108
Джерри? Сен түстен кейін кішкентай Поллиді көрген жоқсың ба?
Пеп менің сұрағыма жауап берген жоқ.
– Егер сен үйде болмасаң онда тезірек жет! –
деді ол менің
жағамнан ұстаған бойы біздің үйге қарай итере бастады. – Жүр,
жүр енді.
Джерридің бұл қылығы маған күмəнді көрінді.
– Мен үйге қалаған кезімде барамын, – деп жол үстіне отыра
кеттім. – Мені итермелеп керегі жоқ, Пеп.
– Мен бе сені итерген? Ойлап тапқанын қара. Мен несіне сені
итер мекпін? Сен өзің ғой үйге бара жатырмын деген. Саған қызмет
ететіндей сен кім едің!
– Қайдағы қызмет, Джерри?
– Қандай дейді? Қандай екені белгілі емес пе. Ана жақта сені
іздеп, ұлардай шулап жатыр. Əкең де, шешең де, кішкентай Полли
де, тіпті тыңдаудың өзі аянышты. Сенсіз
кешкі асқа да отырғылары
жоқ, ал саған үп-үлкен ақтүйнегі бар ет пудингі əзір тұр. Мен былай
ойлаймын: олар анда дүрлігіп, өздерінің сүйікті Джиммиін іздеп
жатса, ол көшеде сенделіп, үйге қайтуға қорқып жүр. Барайын да,
оған еш қорқудың керегі жоқ деп айтайын. Міне келгенім осылай.
Ал сен көшеде тырайып жатып, мені өтірік айтады деп ойлайсың.
Мен Джерридің бетіне тура қарадым. Газ шамның жарығымен
оның жүзі адал көрінді де мен күмəндануды қойдым. Дегенмен
оның əңгімесі мүлдем қисынсыз-ақ. Бəрі мені ойлап,
жылап жатыр
ма? Бəрі де мен туралы ет жүрегі елжіреп айтып жатқаны ма? Ет
пудингі менсіз суып қалғаны ма? Ұялғанымды сезіндім, тіпті көзіме
жас оралды.
– Джерри, сен осы шын айтып тұрсың ба? – деп орнымнан атып
тұрдым.
– Шын екеніне сенімдісің бе? Егер сен шын айтпасаң, маған
қа лай тиетінін білесің ғой. Шешемнің мені қалай сабап, шашымнан
қалай жұлатынын білесің ғой.
– Шын айтпай не болыпты. Бүкіл үй өртеніп жатқандай бəрі
ұлардай шулап жатыр. Ал бəрінен де əкең көп егілуде. Егер маған
сенбесең, көшеге барып көрші. Əкеңнің даусы Уинкшиптің үйінің
жанынан естіледі. Ол қайғыдан асылуға əзір.
– Ал Полли ше? Ол қалай? Сау ма? Мен оны басқыштан құлатып
алғанда бір жерін сындырып алған жоқ па?
Мұрнын қанатып алмап
па? Басы ісіп кеткен жоқ па?
109
– Сенің қорқатының сол екен ғой! – деді көңілденген Джерри.
– Жə, болар, Полли сап-сау. Көтеріп алғанда ол жын қысқандай
тоқтаусыз күлген. Оны көтеріп алып, дəрігерге əкеткен...
– Қалайша? Неге дəрігерге апарады, Джерри? Сен еш жерін ау-
ырт қан жоқ деп едің ғой.
– Мен дəрігерге деп айттым ба? – Пеп менен ұялғанынан бетін
бұрып.
– Айттың, айттың, Пеп. Сен оны дəрігерге алып кетті дедің.
– Ал мен неге алып кеткенін айтқан жоқпын ғой. Оны көтеріп
алған да сақылдап күлді деп қана айттым. Оның қатты күлгені сон-
ша, ол ауырып қалмады ма деп қорқып, оны дəрігерге алып кетті.
Мұны естігеннен кейін əбден сабама түсіп, кеудемді шаттық кер-
неген мен қуана секіріп, біздің көшеге қарай жүгіре жөнелдім. Джер-
ри
көңілдене сөйлеп, жанымда келе жатыр. Тұйық көшеге бірнеше
қадам қалған кезде өзім талай ойнап жүрген бір бала жүгіріп келіп,
менің қолымнан шап берді.
– Ұстадық! Ұстадық! – деп айқай салды ол. – Бөліп аламыз
ғой, Джерри? Бөліп алатынымыз шын емес пе?
– Жоқ! – деп айқайлады Джерри, менің екінші қолымнан ұстай
беріп.
– Сенімен бөліспеймін. Мұның əкесі үйге келгеннен бері осыны
іздеп жүрмін. Оны бірінші ұстаған мен.
– Ал мен саған бөліп аламыз деймін! – деп басқа бала да қо-
лым ды қатты қыса түсіп. – Мен сендерді кездескенге дейін аңдып
жүрдім. Менсіз сен оны үйіне алып бара алмас едің. Бос сөздің керегі
не, апарайық оны.
– Кет əрі! Джемс Бализет не деді?
Кім мұны бірінші болып ұстап
алып, үйге əкелсе, соған шиллинг тиесілі. Ал екінші туралы ештеңе
де айтқан жоқ.
– Жə, жə, үндеме! – деді басқа бала. Ол Джерриден əлді бола-
тын.
Жүр, жүр енді, бұл маған айтылған сөздер. – Сенімен бөлісіп жат -
паймын. Қолына түссең болды, сені əкең сілейтіп салады, Джимми.
Қорыққанымнан есім шыққан мен олардың қолынан сытылып
шығып, тас көшеге жата қалып: «үйге қарай бір қадам басқанша
өлгенім артық!» деп, айқайға бастым. Жалаң аяқ болған соң қатты
тебе алмасам да, өз жауларыма берілмей тырмысып жатырмын.
Екі бала да ызадан жарылардай. Жексұрын сатқын Джерри ашу-
110
дан аппақ қудай болып кеткен. Оның қорқақ екенін бəрі де
білетін,
бірақ қазір ол батыл болып жанығып тұр. Ол өзінің қарсыласына
қарай бұрылып, жұдырығын оның тұмсығына қонжитты. Соққыдан
есеңгіреген бала бір сəт оған селт етпестен қарап, үнсіз ғана мұрнын
үйкелеп тұр. Содан кейін кенет бір аттап Джерриге тап беріп, оны
жерге жығып салып, бар күшімен төмпештеп берсін.
Менің жауымның мына қырсыққа ұшырағаны жаныма жаққаны
сонша, басыма төнген қауіпті де ұмытып,
төбелестің қызығына
бірер минөт қарап қалыппын. Дегенмен басыма бір ой сап ете
қалды: «Олар төбелесіп жатқанда менің құтылуым керек». Мен сол
сəтте атып тұрдым да, жұлдыздай зымырап қаша жөнелдім, ал менің
қарсыластарым көшенің лас шаңына аунап, бірін-бірі төмпештеп
жатты.
10-15-Б.
Сөздік
қауіптен
қашып бара
жатқанымды
избегая опасности
бұрылыс
поворот
қалтарыс
закоулок
базар алаңы
рыночная площадь
ашу
гнев, злоба
тырнағы осып түскен
порезал (поцарапал) ногтём
шайнап тастаған саусағын
көрсетеді
показывает искусанный палец
сүйектері сынған шығар
наверное поломались кости
жаны ашыған дауыспен
жалеющим голосом
жүргінші прохожий,
путник
тəтті иіс
сладкий запах
қырыққабат
капуста
шыжғырылған
топленый
көше жағалап жүре тұрғым
келді
хотел
пройтись по улице