Тақырыбы: Бөлме өсімдіктері
Секция: Биология
Авторы: Бейсембек Айғаным Асылжанқызы
3 «Ә» сынып оқушысы
Жетекшісі: Бейсенбаева Құралай Құрманғазықызы
№21 Победа орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Жамбыл облысы Меркі ауданы
Зерттеу мақсаты:
Бөлме өсімдіктерінің пайдасы мен адам өміріндегі алатын орнын тереңірек түсіндіре білу. Бөлме өсімдіктерінің шығу тарихын білу. Ғалымдардың зерттеулерін, болжамдарын саралау. Әр өсімдіктің өзіне тән қасиетіне байланысты, өмірде пайдалана білу. Бөлме өсімдіктерінің адам өмірімен тікелей байланыстығын ашу.
Зерттеу әдістері:
Бөлме өсімдіктерінің кең тараған түрлерімен таныстыру.бөлме гүлдерін күтудегі кеңестерді пайдаланып, көрсету.
Жобаның өзектілігі:
Бөлме өсімдіктерінің қайдан, қалай шыққандығы және әр гүлдің өзіндік қасиеті, пайдасы туралы айтылған.
Бөлме гүлдерін өсіру тек әдемілікке ғана емес, сонымен қатар үйдің ауасын тазартудағы маңыздылығын дәлелдеу.
Нәтиже мен тұжырымдар:
1. Тәжірибелер арқылы, дәлелдеп көрсету
2. Өсімдіктерге адамның көңіл-күйіне байланысты, өсіп жетіледі.
3. Осы кішкене ғана жобамен үлкен жобаларға аяқ басу арқылы, Отанымыздың көркеюіне өз үлесімді қосу.
Мазмұны.
Кіріспе............................................................................................................4
Өсімдіктер тарихы...................................................................................5
Ғалымдардың зерттеулері.......................................................................5
БӨЛМЕ ГҮЛДЕРІ
Гүлдің өсуіне қандай жағдай керек?........................................5
Жайқалудың сыры неде?.............................................................6
Бөлме гүлдерін күтудегі кеңестер............................................7
ГҮЛДЕРДІҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Гүлдер қасиеттері........................................................................7
Жанжал туғызатын гүлдер..........................................................9
Қай гүл табыс әкеледі............................................................... .9
Кептірілген гүлдің кері әсері.....................................................10
Жатын бөлмеге арналған өсімдіктер.......................................10
Ауаны жақсы тазартатын бес гүл.............................................11
БӨЛМЕ ӨСІМДІГІНІҢ КҮТІМІ
5.1 Қысқы күтім................................................................................13
5.2. Гүлдерді шаңнан тазарту...........................................................13
5.3. Суару............................................................................................13
5.4. Ыдыс............................................................................................14
6.ТОПЫРАҚ
6.1. Үй өсімдіктерінің топырағы......................................................14
6.2. Өсімдікті көшеттеу және топырағын алмастырып отыру....15
6.3. Тыңайтқыш..................................................................................15
7. ЗИЯНКЕСТЕР МЕН АУРУЛАР
7.1. Үй өсімдіктерінің зиянкестері мен аурулары...........................15
7.2. Өсімдік биті.................................................................................16
7.3. Өсімдік кенесі.............................................................................16
7.4. Трипстер.......................................................................................17
7.5. Аққанат..........................................................................................17
Тәжірибе №1 «Ет жуылған судың гүлге әсері»................................................18
Тәжірибе №2 «Ала көлеңке жерде өсетін өсімдіктерді суару».....................19
Тәжірибе №3 «Жарық сүйгіш өсімдікті суару»...............................................20
Тәжірибе №4 «Ала көлеңке жерде өсетін өссімдіктерді суару».............. ....21
Тәжірибе №5 «Бөлме өсімдіктеріне шаңның жиналуы»................................22
Қорытынды..........................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................24
Андатпа
Зерттеуші—білім алушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім болып келеді.
Балғын зерттеуші өзінің зерттеу жұмысында адам ағзасына пайдалы өсімдік алма туралы зерттеу жүргізе отырып, соңғы кезде көбейіп бара жатқан ауруларды алдын-алу барысында алмамен емдеуге болатынын және алманың алуан түрін зерттеп, болашақта өмірде және өндірістерде кеңінен қолдануға болатынын көрсетті. Зерттеу барысында денсаулық-жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның басты байлығы екенін дәлелдей отырып, салауатты өмір салтын ұстану адамдардың бүткіл организімінің жақсартатындығы айтылды.
Аннотация
Исследователь природы они склонны к исследованию и обучению.
О своей работе исследователь, проводит исследования полезных растений на организм человека свежий яблок, исчезающих в последнее время все больше заболеваний, профилактики и лечения различных видов яблок , что в ходе обследования, показал, что в будущем широкое применение в производстве и в повседневной жизни. В ходе исследования здоровья не только отдельного человека, доказывая, что главное богатство всего общества, всей жақсартатындығы сказано организма людей придерживаться здорового образа жизни.
Abstract
Researcher by nature inclined to the study of students.
About his work researcher, conducting research studies of useful plants on the human body of fresh apples, vanishing in recent years more and more diseases, prevention and treatment of various types of apples almamun that the survey showed that in future a wide use in manufacturing and in everyday life. During the survey of the health of not only the individual, arguing that the main wealth of the whole society, the whole janachaitanya said the body of people to adhere to a healthy lifestyle.
Балғын зерттеуші Бейсембек Айғанымның «Бөлме өсімдіктері» тақырыбындағы зерттеу жұмысына
Пікір
Оқушы Қарсыбек Айғаным бұл жұмысында Қазақстанда өсетін өсімдіктер туралы соның ішінде бөлме өсімдіктерін жан-жақты талқыға салған.
Қазақстандағы бөлме өсімдіктерге тек қызығып қана қоймай, оның маңызына терең үңіліп қандай екендігін ашып қана қоймай, нақты деректер негізінде зерттей білген.
Оқушы бұл жұмыста көп ізденген, тың ойларды жеткізе білген.
Бастауыш сынып мұғалімі: Намазова А.Н.
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Көптеген адамдар бөлме өсімдігін, тек әдемілік ретінде қабылдап, өз дәрежесінде бағаламайды. Олар адамның физиологиялық, энергетикалық, психологиялық жағдайына жағымды әсер беретініне кейде сенімсіздікпен қарайды. Адам мен табиғат тығыз байланысты. Тіпті, соңғы зерттеулерге сүйенетін болсақ, Ұлыбританияның биолог мамандары «өсімдіктердің адамнан өзгешілігі жоқ, олар да адам сияқты көреді, иісті сезе алады, сонымен қатар, оларда есту қабілеті және дәм сезу қасиеті дамыған» деп тұжырымдап отыр. Әрине біз үшін бұл үлкен жаңалық. Ғалымдар аталған тұжырымды былай түсіндіреді: «жәндктердің көздің орнына ақуыздары бар, оларға кез келген электр күштері әсер етеді. Ал тамырында дәм ферменттері анықталған, өсімдік сол арқылы жерден өзіне қажетті заттармен қоректенеді. Иіс сезу арқылы өсімдіктер бір-бірімен араласады, олардың есту қабілеті бар екендігі ғылыми түрғыдан дәлелденген» сондықтан гүлмен сөйлесуге болады. Нәтижесінде гүлдер сіздерге әдемілік пен ұзақ қуаныш сыйлары сөзсіз.
Бөлме өсімдіктерінің адам өміріндегі рөлінің маңыздылығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ал осы бөлме өсімдіктері қайдан, қалай шыққандығы және әр гүлдің өзіндік қасиеті, пайдасы бар екенін біле бермейміз. Осы жұмысты оқу арқылы біз бөлме өсімдіктеріне саяхат жасаймыз.
Бұнда оқушылардың бөлме өсімдіктері жайлы білімдерінің артуы арқылы өсімдік құпиясын, пайасын, оны қалай күтк керек екенін білуге қызығушылығы арта түседі. Зерттеу жұмысының маңыздылығы осында жатыр.
Жұмыстың мақсаты.
Оқушыларға бөлме өсімдіктерінің пайдасы мен адам өміріндегі алатын орнын тереңірек түсіндіре білу. Ол үшін мынадай міндеттерді орындаймыз:
Бөлме өсімдіктерінің шығу тарихын білу;
Ғалымдардың зерттеулерін, болжамдарын саралау;
Әр өсімдіктің өзіне тән қасиетіне байланысты, өмірде пайдалана білу;
Бөлме өсімдіктерінің адам өмірімен тікелей байланыстығын ашу;
Өсімдіктер тарихы
Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде олардың негізгі қорегінің бірі өсімдіктер болғаны мәлім. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдік түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар олардың әрқайсысының ерекше дәмі, иісі, қасиеті барын да байқаған.
Ертедегі Египеттіктерде алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкнәр, жалбыз, тал, аршаның шипалық қасиеттерін біліп үй бөлмесіндегі, үй ауласында өсіре бастаған. Мұнан 4 мың жыл бұрын Үндістандықтар 760дәрілік өсімдіктерді пайдалана біліп, гулдер отырғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік қызмет атқарды. Адамдар үйіне, ауласында өсетін гүлдерді бір-біріне сыйлап, оның жұпар иісінен, әсем түрінен ләззат алған.
Ғалымдардың зерттеулері
Гүлдер де адам сияқты оларды жақсы көргенін сезеді. Адамның көңіл-күйіне байланысты өсіп жетіледі екен.
Ғалымдар гүлдердің классикалық баяу әуендерді «тыңдаса», жақсы өсетінін, ал рок, поп секілді даңғаза музыкаларды үнемі қосып қойсаң, оларды бірте-бірте солып қалатынын әлдеқашан дәлелдеген. Адам гүлге қалай қарым-қатынас жасайды, оны өсіруге қалай ықыластанады, гүл де сол адмға дәл солай «жауап беретін» көрінеді. Үй өсімдіктеріне дұрыс қарамасаң, уақытында тыңайтып, суарып тұрмасаң, сөйлеспесең, ол «ренжіп», адам ағзасына зиянды улы химиялық заттарды бөліп шығарады екен. Мәселен ғалымдар қызанақ көшетін бөлмеде өсіріп, су құюды ұмытып кетсең, түнімен дөңбекшіп, ұйықтай алмайтынын айтады.
Ал кактусқа «туу, түрі қандай сүйкімсіз» десең болғаны, ол сол бойда құрамында алкогольдік қоспалар бар улы заттарды бөліп шығаратын көрінеді. Ал бұл улы заттар адамды ішімдікке итермелейді.
Фикус гүлі қожайынын басқа адамдардан қызғанады екен. Ғалымдардың пайымдауынша, фиалка (шегіргүл) өз қожайынын жақсы көретіні соншалықты ол басқа жаққа кетсе, сағынады екен. Қазтамақ (герань) басқа өсімдіктерден өзін бірінші суармаса, «ренжіп қалады». Ол осы ренішін көпке дейін гүл ашпай білдіреді. Ертеде адамдар зығырды еккенде жалаңаштанып жұмыс істеп: «көрдің бе, сен өнім бермесең, мен жалаңаш қаламын»,-деп айтады екен.
Бөлме гүлдері
Үй гүлдерінің түрлері
Күнді жақсы көретін
Үй гүлдері
Гүлдейтін гүлдер
Әдемі жапырақты гүл
Ала көлеңке жерде өсетін
Гүлдің өсуіне қандай жағдай керек?
жылу
су
жарық
топырақ
3.3.Жайқалудың сыры неде?
Бөлме ұзақ уақыт «ауырмай», жайқалып тұруының сыры неде деп ойлайсыз? Махабатта. Гүлдерменде тірі жанмен сөйлескендей сөйлесіп, өз ілтипатында білдіріп, баптап, күтіп махабатпен қарап, еркелетіп тұру
қажет. Олар да өздерінше қуана да, мұңаяды да алады екен. Және жақсылап баптауға тырысу керек.
3.4.Бөлме гүлдерін күтудегі кеңестер
Жарық. Гүлдер тікелей жарық түскенді «жақтыра бермейді».
Желөті. Гүлдер желөтінде (сквозняк) тұрып қалмау керек. Жылы дымқыл топырақ пен суық жел гүл тамырын тез шірітіп жібереді.
Жайлы орын. Гүл егілген құмыраны теледидиардың, музыкалық орталықтың және сол сияқтылардың жанына қоймауға тырысу керек, себебі вибрацияның да гүлдерге кері әсері бар.
Жылу әсері. Гүлдерді жылу жүргізілген батарейкадан алысырақ ұстаған жөн.
Белгі.құмыраңыздың күнге қараған бетіне белгі қойып кою керек. Өйткені гүлді көп айналдыру, оның жайқалуына кері әсерін тигізеді.
Салмақ. Жапырағы үлкен бөлме гүлдерін төменге, еден үстіне қою керек. Салмағын көтере алмай морт кетуі мүмкін.
Суару. Гүлді таңертең суарып отыру керек, бұл қолайлы уақыт.
Зиян емес сарғайған жерін кесіп тұру қажет.
ГҮЛДЕРДІҢ ҚАСИЕТТЕРІ.
Гүлдер қасиеттері
Зерттеушілердің пікірінше, ең
жағымды гүлдердің бірі-қызтамақ (герань).
Ол тұрған бөлмеде қеріс-керіс болмайтын
Достарыңызбен бөлісу: |