Тәрбиеші: Енді біраз сергіп алу үшін ұлттық ойын ойнайық.
Ұлттық ойын: «Теңге алу»
Ойынның мақсаты: баланы шапшаңдыққа дағдыландыру, мақсатқа ұмтылысын арттырып, көздеген нысанды дәлдеп алуға үйрету.
Ойынның шарты: ағаш атқа мінген екі бала шүберекке түйілген кесек тасты тереді. Олар әр жерге шашылған. Теңгені жинап, екеуі екі бөлек үстелге қояды. Соңында барлық балалар бірге әр баланың тергенін жеке санап, жеңімпазды анықтайды.
Тәрбиеші: Халқымызда бата беру дәстүрі бар. Алыс жолға шыққанда, жаңа бір іс бастағанда, жас отау құрылғанда т.б. жағдайларда қариялар бата береді. Үйге алыстан үлкен кісі келсе, үйдегі жас балалар батасын алады. Бұл жас баланың өмірде жолын ашады деген сенім бар.
Қазір бата беру дәстүрін тамашалайық.
Көрініс: Қария мен ат ұстаған жігіт.
Жігіт: Ата мен жолға шығамын.
Қария (қолын жаяды): Жортқанда жолың болсын! Қыдыр баба қолдасын! Әумин!
Жігіт қарияның батасын алып, жолға шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |