Халық ауыз әдебиетімен таныстыру арқылы балалардың тілдік қызметін жетілдіру. Әдістемелік құрал. Құрастырушы



жүктеу 2,47 Mb.
бет7/15
Дата14.11.2017
өлшемі2,47 Mb.
#377
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

7.1. Сайыс
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Бүгін баршамыз ересек топтар арасында өтетін сайысқа жиналып отырмыз. Сайыс «Әсемдік әлемі» деп аталды. Өйткені бұл сайыста халқымыздың ең құнды, ең нәзік өнері болып табылатын әшекей бұйымдар сөз болады. Ендеше ортаға қатысушыларымызды шақырайық.

(Әр топтан қатысатын үш баладан ортаға шығып, орындарына отырады)



Жүргізуші: Сайыс алты кезеңнен тұрады:

  1. «Өлең - сөздің патшасы...»

  2. «Шебердің қолы»

  3. «Кім көп біледі?»

  4. «Ою-өрнек әлемінде»

  5. «Жасырамын жұмбақ»

  6. «Жас археологтар»

Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын, алдымен экранға назар аударайық. (Әшекей бұйымдардың суреттерін тамшалау)

Халқымыз әшекей бұйымдарын ежелден жоғары бағалаған. Оларды жасайтын адамды зергер деп атайды. Әшекей бұйымдар алтын, күміс сияқты бағалы метелдардан жасалып, асыл тастармен әрленеді. Әшекей заттардың түрлері өте көп: шолпы, шашбау, алқа, сақина, сырға, жүзік, білезік, белбеу, түйме, түйреуіш, тұмарша т.б.



Жүргізуші: Сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз. «Өлең - сөздің патшасы...» кезеңінде әр топ өлең шумағын мәнерлеп оқиды. Олардың жаттау деңгейі және мәнерлі орындауы бағаланады. Ортаға әр топтан бір қатысушыдан шақырамыз.

Қазағымның ежелден,

Қолы шебер белгілі.

Алқа, жүзік, түймені

Жасай білген әдемі.
Ою ойып мұқият,

Бұйым жасау қиын-ақ.

Зергер аға еңбегін,

Жұрты қалай ұмытпақ?!


Алтын, күміс, қоладан

Жасап, қосар асыл тас.

Ұлттық өнер – зергерлік,

Бағаланар әрқашан.


Ою-өрнек түрлентіп,

Әжем ойды күнде.

Ұлы өнерге еліктеп,

Қиып көрдім мен де.



Жүргізуші: Сайыстың екінші кезеңі «Шебердің қолы».


жүктеу 2,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау