Халық ауыз әдебиетімен таныстыру арқылы балалардың тілдік қызметін жетілдіру. Әдістемелік құрал. Құрастырушы



жүктеу 2,47 Mb.
бет5/15
Дата14.11.2017
өлшемі2,47 Mb.
#377
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Жүргізуші: Ал балалар бояп болғанша, біз сендермен бір ойын ойнайық. Бұл ойын «Сен оны танисың ба?» деп аталады. Сендерге экранда суреттер беріледі, сендер ол кейіпкерлердің атын айтасыңдар.

Ханшайым: Балалар, сендерге көп рахмет. Енді мен бауырсақтың туған күніне барайын. Сау болыңдар!

Жүргізуші: Сау болыңыз, келіп тұрыңыз.

Жүргізуші: «Санап көрші, кәне» кезеңі.

Бұл кезеңде әр топтан қатысатын қатысушылар экрандағы суреттен патша мен патшайымның санын анықтайды. Олар кезекпен санайды.



Жауабы: төрт патша, бес патшайым.

Жүргізуші: Соңғы бөлім «Ажырата аламын» деп аталады.


Мұнда әр топтан қатысатын екі қатысушыға екі суреттен беріледі. Оның бірінде көңілді, екіншісінде көңілсіз бауырсақ бейнеленген. Балалар экрандағы кейіпкерлердің жағымды не жағымсыз екенін анықтап, тиісті суретті көтеріп көрсетеді.

Жүргізуші: қазылар алқасы шешім шығарғанша, біз бір мультфильмнен үзінді тамашалайық.
Қазылар алқасының шешімі бойынша топтар марапатталады, әр қатысушыға естелік заттар табыс етіледі.


Бағалау парағы

Топтар

І


ІІ

Сайыс кезеңдері

І

«Кім көп біледі?»










ІI

«Жасырамын жұмбақ»










ІII

«Зейінді бол»










ІV

«Боямақ»









V

«Санап берші, кәне»










«Ажырата аламын»











Жалпы ұпай саны








Сайыстың әр кезеңіне «5» балдық жүйе көлемінде баға қойылады.

5.2. Сахналық қойылым
Тақырыбы: «Арыстан мен тышқан» ертегісі

Мақсаты: 1. Білімділік: ертегінің мазмұнымен танысу, ондағы кейіпкерлердің өзіндік ерекшелігі мен мінезін таныту;

2. Тәрбиелік: достық көмек көрсете білуге, адал әрі мейірімді болуға тәрбиелеу;

3. Дамытушылық: дауыс ырғағын келтіру, кейіпкердің көңіл-күйін салу дағдысын дамыту;

Көрнекілігі: арыстан, тышқан бетперделері, аңшының мылтығы.

Ертегінің барысы:

Автор: Орманда, ағаш түбінде бір арыстан ұйықтап жатыр екен, ол әлдебір сыбырдан оянып кетеді (арыстан жерже жатады, тышқан жалтақтап, жанында жүреді).

Автор: Көзін ашып қараса, дәл тұмсығының алдында бір тышқан тұр екен. Ол тышқанды құйрығынан шап беріп ұстай алады (арыстан тышқанның құйрығын басып қалады, тышқан қорқады).

Тышқан: Кешір мені, кешір мені, тақсыр!

Арыстан: Ұйқымды неге бұздың?

Тышқан: Жем іздеп жүр едім. Мені жібер, мен де көмектесем.

Арыстан: Бойыңа қарап сөйле, шамаңды біл.

Автор: Арыстан келемеждеп күліп алады да, мейірімі түсіп, тышқанды жөніне қоя береді. Күндердің күнінде орманға бір мерген келіп, арыстанның ақырған даусын естиді.

Аңшы: Бұл бір ерекше арыстан сияқты. Оны ұстап, хайуанаттар бағына сатайын.

Автор: Аңшы арыстанның су ішетін жолына тұзақ құрады. Шөлдеген арыстан өзенге келе жатып, тұзаққа түсіп қалады. Ары жұлқынып, бері жұлқынып, торға орала береді, ақыры орнынан қозғала алмай қалады. Осы кезде тышқан оған көмекке келеді.Ол жіпті тісімен тістеп үзеді, сөйтіп арыстанды босатып алады.

Тышқан: Мен сізге көмектесем деп едім ғой. Ақырған дауысыңызды естіп келдім.

Автор: Арыстан қатты ұялған екен.

5.3. Қуыршақ қойылымы
Тақырыбы: «Қоян, түлкі, әтеш» ертегісі

Мақсаты: 1. Білімділік: ертегінің мазмұнымен танысу, ондағы кейіпкерлердің өзіндік ерекшелігі мен мінезін таныту;

2. Тәрбиелік: достық көмек көрсете білуге, адал әрі мейірімді болуға тәрбиелеу;

3. Дамытушылық: дауыс ырғағын келтіру, кейіпкердің көңіл-күйін салу дағдысын дамыту;

Көрнекілігі: қоян, түлкі, әтеш, ит, аюдың қуыршақтары, үй.

Рөлдер:

Автор

Қоян

Түлкі

Ит

Аю

Әтеш

Ертегінің барысы

Автор: Баяғыда түлкі мен қоян көрші тұрған екен. Түлкінің үйі мұздан қаланыпты да, қоянның үйі

ағаштан салыныпты. Көктем келгенде түлкінің үйі еріп кетеді, ал қоянның үйі бұрынғысынша

тұра береді. Түлкі қоянға жылынып шығайыншы

деп кіріп, оны қуып шығады. Өз үйінен қуылып қалған қоян жылап отырғанда оны ит көреді.



Ит: - Уа, қоян неге жылайсың?

Қоян: - Жыламай қайтейін. Менің үйім ағаштан салынған еді, ал түлкінің үйі

мұздан қаланған еді. Көктемде оның үйі еріп кетті. Ол жылынып шығайып деп, мені үйімнен қуып шықты.



Ит: - Жылама қоян, біз оны қуып шығамыз.

Автор: Олар үйдің жанын келеді.

Ит: Ав-ав-ав! Әй, түлкі, шық үйден!

Түлкі: - Үйден атып шығып тап берсем, түте түтелеріңді шығарамын!

Автор: Иттер қорқып қаша жөнеледі. Қоян талдың түбіне отыра қалып тағы жылады. Сонда оны аю көреді.

Аю: - Уа, қоян неге жылайсың?

Қоян: - Жыламай қайтейін. Менің үйім ағаштан салынған еді, ал түлкінің үйі мұздан қаланған еді. Көктемде оның үйі еріп кетті. Ол жылынып шығайып деп, мені үйімнен қуып шықты.

Аю: - Жылама, қоян, мен оны қуып шығамын.

Қоян: - Жоқ, аю қуа алмайсың. Ит қумақ болып еді, қуа алмады, сен де қуа алмайсың.

Аю: - Жоқ, қуып шығамын.

Автор: Олар үйдің жанын келеді.

Аю: - Әй, түлкі, шық үйден.

Түлкі: - Үйден атып шығып тап берсем, түте-түтелеріңді шығарамын!

Автор: Аю қорқып, кетіп қалады. Қоян байғұс талдың түбінде жылап отырады. Оны шалғысын ілген әтеш көреді.

Әтеш: - Қоян-ау, жылап отырғаның қалай?

Қоян: - Жыламай қайтейін. Менің үйім ағаштан салынған еді, ал түлкінің үйі мұздан қаланған еді. Көктемде оның үйі еріп кетті. Ол жылынып шығайып деп, мені үйімнен қуып шықты.

Әтеш: - Жүр, мен оны қуып шығайын.

Қоян: - Жоқ, аю қуа алмайсың. Ит қумақ болып еді, қуа алмады, аю қумақ болып еді, қуа алмады.

Әтеш: Ал мен қуып шығамын.

Автор: Олар үйдің жанын келеді.

Әтеш: - Ку-ка-ре-ку! Иығыма асқан шалғым бар, түлкіні шаппақ ойым бар. Кәне, түлкі табаныңды жалтырат.

жүктеу 2,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау