Гауһар Əлімбек көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған Қазақ тілі алматы 2014



жүктеу 4,19 Kb.
Pdf просмотр
бет40/48
Дата16.02.2018
өлшемі4,19 Kb.
#9899
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48

143
адамы, айтса болды, орындайды,  –  деді мені жұбата сөйлеп. Онан 
соң менімен қатарласа жүріп, өз үйінің тұсына жеткенде: 
– Жүр біздікіне, мына шарығыңды майлап ал,  –  деді. 
Шынында да, май су өткізбейді ғой, майласам майлап алайын-
шы деген ой келді маған да, Əжібектің үйі  –  ауыз үй, түп үйден 
тұра тын аласа ғана ескі кірпіш там. Əжібек жалғыз өзі ғана тұрады. 
Тұрады деген тек аты ғана, əйтпесе Əжібек ауыл үй арасы ағайын-
туғандарын аралап, əркімдікіне бір қонып жүреді. Соңғы кезде 
көбіне Ырысбектің үйінен шықпайтын. Шешесі өлген екі жылдан 
бері үйдің күйі мүлде кетіп-ақ қалған. Көктем, күз төбесінен су 
өтіп, іші үнемі сыз тартып, көгерген иіс тұсынан өткен адамның 
жүрегін айнытады. Алайда Əжібек мұның бəрін уақытша дейді. Əке-
шешесінен қалған азын-аулақ дүние-мүліктерін анда-санда далаға 
шығарып қағып-сілкіп, онан соң қайтадан буып-түйіп қояды. Бала-
ларды ұйымдастырып үй ішін сыпыртып, жинастырып, қыс кезінде 
күніне бір уақыт от жағады. Өзі: «Əлі он сегізге толып, үйленетін 
кезім де бəрі керек болады ғой», – дейді. Дəл қашан жəне кімге үйле-
не ті нін əзірге өзі де білмейді. Осы күні бұрынғыдай: «Зибашқа 
үйленем»,  –  дегенін қойған. «Жас қыздардың біреуі ержетер оған 
дейін», – дейді. 
Қазір үйінің мұржасынан будақтап түтін шығып жатыр. 
– Үйде Қайрат пен Бəтен бар,  –  деді.  
Біз кіргенде, көгерген иіс пен түтін сасыған үйдің ішінде 
Қайрат пен Бəтен қарамай толы үлкен шелекті орталарына қойып, 
шарықтарын шылқытып майлап отыр екен. Кішкене қазанда сақыл-
дап бірдеңе қайнап жатыр, онан тəтті бір иісі білінеді, кəдімгі жас 
сорпаның иісі. 
– Маладестер! Енді сендердің шарықтарыңнан су өтіп көрсін! 
– деп мақтап қойды Əжібек. – Кəне, Қанат, сен де майлап ал 
шарығыңды. 
Əлгі екеуінің қатарына отыра қап мен де шарығымды майлауға 
кірістім. Ал Əжібек болса қолына кəкпір алып, қазандағы қайнап 
жатқан жұдырықтай кесек етті шығарып пышақпен шетінен кесіп 
жеп көрді де, қайта салды. Біз үшеуміз шарықтарымызды қоя сала, 
сілекейлеріміз шұбырып оның аузына қарай қалған екенбіз. 
–  Əлі піспепті, –  деді аузындағысын малжаңдай тұрып. Онан 
соң біздің телміре  қалғанымызды ұнатпай: 
– Əй, көксоққандар, болыңдар енді, – деді əмірлі үнмен. –  Бүгін-


144
ше мына ет əбден піссін. Өзі кəрі малдың еті ме, немене, əлі тастай 
қатты. Ал сендер шарықтарыңды майлап алыңдар да, қайқайыңдар 
үйлеріңе. Ертең сендерге бір-бір жапырақ алып қоям. Үйлерің бар, 
аш емессіңдер ғой, ауыз тисеңдер де жетер. 
Біз шарықтарымызды шылқыта майлап үйден шықтық. Ə деп 
табалдырықтан аттағаннан бастап-ақ үшеуміздің бірінен-бірі күлкі-
лі аюдың табанындай іздеріміз ақ қардың бетіне аймандай боп бат-
тиып-баттиып қалды. Біраз жүріп барып қайырылып қарағанбыз, 
іздеріміз тура бір қора қой шұбырып өткендей қап-қара ала боп жо-
сыла түсіпті. Қалай болар екен деп шарықтарымызбен еріген қарды 
оңды-солды ойқастай кешіп көргенбіз, майдың аты май ғой, шіркін, 
бұрын шарығымыздың ұлтарма тігістеріне жабыса кететін жентек 
қар енді тіпті жұғысар емес.
Қазір мына шарығымызбен су кешсек те өте қоймас. 
Кешіп көрер ме еді өзі?!
Қай жерде су бар?
Ары-бері омбы қарды ойқастай кешіп іздестіріп көріп едік, бірақ 
қыстың күні су қайдан табылсын, шұңқырлар мен арықтар тегіс 
қалың қар астында қатып жатыр. Өстіп мəз боп келе жатқанымызда, 
тас қойма жақтан тор жорғамен құйғытып шыға келген Байдалы шал 
біздің ізімізді кесіп өте бере, кілт атының басын тартып қайырыла 
бұрылды, ақ қарға түскен ізімізге, онан біздің шарықтарымызға 
қарады да: 
–  Əй, иттің күшіктері, мына қарамайды қайдан алдыңдар? Кəне, 
жандарыңның барында айтыңдар?! – деп, ақыра қамшы сілтеп, тор 
жорғамен үшеумізді де тапап өте жаздап төніп келгенде, есіміз шық-
қан біз зəре-құтымыз ұшып, бір-бірімізге тығыла ұйлығып тұрып 
қалыппыз. 
– Қайдан алдыңдар деймін?! 
Дойыр қамшы үшеумізді қос-қабаттап бір осып өткен. Үшеуміз 
де шар-шар ете қалдық. 
– Қайдан алдыңдар? 
Дойыр қамшы басымызға қайырыла төнген. 
– Əжібе-е-ек... –  деді бақыра жылаған Бəтен. 
– Ə, шақшабас ит!.. 
Тор жорғаға борбайлата қамшыны басқан Байдалы шал енді бізді 
тастай бере Əжібектің үйіне қарай шапты. Енді байқадық, бұ кез-
де Əжібек те құстай ұшып Ырысбектің  үйіне жетіп қапты. Байда-


145
лы шал қалың қарға аты омбылап жете алмай қалды. Жер сабалап, 
көшені басына көтере боқтануда. Атынан түсіп, Əжібектің есігінің 
алдынан  əлгіндегі қарамай толы шелекті көтеріп алды. Сірə, Əжібек 
қашып бара жатып сыртқа, есігінің алдына шығарып тастап кетсе 
керек. 
–  Ə, шақшабас ит, осыдан қолыма бір түсерсің. Сен итті көзіңе 
көк шыбынды үймелетіп тұрып айдатпасам ба, əлі!..
Соның арасында айқай-шуға жиналып қалған жұртқа: 
– Көктемде егіс кезінде құрал-сайман майлауға деп Мытыстан 
барып, бір тоқты беріп əзер деп сұрап əкелгенімді қайтейін. Əнеу 
бір күні аяқ асты ұшты-күйлі жоғалып кеткені. Апырай, бұ қарамай 
сонша кімге қажет болды екен деп таң қалып ем. Сөйтсем мына 
Шақшабастан келген екен ғой. Бұ неткен қаскүнем-ей, а?! Колхоздың 
қарамайын ұрлап... Сотқа тартылғалы жүр ғой, ол ит...
– Бір кезде көзі бізге түсіп кеткен: – Əжібекке ерсеңдер көгере-
сіңдер, о, жетесіз немелер, үшеуіңді де сойып салайын ба, осы!  –  
деп тап бергенде, үшеуміз үш жаққа безіп кеттік...
Баланың қорқынышы ұзаққа созылған ба?! Артынша-ақ қызу 
ойынға кірстік те, Əжібекті де, оның қарамайын да, Байдалы шал-
ды да мүлде естен шығарып, қыстың майтоңғысыз жайма-шуақ 
күні батқанша, жентектелген қардан аққала тұрғызып, одан екі 
жаққа бөлініп қармен атысып ойнап, əбден қызыққа баттық. Сөйтіп, 
үсті-басымыздың малмандай су болғанын да, шарықтарымыздан 
 
шылқып су өткенін де аңғармаппыз. Кешкісін үйге кеп шешінген 
кезімде,  үсті-басымды ұстап көрген əжем: 
– Құлыным-ау, осынша су болғанша ойнағансың ба? – деді 
рен жіп. Жұмыстан шаршап қайтқан Нəзира əпкем шай ішіп отыр 
екен, үндеген жоқ. Мен кəн пештің ұзына үстіне киімдерімді жай-
ып, шарығымды қызуы молдау ошақтың желке тұсына кептіруге 
қойдым. Əлден соң үйдің ішін қолқаны қапқан қоңырсық иіс алып 
кетті. 
– Бұ неғылған иіс? – деп, Нəзира əпкем ұшып тұрып барып 
ошақ тың үстіңгі жағына үңілді. Дəл бір өлген мысықты ұстағандай 
менің əуелі бір шарығымды қонышынан шымши көтеріп шамның 
жарығына əкеп тыжырына тұрып қарады да, онан соң екінші шары-
ғымды əкеп жəне қарады, екеуінің де сыртындағы сыланған қарамай 
еріп, тамшылап тұр. 
– Əй, Қанат, мынауың не? 
10–1151


жүктеу 4,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау