Халық ауыз әдебиетімен таныстыру арқылы балалардың тілдік қызметін жетілдіру. Әдістемелік құрал. Құрастырушы



жүктеу 2,47 Mb.
бет4/15
Дата14.11.2017
өлшемі2,47 Mb.
#377
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

5.1. Сайыс
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Бүгін баршамыз ортаңғы топтар арасында өтетін сайысқа жиналып отырмыз. Сайыс «Ертегілер елінде» деп аталды. Өйткені, бұл сайыста сендердің жақсы көретін ертегілерің, олардың кейіпкерлері сөз болады. Ендеше ортаға қатысушыларымызды шақырайық.

(Қатысушылар ортаға шығып, орындарына отырады)



Жүргізуші: Сайыс алты кезеңнен тұрады:

  1. «Кім көп біледі?»

  2. «Жасырамын жұмбақ»

  3. «Зейінді бол»

  4. «Боямақ»

  5. «Санап берші, кәне»

  6. «Ажырата аламын»

Жүргізуші:

Саяхатты бастаймыз,

Ертегілер еліне.

Қол соғайық бәріміз,



Бір, екі, үш, төрт, бес. (Экранда тақырып шығады.)

Жүргізуші: Сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз. Ол үшін «Кім көп біледі?» сайысына қатысатын әр топтан бір баладан ортаға шақырамыз. Бұл кезеңде қатысушылар экрандағы көрсетілген ертегінің атауын табады. Қатысушылар кезекпен жауап береді.
Жауаптар:

  • «Бауырсақ» ертегісі;

  • «Жеті лақ» ертегісі;

  • «Ақшақар мен жеті гном» ертегісі;

  • «Алладин» ертегісі;

  • «Маугли» ертегісі;

  • «Үш аю» ертегісі.


Жүргізуші: Сайыстың екінші кезеңі «Жасырамын жұмбақ». Бұл кезеңге де әр топтан бір қатысушыдан қатысады. Олар сиқырлы қораптан бір текшеден алады. Текшеге жазылған жұмбақты шешеді, көрмедегі кітаптар арасынан ертегіні тауып көрсетеді. Жауабын экран арқылы тексереміз.

Кедей еді бұл бала,

Айы туды оңынан.

Жын шығады керемет,

Сиқырлы оның шамынан.

(Алладин)

Джунглиде өскен жасынан,

Епті бала болыпты.

Багира, Балу достары,

Шерхан оның қас жауы.

(Маугли)

Жүргізуші: Енді сергіп алайық.

Сергіту сәті

(қимылдарды қайталайды)


  • ертеде бір ата болыпты (еңкейеді, белін ұстайды);

  • атаның қарны ашқан екен (ішін сипалайды);

  • әже нан иледі (екі қолын кезек төмен сермейді);

  • бауырсақты терезенің алдына қойды (алақаннын алдыға созады);

  • бауырсақ секіріп түсті (секіреді);

  • орманға домалап кетті (шеңбер бойымен екі қолын айналдыра тез жүреді);

  • алдынан қоян шықты (қос аяқтап секіреді);

  • бауырсақ қашып кетті (тағы шеңбер бойымен жүреді);

  • алдынан қасқыр шықты (қолдарын көтеріп, ырылдайды);

  • бауырсақ қашып кетті (тағы шеңбер бойымен жүреді);

  • алдынан аю шықты (қорбаңдап қозғалады);

  • бауырсақ қашып кетті (тағы шеңбер бойымен жүреді);

  • алдынан түлкі шықты (майысады);

  • түлкі оны жеп қойды (бір-бірін тез ұстап алады).

Жүргізуші: Келесі кезең «Зейінді бол» деп аталады.

Бұл кезеңде қатысушылар экрандағы суреттердің дұрыс көлеңкесін анықтайды.



Жүргізуші: «Боямақ» кезеңі.

(Ортаға әдемі киінген ханшайым шығады)



Ханшайым: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, ханшайым! Қай жаққа жол тарттыңыз?

Ханшайым: Мен бауырсақтың туған күніне барамын. Оған суреттер тарту етпекпін. Бірақ оларды бояп үлгермедім.

Жүргізуші: Ханшайым, біздің балалар сізге көмектесе алады. Балалар, ханшайымның суреттерін бояп береміз бе? Олай болса, әр топқа бір суреттен беріледі. Суретті ұқыпты бояңдар.


жүктеу 2,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау