Гауһар Əлімбек көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған Қазақ тілі алматы 2014



жүктеу 4,19 Kb.
Pdf просмотр
бет43/48
Дата16.02.2018
өлшемі4,19 Kb.
#9899
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48

152
төкті. Сонысы құдай сүйер қылық па?! Сонда мен іштей: «Əй, кесір 
атар мына қатынды», – дегем. Айтқаным айдай келді, ат ты ғой, əне, 
ақыры! Аш жүрген маған бермей, айранды қаз-үйрекке төкті деген 
не деген сұмдық! –  өне бойын ыза кернегендей сөзін тістене кіжініп 
аяқтаған Əжібек қайтадан алға түсіп, өрге қарай қат ты-қатты адым-
дай жүрген, біз тіпті ілесе алмай қалдық. Біраз озып кеткен ол сəлден 
кейін бізге қайырыла тұрып: – Сендердің анау Қарақаншықтарың да  
қаншықтығын жасап қасқырмен əмпей боп жүрмесе не қылсын, – 
деді мысқылдай күліп. – Қыста күшіктеу тегін емес...
– Ол да мүмкін, – деді Қайрат  іле қоштап.
– Мүмкін емес, дəл солай. Осы жолы бұл қасқырмен лықты. 
Жаңа ғы бізге анадайдан айбат шегуі тегін емес. Қасқыр  күшіктерін 
қызғанғаны  ғой,  – деді Əжібек төндіре сөйлеп.  – Обшым, осы 
жолғы бір күшігін  мен алам.
–  Шынында да, қасқырдан туған күшік нағыз арлан болатын 
шығар. Мен де біреуін алам, – деді Қайрат.
–  Онда мен де біреуін алам.
–  Мен де... 
–  Мен де... – деп балалар жан-жақтан шулай бастады. 
–  Бəріне Қарақаншықтың күшігі жетпейді, – деді Əжібек оларды 
тоқтатып. 
–  Көп болғанда бес-алты  күшік шығар. Сондықтан ертең күшік-
тер ді алуға келгенде, Қарақаншыққа беруге нанды кім көп əкелсе, 
күшікті сол алады. 
    Осылайша бəтуаға келіп, тауға қарай өрледік. Жоғары көтерілген 
сайын,  қар мүлде жұқарып, біртіндеп қары жоқ қарайған жерге де 
аяғымыз жетті. Қатты жел үрлеп жалаңаштап кеткен тау күнгейі 
жайма-шуақ көктем лебін еске түсіріп, бусанып жатыр. Арқамыздан  
күннің жылуы өтіп, маңдайымыздан  бір жылы леп сипайды. Əр-əр 
жерде топ-топ боп өскен қызыл балақ  тобылғы, қара күрең қараған, 
ұйыса жабысқан қалың бөргез, ақ сирақ  ұшқат қаптай бастады. 
Осы тұста бастаушымыз Əжібек тағы бір бел босата тұрып,  
барлығымызға барлай қарап шықты да: 
– Ал, көксоққандар! – деді өктем үнмен. – Енді, дабай, тобылғы 
шабуға кірісеміз. Жарлық былай: ең əуелі əрқайсың үлкен-үлкен  
үш түптен Ырысбекке деп арнап тобылғы шабасыңдар. Соны үйден 
алып шыққан екі жіптеріңнің біріне буып төмен домалатамыз,  бұл 
сендерге салынған салық. Тек сонан кейін өз үйлеріңе шабасыңдар. 


153
Біз бірден келістік. Тау үстіндегі ен-тегін тобылғының ортасын-
да тұрғанда, үш түп деген  де сөз болып па. 
– Ақ ұшқат пен  бөргезден шабуға бола ма? – деп сұраған 
 
балалардың бірі.
– Өз үйіңе шауып алсаң, пажалыста, ал Ырысбекке тек тобылғы 
ғана шабыңдар! –  деді Əжібек қатал ескертіп. – Тобылғының қызуы 
мол болады жəне қолға кіретін тікені  болмайды. 
Сөйтіп, біріміз жоғары жағынан, біріміз төменгі жағынан, 
енді біреулеріміз қос бүйірінен дегендей қорым тастың жиегіндегі 
қалың өскен, кісі бойындай тобылғыны жан-жақтан шабуға кіріс-
тік. Бұрыннан үлкендерге ілесіп тобылғы шауып жүргендер онша 
қиналмай-ақ бірден кірісіп кеткен, ауыр кетпенді салмақтай көте-
ріп, 
 тобылғының түбін орай тасы жоқтау деген тұсын ала гүрс 
еткі  
зіп ұрып қап, оп-оңай ғана тамырымен қопарып тастайды, 
ал тəжірибесіздері тобылғыны кез келген жерінен шауып аламыз 
деп кетпендерінің жүзін көк тасқа шақ-шұқ соғады. «Гүрс-гүрс»... 
«Шақ-шұқ...» 
Ойнай жүріп, күн еңкейгенге дейін  əуелі Ырысбекке деп дəу  екі 
арқа  тобылғы шауып, оларды жіппен буып төмен – ауылға қарай 
домалатып, енді əрқайсымыз өз үйлерімізге  деп шабуға кіріскенбіз. 
Бір кезде оқыстан шыққан айғай-шу, аттандаған дауыстар 
бəрімізді де елең еткізді. Тобылғы шапқанымызды доғарып жалт-
жалт қарадық. Төменде жатқан ауылдың көшесінде əбігерге түскен 
кемпір-шал, бала-шаға біздерге қолдарын бұлғап, бірдеңе деп айқай-
лап, шуылдасып тұр. Екі-үш ересек адам бері тауға қарай емпе-
леңдесіп келеді. «Ай-оу-у, ат-тан! ...  Ат-та-ан! ... Ой-ба-айй!.. Ой-
байй...» – деседі, басқа сөздері естілмейді.
– Əй, мыналар неге шулап тұр? – деді Əжібек.
– Біздің жоғары жағымыздан бірдеңені нұсқайтын сияқты, – деді  
Санат. Бəріміз енді жоғары жаққа қарағанбыз, қожыр-қожыр боп 
төбемізден төнген жартастардан  өзге ештеңе көрінбейді. 
– Ай-о-оу-у! ... О не-е? Не деп тұрсыңдар? – деп Əжібек ауылда-
ғы ларға қарай айқайлаған. Осы сəтте «Ысқыр! ..Ысқыр!»  – деген 
сөздері естілгендей болды.
–  Қасқыр дейді,  – деді  Санат. 
– Ойбай, қасқыр деп тұр ғой, – деді балалардың бірі үрейлене. 
Бəріміз де үрейленіп қалдық. Қайтадан ор жаққа, төңірегімізге қара-
ғанбыз. 


154
– Əне!.. – деді бір бала. – Қос көк тастың астында. Енді біз де 
көрдік, алып алма ағаштың желке тұсында, біздің теріскей жағы-
мызда аумағы екі үйдің орнындай жалпақ екі көк тас болатын, 
солардың астыңғы  жағында төрт-бес көк ит бұта-бұтаның арасын-
да  бірі шоқиып, бірі тұмсығын көтере ауаны иіскелеп, енді бірі біз 
жаққа сазара қарап тұр екен. 
– Ойбай-ай, апа-а!. – деп шарылдай жөнелді балалардың бірі. 
Оған екінші, үшінші ойбай қосылды. Тау үстінде шулап кеттік. 
– Не істейміз? – деген Əжібек. 
– Тек қашпайық, бəріміз топтасып бірге тұрайық, – деді Санат.
– Дұрыс. Кəне, кетпендеріңді алып менің қасыма жиналыңдар. 
Кетпеннің шүйдесімен тасты соғып, бəріміз бірдей аттандайық!
– Ат-тан!...Ат-тан! 
Шақ-шұқ тасты соғып, біріміз бақырып, біріміз шыңғырып аттан 
сап, ойбайлап бердік. Кенет қасқырлардың шоқайып отырғаны төмен 
қарай ырши секірген. Анық көрдік, үлкендігі тайыншадай, нағыз 
көкжал екен. Секірген күйі біздің көзімізден таса тұрған алып алма 
ағаштың тұсына батып көрінбей кетті. Төменгі ауыл жақтағылар   
бұрынғыдан да қатты шуылдасып  кетті. 
–  Бəрің түгелсің бе? – деді үрейленген Əжібек. 
– Түгелміз. 
Көкжалдың соңын ала басқа  қасқырлар да көрінбей кеткен. Құз 
жақтағы жаңғырықтырып иттің жанұшыра үргені, одан қатты бір 
қаңқ еткені естілді. Ауыл жақтағылар əлі шулап тұр. Сəлден кейін 
алып алма ағаштың арғы жағындағы қарлы беткейді қиялап əлгіндегі 
қасқырлар ұмар-жұмар орталарындағы қараңдаған бірдеңені кезек-
кезек созғылап сүйрелеп бара жатты. 
–  Қарақаншықты əкетті! ...
Жанұшыра қаңсылап бара жатқан сол Қарақаншық екен. Əрқай-
сы сына бұл да ауыз салмақ болып азу тістерін сақылдатып айбат жа-
сайды,  бұлқына арпалысады,  көмек сұрап жанұшыра қаңсылайды, 
бірақ əлуетті күші басым қасқырлар оны жан-жағынан қақпақылдай 
қағып, көкпарға салғандай бірінен-бірі жұлқа тартып кергілеп ба-
рады. Əрқайсысы бар екпінімен ағып кеп, қанға боялған арандай 
ауыздарын салып өткенде, Қарақаншықтың бір мүшесін жұлып 
əкеткендей болды. Аппақ қардың үстінде судай шашылып бара 
жатқан Қарақаншықтың қаны,  шарылдай қаңсылағаны керемет ая-
нышты еді, тау-тасқа жаңғырығып аза бойды қаза тұрғызды. Бүкіл 


жүктеу 4,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау