ƏОЖ 811.512.122 (075.8)
КБЖ 81.2 Каз я73
Ə 55
ISBN 978-601-217-495-3
Əлімбек Г.
Көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған «Қазақ
тілі» оқу құралы
/ Г. Əлімбек . – Алматы: 2014. – 176 бет.
П і к і р ж а з ғ а н д а р :
филология ғылымдарының докторы, профессор
Ə.Қ. Ахметов
филология ғылымдарының кандидаты, профессор
Г.Қ. Қазыбек
педагогика ғылымдарының докторы
Ш.Қ. Құрманбаева
Ə 55
Көркем мəтіндер арқылы тіл үйретуге арналған «Қазақ тілі» –
бұл бағыттағы алғаш ұсынылып отырған оқу құралы.
Оқу құралы-
на енгізілген үзінді мəтіндер қазақтың классик жазушылары
Б. Соқпақбаев, О. Бөкей, С. Мұратбеков пен ағылшын жазушысы
Д. Грин вуд шығармаларынан таңдалып алынған.
Оқу құралында көркем мəтіндегі синоним, омоним, антоним сөз-
дермен, фразеологизмдермен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар
мен тіл үйренушінің мəтінді, оқиға желісін, ондағы суреттеулер мен
детальдарды баяндауына, мəтін мазмұнын қалай түсінгендігін тексе-
руге арналған бақылау сұрақтары берілген. Құрал тіл үйренушілердің
пайдалануына жеңіл, мəтіндер күрделілік деңгейіне қарай берілген.
Оқу құралы жоғары оқу орындарының
жалғастырушы топ сту-
дент тері мен тілді өз бетімен оқып үйренушілерге, жалпы тіл үй-
ренудің бастауыш, орта деңгейлерін еңсергендерге арналған.
© Əлімбек Г., 2014
© РПБК «Дəуір», 2014
ƏОЖ 811.512.122 (075.8)
КБЖ 81.2 Каз я73
ISBN 978-601-217-495-3
Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі
Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің
тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында
тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы» аясында шығарылды
3
Алғы сөз
Бізде соңғы жылдары тілді біршама білетін жалғастырушы
топ тарда оқитын жоғары оқу орындарының студенттеріне де, ере-
сектерге де негізінен олардың мамандықтарына қатысты кəсіби
мəтіндерді оқытуға арналған оқу
құралдары көбірек жарық көре
бастады. Тіл үйренушілердің мамандықтарына қатысты арнаулы
мəтін дер арқылы кəсіби лексиканы, өз саласының терминдері
мен мамандар тілінде жиі қолданылатын оралымдарды да білгені
дұрыс. Бұл маманның өз қызметінде кəсіби қарым-қатынас жа-
сап, тілді пайдалануы үшін маңызды. Алайда шынайы өмірде адам
кəсіби қарым-қатынаспен ғана шектеліп қала алмайды. Оның түрлі
мамандық иелерімен тілдесуіне, пікірлесуіне, ой
бөлісуіне тура
келе ді. Ұлт мəдениетімен, əдебиетімен тереңірек танысып, көркем
шығармаларды оқу арқылы оның тіл байлығына үңіліп, ұлттық
дүниетанымдық ерекшеліктерін ұғынуға ұмтылуы да табиғи нəрсе.
Жалпы кез келген тілде көпмағыналылық, синоним, омоним, ан-
тоним, сөздердің ауыс мағынасы, фразеологиялық мағынасы де-
ген құбылыстар бар. Оларды білмейінше тілді жетік меңгеру, оны
қарым-қатынас, таным құралы ретінде пайдалану деңгейіне жету еш
мүмкін емес. Арнаулы сала тілі дəлдікті, нақтылықты талап етеді.
Онда мақал-мəтелдер,
нақыл сөздер, фразеологиялық тіркестер
көрініс таба бермейді. Сол себептен кəсіби мəтінде сөз негізінен
өзінің тура мағынасында, терминдік мағынасында қолданылады.
Ал көркем шығарма тілінде сөз бар мүмкіндігін пайдаланып, алу-
ан түрлі бояуға ие болады. Оның түрлі мағыналарын, мағыналық
реңктерін, тіркесу қабілетін көркем мəтіннен толық көруге болады.
Сондықтан да тіл үйрету кезінде көркем мəтінмен жұмыс істеудің де
мəні өте зор. Əзірге тіл үйретуде бізде бұл мəселеге өз дəрежесінде
көңіл аударылмай келеді. Көркем мəтінмен жұмыс істеуге арналған
оқу құралдары жоқтың қасы.
Осыны ескере отырып, аталған оқу
құралын дайындауды міндетімізге алдық.
4
Ұсынылып отырған оқу құралына енгізілген үзінді мəтіндер
қазақтың классик жазушылары Б. Соқпақбаевтың, О. Бөкейдің,
С. Мұрат бековтің жəне ағылшын жазушысы Д. Гринвудтың шығарма-
ла рынан алынды. Оқу үрдісі кезінде тұрмыстық лексиканы, жиі
қолданылатын сөздердің мағынасын түсінетін тіл үйренушілердің
елеулі бөлігі көбінесе сол сөздердің өзге мағыналарын біле бермейтіні
жиі байқалып жатады. Тілді жаңа үйреніп жүргендер өздері білетін
сөздерді ғана қолданатындықтан сөздік қорының жұтаңдығы бола-
тыны белгілі. Көркем мəтін оларға
өздері мағынасын білетін сөз-
дердің басқа мағынада қолданылғанын контекст арқылы түсінуіне
мүм кін дік туғызады. Сонымен қатар көркем мəтінмен жұмыс
істеу – тіл үйренушілерге синонимдердің мағыналық реңктерін
түсініп, омоним сөздердің мағыналарын ажыратып, тілдің аса бір
шұрайлы қабаты болып саналатын фразеологизмдердің мағыналарын
біліп, тіл байлықтарын арттыруға да көп көмектеседі.
Оқу құралында іріктеліп алынған мəтіндермен жұмыс істеуге
арналған тапсырмалар мен қазақша-орысша сөздік, фразеологизмдер
мен көнерген сөздердің мағыналарының түсініктемелері берілген.
Мəтіннің мазмұнын,
оқиға желісін баяндауға, тексеруіне арналған
да тапсырмалар мен бақылау сұрақтары бар. Бақылау сұрақтарына
жауап беру арқылы оқытушы студенттің немесе тілді осы оқу
құра лының көмегімен өз бетінше үйренуші көркем мəтінді қалай
түсінгендігін анықтауға болады. Оқу құралына енгізілген мəтіндерді
жалғастырушы топтағы студенттердің тілді білу деңгейіне қарай
пайдалануға болады. Оқу құралында көлемі шағын, тілі жеңіл
шығармалармен қатар көлемді біршама үлкен, тілі де күрделірек
мəтіндер ретіне қарай беріліп отыр.
Көркем мəтін арқылы тіл үйренуге арналған бұл оқу құралы
негізінен жоғары оқу орындарының жалғастырушы топтарында
оқитын
студенттеріне арналғанымен, оны өзгелер де қажетіне жа-
рата алады.
Автор