- Сабақтың тақырыбы:
- Нысанбай жырау “Кенесары – Наурызбай” дастаны
- Сабақтың мақсаты:
- білімділік: Ұлт-азаттық қозғалыстың жыршысы Нысанбай Жаманқұлұлының өмірі мен жыраулық өнерін терең түсіне білуіне, тарихи шындықты тануына мүмкіндік туғызу;
- дамытушылық: ізденіс жұмыстары арқылы өзіндік ой-пікірлерін еркін айтуға дағдыландыру, шығармашылық қасиеттерін шыңдауға жағдай жасау;
- тәрбиелік: тарихи тұлғалардың елі үшін жасаған ерліктерін дәріптей отырып, елінің адал азаматы, патриоты болуға баулу.
- Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
- Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап,
- жуан, жіңішке сұрақтар, екі жақты түсіндірме күнделігі,
- талқылау кестесі
- Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтаға слайд түрінде
- көрсетілген мәліметтер, пікірлер, деректі фильм т.б.
- І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасамын
- Оқушыларды түгелдеймін
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- ІІ Үй тапсырмасы
- Махамбеттің поэзиясы туралы баяндап беріңдер
- Махамбет өлеңдеріндегі Исатай бейнесі қалай көрінеді?
- Махамбет өлеңдеріндегі ақынның өз бейнесі
- Исатай – Махамбет бастаған көтеріліс туралы айтып беріңдер?
- Егер Исатай қаза таппаса, Махамбеттің тағдыры қалай болар еді,
- өз пікірлеріңмен бөлісіңдер?
- Ақынның ел тағдыры, жер тағдыры туралы өлеңдері
- негізінде мысал келтіре отырып айтыңдар.
- Елінің тәуелсіздігі үшін басын бәйгеге тігіп құрбан болған
- қазақтың соңғы ханы –Кенесарының өкінішті қазасы
- екі ғасырға жуық уақыт өтсе де, ел-жұртын күңірентіп келеді.
- Хан Кененің қалдырған іздері — шайқас жерлер, жер атаулары,
- жырлар. Сондай тарихи жыр – Нысанбай жыраудың
- «Кенесары — Наурызбай» дастаны. Патшалық Ресейдің,
- одан кейінгі Кеңес өкіметінің тоталитарлық саясатының
- ықпалымен Кенесары, Наурызбай көтерілісі де, оның
- жыршысы Нысанбай да тарихтан алынып тасталды.
- Заман өзгерді. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізді.
- Тарихымызға да көзқарастар өзгерді.
- Қазіргі таңда қазақ халқының тәуелсіздік үшін елін,
- жерін қорғап, қолына қару алып күреске шыққан хандар да,
- батырлар да, ақындар да тарихқа қайта оралып, өз бағасын алуда.
- Сондай тұлғаларымыздың бірі аумалы-төкпелі заманды басынан
- өткерген жырау Нысанбай Жаманқұлұлы.
- Жаңа сабақ:
- Бұқардан кейінгі аса ірі жорық жыршысы – Нысанбай жырау
- (М.Әуезов)
- Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов Нысанбай жырауды
- «Бұқардан кейінгі аса ірі жорық жыршысы» деп атады.
- «Қайғылы оқиғаның қызығы мен қайғысының ортасында болған ақын
- дастанды шындыққа ғана құрып, кестелі тілмен суреттей жазған.
- Кенесары- Наурызбай жорығы туралы кейінгі талай ақын түрлі өлең
- шығарса да, дәл Нысанбай жеткен өріске жеткен емес», —
- деген болатын. (Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихы», 1927 жыл).
- Өзінің талантымен Кенесарыны тәнті еткен Нысанбай жырау
- көтеріліске бастан-аяқ қатысып, көтеріліс 1847 жылы жеңіліс
- тапқанға дейін онымен бірге болды.Нысанбай – өзінің жырымен
- жауынгерлердің рухын көтерсе, ұрыс негізінде қолына найза алып,
- ұрысқа қатысқан жауынгер – жыршы.
- Топтық жұмыс
- І топ – Нысанбай жыраудың қазақ әдебиетіндегі орны
- ІІ топ – «Кенесары –Наурызбай» жырының тақырыбы мен
- идеясын анықтап беріңдер.
- ІІІ топ – «Кенесары – Наурызбай» жырындағы батырлар
- бейнесі қалай көрінген?
- ІV топ – Жырда қазақ қоғамындағы әлеуметтік
- қайшылықтар қандай мысалдармен көрініс тапқан?
- Топтарға тапсырма:
- І топ – «Жуан және жіңішке сұрақтар» дайындайды
- ІІ топ – Дастанды өлең құрылысына талдайды. Көнерген сөздерді табады.
- ІІІ топ – Талқылау кестесі.
- Кенесары
- ІV топ – Екі жақты түсіндірме күнделігі
-
-
-
- Сұрақтар:
- Кенесары мен Наурызбайдың қазақ тарихындағы орны.
- Дастан неліктен «Кенесары — Наурызбай» деп аталды?
- Үйге тапсырма
- Дастанды толық оқу
- Композициялық құрылымына талдау
- «Жырау сөзі – тарих шежіресі» тақырыбында
- ойтолғау жазу.
- Бағалау. Топтар бір-бірін бағалайды
- І топ – бас бармақ арқылы
- ІІ топ – қол шапалақтау арқылы
- ІІІ топ – екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы
- ІV топ – ауызша бағалау
- Назарларыңызға көп рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |