Гауһар Əлімбек көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған Қазақ тілі алматы 2014



жүктеу 4,19 Kb.
Pdf просмотр
бет42/48
Дата16.02.2018
өлшемі4,19 Kb.
#9899
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48

149
Ырысбекті арқаланып, қайсымызды болса да қарсылық етсек, итше 
тепкілеп жіберетіні анық еді. 
– Ал барыңдар, үйлеріңнен кетпендеріңді жəне отын буатын екі 
жіптен алып шығыңдар! 
– Екі жіп неге керек?
–  Неге керек екенін барған соң көресің. Отынды шабамыз да 
буып-буып таудан домалатамыз да жібереміз, ешқайсыңның жаның 
қиналмайды, көксоққандар! Егер осыдан біреуің бармай қалып көр, 
мына жұдырық соның төбесінде өтеді, – деп, күс-күс арық жұды-
рығын көрсетті. 
Үйге кеп, балалар боп таудың күнгейінен тобылғы шабатынымыз-
ды айтып, белімізге жіптерімізді буынып, қолымызға кетпендерімізді 
ұстап, сəлден кейін көше ортасына топырлай жиналдық. Дəу кетпенді 
əзер деп көтеріп үйден шығып бара жатқанымда əжем: 
– Құлыным-ау, шамаң келмейді ғой,  – деген. 
– Келеді. Балалардың  бəрі де бара жатыр, – дедім. 
Шынын айтқанда, көбімізге мына қыста тауға шығып отын ша-
бу – ең қызық ойын сияқты көрінді. Үлкендер болса балалардың аяқ 
асты мына қылығына қапелімде не дерлерін білмегендей, не қоштап 
мақтап кете алмай, не қойыңдар деп тыйып тастай алмай аң-таң. 
Əрине, қыс ішінде бір уыс отынның өзін үнем көріп отырғанда, 
баласының «отын шауып əкелем» деп өз тарапынан суырылып шық-
қан тірлігі кімді де қуантатыны сөзсіз, тек бірдеңеге ұрынып қалмай, 
қайырымен болсын дейді де...
Əжібек бастап, ауылдың жоғары жағына қарай шұбырып жүріп 
кеттік. Алып алма ағаштың тұсына жеткенбіз, бұтақтары сойдиып-
сойдиып жалаңаштанып тұр екен. Ұшар басындағы бұтақтарында 
бүрісіп-бүрісіп қатып-семіп қалған қоңырқай алмалары көрінеді, 
төменгі бұтақтарында байланған шүберектер жалбырайды. Бізге 
мына қыста сол қатып-семген алмаларының өзі уылжып тұрғандай, 
аузымыздан сілекейіміз ағып қызыға қарағанбыз. 
– Бұтақтарына шығып сілкиік, бəлкім, анау алмалары түсер, – 
деді балалардың бірі. Осы сөз қамшы болды ма, Əжібек жолымыздан  
сəл қиғаштау болса да бұрылып алып,  алма ағашқа қарай тартты. 
Алып алма ағашқа жақындай бергенбіз, төңірегі ойқастаған 
қалың із екен, шашылған құстың қауырсыны, жүн-жұрқа.
–  Биыл түлкі қалың ғой, түлкінің іздері шығар? – деген Бəтен. 
– Мүмкін, алма ағаштың түбіндегі үңгірге түлкі жатып жүрген 
шығар. Қазір ұстап алсақ қандай қызық болар еді,  –  деген Қайрат. 


150
– Жо, бұл із түлкінікі емес, – деді ізге үңіле қараған Санат. – Түлкі 
қарға бүйтіп батпайды. 
–  Онда қасқырдың ізі шығар? 
–  Жо, қасқыр да емес. Бұл – иттің ізі. 
– Қазір не болса да көреміз енді, – деді алда келе жатқан Əжібек. 
– Əне, үңгірден қарайып бірдеңенің басы қылтияды. Кетпендеріңді 
оңтайлап ұстаңдар! 
Осы кезде алып алма ағаштың түбіндегі үңгірден Қарақаншық  
атып шықты, көздері қып-қызыл боп қанталап, тістерін сақылдата 
ырылдап, айбат шегіп бізге қарсы жүрген. Аппақ қардың үстінде 
өзі қап-қара боп, ештеңеден тайынбайтын керемет қорқынышты 
еді. Жолбасшымыз Əжібек болып біз бір-бірімізді баса-жанша кейін 
қаштық. Қорыққандарынан бір-екі баланың ойбайлап жіберген да-
уыстары да шығып кетті. Омбы қарда сүріне қабына едəуір қашып 
барып кейін бұрылғанбыз, Қарақаншық соңымыздан қумапты, 
үңгірдің аузына қайта барып, жер иіскелеп қаңсылады да, ұлып-
ұлып жіберді. 
– Əй, мынаның іші қабысып, емшектері салақтап тұр ғой, 
күшіктегеннен сау ма? – деген балалардың бірі.
–  Расында да, түрі күшіктеген сияқты. 
–  Иə, үңгірге маңайлатпауы тегін емес. 
– Қыста күшіктеген қаншықты көргенім осы.
–  Қайбір жақсылық дейсің, – десіп алып, алма ағаштың басындағы 
қатып-семген алмалардан күдер үзген балалар енді тауға қарай өз 
жолымызға түстік. Таудың етек жағындағы жел үрлеп нығарлап 
тастаған қалың қарды кетпенмен қадау-қадау ойып, баспалдақтап 
жол салып,  жоғары қарай шұбыра өрлеп келеміз. Сөзіміз Қарақан-
шық төңірегінде: əлдеқашан жоғалдыға санап жүргенімізде, күтпе-
ген жерден алып алма ағаштың түбіндегі үңгірден шыға келуі 
бізді қатты таңырқатқан еді; оның үстіне қыс ішінде күшіктегенін 
қарасаңшы; күшіктері қалай тоңбайды екен; ауылға жоламай, мына 
жырақта жүріп өзі немен қоректенеді? Осы тəріздес толып  жатқан 
сұрақтарға жауап таба алмай, дал боламыз.
– Қарақаншық киелі ит қой, – дейді ішіміздегі ең білгішіміз Са-
нат. – Бұл ауылға не жақсылық, не жамандық əкеледі. 
– Жақсылығын қайдам, жамандығын көріп жүрміз ғой, – деді 
Бəтен.
–  Сен Бүбітайдың жынданып кеткенін айтасың ба?


151
– Иə.
–  Оған Бүбітайдың өзі кінəлі. Қарақаншықтың күшіктерін тірі-
дей көміп өлтірді емес пе? 
–  Қарақаншық олардың бір қазан сүтін ішіп кетті ғой. 
–  Бір қазан сүтке бола күшіктерін өлтірмеу керек еді.
–  Сонда ауылға ұры иттер қаптап кетсін дейсің бе?
– Түк те қаптамайды. Қарақаншықтың бұрынғы күшіктерінің 
қайсысы ұры болып еді?! Ауылдағы көп үйдің иттері соның күшік-
тері ғой.
– Сен өйтіп Қарақаншықты жақтамай-ақ қой, бəрібір иттің аты 
ит те, ал Бүбітай – адам. 
– Иттің де обалы бар, жазықсыз тиіссең, сол обалы жібермейді.
Мына екеуінің таласына шыдай алмай кеткен болу керек, осы сəт 
алда бара жатқан Əжібек кілт кейін бұрылды да: 
– Əй, екі кемеңгер, тоқтатыңдар бос былшылды! – деді ыза бо-
лып. – Немене, Қарақаншық пен Бүбітайдың күйігі  сен екеуіңе ба-
тып келе ме, сонша керілдесіп. Дабай, қойыңдар енді!
Санат пен Бəтен жым болды. Бəріміз үйіріле тоқтай тұрып, сəл ты-
ныс  алдық. Өрге қарай жүреміз деп едəуір алқынып қаппыз, өңдері-
міз қызара тершіп, кейін қарай көз салғанбыз. Туу, шіркін, сұлулық 
деп осыны айт! Өзіміз дəл бір жердің кіндік үстінде тұрғандаймыз 
да, төңірек төрт бұрыш тегіс шыр айналып кеп біздің табанымыздың 
астына түскендей, көз жететін дүниенің бəрі де төменде жатыр. Жаз-
да бірінің үсті көк-жасылданған егінжай, бірінің үсті көк жусан мен 
боз бетеге, енді бірі айдалған қара пар боп жататын бел-белестер 
мен дөңдер қазір мақталы қалың ақ көрпенің астында тарс бүркеніп 
алған, біркелкі боп қымтанып жатыр. Сол тұтасқан жалпақ  дүние 
бұлдырап барып қысқы сұрғылт аспанмен астасқан жерге дейін 
аппақ боп күнге шағылысып, көзді қарықтырады.  
Əжібек тымағын алып жеңімен маңдайының терін сүртті, тісінің 
арасынан сəнімен сыздықтата түкіріп қойды да, Санат пен Бəтенге 
кезек қарап алып: 
–  Меніңше, бар ғой, сендердің анау Бүбітайларыңның адам аяр 
қылығы жоқ болатын, – деді. – Сау кезінің өзінде жындының ісін 
істейтін еді ғой. Осыдан екі жыл бұрын, апам өлген жылы жазда, бір 
рет қарным қатты ашқан соң, осы Бүбітайдың үйіне кіргем. Сонда  
маған бір тостаған айран құйып берудің орнына, менің көзімді бақы-
райтып қойып тұрып, жарты шелек айранды қаз-үйректеріне апарып 


жүктеу 4,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау