Халық ауыз әдебиетімен таныстыру арқылы балалардың тілдік қызметін жетілдіру. Әдістемелік құрал. Құрастырушы



жүктеу 2,47 Mb.
бет14/15
Дата14.11.2017
өлшемі2,47 Mb.
#377
түріСценарий
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Көрініс: Бесік тербеткен келін.

Келін (әндетіп айтады):

Әлди, әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем.

Жылама, бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін.


Тәрбиеші: Қазақ халқының тағы бір дәстүрі – шашу шашу. Ол тойдың беташары іспеттес. Салтымызға сай келін түссе, құда не құрметті мейман келсе, бәйгеден озса шашу шашылады.

Балалар, бүгінгі тәрбие сағатында біз қазақ халқының бірнеше дәстүрлерімен таныс болдық. Бұдан кейін де дәстүрлермен танысуды жалғастырамыз. Ал бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды.



Тәрбиеші: Енді маған өздерің білетін мақал-мәтелдерді айтып берсеңдер.

Тәрбиеші: Барлықтарыңның үйлеріңде тек «Той бола берсін» деген ниетпен шашу шашайын, шашудан алыңдар.

7.3. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы: «Қатынас»

Пәні: Тіл дамыту

Тақырыбы: Ұлттық киімдер

Мақсаты: 1. Білімділік: балаларды ұлттық киім түрлерімен таныстыру, олардың қыздар мен ер балаларға арналған түрлерін ажыратуға үйрету.

2. Дамытушылық: есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

3. Тәрбиелік: ұлттық құндылықтарды бағалауға, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: шапан, қамзол, көйлек, сәукеле, кимешек, тақия, шалбар, мәсі.

Көрнекілігі: слайд, үлестірме материал, ұлттық киімдер,қалталары бар плакаттағы суреттер, конверттер, жол сызылған карта.

Пәнаралық байланыс: “Таным”, “Шығармашылық”, “Денсаулық”, “Әлеумет”.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Баланың іс-әрекеті

Мотива-циялық қозғау-шы

Таулар мен көлдердің ар жағында бір хандық бар. Оның ханы өте әділ, қайырымды. Ханның жалғыз ұлы бар. Ханзада бүгін бізге қонаққа келген екен. Кәне, қарсы алайық!

Балалар ханзаданы қарсы алады, амандаса-ды.

Ізденуші-ұйымдас-тырушы



І. Ұймдастыру.

- Ханзада, қайдан жүрсіз?

- Әлемді шарлап іздеймін,

Сиқырлы алтын шапанды.

- Балалар, ханзада сиқырлы шапанды іздеп жүр екен, біз оған көмектесеміз бе? Олай болса, ханзада сапардан келгенше, шапанды тауып көрейік. Ханзада, кездескенше!

- Хандықтарға барайын,

Шапанымды табайын. (Кетеді)

ІІ. Жаңа тақырып.

Балалар, шапан - ұлттық киімнің бір түрі. Біз оны тауып алу үшін, ұлттық киім түрлерін білуіміз керек. Олай болса, экранға қарайық және еске сақтайық. Ұлттық киімдерді біз үшке бөліп қарастырамыз: киімдер, аяқкиімдер, бас киімдер.



  • шапан, тон (ішік), қамзол, көйлек, шалбар;

  • саптама, мәсі;

  • сәукеле, кимешек, тақия, қалпақ, бөрік.

Әр ұлттық киімнің қыз бала мен ер бала киетін түрлеріне тоқталамын.

- Енді біз дайынбыз, олай болса жолға шығайық. Мына картадағы біздің жүретін жолдарымызды көріп алайық, біз таудан, көлден, орманнан, сарқырамадан өтеді екенбіз. Әр кезеңнен өткенде тиісті тапсырмаларды орындаймыз. Көзімізді жұмайық, үшке дейін санап ашайық. Балалар, біз қайда келдік (тау экраннан көрсетіледі)?

Алдымызда үлкен тау тұр, одан өту үшін тапсырманы дұрыс орындау керек. Кәне, таудың суреті бар тапсырманы алайық.

ІІІ. Үлестірме материалмен жұмыс.

Мұнда ұлттық киімнің түрлері бар екен. Біз осы киімдердің ішінен қыз бала мен ер баланың киімдерін ажыратуымыз керек (қыз бен ұл ілінген тақталар қойылады, балалар орындайды).

Тапсырманы орындадық, біз таудан өттік. Жол жүріп біраз шаршадық, демалып алайық.

ІҮ. Сергіту сәті.

Той болғанда ауылда,

Биші шықты ортаға.

Не киіпті басына?

Та-қи-я.

Не киіпті үстіне?

Көй-лек.

Ал көйлектің үстінен...

Қам-зол.

Аяғына не киген?

Мә-сі.

Мың бұралған тамаша,



Сол бишіні кім көрді?

Мен!!!


Енді ары қарай жолға шығайық, көзімізді жұмамыз, үшке дейін санаймыз.

Балалар, қайда келдік (көл суреті экраннан шығады)? Ал, көл суреті бар тапсырманы алайық.



Ү. Фонетикалық жаттығу.

Дауысқа арналған жаттығуды дұрыс орындап беру керек. Егер жақсы орындасақ, көлден өте аламыз.

та-та-та-тақия;

пақ-пақ-пақ-қалпақ;

ки-ки-ки-кимешек;

ле-ле-ле-сәукеле;

сі-сі-сі-мәсі;

ол-ол-ол-қамзол;

он-он-он-тон;

пан-пан-пан-шапан.

Балалар, біз көлден өттік. Енді кешікпей тағы жолға шығайық, көзді жұмайық.

Балалар, алдымызда орман бар екен.

Кәне, орман суреті бар хатты алайық. ҮІ. Шығармашылық жұмыс: «Ою-өрнек басайық».

Балалар мұнда оюлар бар екен. Мына шапанды қараңдаршы, біз осы шапанға ою салып, сәндеп беруіміз керек және өнер тақырыбына мақал-мәтелдер айтуға тиіспіз.



  • Өнер алды – қызыл тіл.

  • Өнерлінің өрісі ұзақ.

  • Өнер – бұлақ,

Білім – шырақ.

Жол жүріп біраз шаршадық, ойын ойнаймыз ба?



ҮІІ. Қимылды ойын: «Бөркіңді тап!»

Ойын шарты: таяқтың басына көмбеде бөрік ілінеді. Ойынға қатысатын төрт баланың да көздері таңылады. Белгі бойынша төрт ойыншы бірге бастайды, олар көмбеге жетіп, бөрікті басына киюге тырысады. Қай бірінші кигені жеңеді. Ойын бірнеше рет ойнатылады.

Ал алдымызда тағы не күтіп тұр екен. (экранда сарқырама көрсетіледі)

ҮІІІ. Буынға бөлу.

Егер біз бүгін өткен ұлттық киімдерді буынға дұрыс бөлсек, сарқырамадан да өте алады екенбіз. Әр сөзді буынға бөліп, алақан соғып санайық.

ша-пан

тон


қам-зол

көй-лек


шал-бар

сап-та-ма

мә-сі

сәу-ке-ле



ки-ме-шек

қал-пақ


бө-рік

Балалар, біз барлық кедергілерден өттік, енді сандықта не бар екен қарайық. Сиқырлы шапан осында екен, олай болса, ханзаданы шақырайық. (Ханзада күтушісімен, уәзірімен ортаға келеді. Шапан киіледі)


Балалар сиқырлы шапанды табуға, ханзадаға көмектесу-ге ынталана-ды.


Балалар экранда көрсетіл-ген, ұлттық киім түрлерін тәрбиеші-мен бірге атайды, естеріне сақтайды.

Балалар көздерін жұмады, үшке дейін санайды, экрандағы суретке назар аударады.

Тау суреті бар хатты үстелден алып береді.
Балалар суреттерді бір-бірден алып, екі плакаттағы суреттің қайсысына жататыннын табады, атын атайды, тиісті қалтаға салады.

Сергіту сәтін орындай-ды, тиісті қимылдар-ды жасап, сөздерді айтады.


Дыбыстық жаттығуды дұрыс орындап үйренеді, тілдері жаттығады.

Парақтағы шапанның суретіне оюларды басып, әсемдейді, мақал-мәтелдер айтады.
Ойынға қатысады, көңіл-күйлері көтеріледі.

Буынға бөлуге жаттығады. Буын санын дұрыс анықтап үйренеді. Тапсырманы топпен және жекелей орындайды.




Рефлексивті коррекциялау-шы

«Не ауысқан?» ойыны.

Уәзір мен күтушінің ауысқан киімдерін орнына қайтарып кигізеді.



Ұлттық киімдердің үлгілері.

Енді ұлттық киім түрлерін тамашалайық.



Сабақта өткен тақырып бойынша білімдерін бекітеді.


Күтілетін нәтиже:
Білуге тиіс: балалар ұлттық киім түрлерін

біледі, оларды атап, ажырата алады.



Талапты болу: жеке және топтық

тапсырмаларды, дыбыстық жаттығуды дұрыс

орындауға тырысады.

Қолынан келуі керек: басу тәсілімен ою салады,

сөздерді буынға бөледі.





жүктеу 2,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау