Х. С. Муханбеткалиев 20 ж


Жағымсыз жағдайдағы отбасының сипаттамасы өте алуан түрлі – бұл ата-анасы баласына суық қанды қатынас жасайтын, тәрбиесімен айналыспайтын, баласының дамуына үшін жағдай жасамайтын отбасылар



жүктеу 2,32 Mb.
бет8/11
Дата20.05.2018
өлшемі2,32 Mb.
#14643
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2. Жағымсыз жағдайдағы отбасының сипаттамасы өте алуан түрлі – бұл ата-анасы баласына суық қанды қатынас жасайтын, тәрбиесімен айналыспайтын, баласының дамуына үшін жағдай жасамайтын отбасылар.

Отбасындағы жағымсыз жағдайлар баланың дамуында, өмір салтында және міне-құлық әрекетінің проблемаларына, құндылық бағдардың бұзылуына әкеледі.


Ата-анасынан алынған рухани ауру балада өмір бойы жазылмайтын, невроз, депрессия, психосоматикалық аурулар түрінде көрініс тауып отырады. Ауыр салдар қалдыратыны ата-ананың баланы жазалауы, күш көрсетуі.

Бала және жасөспірімнің мінез-құлық әрекетіндегі қиындықтарынан ата-ананың өздерінің балалық шақтықтарындағы қиындықтары көрініс табады.

Психологтардың дәлелдеуінше қиын баласы бар ата-ананың өзі балалық шағында ата-анасымен конфликтілі қатынаста болғанын көрсетеді.

Психологияның көптеген фактілерінің негізінде ата-ананың стилі бала психологиясында сақталып қалады деген қорытынды жасалды. Бұл өте ерте мектепке дейінгі жаста және санасыз түрде болады.

Ересек болып жетілгеннен кейін, сол стильді қайта жаңғыртады, өйткені ол отбасындағы басқа қатынасты білмейді. Көп ата-ана өзін бұрын ата-анасы қалай тәрбиелесе, өз баласын солай тәрбиелейді.

Зерттеу мәліметтерінің көрсетуінше, әлеуметтік-педагогикалық қолдау жүйесіне түскен балалар контингентінің барлығы дерлік стресстік жағдайда болғандарын дәлелдейді.

Медик, психолог, психиатр, психотерапевт мамандарының көрсетуінше, мұндай балалар мінез-құлық әрекеттерімен ерекшеленеді. Мамандар бұл мінез-құлық әрекетін патология деп атайды. Мінез-құлық патологиясы негізінде сол мәдениетке тән емес мінез-құлық әрекетін айтамыз.

2. Стресстік жағдайлар барлық ағзаның қалыпты қызметіне жағымсыз әсер етеді. Ол көптеген себептерден туындайды. Жақын адамынан айырылу, ата-ананың ажырасуы, басқа отбасы құрулары, төбелесу, сексуалдық күш көрсету, катастрофа, т.б.

Адамның стресстік жағдайларда бастан кешуінің күші адамның жағдайды қалай қабылдағаны мен талдағанына тәуелді. Стресстік жағдайларды бастан кешу бала психикасында өшпес із қалдырады. Балалар уайымдау, бастан кешу күшін реттей алмайды.

Жағымсыз әсер күшті болмасында оның қатты уайымдалуы стресстің себебі болуы мүмкін. Стресстік жағдайлардың жинақталуы не проблемаға әкеледі, не икемділік танытуға әкеледі. Ол адамның жасына және қиындыққа қарсы тұру білігіне байланысты.

Балаға ең күшті әсер ететін, ол отбасының құлдырауы, алдындағы жағдайы. Балалар ата-ананың өзара ренжісулеріне, бір-біріне немқұрайлы қарауларына сезімтал байқағыш келеді.

Әдетте бала ата-анасының екеуіне де жақын болады, сондықтан екеуінен айырылып қалу, сонымен бірге өз қауіпсіздігінен айырылуы алдындағы қорқынышты бастан кешіреді.

Бала мұндай жағдайда өзінің рухани күйін өзгертуге тырысады, шашын жұлады, тырнағын кеміреді, қараңғыдан қорқады.

Баланың отбасынан тыс жерде өмір сүруі, психикалық күй – психикалық депревацияға әкеліп соқтырады. Бұл күй негізі психикалық қажеттіліктердің ұзақ уақыт бойы қанағаттандылмауынан болады..

Отбасынан тыс жерде тәбиеленуші балаларда тұлғалық депревация пайда болады. Ол тұлғада негативті сапалардың қалыптасуына негіз болады.



3. Балалың психикалық дамуына және өмір салтына үлкен әсер ететін басты фактор - әке, ана, отбасының басқада мүшелері.

Бала ата-анасынан көргендерін жасайды, еліктейді. Жаңа ортаға түсе отырып бала кейінгі өміріне оралғысы келеді.

Арнайы мекемедегі өмір отбасын алмастыра алмайды. Тәжірибеде көп кездесетін жағдай, ол баланың жағдайы нашар болса да отбасыларына қайтып оралулары, өйткені онда оның ата-анасы.

Балалар мен жасөспірімдер әлеуметтік-педагогикалық мекемелердің жүйесінің жұмыс тәжірибелері түрлі-жастағы балалардың ата-аналарын бағалауларын көрсетті.

Көпшілігі ата-аналарына жағымды баға береді, көбінесе өмір сүру жағдайын кінәлайды немесе ата-ананың өзін емес, олардың мінез-құлық әрекеттерін кіналайды. Көпшілік балалар ата-аналарынан идеал жасайды. Ата-аналарын еске ала отырып, олардың жағымды жақтарын еске түсіреді.

Ересектей балалар ата-аналарына адекватты, шынайыға жақын баға береді. Бірақ олар ата-аналары жақсы жаққа өзгереді деген сенімде болады.

Жанұлық тәрбиенің әдістері мен мазмұнының өзгешелігі әрбір жанұяның өмірге нақты қарым-қатынасының негізінде пайда болады. Сонымен қатар балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге байланысты. Олардың жан-жақты дамуы ата-аналардың психологиялық ерекшеліктірді білуіне, балалардың адамгершілік тәжірибелері ерте кезеңнен дамитынын меңгеруіне, жасөспірімдер және жоғарғы класс оқушыларының ересектікті қабылдауына байланысты.

Балаларды тәрбиелеу әдістері туралы арнайы әдебиеттерді талдай отырып, А.Г.Ковалев балаларды тәрбиелеудің үш әдісін қарастырады: сенім, көз жеткізу (негізгі ретінде) және машықтану (ата-аналардың жолға қоюымен бала өмірінің бейнесі). Ал Т.В.Воликова жанұяда балаларды тәрбиелеудің әдістері: сенім әдістері (әңгіме, сұхбат, мысал, түсінік беру, көркем әдебиеттерді оқу), машықтану әдістері (күн режимі, ойын, үнемі еңбек тапсырмалары және т.б.), ынталандыру әдістері (талап ету, жарыс, мадақтау, жазалау) және өзін -өзі тәрбиелеу деп есептейді.

А.О.Пинт жанұяда тәрбиелеу әдістеріне талап ету, көзін жеткізу, әдеттендіру, мадақтау, жазалауды жатқызады. Оның пікірінше, тәрбиелеу жүйесінде бірінші сенім , талап ету, әдеттендіру әдістері, ал жазалау сонымен қатар мадақтау - бұл тек көмекші шаралар, оларды тек қана ұнамды нәтиже берген жағдайда болмашы қолдануға болады. Көптеген сөздіктер мен анықтама әдебиеттерінде «тәрбиелеу әдістері», «тәрбиелеу тәсілдері» туралы ұғым анықталмаған немесе әдістері және тәсілдері арасында айырмашылығы жоқ жалпы түсінік береді. Жанұяда бір немесе екі бала, анасы, әкесі, әжесі, атасы болса, онда өзгеше ерекшеліктерімен үлкен үйлесім табады. Жанұяда қанша адам болса, сонша әрбиелеу әдістері , өзіне тән жағдай және жанұялық бітімшілік қарым-қатынастары туады.

В.А.Сухомлинский қиын балаларға жалпы педагогикалық әдістермен әсер етуге болмайды деп жазды. Дағдылы тәрбие әдістері көп балаларға нәтижелі көмек береді, ал, қиын балаларға қолдануға тиімсіз. Бұл жағдайда басқа ерекше тәрбиелеу әдістерін және тәсілдерін іздестіру керек. Балалардың жанына ерекше әсер ететін құрал, бұл- ата-аналардың, педагогтардың сөзі. Оны қолдану барысында айқайлауға болмайды. Айқай бұл - тәрбиесіздік болып саналады. Ол балаларға әдепсіздік болып қабылданады.

В.А.Сухомлинский: «Айқайлау бұл - баланы дірілдеп тыңдауға және бағынуға алып келеді дей отырып, ол серіппені қысумен салыстырды. Біз қалай серіппені қатты қыссақ, солай қатты қауіп төнеді, ол сынады және кім оны қысса соны соғады» - деді. Алайда жалпы қабылданған қайта тәрбиелеу әдістері қиын балаларды тәрбиелеуге келмейді.

Бұл жағдайда тәрбиелеу әдістерінің жіктелуіне: сананың қалыптасу әдістері, адамгершілік тәжірибесін ұйымдастыру әдістері, мінез-құлығын түзетуге немесе ынталандыру әдістері және арнайы әдістерге сүйенген дұрыс. Сананың қалыптасу әдістерінің өзіндік ерекшеліктері вербальды әдістермен (этикалық әңгімелер, диспуттар, оқулар және т.б.) басталып, Е.И.Петуховтың пікірімен «едәуір дәрежеде тыңдаушыларды қобалжытатын, ойландыратын, іздейтін, пайымдататын іс-әрекетпен» қорытындыланады.

Адамгершілік тәжірибелерін ұйымдастыру әдістеріне педагогикалық талап ету, әдеттендіру, жаттығу, тәрбиелеу жағдайларын жасауды жатқызуға болады.

Біз осы топты мысалға алып, тәрбиелеу жағдайларын жасау арқылы қарастырамыз. А.С.Макаренко егер, ұзақ уақытқа балаға тапсырма беріп, оны қолдап, бір таза бөлме беріп, оның қалай жасалуын , оның шешімін және жауабын өзіне берсе, онда оң нәтиже болады деп есептеді. Бұл жағдайда оның алдына ұйымдастырылған тапсырма қойылады. Тапсырма қаншалықты қиын және дербес болса, соншалықты педагогикалық қарым-қатынаста болады. Баламен ыңғайлы уақыт тауып дербестілігін талқылау өте пайдалы. Өзінің практикалық дағдысын қалыптастыру арқылы, бала өзінің уақытын жоспарлауды, өзінің күшін анықтауды және өзін-өзі басқаруды үйренеді.

Тәрбиелеу жағдайында жанұядағы қарым-қатынас жағдайы туындайды, сондықтан ықпалы әрбір жағдайда бірдей бола бермейді. Жанұяның өзіндік ерекшеліктерін білу қажет, жанұялық тәрбиеде жасалынған қатаң бағдарлама жоқ. Жанұялық жағдай барысында алдын-ала анық ойластырылған ескертулер қажет. Мысалы: «Папаң сені өзіне мотоцикл оңдасуға көмектесуін қалайды. Сабағыңды жылдамырақ оқып, кешке әкеңе көмектес». Ата-ананың талап етуін сөз ете отырып, тәрбиелеудің маңызы ата-ананың тек қана талап етуінде емес, соның ішінде қалай айтқанында. Егер ата-ана баладан қалай талап етсе, баланың қарым-қатынасы соған байланысты болады. Ақыл-парасатпен, жүйелі, әдепті айтылған кеңестер және тілектер жасөспірімге оның жасағандарын талқылауға дағдыландырады, өзін-өзі бақылауды үйренуге, мінез-құлқын қалыптастыруға үйретеді.

2. Мінез-құлықты түзету және ынталандыру әдістеріне : мадақтау, жазалау және жарыс (көп балалы жанұяда) жатады. Психикалық жағдайдағы қиын балаларды тәрбиелеу барысында әртүрлі әдістемені қолдану маңызды. Бұларға текетірес жағдайда өзін ұстауы, сенімсіздік жағдайындағы іс-әрекеті жатады. Бұл жағдайда тәрбиешінің жоғарғы педагогикалық техникаларды (шеберлік) білуі және жағдайды шешуде мейірбандылық таныту және нәтижені оң шешу шарт. Арнайы әдістерге баланы оқшаулау, ерекше режим жағдайын туғызу және «қопарылыс» әдісін жасау жатады. Бұл жалған ұстанымды жылдам жойып, оның ақымақтығын және өзінің жасағандарын қайта талқылауға жағдай жасайды. «Қопарылыс» әдісі - өте өткір және қиын іс-әрекет тәсілі, ол үлкен шеберлікті қажет етеді.

Егер әкесі және анасы өздерін қалай ұстауды білмесе, онда тәрбиелеу әдістері мен тәсілдерін де білмейді. Нәтижесінде қырсықтық, жасөспірімнің мінез-құлқынының дамуына кері әсерін тигізеді немесе мінез-құлқының дамуы дұрыс жолға қойылмайды. Қиын баланы тәрбиелеу үшін оның жеке қасиеттерінің жақсы жақтарын ашу, оның күшіне сену және мүмкіндіктеріне сену, оған сенім білдіру керек. Сонда ғана тәрбиелеу оң нәтижесін береді.

Қаншалықты жанұяда балаға көп-көңіл бөлінсе, соншалықты баланың жеке қасиеттерінің дамуы жемісті болады, сонда ғана жанұяда нағыз жеке тұлға қалыптасады.

Мемлекеттің мәдениеті мен байлығын қарапайым белгілерден анықтауға болады: әрбір жанұяда бала тәрбиесінің жауапкершілігіне қаншалықты көңіл бөлінеді және баланы қандай мінез-құлық ерекшеліктеріне баулиды.

Біздің елімізде соңғы онжылдықта балаларға селқос қарайтын үлкендер пайда болды. Бұл әлеуметтік экономикалық тұрақсыздықтың салдарынан балаларға қажетті көңілдің бөлінбеуімен түсіндіріледі.

Жіберілген қателерді түзету мәселесі - өте күрделі де қиын. Бұл мәселені шешу үшін жақсы дайындалған жанұялық тәрбиеге арналған әлеуметтік педагогтер, мектепке білікті мұғалімдер және мектепке дейінгі мекемелерге тәрбиешілер өте қажет. Сонымен қатар жоғары класстарда этика негіздерін және жанұялық өмірдегі психологияны байыпты оқыту қажет.
Дәріс 13. Мектептегі психологиялық қызметтің ғылыми негіздері


  1. Мектептегі психологиялық қызметтің пайда болу алғышарттары

  2. Мектептегі психологиялық қызметтің елде және шетелдегі қазіргі жағдайы.


1. Мектептегі психологиялық қызметтің пайда болу алғышарттары

Бала тұлғасының қалыптасуы ең алдымен мектепте жүреді. Сондықтан мектептің басты міндеті – оқушы тұлғасын дамытуға, оның даралық ерекшеліктерін құрметтеуге және зерттеуге, әрбір оқушының шығармашылық қабілеттерінің айқындалуына қажетті жағдайларды жасау. Оны қалай жүзеге асыруға болады?

Қазіргі мектептің жағдайы өте күрделі, оның күрделілігі тарихи, мәдени, экономикалық, саяси және әлеуметтік себептерден туындайды. Оның мәні – оқытудың көптеген құрамдас бөліктері (сынып-сабақ жүйесінің енгізілуі, оқыту мен тәрбие бағдарламаларын әмбебаптық сипатқа ендіру, оқушыларды қабілеттері бойынша теңестіру және «орташа» оқушыға бағытталу, оқыту жеделдету және т.б.) өзінің өнімділігін төмендетіп алды.

Сонымен бірге, бұл жүйенің «жағымсыз» жағы анық көріне бастады – оқытуды жекелік сипатынан айыру, әмбебаптық және шектен тыс ұжымдастыру, мұғалім мен оқушының формальды емес қарым-қатынастарының өте төмен деңгейде болуы, тәрбие міндеттерін білім беру міндетінің басып алуы, психофизиологиялық жүктемелер, сынып-сабақ жүйесінен туындайтын қарым-қатынастың авторитарлық сипаты. Нәтижесінде оқушылар мектепке барғысы келмейді, ересектермен қарым-қатынаста қиындықтарға кезігеді.

Жоғарыда аталған фактілер бүгінгі мектептің жан-жақты, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру міндетін шеше алмай отырғандығын көрсетті. Бұл фактілерді зерделеу нәтижесінде анықталған себептердің бірі – оқыту мен тәрбие үрдісінде бала дамуы және оның тұлғасын қалыптастыру жөніндегі психологиялық білімдер кешенінің жеткіліксіз деңгейінде болып табылады.

Мектептегі психологиялық қызмет проблемасы теориялық және практикалық маңыздылыққа ие. Оның сапасына бүгінгі таңдағы мектептің міндетін – еркін, белсенді, шығармашылық ойлауға ие адамды дамыту – шешу жолы тәуелді болып табылады. Тәрбие мен білім беруді сапалық жағынан жақсарту үшін психологиялық зерттеулерде алынған білімге негізделетін педагогтар мен психологтардың біріккен жұмысы қажет.



2. Мектептегі психологиялық қызметтің елде және шетелдегі қазіргі жағдайы.

Мектептегі психологиялық қызмет тек бүгін пайда болған жоқ. Көптеген елдерде бұл қызмет көп жылдардан бері бүгінігі күнге дейін жұмыс жасауда. Мектептегі психологиялық қызмет АҚШ-та жақсы дамыған, ол 1880 жылдары дами бастады және бүгінгі таңда қазіргі психологияның өмірлік және белсенді жұмыс жасайтын негізгі пәндерінің бірі болып табылады.

АҚШ-та ең алғаш психолог-практиктер ретінде өзін-өзі тәрбиелеу проблемасын зерттеумен айналысқан экспериментальды психологтар болып табылады. Көптеген зерттеушілер психологиялық қызөметтің қамтамасыз етілуін өздерінің лабораториялық тәжірибелеріне енгізген. Көп ұзамай мектептегі психологиялық қызметтің негізгі функциясы - өлшеу және тестілеу болса, оның негізгі міндеттірінің бірі – балаларды арнайы бағдарламалар бойынша оқыту үшін таңдау болды.

Американ мектептеріндегі тестілеудің кең түрде қолданылуы, соның ішінде ақыл-ой дарындылығының коэффициентін анықтау тестілері, «гайденс» қызметінің дамуына әкелді. 1945-1960 жж. аралығында «гайденс» қызметінің құрылымына тестілер кешені тұрақты енгізілді.

Мектеп психологиясы дәстүрлі түрде білім берудің мемлекеттік департаментінде осы қызметке ұқсас түрін болуын қажет ететін, заңмен бекітіліген формада жұмыс жасайды.

Өлшеу және тестілеу қызметі – тарихи тұрғыдан ерте пайда болған және практикада кеңінен қолданылады. Мектеп психологының күш-жігерін салатын негізгі саласы – стандартты тестілерді қолдану арқылы өлшеу.

Соңғы 35-40 жыл ішінде АҚШ-та мектептегі психологиялық қызметтің даму теориясы мен практикасында маңызды жетістіктер жеткілікті.

1960-шы ж. мектеп психологтарының кәсіби ұйымдары құрылды. (Р.Х.Тиндаль, 1979). Мектептегі психологиялық қызметтің дамуына 1973 ж. Уэльсте өткен конференция өз әсерін тигізді. Онда мектептегі психологиялық қызметтің мақсаты мен ролі, оның этикалық және заң негіздері, мектеп психологыны кәсібилендіру мәселелері, мектеп психологын даярлау бағдарламаларының мазмұны сынды сұрақтар қарастырылды. 1980 ж. АҚШ-та мектеп психологтарының Ұлттық ассоциациясы ұйымдастырылды.


Дәріс 14. Францияда мектептегі психологиялық қызметтің дамуы

  1. Франциядағы мектеп психологиялық қызметінің даму ерекшеліктері. Альфред Бине тәжірибесі

  2. Мектеп психологы қызметінің заңды негіздерінің жасалуы




  1. Франциядағы мектеп психологиялық қызметінің даму ерекшеліктері. Альфред Бине тәжірибесі

Көптеген зерттеушілер мектеп психологиясы проблемасын шешудің жолы ретінде танылған өлшеуді қайта қарай бастады. Психологиялық қызметтің жұмысында бірнеше деңгейлер ажыратыла бастады. Бірінші деңгейде арнайы оқыту үшін балаларды анықтау және жіктеу мақсатында тестілеу өткізілсе, екінші деңгейде қызмет жұмысы арнайы оқытуды қажет ететін оқушыларға бағытталған, сонымен бірге, оқу және іс-әрекеттік проблемалары бар оқушыларды да зерттейді, үшінші деңгейде тікелей психологиялық көмек беру және мектептің ұжымына кеңес беруді жүзеге асырады. Ж.Л.Бардонның пікірінше, психологиялық қызмет екінші деңгейден бастап, психолог тест баллдарын есептеу және интерпретациялаудан оқушыларды клиникалық зерттеуге көшуден басталады. Көптеген мамандар өлшеуді, тестілеуді психологиялық кеңес берудің бір компоненті ретінде қарастырады.

Франциядағы мектептің психологиялық қызметтің даму тәжірибесі елеулі болып табылады. Француз мектеп психологиясының негізін қалаушы Альфред Бине, ол өз зерттеулерін 1894 жылы бастаған. 1897 ж. Оның бастауыш мектептің психологиялық мәселелеріне арналған еңбегі жарыққа шығады.

1905 жылы Францияның Білім министрлігі Бинеге мектептегі жалпы бағдарламамен оқи алмайтын балалардың проблемасын психологиялық тұрғыдан зерттеу өтінішін білдірді. Осы зерттеудің нәтижесінде ақыл-ойының дамуында тежелісі бар балаларды анықтауға мүмкіндік беретін әйгілі Бине-Симон тестісі пайда болды. Осыдан кейін сол балаларға арналған арнайы мектептер ашыла бастады, ал 1909 жылы Францияда ең алғаш рет кәсіби мектептік психологиялық қызмет ұйымдастырылды. 1947 жылы Парижде А.Валлонның жетекшілігімен мектеп психологтарының тобы өз жұмысын бастады. Мектеп психологиялық қызметінің алдына Бине қойған міндеттерден Валлонның пікірінше, мектептегі психологиялық зыметтің мақсаты – балаларды белгілі бір қасиеттері бойынша сұрыптау емес, әрбір балаға психологиялық көмек көрсету, барлық балаларға оқу-тәрбие беру үшін қажетті жағдайларды жасау.

2. Мектеп психологы қызметінің заңды негіздерінің жасалуы

1951 ж. Францияның Білім министрлігі ең алғаш рет мектеп психологының қызметінің сипаттамасын берді. Бұл құжат 1952, 1954 жж. Гамбургте ЮНЕСКО ұйымдастырған мектеп психологиясы бойынша 1, 2 халықаралық коллоквиумдарға негіз болды. Бірақ білім беру саласындағы саясаттың өзгеруі нәтижесінде қызметтің жұмысы тоқтатылып, мектеп психологтары бастауыш мектеп мұғалімдері лауазымына ауыстырылды.

1950-1960 жж. аралығында мектеп психологтарына қажеттілік өсе бастады, оның негізгі себебі ақыл-ойы дамуында кедергілері және басқа да бұзылыстары бар балалар санының артуы еді. Нәтижесінде Білім министрлігі психологиялық ғылымға қайта жүгінді. Мақсаты – көпшілікке арналған мектепте оқи алмайтын балаларды сұрыптауды жүргізу. Бұл қызметтің негізгі күші бастауыш мектепте жинақталды, себебі түрлі типті мектептерге оқушыларды бөлу осы кезеңде өзектілікке иеленеді.

Осы міндеттерді шешу үшін 1960 ж. Парижде, Бордода, Греноблде және Безансонда 4 психологиялық орталықтар ашылады. Бірақ 1970 жылдан бастап Францияда мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастырудың формасы ретінде психологиялық-педагогикалық көмек танылады. Бұл мектеп психологиясы маманы. Оқыту психологиясы маманы, психомоторлық даму мамандарын біріктіретін топ. Осындай топ 800-1000 оқушыға қызмет жасаған. Ол тек бір мектептің базасында орналасқанымен бірнеше мектепте қызмет жасайды.

Психологиялық-педагогикалық көмек беру топтарында негізінен мектеп психологтары жұмыс жасайды, ол арнайы білім беру департаментіне бағынады. Бұл топтар қызметінің объектісі – мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалар (2-12 жас). 3-7 жастағы балалармен жұмыс жасауға көңіл бөлінеді. Орталықта – оқыту проблемасы және іс-әрекеттік проблемалар. Негізгі міндеттердің бірі – оқытудың ерекше формасы мен әдістерін қажет ететін балаларды іріктеу. Аталған проблемалар бойынша ата-аналарға және педагогтарға кеңес беру жүргізілді.

1980 ж. Францияда практикалық мектеп психологиясының дамуында жаңа кезең басталады. 1985 ж. 5 түрлі ұйымдары өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылады. Бұл топ Францияда педагогикалық психологтың қызметін анықтау бойынша арнайы жұмыстар жүргізді. Педагогикалық психологтың қызметі кез-келген практикалық психологтың қызметіне сияқты клиенттің қажеттіліктерін өтеу қызметін көрсетуі тиіс. педагогикалық психолг қызметіне спецификалық ерекшелікке ие. педагогикалық психолог баланың тұлғасының жан-жақты дамуына қаншалықты жағдай жасаса, соншалықты психологиялық ақиқатпен әрекет жасайды. психолог бұл процеске ата-аналар мен мұғалімдерді қоса алады. Ерекше аталатын нәрсе, педагогикалық психолог өз жұмысында егер баланың дұрыс дамуына кедергі келтірсе, мектеп және жанұя тәрбиесінің жүйесіне қарсы жүруі де мүмкін, осы тәрбиенің стандарттарын өзгерте алады.

Өлшеу және тестілеудің мектеп практикасында кеңінен қолданылуына қарамастан соңғы уақытта көптеген елдердегі ғалымдарды мектеп психологының бұндай шектеулі қызметіне көңілдері толмайды. Олар балаларға психологиялық көмек проблемасын шешуге жағдай жасайтын өлшеуді негізгі қызмет ретінде қайта қарай бастады. Тестілеудің оқушылардың даму перспективасын анықтауға мүмкіндік бермейтіндігін атап өтеді. ол төменгі әлеуметтік топтардан және мәдениеті төмен аудандарда тұратын жасөспірімдерді зерттеуде қате нәтижелер береді. Сонымен бірге, бұл әдістеме негізгі акцентті дарындылықтың тек бір түріне ғана – интеллектуалдыққа – жасайды.
Дәріс 15. Шығыс Европада психологиялық қызметтің дамуы


  1. Мектеп психологы қызметінің мәні

  2. Шығыс Европадағы мектепте психологиялық қызметті ұйымдастыру тәжірибесі




  1. Мектеп психологы қызметінің мәні

Неміс ғалымы И.Мюллердің пікірінше, қазіргі техникалық және экономикалық даму деңгейінде мамандықты меңгеру үшін және өмірде жетістіктерге жету үшін ақыл-ойдың белгілі бір даму деңгейімен қатар, басқа да қабілеттер мен қасиеттер қажет: шаруашылық бағытта ойлау іскерлігі, техникалық-құрылымдық және техникалық-практикалық қабілеттер, белсенді эмоционалдық және еріктік іс-әрекет, күш-қуат және табандылық, т.б. Автордың айтуынша, адамды бүгінгі таңда оның интеллектуалдық қабілеттері жағынан ғана емес, оның жан-жақтылығын, тұлғалық тұрақтануын бағалау қажет.

Формальды психометрикалық тестілермен қанағаттанбаушылықты ағылшын психологтары Б.Симон, Э.Хейессерман да зерттеген. Олар нақты мысалдар негізінде қолданылатын тестілердің субъективті сипатын және ғылыми жеткіліксіздігін, шектеулігін және жасандылығын көрсетті. Тест материалдарының елеулі кемшіліктерінің бірі – эмоционалдық сәттерді толық мойындамау, олар шынайы өмірлік ситауацияларда іс-әрекеттің маңызды бөлігі болып табылады. тестілерді пайдалану адамдарды жіктейді: IQ көрсеткіші жоғары және төмен деңгейлі адамдар.


2. Шығыс Европадағы мектепте психологиялық қызметті ұйымдастыру тәжірибесі

Мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастыру тәжірибесі Шығыс Европа елдерінде де жинақталған. Бұндағы психологиялық қызметтің міндеті – іріктеу және сұрыптау мақсатында оқушылардың даму деңгейін анықтау емес, бала және ұжымды дамытуға қажетті жағдайлар жасау мақсатында оқушы және ұжым жайында психологиялық ақпарат алу. Шығыс Европада мектептегі психологиялық қызмет облыстық және аудандық психологиялық-педагогикалық Орталықтар немесе Кеңестер формасында жұмыс жасайды. Бұл қызмет білім беру жүйесінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады. 1980 ж. Чехословакияда тәрбие мәселелері бойынша кеңес берудің жарғысы жасалып, ол мектеп жайындағы Заңға енгізілді.

Психологиялық қызметтің негізгі мазмұны – дені сау тұлғаны дамытуды қамтамасыз етуде көмек беру, тұлға дамуындағы түрлі сипатты қиындықтарды түзету, кәсіби бағдар берудің проблемалары. Чехословакияда психолог-кеңесшінің басым қызметі психодиагностика болып табылады. Оның нәтижесі – диагностикалық қорытынды жазу. одан ұсыныстар белгіленеді. Психолог ұйымдастыру шараларын – баланы арнайы немесе көмекші мектепте беру, арнайы балабақша және т.б. Ол оқытудың ең үйлесімді түрін, мамандықты таңдау саласын ұсынуы мүмкін. Психолог жанұяда, мектепте оқыту мен тәрбиелеудің қажетті түрін, психотерапияның түрлі формаларын, дәрігерлік тексеріс (психоневрологиялық, логопедиялық және т.б.) түрін қолдануды ұсына алады.

Кеңес беруде барлық балалардың мектепте оқуға даярлығын, яғни мектепке жетілу деңгейін бала мектепке оқуға келгенше 1 жыл бұрын анықтауға үлкен мән беріледі. Баланың даму деңгейіне сәйкес психолог қажетті ұсыныстар береді: 6 жасқа толмай-ақ баланы мектепке бере беру, 1-ші сыныпқа бару уақытын белгілеу, баланың мектепке бару уақытын 1 жылға шегеру (мысалы, дұрыс сөйлемейтін бала үшін) және т.б. Ата-аналар мен балабақша тәрбиешілеріне мектепке даярлық деңгейі жетіспейтін балаларға ерекше көңіл бөлу керектігі бойынша кеңестер беріледі. Бұл балалар мектепке бару уақытында қайтадан зерттеуден өтеді. Педагог-психологтардың есептеуінше, балалардың 16% мектепке жеткілікті деңгейде даяр болмайды. Сондықтан баланың мектепке даярлығының психологиялық деңгейіне дер кезінде баға беру – оқытуда болатын кедергілердің алдын-алуда негізгі іс-әркеттердің бірі.

Кеңес беру және Орталықтарда мектепте оқумен байланысты туындайтын түрлі типтегі қиындықтарға диагностика жасайды.

Шығыс Европа елдеріндегі халыққа білім беру жүйесінің психологиялық қызметі балаларды, жасөспірімдерді, жастарды тәрбиелеу және оқыту ісінде ерекше мәнге ие. Кеңестерде практик-психологтар ата-анасы немесе мұғалім алып келетін тек кейбір балалармен ғана жұмыстанды. Сондықтан, бір жағынан баланы зерттеу мектеп өмірінен тыс жерде жүреді, екінші жағынан кеңеске әкелінбеген көп балалар назардан тыс қалады.


жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау