Х. С. Муханбеткалиев 20 ж


Жағымсыз жағдайдағы отбасының сипаттамасы өте алуан түрлі – бұл ата-анасы баласына суық қанды қатынас жасайтын, тәрбиесімен айналыспайтын, баласының дамуына үшін жағдай жасамайтын отбасылар



жүктеу 2,32 Mb.
бет7/11
Дата20.05.2018
өлшемі2,32 Mb.
#14643
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2. Жағымсыз жағдайдағы отбасының сипаттамасы өте алуан түрлі – бұл ата-анасы баласына суық қанды қатынас жасайтын, тәрбиесімен айналыспайтын, баласының дамуына үшін жағдай жасамайтын отбасылар.

Отбасындағы жағымсыз жағдайлар баланың дамуында, өмір салтында және міне-құлық әрекетінің проблемаларына, құндылық бағдардың бұзылуына әкеледі.


Ата-анасынан алынған рухани ауру балада өмір бойы жазылмайтын, невроз, депрессия, психосоматикалық аурулар түрінде көрініс тауып отырады. Ауыр салдар қалдыратыны ата-ананың баланы жазалауы, күш көрсетуі.

Бала және жасөспірімнің мінез-құлық әрекетіндегі қиындықтарынан ата-ананың өздерінің балалық шақтықтарындағы қиындықтары көрініс табады.

Психологтардың дәлелдеуінше қиын баласы бар ата-ананың өзі балалық шағында ата-анасымен конфликтілі қатынаста болғанын көрсетеді.

Психологияның көптеген фактілерінің негізінде ата-ананың стилі бала психологиясында сақталып қалады деген қорытынды жасалды. Бұл өте ерте мектепке дейінгі жаста және санасыз түрде болады.

Ересек болып жетілгеннен кейін, сол стильді қайта жаңғыртады, өйткені ол отбасындағы басқа қатынасты білмейді. Көп ата-ана өзін бұрын ата-анасы қалай тәрбиелесе, өз баласын солай тәрбиелейді.

Зерттеу мәліметтерінің көрсетуінше, әлеуметтік-педагогикалық қолдау жүйесіне түскен балалар контингентінің барлығы дерлік стресстік жағдайда болғандарын дәлелдейді.

Медик, психолог, психиатр, психотерапевт мамандарының көрсетуінше, мұндай балалар мінез-құлық әрекеттерімен ерекшеленеді. Мамандар бұл мінез-құлық әрекетін патология деп атайды. Мінез-құлық патологиясы негізінде сол мәдениетке тән емес мінез-құлық әрекетін айтамыз.

2. Стресстік жағдайлар барлық ағзаның қалыпты қызметіне жағымсыз әсер етеді. Ол көптеген себептерден туындайды. Жақын адамынан айырылу, ата-ананың ажырасуы, басқа отбасы құрулары, төбелесу, сексуалдық күш көрсету, катастрофа, т.б.

Адамның стресстік жағдайларда бастан кешуінің күші адамның жағдайды қалай қабылдағаны мен талдағанына тәуелді. Стресстік жағдайларды бастан кешу бала психикасында өшпес із қалдырады. Балалар уайымдау, бастан кешу күшін реттей алмайды.

Жағымсыз әсер күшті болмасында оның қатты уайымдалуы стресстің себебі болуы мүмкін. Стресстік жағдайлардың жинақталуы не проблемаға әкеледі, не икемділік танытуға әкеледі. Ол адамның жасына және қиындыққа қарсы тұру білігіне байланысты.

Балаға ең күшті әсер ететін, ол отбасының құлдырауы, алдындағы жағдайы. Балалар ата-ананың өзара ренжісулеріне, бір-біріне немқұрайлы қарауларына сезімтал байқағыш келеді.

Әдетте бала ата-анасының екеуіне де жақын болады, сондықтан екеуінен айырылып қалу, сонымен бірге өз қауіпсіздігінен айырылуы алдындағы қорқынышты бастан кешіреді.

Бала мұндай жағдайда өзінің рухани күйін өзгертуге тырысады, шашын жұлады, тырнағын кеміреді, қараңғыдан қорқады.

Баланың отбасынан тыс жерде өмір сүруі, психикалық күй – психикалық депревацияға әкеліп соқтырады. Бұл күй негізі психикалық қажеттіліктердің ұзақ уақыт бойы қанағаттандылмауынан болады..

Отбасынан тыс жерде тәбиеленуші балаларда тұлғалық депревация пайда болады. Ол тұлғада негативті сапалардың қалыптасуына негіз болады.



3. Балалың психикалық дамуына және өмір салтына үлкен әсер ететін басты фактор - әке, ана, отбасының басқада мүшелері.

Бала ата-анасынан көргендерін жасайды, еліктейді. Жаңа ортаға түсе отырып бала кейінгі өміріне оралғысы келеді.

Арнайы мекемедегі өмір отбасын алмастыра алмайды. Тәжірибеде көп кездесетін жағдай, ол баланың жағдайы нашар болса да отбасыларына қайтып оралулары, өйткені онда оның ата-анасы.

Балалар мен жасөспірімдер әлеуметтік-педагогикалық мекемелердің жүйесінің жұмыс тәжірибелері түрлі-жастағы балалардың ата-аналарын бағалауларын көрсетті.

Көпшілігі ата-аналарына жағымды баға береді, көбінесе өмір сүру жағдайын кінәлайды немесе ата-ананың өзін емес, олардың мінез-құлық әрекеттерін кіналайды. Көпшілік балалар ата-аналарынан идеал жасайды. Ата-аналарын еске ала отырып, олардың жағымды жақтарын еске түсіреді.

Ересектей балалар ата-аналарына адекватты, шынайыға жақын баға береді. Бірақ олар ата-аналары жақсы жаққа өзгереді деген сенімде болады.

Жанұлық тәрбиенің әдістері мен мазмұнының өзгешелігі әрбір жанұяның өмірге нақты қарым-қатынасының негізінде пайда болады. Сонымен қатар балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге байланысты. Олардың жан-жақты дамуы ата-аналардың психологиялық ерекшеліктірді білуіне, балалардың адамгершілік тәжірибелері ерте кезеңнен дамитынын меңгеруіне, жасөспірімдер және жоғарғы класс оқушыларының ересектікті қабылдауына байланысты.

Балаларды тәрбиелеу әдістері туралы арнайы әдебиеттерді талдай отырып, А.Г.Ковалев балаларды тәрбиелеудің үш әдісін қарастырады: сенім, көз жеткізу (негізгі ретінде) және машықтану (ата-аналардың жолға қоюымен бала өмірінің бейнесі). Ал Т.В.Воликова жанұяда балаларды тәрбиелеудің әдістері: сенім әдістері (әңгіме, сұхбат, мысал, түсінік беру, көркем әдебиеттерді оқу), машықтану әдістері (күн режимі, ойын, үнемі еңбек тапсырмалары және т.б.), ынталандыру әдістері (талап ету, жарыс, мадақтау, жазалау) және өзін -өзі тәрбиелеу деп есептейді.

А.О.Пинт жанұяда тәрбиелеу әдістеріне талап ету, көзін жеткізу, әдеттендіру, мадақтау, жазалауды жатқызады. Оның пікірінше, тәрбиелеу жүйесінде бірінші сенім , талап ету, әдеттендіру әдістері, ал жазалау сонымен қатар мадақтау - бұл тек көмекші шаралар, оларды тек қана ұнамды нәтиже берген жағдайда болмашы қолдануға болады. Көптеген сөздіктер мен анықтама әдебиеттерінде «тәрбиелеу әдістері», «тәрбиелеу тәсілдері» туралы ұғым анықталмаған немесе әдістері және тәсілдері арасында айырмашылығы жоқ жалпы түсінік береді. Жанұяда бір немесе екі бала, анасы, әкесі, әжесі, атасы болса, онда өзгеше ерекшеліктерімен үлкен үйлесім табады. Жанұяда қанша адам болса, сонша әрбиелеу әдістері , өзіне тән жағдай және жанұялық бітімшілік қарым-қатынастары туады.

В.А.Сухомлинский қиын балаларға жалпы педагогикалық әдістермен әсер етуге болмайды деп жазды. Дағдылы тәрбие әдістері көп балаларға нәтижелі көмек береді, ал, қиын балаларға қолдануға тиімсіз. Бұл жағдайда басқа ерекше тәрбиелеу әдістерін және тәсілдерін іздестіру керек. Балалардың жанына ерекше әсер ететін құрал, бұл- ата-аналардың, педагогтардың сөзі. Оны қолдану барысында айқайлауға болмайды. Айқай бұл - тәрбиесіздік болып саналады. Ол балаларға әдепсіздік болып қабылданады.

В.А.Сухомлинский: «Айқайлау бұл - баланы дірілдеп тыңдауға және бағынуға алып келеді дей отырып, ол серіппені қысумен салыстырды. Біз қалай серіппені қатты қыссақ, солай қатты қауіп төнеді, ол сынады және кім оны қысса соны соғады» - деді. Алайда жалпы қабылданған қайта тәрбиелеу әдістері қиын балаларды тәрбиелеуге келмейді.

Бұл жағдайда тәрбиелеу әдістерінің жіктелуіне: сананың қалыптасу әдістері, адамгершілік тәжірибесін ұйымдастыру әдістері, мінез-құлығын түзетуге немесе ынталандыру әдістері және арнайы әдістерге сүйенген дұрыс. Сананың қалыптасу әдістерінің өзіндік ерекшеліктері вербальды әдістермен (этикалық әңгімелер, диспуттар, оқулар және т.б.) басталып, Е.И.Петуховтың пікірімен «едәуір дәрежеде тыңдаушыларды қобалжытатын, ойландыратын, іздейтін, пайымдататын іс-әрекетпен» қорытындыланады.

Адамгершілік тәжірибелерін ұйымдастыру әдістеріне педагогикалық талап ету, әдеттендіру, жаттығу, тәрбиелеу жағдайларын жасауды жатқызуға болады.

Біз осы топты мысалға алып, тәрбиелеу жағдайларын жасау арқылы қарастырамыз. А.С.Макаренко егер, ұзақ уақытқа балаға тапсырма беріп, оны қолдап, бір таза бөлме беріп, оның қалай жасалуын , оның шешімін және жауабын өзіне берсе, онда оң нәтиже болады деп есептеді. Бұл жағдайда оның алдына ұйымдастырылған тапсырма қойылады. Тапсырма қаншалықты қиын және дербес болса, соншалықты педагогикалық қарым-қатынаста болады. Баламен ыңғайлы уақыт тауып дербестілігін талқылау өте пайдалы. Өзінің практикалық дағдысын қалыптастыру арқылы, бала өзінің уақытын жоспарлауды, өзінің күшін анықтауды және өзін-өзі басқаруды үйренеді.

Тәрбиелеу жағдайында жанұядағы қарым-қатынас жағдайы туындайды, сондықтан ықпалы әрбір жағдайда бірдей бола бермейді. Жанұяның өзіндік ерекшеліктерін білу қажет, жанұялық тәрбиеде жасалынған қатаң бағдарлама жоқ. Жанұялық жағдай барысында алдын-ала анық ойластырылған ескертулер қажет. Мысалы: «Папаң сені өзіне мотоцикл оңдасуға көмектесуін қалайды. Сабағыңды жылдамырақ оқып, кешке әкеңе көмектес». Ата-ананың талап етуін сөз ете отырып, тәрбиелеудің маңызы ата-ананың тек қана талап етуінде емес, соның ішінде қалай айтқанында. Егер ата-ана баладан қалай талап етсе, баланың қарым-қатынасы соған байланысты болады. Ақыл-парасатпен, жүйелі, әдепті айтылған кеңестер және тілектер жасөспірімге оның жасағандарын талқылауға дағдыландырады, өзін-өзі бақылауды үйренуге, мінез-құлқын қалыптастыруға үйретеді.

2. Мінез-құлықты түзету және ынталандыру әдістеріне : мадақтау, жазалау және жарыс (көп балалы жанұяда) жатады. Психикалық жағдайдағы қиын балаларды тәрбиелеу барысында әртүрлі әдістемені қолдану маңызды. Бұларға текетірес жағдайда өзін ұстауы, сенімсіздік жағдайындағы іс-әрекеті жатады. Бұл жағдайда тәрбиешінің жоғарғы педагогикалық техникаларды (шеберлік) білуі және жағдайды шешуде мейірбандылық таныту және нәтижені оң шешу шарт. Арнайы әдістерге баланы оқшаулау, ерекше режим жағдайын туғызу және «қопарылыс» әдісін жасау жатады. Бұл жалған ұстанымды жылдам жойып, оның ақымақтығын және өзінің жасағандарын қайта талқылауға жағдай жасайды. «Қопарылыс» әдісі - өте өткір және қиын іс-әрекет тәсілі, ол үлкен шеберлікті қажет етеді.

Егер әкесі және анасы өздерін қалай ұстауды білмесе, онда тәрбиелеу әдістері мен тәсілдерін де білмейді. Нәтижесінде қырсықтық, жасөспірімнің мінез-құлқынының дамуына кері әсерін тигізеді немесе мінез-құлқының дамуы дұрыс жолға қойылмайды. Қиын баланы тәрбиелеу үшін оның жеке қасиеттерінің жақсы жақтарын ашу, оның күшіне сену және мүмкіндіктеріне сену, оған сенім білдіру керек. Сонда ғана тәрбиелеу оң нәтижесін береді.

Қаншалықты жанұяда балаға көп-көңіл бөлінсе, соншалықты баланың жеке қасиеттерінің дамуы жемісті болады, сонда ғана жанұяда нағыз жеке тұлға қалыптасады.

Мемлекеттің мәдениеті мен байлығын қарапайым белгілерден анықтауға болады: әрбір жанұяда бала тәрбиесінің жауапкершілігіне қаншалықты көңіл бөлінеді және баланы қандай мінез-құлық ерекшеліктеріне баулиды.

Біздің елімізде соңғы онжылдықта балаларға селқос қарайтын үлкендер пайда болды. Бұл әлеуметтік экономикалық тұрақсыздықтың салдарынан балаларға қажетті көңілдің бөлінбеуімен түсіндіріледі.

Жіберілген қателерді түзету мәселесі - өте күрделі де қиын. Бұл мәселені шешу үшін жақсы дайындалған жанұялық тәрбиеге арналған әлеуметтік педагогтер, мектепке білікті мұғалімдер және мектепке дейінгі мекемелерге тәрбиешілер өте қажет. Сонымен қатар жоғары класстарда этика негіздерін және жанұялық өмірдегі психологияны байыпты оқыту қажет.

Мамандардың жайсыз жанұялармен жұмысы.

Әлеуметтік-педогогика мамандары тұрмыстарында жайсыз отбасымен жұмыс жасағанда отбасының балаға деген әсерінің ықпалы зор екендігін ұғындыру керек. Осындай тәжіребиелі істің нәтижесі мынадай тұжырымға әкелді, егер балалар одан қәуіпсіз, қолайлы ортада тәрбиеленсе, өзінің потенциалды дамуына жете алады.

Отандық және шетел психологтарының мәлеметтеріне сүйенсек, атап айтсақ ( Л.И.Божович, З.А.Бардымева,А.М.Прихожан, Н.Н.Толстой, З.А.Матейчик т.б) үнемі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, ата-ана балаға күнделікті жағдайды жасап отырады, олардың арасында ұзақ жылдарға сақталатын қарым-қатынас қалыптасады. Кейбір жағдайда тұрмыс жағдайы тұрақты отбасының баласы ұзақ уақыт ата-анасынан шет жақта жүрсе, балада ата-анаға деген ерекше сезім қалады. Міне, осы сезім адамға өзіңе деген сенімділігін және қауіпсіздігін қалыптастырады. Миллицияда, әлеуметтік қорғау органдарында есепте тұрған көпшілік жайсыз отбасыларының қауіпсіздігі, күнделікті балаларының жағдайы әлі күнге дейін өзінің белгілі бір мақсатына жете алмай отыр. Осындай отбасындағы бала оның ата-анасы,атасы, әжесі ауыр жағдайдан өткеннен кейін, қаталдықты және зорлық-зомдылықты қалыпты жағдайда қабылдай алады. Мұндай отбасының адамдары қандай жағдай болса, адамдармен қарым-қатнас кезінде кері әсер беретін әрекеттер жасап отырады.Осының бәрі үнемі келіспеушілікке әкеліп соқтырады.

Мамандардың- әлеуметтік педогогтардың, психологтардың, тәрбиешілердің алдынан ұрпақтан-ұрпаққа қайталанып жалғасып келе жатқан осындай отбасылармен кездесіп отырады.Жас кезінде арнайы мекемеге түскен ата-ана, баласыныңда дәл осындай жасында арнайы мекемеге түскенін, өзінің ісінің қаталанғанын көреді.

Мамандар жайсыз отбасымен жасаған жұмыстарына талдау жасай отырып, олардың алдында жас ұрпақты қорқыныштан, жайсыздықтан қорғау, одан алыс ұстау, олардың қәуіпсіздікке махаббатпен қамқорлыққа ешкім шек қоя алмайтындығына ұғындыру керек.

Жайсыз отбасылырына-бұрынға-қазіггідей, ал қазіргі-болашақтай болып көрінеді. Олар үшін өмір жабық, жан-жағы қамаулы кеңестік болып көрінеді.Жасөспірім қызбаланың жастайынан зорлық көруін жиі кездестіруге болады. Сонымен қатар оның анасынемесе әкесі өздегінің көрген қаталдығын балаларыныңда көруіне себепкер болады. Осының бәрі ұрпақтан-ұрпаққа қайталанып, жараланған, жәбігленген оқиғаларға әкеліп соқтырады.

Отбасындағы дағдарыс ата-ана мен баланы үлкен өмірге деген көзқарасын өзгертіп, баланы тез есейтіп балалықтың не екенін білмей өсуіне, яғни 2 жастағы сәбидің-5 жастағыбала секілді өсіп жетілуіне әкеледі.

Отбасындағы дағдарыс нашақорлықпен байланысты әр түрлі жағдайларды көгуге болады. Зорлық-зомдылыққа бейімділікке, құмар ойындар,

бой ұру және басқада нашақорлық заттарды атап айтуға болады. Үнемі дағдарысты бастан кешкен отбасының өмірге деген құлшынысы бояу болып, ойландыратын, толғандыратын мәселелерден қашып отырады.Бұның қортындысы отбасы мүшелерінің тығырықтан шығудың жолын, кез келген қаталдыққа, қорғансыздыққа бой ұрмау дағдарысынан шыға алмауына көзімізді жеткізуге болады.

Мамандардың кішкентай сәбиге немесе ересек адамға көмек көрсетуі үлкен тәуекелге деген бастамасын көруге болады.

Зерттеулердің көрсетуі бойынша, отбасылық терапевтің көптеген жұмыстары осындай отбасыларымен болғандығын көреміз. Олар өздерінің қолайсыз жағдайға душар екендігін отбасылық терапевтен көмек іздеп, психологтан сабақ алады. т.б.

Әлеуметтік педагогтар, қамқорлыққа алу бөлімі, оқу бөлімдерінің мұғалімдері осы сәтсіз отбасыларымен жұмыс жасауда өздерінің тәжірбиелерінің аздығын ата-аналармен, балаларымен кездескендекезігіп отырады. Олардың көмегі өте қажет екендігін және ол үшін үлкен күш жұмсап жұмыс жасау керек.

Мамандар отбасы дағдарысымен, мінез үйлесімсіз, мамандардың ықпалына белгісіз жағдайлармен көмек бере тұра жиі ұшырасып отырады. Осындай отбасының мүшелері: «Сіздер біздерді түсінбейсіңдер. Бізге ешкім де көмек жасай алмайды». Соңында сіздер де бізді кінәлап, бізді жек көресіздер және бізден бас тартатын боласыздар,- деп айтады. Осындай жағдайда көмек көрсетеміз деген мекемелердің барлығы мұндай отбасыларын берілмейтін, айтқандарынан қайталанатынын біліп, оларды тек қана қадағалауға тура келеді. Олардың балалары бір мекемеден немесе бір орталықтан келесісіне, бір отбасынан басқа отбасына, сонымен қатар заң қызметкерлеріне шара қолдануына, себебі осындай отбасының әрекеттері қоғамға қауіп туғызады.

Бірақта сәтсіз отбасыларын қайғылы, осылай шектелген деп қарауға болмайды. Дағдарысты басынан өткізген отбасын басқа қырынан қарап, уақыт өте келе олардың қалыпты жағдайға бұрып, отбасы мәселесін жоғары сақтап ұстапу керек. Мамандарға отбасының дағдарысын түсінуге, олардың сұрақтарына жауап іздеуге, оларды отбасы бірлігіне дайындауға, мықты отбасына айналуға, үнемі болып тұратын дағдарыстан шығуға көмектесу, жаңа ұрпақтың бұрынғымен қарым-қатынасын үзуге болатындығын біледі.

Психологияның әлеуметтік педоготық зерттеулер көрсеткендей әр отбасы белгілі бір мерзімді, дағдарыс жағдайларына кезігіп отырады.

2. Жайсыз отбасыларын үш топқа бөліп қарауға болады.


  1. Алдын алу болатын отбасы отбасының проблемалары болар болмас және де, бастапқы даму кезінде болады.

  2. Әлеуметтік және басқада қайшылықтары бар.

Отбасы мүшелері бір-бірімен және қармағын ортамен қатынастары қайшылықтары, сера-қатнастарын қиындатады.

3.Отбасы өмірге деген құлшыныстары аяғын өзінің тағдырына деген және баланың тағдырына кері қорауы әсері.

Келесі классификациялық топқа: ата-ананың көлеміне қарай толық, жартылай, қамқорлыққа алу, асырап алу отбасыларын, балалардың санына байланысты аз баланың саны көп балалық баланың болмауы, материалдық жағдайға байланысты аз қамтылған, орташа қамтылған, жақсы, жан жақты қамтылған, ата-ананың мәселесіне байланысты алькогольды қолданатын отбасы, нашақорлық отбасы, жұмыссыз, ата-ана құқығынан айырылған деп жан-жақты қарастыруға болады.

Жайсыз отбасында бала өзінің сыртқы түрімен, киімімен, қарым-қатынасымен, психологиясының өзгеруімен, тұйықтылығымен, не нәрседеден алыс қалғандығымен аңғарады. Баланың сыртқы түрімен іс-әрекеті тек қана оның мәселесін көрсетіп қана қоймай, оған көмек көрсетіп, қол ұшын беруге шақырады. Осындай жағдайда бала қоғамда жайсыздықтарға, түсінбеушілікке тап болады.

Баланың жас мөлшері әртүрлі болғанымен, олардың проблемалары бірдей болып келеді.

Мамандардың жас балаға деген қадағалауы анық болуы шарт.

Ол үшін:

Бірінші қадам: Мамандардың жайсыз отбасымен жұмысы отбасын қорғау мен сақтауға арналады. Маман неге отбасы өзгерісті қаламайды, соны түсіне білу керек. Мұндай отбасындағы ата-аналар баласына белгілі бір махаббатты, қамқорлықты бере алмайды деп кінә тағылады.

Маман отбасының не істемейді, қандай іс-әрекеттер жасамайды деп соны ғана көріп қана қоймай, олар неге күш салатынын байқау керек. Дағдарыста тұрған отбасы, қаіпсіздік жағдайда тұрады, алға дұрыс қадам жасамаса ол құлдырап кетуі ғажап емес. Маман мұқият жылжу керек, үнемі отбасы көмегін қабылдамауы мүмкін деген қорқыныш пайда болады.

Екінші қадам: Отбасының қоршаған ортаға көмек көрсетуіне бағытталған. Дағдарыстағы отбасының үлкен шектеусіз ортасы бар екенін білеміз. Бұлармен қарым-қатынасын сақтаған туыстары, достары, жұмыстастары. Маман барлық сақталған қарым-қатынастарды сақтау керек. Мүмкіндігінше бұрынғы осы ортадағы бірінші сәбиден бастап араласып, сол арқылы ата-анасына, басқы да отбасы мүшелеріне көмектесу қажет. Бұндай әрекеттер дұрыс нәтижелі жұмысқа әкелуі әбден мүмкін.

Үшінші қадам: Отбасы баға беру кіммен байланысты, сезім мен фактілерге қалай жауап береді, оларға бұрын не болды, міне осымен сипаттауға болады. Отбасының бір-біріне деген жылы қарым-қатынастары, отбасына деген жауапкершілігін сезінуге болатындығын ескерту қажет. Басқа жолдарын білмеуі мүмкін. Бұндай ортада тәрбиелеу сезімсіздік әрекеттерін, қайғыру мен жоқтауды білмеуі де мүмкін.

3. Мамандар дағдарыстағы отбасымен жұмыс жасағанда, балаға ата-анасымен бірге тәрбиеші қызметін атқармай, керісінше, көп көңілді үлкендерге бөлу керек. Дағдарыстағы отбасының үш көмек көзін көрсетуге болады:


  1. Маман күндіз орталыққа келуін қамтамасыз етуі қажет, отбасымен жұмыс жасау орталықтары баланың қауіпсіз ортада өсетініне сенімдерін білдіреді. Ата-аналар да орталыққа келіп маманның жұмысын қарап, баламан қалай жұмыс жасайды, тәрбиелейді, ойнайды, осының бәрін қадағалауға болады: Бала орталықта өзін жақсы ұстағанымен, үйде нашар болуы мүмкін.

  2. Дағдарыс кезіндегі арнайы әлеуметтік-педагогикалық орталықтағы балалар (уақытша 24 сағат 3 айға дейін). Бұл балаға отбасында қауіпсіздік жағдай туғанда ғана кездеседі. Мұнда ата-ана баласы кішкентай болса күнде, жиі бірнеше рет кейін өзінің баласын орталыққа келіп күтуі қажет. Анасы-емделу орталығында жатса, күнде келіп баласына қарап, күтуге болады. Егер мекеме жақын жерде болса біреудің көмегі әкелуге немесе апаруға керек болады.

  3. Мананның отбасымен тікелей байланысы. Әлеуметтік педагог отбасына жарты сағат немесе отбасын видеоға түсіріп, екі маман барып, бірі жұмыс жүргізеді, екіншісі болған жұмыстарды жазып отырады. Содан кейін екеуара талқылайды. Мұнда ата-анамен бала өзінің ортасынан шықпайды үйінде болып маман ғана оларды барып қадағалып отырады.

Жақын ортадағы көмек . әлеуметтік педагог немесе әлеуметтік жұмысшы отбасының қоғаммен барлық қарым-қатынасын зерттейді. Аталған барлық көмектердің түрін мұқият қолдану керек. Басқа жұмыс түрлерінің формаларын қарауға болады. Мамандардың басты идеясы барлық мүмкіншілікті жасап баланы отбасынан алыстатпай жақын ұстау. Отбасын жақсы танығаннан кейін алғашқы құрамдарды жасауға болады. Біріншісі –материалдық көмек.(тамақтандыру, киіндіру т.б.) ата-аналарға материалдық көмек көрсетілмейді, оның орнына басқа жолы мысалы: арыз жазу т.б.
Дәріс 9 Тақырыбы: Еуропа мен АҚШ елдеріндегі әлеуметтік тәрбие тәжірибесі

Жоспары:

  1. Еуропа елдеріндегі әлеуметтік педагог жұмысының ерекшелігі.

  2. Англиядағы әлеуметтік саясат пен жанұя және баланы қорғау ерекшелігі.

  3. АҚШтағы әлеуметтік педагог жұмысы

1. Еуропалық дамыған елдердегі әлеуметтік жұмыс көлмекті қажет ететіндерге бағытталған.

Швецияда денсаулық сақтау орындарында ауру адамға емделу күн тәртібін сақтауға, отаға дайындалуға, оның ішкі рухани жайына көмектесуге, қайтыс болған адамның туысқандарына көмектесуге және ата-анасыз қалған балалардың тағдырын шешеді. Психиатриялық ауруханаларында әлеуметтік қызметкер емдеу курсынан кейін де пациентпен жұмысты жалғастыра береді.

Ұлыбританияда әлеуметтік қызметкер перзентханаларда, психиатриялық ауруханаларда жұмыс жасайды. Әлеуметтік педагог әлеуметтік қызмет құрамына кіреді, қиын жасөспірімдермен жұмысқа оқытушыларға көмектеседі. Ата-налармен оқушыларға жанұядағы қарым қатынасты жақсартуғаа, ата-аналар мен оқушылардың мұғалімдерге білім беру кезінде кедергі келтіретін қарым-қатынасын жоюға көмектеседі. Ата-аналар балаларына қатал қарым қатынас жасайтын, бала дамуынан қалыс қалып жатқан жанұяларды анықтайды. Әлеуметтік педагог мектептен шығарылған немесе денсаулық жағдайына байланысты уақытша мектепке бармайтын балалардың үйдегі сабағын ұйымдастырады. Әлеуметтік жәрдемдерді алуға көмек көрсетеді.

Германияда әлеуметтік педагог мектептің негізгі штатына кіреді. Ол қиын балалармен жұмыстанады, олардың бос уақытын ұйымдастырумен айналысады, ата аналарға кеңес берді. Сотта және түрмеде жасы кәмелетке толмаған қылмыскерлермен қылмыстық іс қозғалғанша да, соттың шешімі шыққаннан кейін де жұмыстанады. Балалардың қылмысының алдын алумен, қарттар үйіндегі жалғызбасты қарт адамдармен және ауруханадағы аурулармен жұмыстануға балалар мен жасөпірімдерді тартады.

Түрмеде әлеуметтік педагог қылмыскердің жазалану уақытына оқу және жұмыс жоспарын жасайды, демалысты ұйымдастыруға, қаржыны реттеуге және түрмеден шыққанана кейін жұмысқа орналасуға көмектеседі.

Германияның кейбір жұмыс орындарында әлеуметтік педагог ересек жұмысшылардың білімін жетілдірумен және үздіксіз білім алуының мәселелерімен айналысады.

Солтүстік Ирландияда арнайы қызмет қалыптасқан. Бұл қызмет орнында офицер төрт-бес адамнан тұратын топпен кәмелетке толмаған қылмыскердің сот алдындағы жағдайын талдайды, соттан кейінде оның тәртібін, жағдайын қарап, бостандыққа шыққаннан кейін де бұрынғы жолға түспеуі үшін көмек көрсетуді көздейді.

2. Джилл Горелл Борис өзінің «Англиядағы жанұялармен әлеуметтік жұмыс» кітабында әлеуметтік педагогтардың жұмыс тәжірибесі туралы жазады. Жанұяның ауқымды аймақты қамтыйтын жанұялық мәселелерімен және оған деген әртүрлі тұрғылармен қатар, автор ішкі дағдарыстағы жанұядағы балалармен жұмыстың ерекшелігін ерекшелеп көрсетті.

Жанұя дағдарысы дегеніміз ол өзіне түскен қиындықтарды жеңе алмай жатқан кездегі жанұяның жағдайы. Көбіне екінші неке жағдайында бала өгей ана мен әкені қабылдамау жағдайы жиі болады. Автор балалар кішкентай болса, дау жанжал да болмайтынын көрсете отырып, неліктен ата-аналалар балаларымен байланысты жоғалтатындығын ашып көрсетеді. Мұндай жағдайда көмекке әлеуметтік педагог келеді. Ол жанұядағы туындаған жағдайды талдай отырып, оның мүшелері арасындағы қатынастың өзгеруін моделдейді. Ол тәрбиеге алынайын деп отырған бұған дейін жанұяда болмаған балалардың мінез құлқының ерекшеліктеріне, олардың ата-анаға деген қатынасына ерекше тоқталады.Автор ата аналарға балаға деген дұрыс тұрғы табуға кеңес береді. Оның мінез-құлқын бақылау, оған тез бейімденуден өту үшін, жаңа жағдайда өзін жақсы сезінуге көмектесу үшін онымен әңгімелесу қажет.

Ата-ана үшін маңызды жайттардың бірі өзін өзі бақылау дағдыларын меңгеру, өзінің және баланың алдына жақын уақыттағы және ұзақ мерзімді міндеттерді қоя білу білігі, денелік жазлаулардың зиянын білу. Бала тәрбиеленген жанұядағы жағдайды зерттеу өте маңызды.

Әлеуметтік педагогтардың жасөспірімдермен жұмысын талдай келе автор осы жастағы дағдарыстық жағдайларға назар аударады: ата-аналарының өлімінен кейін жалғыз қалудан туындаған өз-өзіне қол жұмсауға талпыну. Жанұядағы дағдарыс, сәтсіз болған қамқорлыққа алынудан баланың жанұядан кетуіне алып келеді.

3. Америкадағы мұндай балалармен жұмыстың ерекшелігі туралы, әлеуметтік көмектің ерекшелігі туралы С.И.Чорбонскийдің «АҚШтағы әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік бағдарлама» кітабында жазылған.

1921 жылдың өзінде АҚШта Америкалық әлеуметтік жұмысшылардың ассоциациясы құрылды. Бірақ бұдан да бұрынғы ұйым болып, 1920 жылы құрылған әлеуметтік жұмысылардың бірлестігі Америкалық балаларға көмек лигасы саналады. Қазіргі күнде Лига балаларға әртүрлі көмек бағдарламаларын жасақтайды.

Негізгілердің бірі болып, иждевениядағы балалары бар қамқорлықты қажет ететін жанұялар бағдарламасы. Бағдарлама 1935 жылы жасалып, мұнда ең маңызды болып балалары бар жесірлерге көмек қарастырылды. 90 жж. осы бағдарлама аясында 11млн. адам көмек алды, олардың 90% жалғызбасты аналар.

Сондай ак аз кірісі бар, кәмелетке толмаған анасы, жалғызбасты анасы бар балалар мен жанұяларға материальдық көмек көрсетіледі. Неке тіркелмесе де әке баласына қамқорлық танытуы қажет. Кейбір штаттарда қашқақтаған әкелерге түрмеге отырғызуға дейінгі қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған.

Кейбір штаттарда «Хелп» бағдарламасы жұмыс жасайды. Бұл бағдарлама бойынша жасы 20 толмаған аналарға арнайы приюттарда орын беріледі, мұнда балаға күтім мен қамқорлық көрсетіледі, ал ана оқуына не жұмыс істеуіне болады. Приюттарды жек тұлғалар және коммерциялық емес ұйымдар ұстайды. Оны Федеральды штаттық балаға көмек бағдарламасы (АФДС) қаржыландырады.

Әлеуметтік көмек мынадай балалар мекемелеріне көрсетіледі: бала бақшаларға (күндізгі және тәулік бойғы), ұзартылған күн тобына, қиын балалар мен жасөспірімдер приютына, мүгедек балалар мен ақыл ойы кем балаларға арналған мектептер және әртүрлі түзету орындарына.

Федеральдық заң оқу тәрбие беру мекмемелерінің алдына төмендегідей міндеттерді қояды: жасерекшелігіне, қабілеттері мен қызығушылығына сәйкес толыққанды білім беру, толық тамақтандыру, медициналық қызмет, әлеуметтік және эмоциянальдық даму, ата-аналарды педагогикалық ағарту, ата-аналар мен балаларға әлеуметтік қызмет көрсету.

Мектепке дейінгі мекемемелер бар, олардың көбі коммерциялық болып табылады. Оларға федеральдық бюджеттен кедей жанұялардың балаларына арнап ақша бөлінеді. Талап бойынша төрт-бес жастағы бес балаға бір тәрбиеші.

Кедей жанұялардың балаларына арнап мектептегі таңғы ас бағдарламасы күнделікті тамақтануды қамтамасыз етеді.

1996 жылдан бастап «Хендстарт» бағдарламасы аз қамтылған жанұялардағы баяу дамуы бар балалардың тәрбиесі мен білім алуын жүзеге асыратын бағдарлама ретінде жұмыс жасауда. Бағдарлама жылына орта есеппен 450 ге дейін адамды қамтыйды.

Реабилитациялық орталықтардың қызметін 8-10 баланы қамтыйтын приюттар атқарады. Мұнда баланы стрестік жағдайдан шығаруға көмектеседі, 80-90% балалар үйлері және ауруханалар жеке қайырымдылық есебінен жұмыс жасайды.

Кәмелетке толмаған қылмыскерлерлерге арналған арнайы калониялар мен түрмелерде әлеуметтік педагогтар жұмыс жасайды.

Ата-аналаға арналған жүйелі оқу сабақтары (АЖОС) Д.Динкмейер мен Г.Маккеем жасаған (1976) кең танымал бағдарлама ата-анамен баланың арасындағы өзара құрмет негізіндегі оқу модельі.

АЖОС баланың өзінің қате мінез-құлқымен жеткісі келетін төрт мақсатын көрсетеді: назар аударту, билік алу, кек алу және жағдайды адекватты емес екенін баса көрсету. Дұрыс емес мінез-құлықтың себептері ретінде қозу, айналасындағылармен тең деңгейге келу және өзін үстем сезіну жатады. АЖОС бағдарламасы әкелер мен аналарға балаарының мінез-құлық түрткілерін түсінуге және жағдайды түзеудің ең тиімді жолын таңдауды үйретеді. Ата-аналар білімі курсындағы сияқты баланы тығыз қарым-қатынаста тыңдау және демократиялық шешім қабылдау ұсынылады. Осыған сәйкес ата-ана мүмкін болатын шешімдердің кең шеңберінің ішінен ата аналар балаларының мінез-құлқындағы мәселелерге тән шешімді таңдап ала білуі қажет.

АЖОС баланың мінез-құлқындағы табиғи және логикалық шешімдерге сүйеніп, оған деген өз қатынасыңды өзгертуді талап етті.

АЖОС бағдарламасының ерекше бір қыры тәрбиелік мақсатта алдын алу мен қиындықты реттеу үшін жанұя шеңберінде кездесу ұйымдастыруды қолдану. Ата-аналарға осы реттегі кездесулердің жоспары ұсынылды. Бұл жанұядағы адамдардың арасында қарым-қатынасты жақсартуға және жанұялық мәселелерді шешуге көмектеседі деп есептелді.



Әдебиеттер:

  1. Джилл Горелл Борис. Социальная работа с семьями в Англии.М., 1993.

  2. Чорбинский С.И. Социальня работа и социальна программа в США. М., 1992.

  3. Энциклопедия социальная работы: В т.М., 1996.

  4. Василькова Ю.В., Василькова Т.А. Социальная педагогика. М.,2004.


Дәріс 10. Мектепке бейімделмеу

1. Адамға тәрбие мекемелерінде жеке-дара көмек көрсетуге деген қажеттілік белгілі бір жас кезеңіне байланысты туындаған мәселелер мен міндеттерді шешуде туады.

Балаға мектеп көлемінде жеке-дара көмек көрсету-педагогикалық көмек көрсетудің бір нұсқасы ретінде қарастырылады.

Әлеуметтік-психологиялық міндеттер жеке тұлғаның өздік санасының жасалу үрдістерін жеке-дара реттеумен, өзін жүзеге асырумен және өзін реттеумен байланысты.

Әлеуметтік-психологиялық міндеттер мен мәселелерді шешудегі жеке-дара көмек көрсетудің жетекші бағыттардың негізгілеріне жатады:

а) Оқушының субъектті позициясының жасалуына көмек.

ә) Мектептік бейімделмеушілік (дезадаптация) жағдаятына жеке-дара көмек.

б) Әр түрлі бөлек категориялардағы балаларға жеке-дара көмек.

а) Оқушының субъектті позициясы оның белсенділігімен тікелей байланысты. Оқу әрекетіндегі позицияны талдау барысында оқу белсенділігінің төрт типін ажыратуға мүмкіндік береді.

1. нөлдік белсенділік (анық объективті позиция). Оқушы енжар, бірлескен немесе жеке жұмыстануға қызуғушылық танытпайды, оқу әрекетке педагог қысымымен араласады. Өзара әрекеттестікте оқу үшін онда эмоционалдық, интелеетуалдық және мәнез-құлық дағдылары дамымаған.

Мұғалімнің тактикасы оқушының қорқу, қысымшылдық сезімдерінен жоюға бағытталған атмосфералы сабақты жасауға негізделген. Бұндай топты оқушылармен жұмыстану барысында тез араласуды күтудің қажеті жоқ, себебі, олардың белснеділігі біртіндеп жоғарлауы мүмкін. Оларға бір қызмет түрінен екінші қызмет түріне тез ауысуды қажет ететін оқу тапсырмаларын ұсынбау. Жауап беруде уақыт беру. Жауап беру барысында кенеттік сұрақтар қоймау. Бұның барысында мынадай тізбек жасалады: жайлылықты, ашықтықты қамтамасыз ету→бірлесіп жұмыс жасау алдындағы үрейді жою→педагогпен немесе сыныптастарымен бірлесіп қызметтесуге енуіне дайындық→күту және таным белсенділігінің жаңа типін меңгеруге деген эмоционалдық дайындық.

2. жағдаяттық белсенділік (басым объективті позиция). Тән сипаттама-белгілі-бір жағдаяттардағы белсенділіктің және қызығушылықтың көрінуі (сабақ мазмұнының тартымдылығы, сабақ берудің жаңа тәсілдері). Бұл топтағы оқушылар жаңа жұмыс түрлеріне тез ауысады, бірақ кедергілер туындағанда қызығушылықтан жеңіл айырылады.Олар мұғалімді тез дұрыс жауап берулермен таң қалдырулары мүмкін, бірақ эпизодты.

Мұғалім стратегиясы оқушыға оқу әрекетіне араласуына көмек беру және сабақ барысында жағымды эмоционалды-интеллектуалдық атмосфераны сақтау. Онда оқушы қуаныш және жоғарлану сезімін тек оқу міндетін қабылдауда ғана емес, сонымен қатар оны орындау барысында да сезінеді. Бір кезде сәттілік сезімін сезініп, оны қайталауға және өз жетістіктерін бекітуге тырысады және ол үшін белгілі бір интеллектуалдық-еріктік күш-жігер жұмсайды.



3. орындаушылық белсенділік (басым субъектті позиция). Бұл белсенділікті тасушылар мұғалімдердің сүйіктілері болады. Олар жүйелі түрде үй тапсырмаларын орыдайды, педагог ұсынатын жұмыс формасына дайындықпен араласады. Мұғалім осы топ оқушыларына арқа сүйейді: жаңа (қиын) тақырыпты өткенде және қиын жағдаяттарда көмек көрсетеді (ашық сабақ, әкімшіліктік тексеру және т.б.). Негізгі оң жағдай-беріктілік және тұрақтылық, бірақ бұл оқушыларда да мәселелер кездеседі.

Мұғалім нашарлау оқушылармен жұмыстанғанда бұл топ оқушыларының белсенділіктері төмендейді. Біртіндеп олар оқу міндеттері көлемімен шектеледі, стандартты емес шешу жолдарын іздеуде бұрынғыдай құлшыныс танытпайды.

Оқушылардың белсенділігін арттырудың негізгі тәсілдері болып сабақ барысында жасалатын мәселелік, іздеушілік және эвристикалық жағдаяттарды қолдану табылады.

4. шығармашылық белсенділік (анық субъектті позиция). Оқушылар стандартты емес ойлау қабілетімен, даралық қиялымен, ашық бейнелі қайта жаңғыртуларымен, қоршаған ортаға деген қайталанбас қатынасымен қаруланған. Дегенмен осы топ оқушылары оқу әрекетінде мәселе туғызады.

Педагог қызметі оқушылардың өзінде шығармашылыққа деген қажеттілікті, өз-өзін көрсетуге (самовыраженность) ұмтылысын дамыту.



2. Ұғым балада қиын әлеуметтік жағдайлардың және өмірі мен даму оқиғаларының (әлеуметтік жетімдік, отбасындағы ажырасу немесе дау-жанжал, ұзақ уақытқа созылған ауру, тұрғылықты мекен-жайды ауыстыру, денелік толымсыздық және т.б.) ықпалымен пайда болуы мүмкін бұзылыстарды сипаттайды.

Оның бір түрі ретінде мектептік бейімделмеушілік-балада мектептің ықпалымен, мектеп әсерімен немесе оқу сәтсіздіктерімен пайда болатын бұзылыстар мен ауытқушылықтар болып табылады.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде баланың мектепке блейімделуінің төрт деңгейі көрсетілген:



-бейімделушіліктің жоғары деңгей і- өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық үлгерімдегі жоғары дәрежеде дамыған мотивация және жағымды өз-өзін бағалау;

- бейімделушіліктің орташа деңгейі - өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық үлгерімдегі жеткіліксіз мотивация және жағымды өз-өзін бағалау;

- бейімделушіліктің төмен деңгейі – оқу әрекетінің ішкі қалыптасушылығында, жақсы және өте жақсы үлгерімдегі мектепке деген қызығушылықтың болмауы, өз мінез-құлқын реттеу деңгейінің жеткіліксіздігі, өзінің МЕН-імен қанағатсызданбағанымен байланысты жоғары деңгейлік үрейнелушілік, жағымсыз өз-өзін бағалау, айналадағылармен қарым-қатынастағы қиындықтар.

бейімделушілік – қанағаттанарлық және қанағаттанарлықсыз бағаланудағы мотивацияның болмауы, жағымсыз өз-өзін бағалау.

Мектептік бейімделмеушіліктің педагогикалық себептеріне жатады:

  • балалардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне мектеп тәртібінің (режим) және оқу жағдайының санитарлық-гигиеналық сәйкестіксіздігі;

  • кейбір топ балаларының мүмкіндіктеріне оқу жұмыс темпінің сәйкестіксіздігі;

  • оқу жүктемелерінің экстенсивті сипатта болуы;

  • жағымсыз бағалаумен ынталандырудың (стимуляция) басымдылығы;

  • оқушылардың оқуда үлгермеушіліктерінің негізінде пайда болатын отбасындағы дау-жанжалдық қатынастар (сурет 1).

Жағымсыз әрекеттік динамика


Оқудағы алғашқы қиындықтар



Біліміндегі мәселелер



Бір немесе бірнеше пәндер бойынша материалды меңгерудегі қалыс қалу



Жеке немесе жалпы үлгермеушілік



Оқу әрекетінен бас тарту

Жағымсыз қатынас динамикасы


Оқу негізінде пайда болған, баланың мұғалім және ата-аналармен қатынасындағы алғашқы қысым (кернеу)



Мәндік кедергілер



Эпизодтық дау-жанжалдар



Жүйелі дау-жанжалдар



Тұлғалық мәнді қатынастардың бұзылуы


Сурет 1. Жағымсыз динамикалық бағытталушылық сызбасы
Мектеп көлемінде кемінде үш бейімделушілік кезеңі болады: бірінші, бесінші және тоғызыншы сыныптарда.

Педагогикалық көмек жолдары:

  • мәселелік жағдаятты толығымен жою немесе қайта жасау жолымен бейімдеу;

  • мәселелік жағдаяттан кету жолымен бейімдеу;

  • мәселелік жағдаятты сақтаумен және оған үйренумен бейімдеу.

3. Қазіргі кезде мектеп практикасында жеке-дара көмекті қажет ететін балалар категориялары жеткілікті. Біз кейбіреулеріне ғана тоқталайық.

Дарындылық белгілері бар балалар (дарынды балалар).Балалақ шақтағы дарындылықты дарындылық белгілерінің жиынтығы ретінде қарастыру керек. Ол түпкілікті ретінде анықталуы және болашақ сәттіліктердің векторы ретінде қарастырылуы дұрыс емес және болмайды. Балалық шақ-жалпы дамудың интенсивті кезеңі, жаңақалыптасулардың саны мен темпі де көп түрлі.Бұған байланысты баланың дарындылығы жастық даму үрдісінде өзінің даму бағыты бойынша және қалыптасу мен көріну темпі бойынша да өзгеріске ұшырайды.

Дарындылық психиканың сапасы ретінде өмір барысында дамиды және педагогикалық қолдау көрсетуді, ал дарындылық белгілері бар бала-жеке-дара көмек крсетуді қажет етеді. Ол мына себептермен негізделген:



  • дарындылық анық бейнеленген әлеуметтік маңыздылық пен құндылыққа ие;

  • дарындылық кері қайтымды;

  • дарындылық рухани-адамгершілікті бекітуді қажет етеді;

  • дарындылық адамды әлеуметтік қауыпты топ категориясына жатқызуға негіз ретінде қарастырылуы мүмкін;

  • дарындылықты көрмею жеңіл және диагностикалау қиынға соғады.

Девиантты мінез-құлқы бар балалар. Девиантты мінез-құлқы-нормадан ауытқыған мінез-құлық.

Мектеп практикасында девианттарға жеке-дара көмек көрсету технологиясының жетекші үш түрі қолданылады:

  • алдын-алу (профилактика) технологиясы - әртүрлі әлеуметтік ауытқушылықты тудыратын негізгі себептер мен жағдайларды жоюға, алдын-алуға бағытталған;

  • психологиялық-педагогикалық бірлестікте қызметтесу (сопровождение) технологиясы – педагогтың немесе маманның ұйымдастырылуымен жеке-дара көмек пен қолдау көрсетуді көздейді;

  • әлеуметтік-психологиялық оңалту технологиясы.


Дәріс 11. Әлеуметтік-педагог жұмысының іс-жүргізудегі шешілген міндеттері:

1). Клиенттің мәселесі, әдіс-тәсілі мен олармен жұмыс істеу әдістері жайында ақпарат жинау;

2). Көмекке дайын болу, оның жоғары дәрежеде орындалуына бағытталу;

3). Серіктесе отырып өзара тәртіп сақтау, түрлі мамандармен, инстетуттармен тығыз байланыс орнату;

4). Әлеуметтік педагоикалық мәселе жайында барлық басқару және орындалу деңгейінде ақпарат беріп отыру;

5). Осы және басқа да әдістер, нормалар, тәсілдер, әрекеттердің сызбасын, графигін жасау, компьютерлік бағдарламалар, перспективт жобалар сызбасын дайындау;

6). Кез келген көмекке мұқтаж адамдарға көмек түрлері мен формалары туралы ақпарат сызбасын жасау және оны қамтамсыз ету.

Әлеуметтік педагогтың құжаттары

Ұйым құжаттарын жүргізудің өзіндік толық жүйесі бар, құжат барлық жасалған жұмыстың нәтижесін көрсетіп отырады. Мысалы, бұйрықта жетекшінің қызметі, хаттамада – педагогикалық кеңестің жұмысы, журналда – білім алушылардың оқу үлгірімі көрсетіледі.

Құжатты жүргізу қазіргі уақытта іс жүргізу жүйесі деп аталады, мұнда құжат жасалады, сақталады және олармен жұмыс жүргізіледі.

Әлеуметтік педагогтың іс жүргізуі төмендегідей құжаттарды қамтиды:


  1. ұйым және маманның қызметін қадағалап отыратын құқықтық нормативті акті;

  2. ұйым және маманның қызметін жалпы жоспарлау;

  3. көмек қажет ететін немесе әлеуметтік педагогпен кездесуге келетін клиенттердің тізімі көрсетілген жалпы тіркеу кітабы;

  4. клиент пен әлеуметтік педагог арасындағы келісімшарттар, келісімдер, актілер;

  5. әлеуметтік педагогтың қабылдау кезеңіндегі толтырылған хаттамалары;

  6. жасалған жұмыстар талданға жеке күнделік жазбалары;

  7. туындаған мәселелерді шешуде ат салысқан ұйымдар мен мекемелердің тізімі;

  8. жұмыс уақытында жасалған жұмыс есептері;

  9. шағын аудандарды, білім беру мекемелерін, отбасыларын әлеуметтік-педагогикалық зерттеулер нәтижелері;

  10. клиенттердің медико-психолого-педагогикалық мінездемелері;

  11. әр түрлі кездесулердің, кеңестердің, педагогикалық кеңестердің, отырыстардың хаттамалары.

Маманның жоспарлары мен есебінен басқа құжаттары қатаң бақылауға

алынбайтындығы түсінікті жайт.

Іс жүргізудің көмегімен маманның қызметі ұйымдастырылады, қадағаланады. Құжат жүргізу ісі барлық мамандардың, әсіресе жас әлеуметтік педагогтардың жұмыстарында маңызды болып табылады.

Әлеуметтік педагогтың іс жүргізуінде шешілетін міндеттер:



  • контингент жөнінде толық ақпарат (оның мәселелері, оны шешу әдіс-тәсілдері) жинақтау;

  • көмек көрсету үрдісінің тиімділігін арттыру;

  • әр түрлі мамандармен, институттармен серіктес болу;

  • әлеуметтік-педагогикалық мәселені басқару және орындау деңгейлері жөніндегі ақпараттарды беру;

  • мәселені шешу әдістерін, кестелерін, графиктерін, компьютерлік бағдарламаларын және жоспарларын жалпылау;

  • көмек қажет ететіндерге арналған көмек беру формалары мен түрлері жөніндегі ақпараттарды жүйелеу.

Әлеуметтік педагогтың іс жүргізуінде құжаттардың кей бөлігі әр түрлі күйде беріледі, бұл – оның ерекшелігі болып табылады, мысалы:

  • клиенттің және туыстарының сөздерінен туындаған мәселе суреттеліп, хабарланады;

  • көрсетілген көмекті талдау, алдын-ала шығарылатын қорытындылар сипаттамаларын хабарлау;

  • тестілеу, анкеталау нәтижелерін қорытындылау;

  • қызмет көрсетудің жоспары мен бағдарламасы, хаттамасы, жүктемелер өтініші, арнайы форма бойынша жазылған сенімхаттар мен мінездемелер;

  • жасалған жұмыс есебі, комиссия қорытындылары және т.б.

Әлеуметтік педагог әрдайым балалар мен ересектердің құқықтарын қорғап жүреді, сондықтан ұйымдар мен мекемелерге жазылған өтініштер мен арыздарды маңызды құжат ретінде тіркеп отыруы тиіс.

Әлеуметтік педагог іс жүргізуде нені білуі қажет?

Әлеуметтік педагог жетекшінің жазбаша немесе ауызша берген нұсқауын өзбетті негізгі қызметтік құжат ретінде тіркеуді, компьютерді қолдана отырып, өзбетті әлеуметтік құжаттарды жазуды, диктофон, магнитофон, видеокамера және фотоаппарат және көптеген құжаттардың көшірмесін жасауда көшірме жасау құрылғыларын қодануды білуі тиіс. Құжаттардың көшірмесі заң жүзінде сауатты болуы қажет.

Сонымен қатар әлеуметтік қызметкерқұжат жүргізу тәртібін білуі тиіс. Ол жазылған өтініш-арыздармен жұмыс жасайды. Барлық құжаттар ұйымдарда қатаң ескеріледі. Бұл құжаттың оңай табылуын және жоғалмауын қамтамасыз етеді. Тіркеу бөлімі – құжаттарды жүргізу, бақылау орындарының бірі, сондықтан әлеуметтік қызметкер әр құжатты тіркеу бөліміне өткізер алдында мұқият тексеріп алғаны дұрыс.

Әлеуметтік қызметтегі іс жүргізуде құжатты топтастыру, жүйелеу және сақтау маңызды орында. Құжатты тіркегенде құжаттың номенклатурасы мен классификаторы жасалады. Осылардың көмегімен құжаттар топтастырылады және сақталады. Сақталатын құжаттар мұрағатқа жіберіледі. Мұрағатқа жіберілетін құжаттарды әлеуметтік педагог құндылығына және сақтау мерзіміне байланысты мұқият бөліп, тізімін жасайды.

Құжат түпнұсқа немесе көшірме күйінде болады. Түпнұсқа деп құжаттың алғашқы жалғыз нұсқасын айтады. Түпнұсқадан бір немесе бірнеше көшірме жасап алуға болады. Құжаттың бірнеше көшірме түрлері бар – құжаттың бір бөлігінің көшірмесі (мысалы, хаттаманың бір бөлігінің көшірмесі), толық көшірме, дубликат, яғни құжаттың заң жолымен жасалған көшірмесі.

Құжаттардың артынан адамдардың өмірі, өмір сүру деңгейі көрініп жатады және құжат арқылы жасалған жұмыстың барлық нәтижесі көрінеді. Сондықтан әлеуметтік педагог құжаттарды сауатты да мұқият толтыруы қажет.
Дәріс 12. Мінез құлқы қиын балалар және олардың жанұяларымен жұмыс

1. Бүгінгі күнде «Ахаулықтың болу мүмкіндігі бар топ балалары» ұғымы жие қолданылып жүр. Ахаулықтың болу мүмкіндігі бар топ балалары – бұл қоғам және оның кәмелеттік жасқа толмағандардың дезадаптациясының салдары болып отырған криминалдық элементтерінің жағынан жағымсыз сыртқы әсерлердің салдарынан ауруға шалдығуға бейім балалар категориясы. Балалар және жасөспірімдерге психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсетудің және қолдау көрсету мәселесінің шешім табуы үшін ондай балалар тобының континпенті мен олардың психологиялық мінездемесін анық білу қажет.

Әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмектің мунипаципалдық жүйесін жасаудың 8 жыл бойғы эксперименттік жұмыс нәтижесінде балалардың ахуалдық болу мүмкіндігі бар топқа түсулерінің себептері анықталды.



2. Оның негізгі себептері бала өмірінің келесі жағдайлары: ата-ананың біреуінің немесе екеуінің ішімдікке салынуы, олардың әлеуметтің нормаларға қайшы келетін дөрекі әрекет қылықтары; ата-ананың үйде криминалдық және әлеуметтік ке қайшы элементтерге жол берулері; ата-ананың баланы сексуалдық мәжбүрлеуі, баласын сатуы; баласының көзінше ішімдікке салынып біреуді немесе ата-ананың біреуінің түрмеде отыруы; ата-анасының біреуінің алкоголизм, психикалық аурудан емделуі; балаға дөрекі қатынас жасау; балаларды аш қалдыру; баланың ата-анасымен қаңғыбастыққа салынуы; үйден қашу; құрдастарымен жанжалдасу т.б.

Мұндай балалар мен жасөспірімдердің өмір жағдайын талдау қауіпті фактордың басты себебін ажыратудың мүмкін еместігін көрсетті. Мамандар баланың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін отбасындағы көптеген жағымсыз жағдайлардың жиынтығын тіркеп отыр. Жағымсыз жағдайлардың, әсіресе өмір сүру мүмкін емес отбасында баланың ұзақ уақыт болуы ауыр ахуалға әкеліп соқтыратын ағзада жағымсыз психикалық, физиологиялық өзгерістер туғызады.

Балада мінез-құлықтың әрекесінде сондай-ақ тұлғалық дамуында елеулі ахуалдар пайда болады. Оларға бір мінез-құлықтың қыр тән, ол – кең мағынасында әлеуметтенудің бұзылысы:

Гигиеналық дағдылардың болмауы, танымайтын ортаға бейімдеу қабілетінің жоқ болуы, гиперсексуалность, жыныстық бағдарындағы бұзылыс, ұрлық, өтірік айту, адам өмірінің құндылықтың болмауы, еріншектік, құндылық бағдардың болмауы, әдептілік, мораль нормаларының болмауы, білімге қызығушылықтың болмауы, жағымсыз әдеттер, ішімдікке салыну, шылым шегу, балағат сөздер айту, есірткі пайдалану.

Балалардың әлеуметтік-педагогикалық көмек және қолдау мекемелеріне түсуінің себептері түрлі, ескеретін жағдай бұл балалардың мәселесінің шешім табылуы қалыптасқан дәстүрлі білім беру жүйесіне тәуелді емес. Отбасылық жағымсыз жағдайда, әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсететін мекемесіз балалар мәселесін шешу қиын.


жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау