сәулелену шығаратын немесе шығаруға қабілетті радиоактивті зат немесе қондырғы.

Табиғи сәулелену көзі- табиғи текті иондағыш сәулелену көзі.

Техногенді сәулеленуге ұшырау – пациенттердің медициналық сәулеленуге ұшырауынан басқа қалыпты да және апат жағдайларындағы техногендік сәулелену көздерінен сәулеленуге ұшырауы.

Жабық көздері- пайдалануы және тозуы алдын ала болжамдалған жағдайларда құрылғысы радиобелсенді заттарды қоршаған ортаға түсірмейтін кез келген иондаушы сәулелену көздері.

Ашық көздер- мұндай иондаушы сәулелену көздерін пайдаланған кезде, белсенді заттар қоршаған ортаға түсуі мүмкін. Бұл кезде тек сыртқы сәулелену ғана емес, сонымен қатар персонал қосымша ішкі сәулеленуге ұшырауы да мүмкін.

Радиобелсенділік- бұл өздігінен бір элементтің атом ядроларының иондаушы сәулелер (б-бөлшектер, в-бөлшектер, г-квант, т.б.) шығарып, басқа элемент атомының ядроларына айналуы.

Радиобелсенділіктің айналу түрлері:

б-ыдырау- реттік номері үлкен,табиғи белсенді элементтерге тән.

Электрондық в-ыдырау- табиғи да, жасанды да белсенді элементтерге тән.

Позитрондық в-ыдырау- кейбір жасанды радиобелсенді зотоптарда байқалады.

Сәулеленуге ұшырау- иондағыш сәулеленудің адамға әсері.

Табиғи сәулеленуге ұшырау- ИС табиғи көздерінен шығатын сәулеленудің әсеріне ұшырау.

Техногенді сәулеленуге ұшырау- пациенттердің медициналық сәулеленуге ұшырауынан басқа, қалыпты жағдайларда да және апатқа ұшыраған жағдайларда да, техногенді көздерінен сәулеленуге ұшырауы.

Қызметкер- сәулеленудің техногенді көздерімен жұмыс істейтін (А-тобы) немесе жұмыс жағдайы бойынша сәулеленудің әсері бар жерде жұмыс істейтін (Б -тобы) адамдар.

Халық- иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін, жұмыстан тыс кезіндегі қызметкерді қоса алғандағы барлық адамдар.

Доза- радиациялық гигиенада иондаушы сәулеленуді сандық бағалауы үшін қолданылатын түсінік.

Доза қуаты- уақыт аралығындағы дозаның (сіңірілген, эквивалентті, эффективті) өсуінің сол уақыт аралығына қатынасы.

Доза шегі- қалыпты жұмыс жағдайында орнатылған шегінен аспауы тиіс техногенді сәулеленудің жылдық эффективті немесе эквивалентті дозасының мөлшері.

Радиациялық гигиенада қолданылатын әдістер:

Дозиметриялық

Радиометриялық

Спектрометриялық

Радиохимиялық

4. Иллюстрациялы материалдар: слайд
5.Әдебиет

Бекмагамбетова Ж.Д. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения. Учебное пособие.- Алматы, 2002.- 304с.

Кенесариев Ү.И., Бекмағамбетова Ж.Ж., Жоламанов М.Е., Рузуддинова Г.Т. Радиациялық оқу құралы. Оқу құралы.-Алматы, 2004.-160б.

Гигиена: жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық/ Ү.И. Кенесариев және т.б.-Алматы:2010ж-656б.


6.Қорытынды сұрақтары (кері байланыс)

Радиациялық гигиенада жиі қолданатын қандай терминдер мен анықтамалар білеміз?

Радиациялық гигиенада жиі қолданатын қандай зерттеу әдістерін білеміз?

3



Тақырыбы: Иондаушы сәулелену көздері, олардың гигиеналық сипаттамасы. Адамның қазіргі кездегі сәуле қабылдау деңгейі.
Мақсаты: Иондаушы сәулелену көздері туралы, олардың күнделікті өмірде, жұмыс барысында адам ағзасына тигізетін әсерлері туралы студенттерге толық мағлұмат беру.


Дәріс тезистері:

Иондаушы сәулелену- бұл затпен өзара әрекеттескен кезде заттың атомдары мен молекулаларының иондануына және қозуына әкеп соғатын сәулелену.

Өндірістік орта жағдайында және күнделікті тіршілік ету барысында, адам ағзасына ультракүлгін, инфрақызыл, лазерлік, оптикалық және радиожиілік диапазондарындағы электромагниттік сәулеленумен қатар, иондаушы (иондандырғыш) сәулеленулер (ИС) де әсер етуі мүмкін.

Рентген сәулеленуінің және радиоактивті ыдыраудың ашылуымен қатар адам бір уақытта иондаушы сәулеленудің зақымдаушы әсерінен қорғану туралы мәселеге жолықты.

Иондаушы сәулеленулер физикалық табиғатына байланысты электромагиттік (фотондық) және корпускулярлық (бөлшектер) болып бөлінеді.



Электромагиттік (фотондық) топқа рентген және г-сәулелері жатады. Энергиясы 250кэВ дейін болған кезде, олар рентген сәулесіне, ал 250-ден жоғары болған кезде г-сәулеленуге жатады.

Иондағыш сәулеленудің бұл түрлері шығу тегі бойынша бөлінеді:

- тежелулік сәулелену (жылдамданған зарядталған бөлшектердің, яғни электрондардың атом ядроларының эдектрлік өрістерінде тежелуі кезінде пайда болады).

- сипаттамалық сәулелену (электронның сыртқы орбиталарының

бірінен ішкі орбитада пайда болған бос орынға өтуі кезінде пайда болады.



Корпускулярлық сәулеленуге кеңістікте жоғары жылдамдықпен қозғала алатын және атомдардың иондануы мен қозуын тудыратын, кинетикалық энергиясының қоры үлкен, зарядталған бөлшектер жатады.

Бұл топқа электрондар мен позитрондар (в-бөлшектер), протондар (сутегі ядролары), б-бөлшектер (гелий ядролары) және ауыр иондар (басқа элементтердің ядролары) кіреді.



Иондаушы сәулеленудің әртүрлері қабілеті бойынша бөлінеді:

- иондағыштық

- енгіштік

б-бөлшектердің иондандырғыш қабілеті үлкен, енгіштік қабілеті аз, ауада өтетін жолының ұзындығы 3см-11см, ал адам ағзасының тіндерінде бірнеше микронды құрайды. б-сәулесі ағзаға түскен кезде (ингаляциялық жолмен, тағаммен, сумен) аса қауіпті.

в-бөлшектердің иондандырғыш қабілеті б-сәулеленуге қарағанда төмен, ал енгіштік қабілеті жоғары, ауада өтетін жолының ұзындығы 10м-15м, ал адам ағзасының тіндерінде бірнеше миллиметрді құрайды.

Рентген және г-сәулелері қасиеттері бойынша бірдей, ауада өтетін жолдарының ұзындығы жүздеген метрмен есептеледі. Бұл сәулеленулердің иондағыш қабілеті жоғары емес, енгіштік қабілеті жоғары болғандықтан, нысанның терең жатқан бөлігіндегі заттың атомдарымен әсерлесе алады.

Нейтрондық сәулелену ядролық реакторларда уран, плутоний ядроларының бөлінуі үрдісінде пайда болады. Заряды болмағандықтан, нейтрондардың енгіштік қабілеті жоғары. Олардың қауіптілігі: нейтрондар тұрақты атомдардың ядроларына оңай еніп, оларды радиобелсенді етеді, нәтижесінде туындаған радиация пайда болады.

4. Иллюстрациялы материалдар: слайд
5.Әдебиет

Закон РК о радиационной безопасности населения.-Акмола, 23 апреля, 1998г.-№219-13РК.

Нормы радиационной безопасности (НРБ-99), СП 2.6.1.758-99.- Агентство РК по делам Здравоохранения, 1999.-79с.

Бекмагамбетова Ж.Д. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения. Учебное пособие.- Алматы, 2002.- 304с.

Кенесариев Ү.И., Бекмағамбетова Ж.Ж., Жоламанов М.Е., Рузуддинова Г.Т. Радиациялық оқу құралы. Оқу құралы.-Алматы, 2004.-160б.

Гигиена: жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық/ Ү.И. Кенесариев және т.б.-Алматы:2010ж- 656б.



Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)

1. Иондаушы сәулеленулердің қандай түрлерін білесіздер?

2. Иондағыш сәулелену дегеніміз не?

3. Шығу тегі бойынша қандай түрлерін білесіз?


4

1.Тақырыбы: Адамның сәуле қабылдау деңгейін гигиеналық реттеу. Радиациялық қорғаныс негіздері мен доза шектері туралы түсінік.

2.Мақсаты: Адамға радиациялық әсердің гигиеналық нормалануы мен болжамдалуы негіздері туралы, дозалар шегі, сыртқы сәулеленудің дозалық шегі, ішкі сәулеленудің рұқсат етілген шегі туралы, бақылау деңгейлері туралы студенттерге білім беру.

Дәріс тезистері:

Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдары:

Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңынан, осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі қағидалары мен радиациядан қорғау жөніндегі талаптар сақталса, қызметкердің, халықтың және қоршаған табиғи ортаның радиациялық қауіпсіздігі қамтамасыз етілді деуге болады.

Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi:

Радиациялық қағидалар іске асу үшін келесі талаптардың орындалуын тексеру жолымен жүргізілуі тиіс.

Негіздеу қағидасы (иондаушы сәулелену көздерін пайдалану кезінде адамның және қоғамның алатын пайдасы, оларды қолдану кезіндегі адамның және қоғамның алатын пайдасы, оларды қолдану кезіндегі ТРФ-қа қосымша сәулеленуге ұшырауы келтіретін қауіп- қатер мүмкіншілігінен аспайтын болса, оларды пайдалану жөніндегі барлық іс-әрекеттерге тыйым салу) сәулеленудің жаңа көздерін және радиациялық нысандарды жобалау, лицензия беру, радиациялық қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды және гигиеналық нормативтерді дайындау және бекіту туралы, сондай-ақ оларды пайдалану жағдайлары өзгерген кезде, өкілетті органдар шешім қабылдайтын сатысында қолданылуы тиіс.

Қолайлы ету қағидасы әлеуметтік және экономикалық факторларды ескеріп, сәулеленуге ұшыраудан алатын жеке адамның дозасын, және ұжымдық дозаны да мүмкіндігінше төмен (НРБ-99 бекіткен шектерден төмен) және қол жеткізерлік деңгейде ұстауды қарастырады.

Нормалау қағидасын адамдардың сәулеленуге шалдығу деңгейіне қатысы бар барлық адамдар сақтауы тиіс. Бұл қағида азаматтардың иондаушы сәулеленудің барлық көздерінен сәулеленуге ұшыраудан алатын дозаларын «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңымен, РҚН-99 және басқа да радиациялық қауіпсіздік нормативтерімен бекітілген жеке адамдарға арналған доза шектерінен асырмауды қарастырады.

Сәулелену көздерін қалыпты пайдалану жағдайларында сәулеленуге ұшырайтын адамдардың келесі санаттары белгілі:

қызметкер (А және Б тобы);

бүкіл халық және оның ішінде өндірістік жұмыс сферасы мен жағдайынан тыс уақытындағы қызметкер қатарындағы адамдар.

Сәулеленуге ұшырайтын адамдардың санаттары үшін нормативтердің келесі үш сыныбы орнатылған:

негізгі доза шектері (ДШ);

негізгі доза шектерінің туындылары болып келетін монофакторлық әсердің (бір жолмен радионуклид үшін немесе сыртқы сәулеленудің бір түрі үшін) рұқсат етілген орташа жылдық көлемдік белсенділік (РЕКБ), рұқсат етілген орташа жылдық меншікті белсенділік (РЕМБ) және басқалар;

бақылауда тұрған деңгейлер (дозалар, деңгейлер, белсенділіктер, ағын тығыздықтары).

Сәулеленуге ұшыраудың негізгі доза шектеріне табиғи және медициналық сәулеленуге ұшыраудан алатын дозалар, сондай-ақ радиациялық апат салдарынан алатын дозалар кірмейді. Оларға арнайы шектеулер орнатылады.

Қызметкердің жұмыс істейтін кезеңіндегі (50 жыл) эффективті дозасы -1000 мЗв

Халық үшін бүкіл өмір сүретін кезеңінде (70 жыл) - 70мЗв аспауы қажет.

Адамға бір мезгілде ішкі және сыртқы сәулеленуге ұшырататын көздері әсер еткен кезде жылдық эффективті доза орнатылған доза шектерінен аспауы қажет.



РҚН-99 сәйкес иондағыш сәулелену көздерін қалыпты пайдалану жағдайларындағы қызметкер мен халыққа арналған дозалардың негізгі шектері

Нормаланатын мөлшерлер


Дозалар шегі

Қызметкер (А тобы)

Халық

Эффективті доза


Ізбелес жатқан 5 жылдың кез-келген жылында орта есеппен 20 мЗв, бірақ 1 жылда 50 мЗв артық емес

Ізбелес жатқан 5 жылдың кез-келген жылында орта есеппен 1 мЗв, бірақ 1 жылда 5 мЗв артық емес

Бір жылдағы эквивалентті доза көз бұршағында,

теріде,
қол, аяқ ұшында



150 мзв

500 мзв


500 мзв


15 мзв

50 мзв


50 мзв

Жабық көздерін қолдану кезінде радиациялық қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қорғану шаралары, иондаушы сәулеленулердің таралу заңдарын және олардың затпен өзара әсерлесу сипатын білуіне негізделген.

Бұл заңдылықтың ішіндегі негізгілері:

Сыртқы сәулелену әсерінің дозасы сәулелену қарқындылығына және әсер ету уақытына пропорционал.

Сыртқы нүктелік көзден сәулелену қарқындылығы онда уақыт бірлігінде пайда болатын кванттардың немесе бөлшектердің санына пропорционалды және арақашықтықтың квадратына кері пропорционалды.

Сәулеленудің қарқындылығы экрандардың көмегімен азайтылуы мүмкін.

Осы заңдылықтардан ИС жабық көздерін қолдану кезіндегі радиациялық қамтамасыз етудің негізгі қағидалары шығады:

Мөлшері арқылы қорғау (сәулелену көздерінің қуатын ең аз мөлшерге дейін азайтуға, яғни белсенді заттардың ең аз белсенділігімен жұмыс істеуге негізделген).

Уақыт арқылы қорғау (сәулелену көздерімен жұмыс істеу уақытының қысқаруына, яғни мөлшер арқылы қорғау заңдылықтармен бір заңдылықтарға негізделген.

Арақашықтық арқылы қорғау (сәулелену көзінен жұмыс істейтін адамға дейінгі арақашықтықты ұлғайту.

Экрандар арқылы қорғау (иондаушы сәулеленулерді сіңіретін материалдармен сәулелену көздерін экрандауды қолдану.



4. Иллюстрациялы материалдар: слайд
5.Әдебиет

Закон РК о радиационной безопасности населения.-Акмола, 23 апреля, 1998г.-№219-13РК.

Нормы радиационной безопасности (НРБ-99), СП 2.6.1.758-99.- Агентство РК по делам Здравоохранения, 1999.-79с.

Бекмагамбетова Ж.Д. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения. Учебное пособие.- Алматы, 2002.- 304с.

Кенесариев Ү.И., Бекмағамбетова Ж.Ж., Жоламанов М.Е., Рузуддинова Г.Т. Радиациялық оқу құралы. Оқу құралы.-Алматы, 2004.-160б.

Гигиена: жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық/ Ү.И. Кенесариев және т.б.-Алматы:2010ж- 656б.


6.Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)

Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі қағидалары қандай?

Доза шегі дегеніміз не?

Доза қуаты дегеніміз не?

Сәулеленуге ұшырайтын адамдардың қанша санатын білесіз?
5

1.Тақырыбы: Иондаушы сәуле көздерін пайдалану кезіндегі радиациялық қорғаныс негіздері. Ашық және жабық иондаушы сәуле көздері.

2.Мақсаты: Ашық және жабық иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс кезіндегі қызметкерлердің қорғану принциптері, шаралары туралы студенттерге білім беру.

3.Дәріс тезистері:

Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету көп қорғану шараларын жүргізуді қажет етеді. Ол иондандырғыш сәулелену көзімен нақтылы жұмыс істеу жағдайына, иондандырғыш сәулелену түріне байланысты.

Радиациялық гигиенада иондандырғыш сәулеленудің жабық және ашық көздері деген ұғым бар.

Жабық көздер деп, оларды пайдалануы және олардың ескіруі алдын ала белгілі жағдайларда қондырғылары радиоактивті заттарды қоршаған ортаға түсірмейтін кез келген иондағыш сәулелену көздерін айтамыз.

Иондандырғыш сәулеленудің жабық көздері әсер ету сипаты бойынша екі топқа бөлінеді:

Үзіліссіз әсер ету көздері (г қондырғылар, нейтрондық, в және б сәулелендіргіштер);

Сәулеленуді кезеңмен шығаратын көздер (рентген аппараттары, зарядталған бөлшектердің үдеткіштері).

Жабық сәулелену көздерін қолданған кезде, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қорғану шаралары, иондандырғыш сәулеленудің таралу және олардың затпен өзара әсерлесу заңдарын білуге негізделген.

Сыртқы сәулелену әсерінің дозасы сәулелену интенсивтілігіне және әсер ету уақытына пропорционалды.

Нүктелік көздерден сәулелену интенсивтілігі уақыт бірлігінде оларда пайда болатын кванттардың немесе бөлшектердің санына пропорционалды және ара қашықтығына кері пропорционалды.

Сәулеленудің интенсивтілігі экрандардың көмегімен азайтылуы мүмкін.



Ашық көздер деп, қолданылуы кезінде радиоактивті заттар қоршаған ортаға түсуі ықтимал иондандырғыш сәулелену көздерін айтамыз (персонал тек сыртқы сәулеленуге ғана ұшырамайды, сонымен қатар қосымша ішкі сәулеленуге де ұшырауы мүмкін.

Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең маңызды бөлігі, радиациялық қауіпті нысандарды жобалау кезеңінен бастап жүргізілетін радиациялық бақылау болып табылады.



Радиациялық бақылаудың мақсаттары:

Қалыпты жұмыс істеу кезінде, радиациялық қауіпсіздік қағидаларының және бекітілген негізгі доза шектері мен рұқсат етілген деңгейлерден аспауын қоса есептегенде нормативтер талабының сақталу дәрежесін анықтау.

Радиациялық апаттар жергілікті жерлердің және ғимараттардың радионуклидтермен ластануы, сондай ақ аумақтарда және ғимараттарда табиғи сәулеленуге шалдығу деңгейі жоғары жағдайларда қорғануды қолайлы ету және килігу жөнінде шешім қабылдау үшін қажетті ақпараттар алу.

Радиациялық бақылауға жататындар:

Сәулелену көздерінің, атмосфераға шығатын шығарындылардың, қатты және сұйық қалдықтардың радиациялық сипаттамасы.

Жұмыс орындарында және қоршаған ортада технологиялық үрдістер тудыратын радиациялық факторлар.

Ластанған аумақтардағы және табиғи сәулеленуге ұшырату деңгейі жоғары ғимараттардағы радиациялық факторлар.

Қызметкер мен халықтың РҚН-99 күші таралатын барлық сәулелену көздерінен сәулеленуге ұшырау деңгейлері.

4. Иллюстрациялы материалдар: слайд

5.Әдебиет

1.Закон РК о радиационной безопасности населения.-Акмола, 23 апреля, 1998г.-№219-13РК.

2.Нормы радиационной безопасности (НРБ-99), СП 2.6.1.758-99.- Агентство РК по делам Здравоохранения, 1999.-79с.

3.Бекмагамбетова Ж.Д. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения. Учебное пособие.- Алматы, 2002.- 304с.

4.Кенесариев Ү.И., Бекмағамбетова Ж.Ж., Жоламанов М.Е., Рузуддинова Г.Т. Радиациялық оқу құралы. Оқу құралы.-Алматы, 2004.-160б.

5.Гигиена: жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық/ Ү.И. Кенесариев және т.б.-Алматы:2010ж- 656б.


6.Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)

Ашық сәулелену көздері дегеніміз не?

Жабық сәулелену көздері дегеніміз не?

Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі заңдылықтары қандай?


6

1.Тақырыбы: ҚР-сы санитарлық-эпидемиологиялық

мекемелердегі радиациялық гигиена саласының жұмыс

құрылымы мен ұйымдастырылуы.
2.Мақсаты: Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердегі радиациялық гигиена саласының жұмыс құрылымы мен ұйымдастырылуымен студенттерді таныстыру.
3.Дәріс тезистері:

Пациенттер мен халықтың медициналық сәулелендiрудiң барлық түрлерi (профилактикалық, диагностикалық, емдiк, зерттеушiлiк) кезiндегi радиациялық қауiпсiздiгi сәулеленушiлер үшiн пайданың зияннан сөзсiз басымдығы жағдайында рентген-радиологиялық процедуралардан максималды тиімділігін қол жеткiзу және радиациялық зиянды жан-жақты азайту арқылы қамтамасыз етiлуі тиiс.

Диагностикалық ақпарат немесе терапевтiк эффект алу мақсатында пациенттердi медициналық сәулелендiру тек дәрiгердiң тағайындауымен және пациенттiң келiсiмiмен жүргiзiледi. Тиiстi процедураны өткiзу туралы түпкiлiктi шешiмдi рентгенолог дәрiгер немесе радиолог дәрiгер қабылдайды.

Медициналық диагностикалық сәулелендiру басқа эквиваленттілы диагностикалық әдiстер жоқ болса немесе қолдану мүмкiн болмаса, немесе ақпарат тұрғысынан жеткiлiксiз болған жағдайларда медициналық көрсетiмдер бойынша жүзеге асырылады.

Сәулелiк диагностика мен терапияның барлық қолданылатын әдiстерi денсаулық сақтау саласында уәкiлеттi органымен бекiтiлген болуы тиiс. Әдiстер суреттемесiнде процедуралар орындаудың оңтайлы режимдерi және олардың орындалу кезiнде пациенттiң сәулелену деңгейлерiн көрсету қажет.

Рентгенрадиологиялық диагностикалық зерттеулердiң барлық түрiнің жүргiзiлу тәртiптемесi детерминделген сәулелiк эффектiлердiң болмауына кепiлдiк беруi тиiс.

Адамдарды ғылыми медициналық ақпарат алу мақсатында сәулелендiру санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негiзiнде зерттелушiлерге сәулелендiрудiң ықтимал салдарлары туралы мәлiметтер табысталғаннан кейiн олардың мiндеттi жазбаша түрдегi келiсiмi жағдайында сәулелендiрудiң белгiленген шақтамалы деңгейлерiнiң шектерiнде жүзеге асырылады.

Сәулелiк терапия жүргiзу кезiнде пациентте сәулелiк асқынулардың алдын алу үшiн шаралар қабылданады.

Рентгенрадиологиялық медициналық зерттеулер мен сәулелiк терапия үшiн Дәрілік заттардың, медициналық мақсат­тағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізіліміге енгiзiлген және оны iске пайдалану құқығына санитариялық паспорты бар аппаратура пайдаланылуы тиiс.

Сәулелiк терапия мен диагностика бөлiмдерi (бөлiмшелерi) емдiк-диагностикалық процедуралар атқару кезiнде пациенттi және персоналн радиациялық қорғаудың жылжымалы және дара құралдарының мiндеттi жинағы болуы және қолданылуы тиiс.

Түрлi рентгенрадиологиялық бөлiмдер мен кабинеттердегi пациенттi және персоналн қорғаудың табельдiк құралдарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органы бекiтедi.

Фармакологиялық радиопротекторларды тәжiрибеде пайдалануға тек санитариялық паспорт бар болғанда жол берiледi.

Рентгенрадиологиялық медициналық диагностикалық және терапевттiк бөлiмшелерiнiң заңмен белгiленген тәртiпте тиiстi лицензиялары болуы тиiс.

Рентгенрадиологиялық диагностикамен және терапиямен айналысатын медициналық персонал пациенттердің дара сәулелену дозаларын мүмкiндiгiнше төмен деңгейде сақтай отырып оларды қорғауды жүзеге асырады. Пациент алған доза тiркеуге жатады.

Пациенттің әрбiр жүргiзiлген рентгенрадиологиялық зерттеуден және сәулелiк терапия процедураларынан алған сәулелену дозалары оның амбулаториялық картасына мiндеттi қосымша болып табылатын дербес медициналық сәулелену дозаларын есепке алу парағына енгiзiлуi тиiс.

Пациенттiң жинақталған медициналық диагностикалық сәулелену дозасы 0,5 Зв жеткенде егер сәулелiк процедуралар өмiрлiк мәнi бар қажеттілікпен байланысты болмаса, оның сәулеленуiн бұдан әрi шектеу бойынша шаралар қабылданады.

Пациенттiң талабы бойынша оған күтiстегi немесе алынған сәулелену дозасы туралы және рентгенрадиологиялық процедуралар жүргiзудiң ықтимал салдарлары туралы ақпарат табысталады

4. Иллюстрациялы материалдар: слайд
5.Әдебиет

1.Закон РК о радиационной безопасности населения.-Акмола, 23 апреля, 1998г.-№219-13РК.

2.Нормы радиационной безопасности (НРБ-99), СП 2.6.1.758-99.- Агентство РК по делам Здравоохранения, 1999.-79с.

3. Бекмагамбетова Ж.Д. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения. Учебное пособие.- Алматы, 2002.- 304с.

4.Кенесариев Ү.И., Бекмағамбетова Ж.Ж., Жоламанов М.Е., 4.Рузуддинова Г.Т. Радиациялық оқу құралы. Оқу құралы.-Алматы, 2004.-160б.

5.Гигиена: жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық/ Ү.И. Кенесариев және т.б.-Алматы:2010ж- 656б.


7

1.Тақырыбы: Қоршаған ортаның радионуклидтермен потенциалды ластануының нақты көздері, тегі жасанды радионуклидтердің қоршаған ортада таралуы.

2.Мақсаты: Студенттерге Қоршаған ортаның радионуклидтермен потенциалды ластануының нақты көздері, тегі жасанды радионуклидтердің қоршаған ортада таралуы.

3. Дәріс тезистері:

Қоршаған ортаның радионуклидтермен ластануының нақты қауіпті көздері:

ядролық қару сынақтары;

атомдық өнеркәсіп мекемелері (ыдырайтын өнімдер мен жасанды радионуклидті табу, өңдеу және алу бойынша);

өндірістік үрдіс технологиясында радиоактивті заттарды қолданатын мекемелер, кәсіпорындар және зертханалар.

Адамдардың сәулеленуге шалдығудан алатын ұжымдық дозасына радиацияның:

медицинада қолданылатын;

өнеркәсіптің түрлі салаларында қолданылатын;

ядролық сынақтармен байланысты техногенді көздер;

атом энергетикасы кәсіпорындарының (ядролық отын циклінің кәсіпорны) жұмыс істеумен жәнге ондағы апаттармен байланысты жасанды көздер де өз үлесін қосады.



Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғау келесі

шаралармен қамтамасыз етіледі:

өндірістерді жетілген жаңа технологиялармен қамтамасыз ету, олардан бөлінетін радиоактивті қалдықтардың мөлшерінің азаюына себін тигізеді (радиоактивті газдар мен аэрозольдердің пайда болуына байланысты процесстерді герметизациялау, су айналымы циклін қолдану);

залалсыздандыру әдістерін қолдану, радиоактивті қалдықтарды жинау және көму;

жоспарлы шаралар мен санитарлық қорғаныс аймағын ұйымдастыру.



4. Иллюстрациялы материалдар: слайд

5.Әдебиет

1.Закон РК о радиационной безопасности населения.-Акмола, 23 апреля, 1998г.-№219-13РК.

2.Нормы радиационной безопасности (НРБ-99), СП 2.6.1.758-99.- Агентство РК по делам Здравоохранения, 1999.-79с.

3. Бекмагамбетова Ж.Д. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения. Учебное пособие.- Алматы, 2002.- 304с.

4.Кенесариев Ү.И., Бекмағамбетова Ж.Ж., Жоламанов М.Е., 4.Рузуддинова Г.Т. Радиациялық оқу құралы. Оқу құралы.-Алматы, 2004.-160б.

5.Гигиена: жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық/ Ү.И. Кенесариев және т.б.-Алматы:2010ж- 656б.


6.Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)

Радиациялық белсенді қалдықтар дегеніміз не?

Радиациялық қалдықтар қалай жіктеледі?

Белсенді ұалдықтар дегеніміз не?

8

1.Тақырыбы: Қоршаған ортаны радиоактивті ластанулардан қорғау.
2.Мақсаты: Қоршаған ортаны радиоактивті заттармен ластанудан қорғау шараларының жүйесі, радиоактивті қалдықтарды жою және көму мәселелері туралы студенттерге білім беру.

3.Дәріс тезистері:

50-60жылдары атомдық қаруды қолданудың нақты қаупі мен көптеген аймақтардың радиоактивті өнімдермен ластану мүмкіндігіне байланысты, жедел сәулелік аурудың клиникалық белгілерін зерттеу мен емдеу бірінші орында болуымен қатар, адам ағзасына иондаушы сәулелердің аз дозасының әсерін зерттеу мәселесіне де көп көңіл бөлінді.

Қазақстан ғалымдары қазіргі кезде Семей полигонының зақымдалған бөлігі ретінде Павлодар облысы, грунттық суы жоғары 5см қабатында, яғни өсімдіктердің тамыры деңгейінде цезий-137 70%-ға дейін жиналған. Семей облысының аудандарында бақылау сынамаларына қарағанда цезий мен стронций меншікті суммарлық белсенділігі 3-63 есе жоғары.

Қарағанды облысының ССЯП-на жақын орналасқан жерлерінде де басқа аудандармен салыстырғанда топырақтағы жасанды радионуклидтердің мөлшері 1,5есе қалыптан артады.

Радионуклидтердің топырақта сақталу уақыты топырақтың құрылымына, радиоактивті заттардың жартылай ыдырау кезеңіне және басқа да факторларға байланысты. Орман топырағында радионуклидтер ұзақ сақталады. Ауыл шаруашылығы жерлеріне тез жайылып, миграцияланады.

Жоғарыда айтылғандай, Қазақстан аумағында ұзақ уақыт бойына қоршаған орта мен адамға тікелей зиянды әсерін тигізген «Капустин Яр» мен «Азғыр» полигондары жұмыс істеді, олар қоршаған ортаға да, адамдарға да теріс әсерін тигізді.

Қазіргі кезде белсенді қалдықтармен байланысты мәселеге айрықша көңіл аударылады, ең алдымен сұйық қалдықтарға, себебі олар да халықты иондаушы сәулеленуге ұшырататын көздер болуы мүмкін.

Белсенді қалдықтар - бұл құрамында радионуклидтері бар немесе өкілетті органдар бекіткен бос күйіндегі мөлшерінен жоғары концентрациясында немесе белсенділік деңгейінде радионуклидтермен ластанған, әрі қарай пайдалануға жатпайтын заттар.

Жұмыс уақыты біткен отынмен және белсенді қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік жөнінде Бірлескен Конвенция бар. Онда белсенді қалдықтарды тасымалдау, оларды сақтайтын қоймаларды орналастыру және жұмыс істейтін кәсіпорындардың өз қызметін атқаруы мен эксплуатациядан шығаруы қоса кіретін белсенді қалдықтармен жұмыс істеудің барлық аспектілері және есеп беру процедуралары берілген.



Сұйық және қатты белсенді қалдықтардың жіктелуі

Қалдықтардың

санаттары



Меншікті белсенділік, кБк/кг

Бета бөлшектерін сәулелендіретін радионуклидтер

Альфа бөлшектерін сәулелендіретін радионуклидтер

Трансуранды радионуклидтер

төмен белсенділікті

103 кем

102 кем

101 кем

орташа белсенділікті

103 –нен 107-ге дейін

102-нен 106-ге дейін

101-нен 105-ге дейін

жоғары

белсенділікті



107 артық

106 артық

105 артық

Сондықтан негізгі қойылатын талап қалдықтарды қауіпті болатын уақыт бойына қоршаған ортадан (жер асты сулары, атмосфера) оқшаулау болып табылады.

Қойманың жобасын жасау және жүзеге асыру кезінде ХРҚК ұсынған принципі жетекшілікке алады. Бұл принцип бойынша, қойманы жапқан кезде, оның халық үшін қауіп қатер жылына 0,3мЗв дозадан аспау керек.



Қалдықтарды көму жүйесі келесі шараларды

қамтамасыз етуі қажет:

Қалдықтарды, олар түсетін қоршаған ортаның нысандарынан оқшаулау;

Радионуклидтермен ластанатын ашық қоршаған ортаның нысандарына түсетін мүмкіншілігі бар радионуклидтердің шығарындыларын бақылау;

Көму пункті жабылғаннан кейін бекітілген мерзім бойына көму алаңына үнемі бақылау жүргізу.



Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғау келесі

шаралармен қамтамасыз етіледі:

өндірістерді жетілген жаңа технологиялармен қамтамасыз ету, олардан бөлінетін радиоактивті қалдықтардың мөлшерінің азаюына себін тигізеді (радиоактивті газдар мен аэрозольдердің пайда болуына байланысты процесстерді герметизациялау, су айналымы циклін қолдану);

залалсыздандыру әдістерін қолдану, радиоактивті қалдықтарды жинау және көму;

жоспарлы шаралар мен санитарлық қорғаныс аймағын ұйымдастыру.



4. Иллюстрациялы материалдар: слайд
5.Әдебиет

1.Закон РК о радиационной безопасности населения.-Акмола, 23 апреля, 1998г.-№219-13РК.

2.Нормы радиационной безопасности (НРБ-99), СП 2.6.1.758-99.- Агентство РК по делам Здравоохранения, 1999.-79с.

3. Бекмагамбетова Ж.Д. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения. Учебное пособие.- Алматы, 2002.- 304с.

4.Кенесариев Ү.И., Бекмағамбетова Ж.Ж., Жоламанов М.Е., Рузуддинова Г.Т. Радиациялық оқу құралы. Оқу құралы.-Алматы, 2004.-160б.

5.Гигиена: жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық/ Ү.И. Кенесариев және т.б.-Алматы:2010ж- 656б.


6.Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)

1.Радиациялық белсенді қалдықтар дегеніміз не?

2.Радиациялық қалдықтар қалай жіктеледі?

3.Белсенді ұалдықтар дегеніміз не?

9
1.Тақырыбы: Радиациялық апаттар.Атом электростанцияларындағы радиациялық қауіпсіздік мәселелері.
2.Мақсаты: Атомдық және ядролық апаттар туралы түсініктерді, атомдық апаттардың жіктелуін, АЭС радиациялық қауіпсіздік мәселелері туралы білім беру.
3.Дәріс тезистері:

Радиациялық апат- нормалар мен қоршаған ортаның радиоактивті ластануынан жоғары деңгейдегі адамдарды сәулеленуге ұшырататын, құрал- жабдықтардың бұзылыстарымен, қызметкерлердің дұрыс емес іс- әрекеттерімен және т.б. шақырылатын иондаушы сәулелер көздерін басқаруды жоғалту.

АЭС байланысты емес радиациялық апат салдары бойынша 5-топқа бөлінеді:

Халық пен персоналдың сәулеленуіне әкелмейтін, өндірістік орта мен қоршаған ортаның ластануына алып келетін, апаттың болу себебін анықтауды қажет ететінапаттар.

Болған апаттың салдарынан халық пен персонал сыртқы сәулелену дозасына ұшырауы мүмкін.

Болған апаттың салдарынан өндірістік орта мен қоршаған орта ластанады.

Болған апаттың салдарынан халық пен персонал сыртқы және ішкі сәулелену дозасына ұшырауы мүмкін.

Болған апаттың салдарынан халық пен персонал сыртқы және ішкі сәулелену дозасына ұшырайды, өндірістік орта мен қоршаған орта ластанады.

Радиациялық апат немесе радиациялық ластану анықталған кезде сәулеленуге ұшырауды шектеу қоршаған ортаға және адамға қолданылатын қорғаныс шараларымен жүзеге асырылады.

Бұл шаралар тұрғындардың қалыпты тіршілік әрекетінің, аймақтың халық шаруашылықтық және әлеуметтік қызметінің бұзылыстарына әкеледі.



Иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың радиациялық апат кезiнде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерi:

Радиациялық апат жағдайында иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып қызметiн жүзеге асыратын ұйым:

Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына және сәуле алуы жоғары болуы мүмкiн аумақтар халқына радиациялық авария туралы дереу хабарлауға;

Мемлекеттiк уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, қызметшiлер мен халықты радиациялық апаттар мен оның зардаптарынан қорғау жөнiндегi шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге;

Радиациялық апат кезiнде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жөнiнде шаралар қолдануға;

Радиоактивтi ластау ошағын оқшаулау және радиоактивтi заттардың қоршаған ортаға таралуына жол бермеу жөнiнде шаралар қолдануға;

Радиациялық апат кезiнде радиациялық апаттың өршуiне және радиациялық жағдайдың өзгеруiне талдау жасап, болжам әзiрлеуге;

радиоактивтi апат жойылғаннан кейiн иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар аумағында радиациялық жағдайды қалпына келтiру жөнiнде шаралар қолдануға;

Қызметшiлер мен халықтың жеке сәуле алу мөлшерiн бағалау жөнiнде және бұл деректердi денсаулық сақтау органдары мен басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға беру жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.

Радиациялық аварияның зардаптарын жоюға тартылатын азаматтардың жоспарланатын сәуле алуының жоғары мөлшерi

Радиациялық апаттың зардаптарын жоюға, құтқару және шұғыл жұмыстар мен дезактивизацияға тартылатын азаматтардың жоспарланатын сәуле алуының жоғары мөлшерi тек адамдарды құтқару қажеттiгiне және олардың одан да көп сәуле алуына жол бермеуге ғана байланысты болуы мүмкiн.

Радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға тартылатын азаматтардың жоспарланатын сәуле алуының жоғары мөлшерiне олардың ерiктi келiсiмiмен және сәуле алудың мүмкiн мөлшерi мен денсаулық үшiн қатерi туралы алдын ала хабарлай отырып, олардың өмiр кезеңi iшiнде бiр рет жол берiледi.

Өтемнiң түрлерi мен мөлшерi және аталған жұмыстарды орындауға

тартылатын адамдардың денсаулығына радиациялық әсер келтiрген зиянның орнын толтыру Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

4. Иллюстрациялы материалдар: слайд
5.Әдебиет

1.Закон РК о радиационной безопасности населения.-Акмола, 23 апреля, 1998г.-№219-13РК.

2.Нормы радиационной безопасности (НРБ-99), СП 2.6.1.758-99.- Агентство РК по делам Здравоохранения, 1999.-79с.

3. Бекмагамбетова Ж.Д. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения. Учебное пособие.- Алматы, 2002.- 304с.

4.Кенесариев Ү.И., Бекмағамбетова Ж.Ж., Жоламанов М.Е., Рузуддинова Г.Т. Радиациялық оқу құралы. Оқу құралы.-Алматы, 2004.-160б.

5.Гигиена: жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық/ Ү.И. Кенесариев және т.б.-Алматы:2010ж- 656б.


6.Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)

Радиациялық апат дегеніміз не?

Радиациялық апаттың қанша түрін білесіз?

Радиациялық ластану дегенімізді қалай түсінесі?


10



1.Тақырыбы: Табиғи радиациялық фон.Адамның фондық сәулеленуі.
2.Мақсаты: Студенттерге табиғи радиациялық фон, адамдардың фондық сәулеленуі, радиацияның табиғи көздері туралы білім беру.
3.Дәріс тезистері:

Адамзат, әрбір тірі ағза жеке өмір сүруі кезінде ( онтогенез) және бүкіл тірі табиғат дамуы барысында (филогенез үрдісі) табиғи радиациялық фон деп аталатын сәулеленуге ұшырайды.

Зерттеу деректері бойынша халықтың сәулеленуге ұшыраудан алатын жиынтық эффективті дозасына ең үлкен үлесті (70%) ТРФ қосады, медициналық мақсатта жүргізілетін сәулелену (29%), қалған көздердің қосатын үлесі (1%) құрайды.

Табиғи сәулелену көздерінің халық үшін салыстырмалы түрдегі радиациялық қауіпсіздік дәрежесін эффективті дозалардың келесі мәндері сипаттайды:

егер сәулеленуге ұшыраудың деңгейі жылына 2мЗв аз болса, онда ол табиғи көздерінен алатын дозалардың орташа мәнінен аспайды деп саналады;

2мЗв-5мЗв/ жылға болса, сәулелену әсеріне ұшырауы орташадан жоғары;

жылына 5мЗв артық болса жоғары деңгейдегісіне жатады.

ҚР-да халықтың табиғи көздерінен сәулелену әсеріне ұшырау деңгейі туралы мәліметтер аумақтардың радиациялық гигиеналық төлқұжатына енгізілді.

ҚР-ның Денсалық сақтау министрлігі ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бірге 1996ж. радиациялық фонның рұқсат етілген деңгейін бекітті -33мкР/сағ.

Сыртқы сәулелену әсерін беретін табиғи көздеріне топырақтағы, әртүрлі тау жыныстарындағы, өзен, теңіз суларындағы, атмосфералық ауадағы жер текті радионуклидтер жатады.
Космогенді радионуклидтер ғарыштық сәулеленудің жер текті элементтердің ядроларымен өзара әрекеттесуінен түзілетін өнім.
Үйде адамның сәулеленуге шалдығудан алатын дозасын бағалау кезінде ғимараттың құрылыс материалына көңіл бөлінуі қажет. Ол бір жағынан сыртқы радиациялық фоннан қорғаса, екінші жағынан кейбір құрылыс материалдарының өзі қосымша иондаушы сәулелену көзі болып табылады.
Адамның табиғи көздері есебінен ішкі сәулеленуге ұшырауының сыртқы сәулеленуге ұшырауымен салыстырғанда біраз өзгешіліктері бар:

егер сыртқы сәулеленуге ұшырау кезінде тек гамма сәулесінің әсері ғана есепке алынса, ішкі сәулеленуге ұшырағанда, негізгі әсерді тіндер мен мүшелерге тікелей әсер ететін альфа, бета сәулеленулер тигізеді.

радинуклидтердің көбі белгілі бір мүшелер мен тіндерде жиналады, бұл ағзаның жеке бөліктерінде сәуле әсерінің біркелкі болмауына әкеледі.

радионуклидтер ағзаның ішінде болған уақыттың бәрінде де, ағзаның ішкі сәулеленуге ұшырауы жүріп жатады, себебі, олардың ыдырау үрдісі жалғаса береді, ал ыдыраудың ұзақтығы элементтің жартылай ыдырау кезеңіне байланысты.



Технологиялық өзгерген табиғи радиациялық фон (ТРФ) адамның іс әрекеті нәтижесінде белгілі бір өзгерістерге ұшыраған иондаушы сәулеленулер.
4. Иллюстрациялы материалдар: слайд
5.Әдебиет

1.Закон РК о радиационной безопасности населения.-Акмола, 23 апреля, 1998г.-№219-13РК.

2.Нормы радиационной безопасности (НРБ-99), СП 2.6.1.758-99.- Агентство РК по делам Здравоохранения, 1999.-79с.

3. Бекмагамбетова Ж.Д. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения. Учебное пособие.- Алматы, 2002.- 304с.

4.Кенесариев Ү.И., Бекмағамбетова Ж.Ж., Жоламанов М.Е., Рузуддинова Г.Т. Радиациялық оқу құралы. Оқу құралы.-Алматы, 2004.-160б.

5.Гигиена: жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық/ Ү.И. Кенесариев және т.б.-Алматы:2010ж- 656б.


6.Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)

Табиғи радиациялық фон дегеніміз не?



Технологиялық өзгерген табиғи радиациялық фон дегеніміз не?

Тұрғындардың табиғи радиация көздерінен алатын сыртқы және ішкі сәулеленулері дегеніміз не?
жүктеу 373,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау